1.2. Маңғыстау обылысының Ақтау қалалық сотының тарихы
Маңғыстау облысының Ақтау қалалық соты 24 шағынауданда орналасқан, үш қабатты кеңсе. Ал, 1966-1974 жылдар аралығында Шевченко қалалық халық соты 3 «а» шағынауданда орналасқан болатын. 1974 жылдан бүгінгі күнге сот өзінің қызметін осы 24 шағынауданда орналасқан ғимаратта атқарып келеді. Ақтау /Шевченко/ қалалық сотында әр жылдарда төмендегідей адамдар төрағалық еткен: 1966-1968 жж. – Б.Екібаев, 1968-1979 жж. – О.Б.Шахиев, 1979-1983 жж. – А.Т.Хаймович, 1983-1990 жж. – Ю.А.Кузнецов, 1991-1992 жж. – Н.С.Спиридонова, 1992-2002 жж.- М.К.Сабырбаев, 2002-2007 жж. - Ә.Ж.Шығамбаев, 2007-2010 жж. – А.И.Нағашыбаев, 2011 жылдан бүгінгі күнге сот төрағасы М.Е.Әубәкіров. 1986-1988 жылдары Ақтау қалалық соты кеңсесі республикалық соттар кеңселері арасындағы байқауда бірінші орын алып, ҚазССР
Әділет министрлігінің «Құрмет грамотасына» ие болған, мақтау қағаздарыменмарапатталған. Ақтау қалалық соты Маңғыстау облыстық сотының төрағасының 2007 жылдың 21 желтоқсандағы №95 өкіміне сай 01 қаңтар 2008 жылдан бастап қылмыстық істерді қарайтын сот болып белгіленді. Бүгінде қалалық сотта 10 судья және 30-дан астам кеңсе мамандары жұмыс істейді. Соттың кіреберіс аузының сол қанатында соттың жұмысы жөніндегі толық күн-тәртібі, өткізілетін сот отырыстарының тізімі мен жоғарғы тұрған сотқа шағымдану үшін қажетті іс-қағаздар үлгілері көрсетілген тақтайшалар ілініп, құқықтық және заңнамалық ақпарат алуға мүмкіндік шаралары толық қарастырылған.
Сот жұмысындағы құжаттамалық айналымды уақытылы және жаңа үлгіде бекітілген технологияда жүргізу мақсатында 2008 жылы Ақтау қалалық сотында «Қазақстан Республикасының сот органдарында біріңғайланған ақпараттық аналитикалық талдау жүйесі» бағдарламасы орнатылды. Аталған бағдарлама кіріс, шығыс болған және ішкі айналымдағы құжаттардың элетронды түрде жүргізілуін, сот іс-қағаздарының яғни, сот істерін электронды түрде тіркеп, сот актісі қабылданғанша есепке алып отыруды қарастырады. Сот отырысын жүргізуге арналған қажетті залдар жеткілікті, олардың екеуі дауыс-бейне жазу үнтаспаларымен жабдықталған. Міне осылай, Ақтау қалалық соты сот жүйесіндегі өзгертулерге байланысты көптеген өзгертулерді бастан өткеріп, деңгейі биік мемлекетте, заман талаптарына сай бекіді. Бір сөзбен айтқанда тарих жалғасуда. ҚР-сы сот жүйесінің басты буыны аудандық (қалалық) сот болып табылады. Бірнеше әкімшілік-аумақтық бірліктерде бір аудандық сот немесе бір әкімшілік-аумақтық бірлікте бірнеше аудандық сот құрылуы мүмкін. Әдетте, аудандық сот әрбір аудандарда, ал қалалық сот әрбір қалаларда құрылады. Аудандық сот тек бірінші сатылы сот болып табылады және басым көпшілік қылмыстық және азаматтық істерді қарайды (ресми мәліметтер бойынша барлық істердің 95%-ін қарайды).
Аудандық соттарды уәкілеттік органның Жоғарғы сот төрағасымен келісілген ұсынысы бойынша ҚР-сы Президенті құрады, қайта құрады және таратады.
Аудандық соттың өкілеттіктері: өзінің қарауына жатқызылған сот істерін және материалдарын қарайды; сот статистикасын жүргізеді; заңда көзделген басқа да өкілеттіктерді жүзеге асырады. Аудандық сот мынадай азаматтық істерді қарайды: азаматтық, отбасы, еңбек құқық қатынастарынан туындалатын даулы істерді; әкімшілік-құқықтық қатынастарынан туындалған істерді (мысалы, әкімшілік органдары мен лауазымды тұлғаларның іс әрекеттері мен шешімдеріне түскен арыздарды қарайды және т.б.); жүктерді тасымалдау құқықтық қатынастарынан туындалатын даулы істерді. Аудандық сот мынадай қылмыстық істерді қарайды:
барлық жеңіл, орташа және ауыр дәрежелі қылмыстарды қарайды (тек аса ауыр қылмыстарды қарамайды, атап айтсақ терроризм, қасақана кісі өлтіру, зорлау және өлім жазасы көзделуі мүмкін болатын істер бойынша); Аудандық сот әкімшілік құқық бұзушылық қатынастарынан туындалған барлық материалдарды қарайды.
Аудандық сот азаматтық, қылмыстық, әкімшілік істерден басқа құқық туралы даумен байланысты емес мәселелерді де қарайды. Құқық туралы дауымен байланысты емес істер мыналар:
- ерекше іс жүргізу істері - бұл істер заңдық маңызы бар фактілерді анықтауға бағытталады (мысалы, туыстық қатынастарды анықтау, адамның жасын анықтау, ажырасу фактісін анықтау, некелесу фактісін анықтау, тұлғаны хабар ошарсыз жоғалып кеткені туралы мойындау және т.б.).
- үкімді орындауға байланысты мәселелер (мысалы, жазадан шартты түрде мерзімімен бұрын босату);
- аудандық сот сонымен бірге, анықтама мен тергеу органдарының, прокуратураның іс әрекеттері мен шешімдеріне түскен азаматтардың шағымдарын қарайды.
Судьяның тәуелсiздiгi Конституциямен және заңмен қорғалады. Судьялар сот төрелiгiн жүзеге асыруы кезiнде тәуелсiз және Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңға ғана бағынады. Ешкiмнiң сот төрелiгiн жүзеге асыру iсiне араласуға және судья мен алқа заседателiне қандай да болмасын ықпал етуге құқығы жоқ. Мұндай әрекеттер заңмен қудаланады. Судья қаралған немесе қаралып жатқан сот iстерiнiң мәнi жөнiнде қандай да бiр түсiнiк беруге мiндеттi емес. Кеңесу бөлмесiнiң құпиясы барлық жағдайларда қамтамасыз етiлуге тиiс. Соттарды қаржыландыру, судьяларды материалдық және әлеуметтік қамтамасыз ету, сондай-ақ оларға тұрғын үй беру сот төрелiгiн толық әрi тәуелсiз жүзеге асыру үшiн жеткiлiктi мөлшерде республикалық бюджет қаражатының есебiнен жүргiзiледi. Судьялар қоғамдастығы мен оның органдары. Судьялар қоғамдастығының ортақ мүдделерiн iске асыру мен қорғау мақсатында судьялардың қоғамдық бiрлестiктер құруға құқығы бар. Судьялық бiрлестiктер қажет болған жағдайларда заңдарда белгiленген тәртiппен өз мүшелерiнiң мүдделерiн бiлдiредi, қорғайды және сот төрелiгiнiң iске асырылуына ықпал етуге құқылы емес, сондай-ақ саяси мақсаттарды көздемеуге тиiс.
Аудандық сот төрағасы, судья болып табылады және мынадай өкілеттіктерді жүзеге асырады: сот судьяларының сот істерін қарауын ұйымдастырады; соттың кеңсесіне жалпы басшылықты жүзеге асырады; азаматтарды қабылдауды жүзеге асырады; судья лауазымына кандидаттардың тағлымдамадан өтуін ұйымдастырады; сот статистикасын жүргізу мен талдауды ұйымдастырады; өкімдер шығарады. Осы аудандық сот төрағаларының өкілеттіктердің ішінде, сот судьяларының сот істерін қарауын ұйымдастыру ерекше орында тұрады. Аудандық соттың жұмыстарын дұрыс және қалыпты деңгейде ұйымдастыру үшін аудандық сотта аппарат құрылады. Сот аппаратын аудандық сот төрағасы басқарады. Сот аппараты кеңесшілерден, канцелярия хатшыларынан, сот мәжілісінің хатшыларынан, іс жүргізушілерден тұрады. Сот аппаратында сот канцеляриясы маңызды орында тұрады. Сот канцеляриясы: сот төрелігін жүзеге асыру бойынша судьялар қызметтерін қамтамасыз етеді; сот практикасын зерделейді; сот статистикасын талдайды; судьялар мен соттарды қорғауды жүзеге асырады.
Сот канцеляриясын оның меңгерушісі басқарады. Меңгерушінің өкілеттіктері:
канцелярия жұмысын басқарады;
хатшыларын құрамын басқарады;
сот архивін жүргізеді және басқарады.
Сот канцеляриясында мынадай қызметтер орындалады:сотқа келіп түскен құжаттарды тіркейді; сот бойынша бұйрықтар мен өкімдерді тіркейді; қаралған істерді тіркейді және оларды сақтауды жүргізеді; айғақ заттарды тіркейді және сақтауды жүргізеді. Сот хатшысы мынадай қызметтерді жүргізеді:
құжаттарды қабылдайды, оларды басқаларға жөңелтеді, тіркейді; құжатарды тіркейді және оларды картотекаға енгізеді; құжаттарды жүйелейді және сақтайды; атқару құжаттарын жүргізеді. Сот мәжілісінің хатшысы мынадай қызметтерды жүргізеді:
сот мәжілісінің хаттамасын жүргізеді;
сот мәжілісін тіркеу журналын жүргізеді;
повесткаларды жібереді;
судья қараған істерін толтырады.
Сот кеңесшісі мынадай қызметтер атқарады: кодификациялық-анықтамалық жұмыстарды жүргізеді; нормативтік-құқықтық актілерді тіркейді және жүйелейді; сот статистикасын талдайды.
