- •Ж.Ж.Жатқанбаев
- •Валеология
- •Алматы 2002
- •1 Валеология пәні және оның мақсаты мен міндеттері
- •1.1. Валеология пәні
- •1.2. Валеология — денсаулық туралы гылым.
- •1.3. Валеология — иитегралды ғылым
- •1.4. Денсаулык түрлері
- •1.5. Валеология — салауатты өмір сүру салты
- •Кемтар сәби көбейіп т¥р
- •1.6. Салауатты өмір сүрудің салтын бүзатын факторлар
- •1.7. Денсаулыққа зиян келтіретін негізгі ішкі және сыртқы факторлар
- •1.8. П.К.Ивановтың "Табиғатпен табысқан ғұмырындағы табиғи сауықтыру жүйесі"
- •1.8.1. Педагог — Ертіс Ахметов
- •1.8.2. П.К.Ивановтың "Қарғаш" ілімі
- •1.9. Валеология және педагогика
- •1.10. Оқушылардың еңбек сүйгіштігі
- •1.11. Адам және валеология
- •II денсаулық және физикалық белсенділік
- •2.1. Физикалық белсенділік
- •2.2. Дене жатығуларымен шұғылданамын дейтін оқушыларға арналған кейбір ережелер
- •2.3. Жүрек жиырылысы жиілігіне қарай валеологиялық жаттығулар жүргізу режимдерінің кейбір түрлері
- •2.4. Өз дене жағдайын оқушылардың өзі бағалау әдістері
- •2.5. Валеологиялық жаттығулар жасайтын оқушыларға арналған валеологиялық дене шынықтыру түрлері
- •2.6. Денсаулығыңыз мықты болсын құрметті оқушылар
- •2.7. Гиподинамия
- •Гиподинамия көріністері
- •2.8. Валеология ғылымын жақтаушылар Поль Брэгг
- •2.9. Поль Брэгг және оның сауықтыру жүйесі (валеологиясы)
- •2.10. Н.М. Амосов және онын сауықтыру жүйесі
- •III. Денешынықтыру - денсаулық тіреп
- •3.1. Денешынықтыру
- •3.2. Терморегуляция
- •Терморегуляция
- •3.3. Дененшынықтырудың және биохимиялық негіздері
- •3.4. Денешынықтырудың негізгі қағидалары мен жағдайлары
- •3.5. Атмосфералық ауа арқылы денені шынықтыру
- •3.6. Таза ауа — тіршілік кепілі
- •3.7. Денені суық сумен шынықтыру
- •3.11. Валеолошяға белгілі болған адамдар және олардыц іс-әрекеті
- •4.1.Асқорыту жүйесі
- •4.2. Зат алмасу
- •4.3. Тағамдардағы коректік заттар
- •Балалар мен жас өсіпірімдерге қажетті белоктардың, майлардың, көмірсулардың физиологиялық мөлшері (күніне грамм есебімен)
- •4.4. Ағза массасын қалыпты түрде сақтау
- •Дені сау балалардың бойының өсуі мен дене массасының
- •4.5. Тағам мен денсаулық арасындағы байланыс
- •4.6. Тағамдардың химиялық құрамы және олардың денсаулык үшін маңызы
- •4.7. Витаминдер — денсаулық тірегі
- •Суда еритін витаминдер
- •В2 витаминінің кейбір тағамдардың құрамындағы мөлшері
- •Никотин қышқылы
- •В5 витаминінің кейбір тағамдардың құрамындағы мөлшері
- •Кобаламин /в,2 витамині, антианемиялық/
- •Пангам қышқылы /в15 витамині/
- •Аскорбин қышқылы /с витамині, цингага қарсы/
- •Р витамині /флавон, цитрин, рутин/
- •Биотин /н витамині/
- •Птероилглютамин - фолий қышқылы
- •Парааминобензой қышқылы
- •Майда еритін витаминдер Ретинол
- •Кальциферол
- •Токоферол
- •Ғ витамині
- •Q витамині (убихинон)
- •4.8. Ағза тазалығы және денсаулық
- •Н. Семенова
- •4.9. Тамакты шикілей жеу — денсаулык кепілі
- •5.1. Денсаулық психологиясы
- •5.2. Денсаулық және эмоция
- •5.3. Денсаулык және ерік
- •5.4. Стресті болдырмаудың жолдары
- •5.5. Психогигиена және денсаулық
- •5.5.1. Жас ерекшелік шеихогигиенасы
- •5.5.2. Еңбек және оку психогигиенасы
- •5.5.3. Ақыл ой еңбектерінің психогигиенасы
- •5.5.6. Үжымдағы тфшілік өмір психогигаенасы
- •6.2. Гигиена ғылымының негізгі бағыттары
- •6.3. Тәуліктік жүйе режимі
- •6.4. Дене тазалығы
- •6.4.2. Шаш пен тырнақ күтімі
- •6.4.4. Аяқ күтімі (Аяғым менің алтыным)
- •6.4.6. Тіс және ауыз қуысы гигиенасы
- •6.4.7. Киім-кешек және аяқ киім тазалығы (гигиенасы)
- •Үіі. Өнегелі жыныс тәрбиесі
- •7.1. Өнегелі жыныс тәрбиесі дегеніміз не?
- •7.2. Өнегелі жыныс тәрбиесінің максаттары:
- •7.3. Өнегелі жыныс тәрбиесі аса күрделі проблема
- •7.4. Өнегелі жыныс тәрбиесінің үлгісі Өнегелі жыныс тәрбиесінің үш үлгісі
- •7.5. Өнегелі жыныс тәрбиесінің негізгі кағидалары
- •7.6. Жыныстық білім тәрбиесі және оның негізгі бөлімдері
- •17 Таблица Өнегелі жыныс тәрбиесін айқындайтын критерилер
- •7.7. Жыныс қатынасынан жұғатын аурулар
- •8.1. Есірткі заттар және денсаулық.
- •8.2. Денсаулық және наркотикалық заттар.
- •8.3. Зиянды дағды тудыратын заттардың ғылыми терминдері
- •8.4. Алкоголь және денсаулық
- •Денсаулық және залалды дағдылар
- •8.6. Залалды дағдыдан құтылуға арналған профилактика
- •8.7. Сауықтырудың көп таралған түрлері1
- •8.5. Денсаулық және темекі шегу
- •9. Медитацияның түрлері.
- •Дианетика
- •IX. Жастарға валеологиялық білім және
- •9.1. Қазақстан биосферасы
- •9.2. Валеология және этнопедагогика (ұлттық дәстүр)
- •9.3 Батыстағы Байқоңыр космодромы және оның Қазақстан биосферасына әсері
- •9.4. Қазақстан Республикасы территориясындағы әскери полигондар және олардың Қазақстан биосферана тигізетін әсері
- •9.5. Балқаштағы болашақ атом электрстанциясы қазақ еліне зиян келтіреме?
- •9.6. Родон денсаулыққа әсер етеме?
- •9.7. Радиоактивті қалдықтардың адам денсаулығына әсері қандай?
- •9.8. Радиациядан қорғанудың жолдары
- •Жасанды радиоактивті элементтердегі сәулелену (жылдық доза мөлшері)
- •9.10. Адамның тамақ ішуінің адекватты теориясы.
- •9.11. Адам ағзасындағы биорегуляторлар (биореттеушілер)
- •9.12. Теңестірілген тағам теориясы
- •9.13. Адамның миы — ақылдың қайнар көзі
- •9.14. Адамдар ағзасының "Үшінші жағдайы" дегеніміз не?
- •Жумакан жатканбаев
- •Валеология
1 Валеология пәні және оның мақсаты мен міндеттері
1.1. Валеология пәні
Валеология - екі шет елдері тілінен алынған. Латын сөзі "Vаlе" ("Сау болу", "аман болу" қазақша деніңіз сау болсын деген мағына береді. А.С.Пушкин өзінің достарына жазған хатының соңына әрқашан "Vаlе" деген сөзді қосып отырған. "Деніңіз сау болсын" деген сөз. Грекше "Lоgos"- "ілім", "ғылым" деген мағына береді. Бір сөзбен айтқанда валеология денсаулық туралы ғылым.
Валеология терминін 1987 жылы орыс ғалымы - медицина ғылымдарының докторы, профессор-фармакогаосист И.И.Брехман ғылымға енгізген болатын.
Адам денсаулығының төмендеуі, көптеген отандық және шет ел ғалым-медиктерінің жазған еңбектерінде келтіріледі. Денсаулық туралы қазіргі заман адамдарының ұғымдары онша көп емес екендігі және олар денсаулығына көп мән бермейтіні байқалады.
Баршаға белгілі — адамдардың денсаулығымен шұғылданатын, тек медицина ғылымдары ғана. Бірақ медицина ғылымы ауруларды емдеу проблемаларымен шұғылданады да аурулардың пайда болуымен айланыспайды.
Ауру адамдардың физиологиясы мен тек физиология ғылым-дары шұғылданады. Ұлы физиолог И. П. Павлов өзінің еңбегінде былай деп жазған еді.
"... Өкінішке орай, бізде әлі күнге дейін организмнің (ағзаның Ж.Ж.) негізгі принципі — "денсаулық" деп аталатын сыртқы және ішкі бірдік (тұрақтылық) қалыптың айқын анықтамасы жоқ..." Иә, медицияа ғылымы қаншама көне болғанымен, денсаулық туралы анықтама бере алмайды. Кейінгі кезде осіресе XX ғасырда.
Әр түрлі себептер өсерінен медицина емдік, госпитальдық, емханалық, соңғы он жылдықтар бойына ықшам мамандан-дырылған анықтама бере бастады.
Шын мәнінде медицина ғылымы қазіргі заманда денсаулық туралы емес, ауруларды ғылыми тұрғыдан емдеу әдістерін дамытып келе жатқан ғылым екені белгілі.
Сондықтан да осы уақытга медицинаны аурулар ғылымы деп атай бастады. Мұндай сипаттама үлкен медициналық энциклопедиядан өзінің тиісті орынын алған. Бұл ғылыми жинақта денсаулық туралы толық түрде анықтама берген. "Медицина" — көне заманнан бері қарай адам ауруларын емдеп аурулардың
8
алдын алуды мақсат еткен ғылыми жүйе деп жазған. Бұл жазылған қағидаға зер салып қарасаңыз "денсаулық" деген ешқандай сөз келтірілмеген.
Адамзат баласының денсаулығы айналаны қоршаған сыртқы орта факторларымен және ішкі физиологиялық үрдісгермен байланысты болатыны анықталып отыр.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау үйымының (ДДСҮ), (Всемирная организация здравоохранения (ВОЗ) анықтамасы бойынша, денсаулық дегеніміз — ағзаларда аурулардың не болмаса физикалық кемістіктің жоқтығы ғана емес, ол табиғи (физикалық), рухани және әлеуметтік толық аман-есендік. Академик В. П. Казначеевтің (1989) жеке тұлға денсаулығы туралы анықтамары бұдан да толығырақ баяндалады. Оның анықтамасы бойынша, денсаулық дегеніміз, ағзаның ұзақ өмір сүру барысында биологиялық және психикалық әрекеттері мен тиімді жұмыскерлігінің, әлеуметтік белсенділігінің, сондай-ақ жас ерекшеліктеріне байланысты дені сау ұрпақ жалғастыру қабілеттігінің сақталуы мен дамуы.
И. И. Брехманның (1987) анықтамаоы бойынша, дснсаулық адамның ерекшелігіне сәйксс өзгермелі ортада тұрақтығы, сонымен біргс сенсорлық, вербалды және құрылымды ақпараттарды қабылдау қабілеттілігі.
