- •4. Атмосфераның ластануын бақылау мониторингі. Атмосфераның ластануы, ластаушы заттар. Атмосфераның ластануын болжау.
- •5. Қоршаған ортаның ластаушы заттарына мониторинг жасау
- •6. Қоршаған ортаның өзгеру жағдайына мониторинг жүргізу
- •7. Мониторинг бақылау жүргізу прициптері
- •9. Тұрғындардың денсаулығы- қоршаған ортаның жағдайының индикаторы ретінде.
- •13. Топырақ мониторинг, Топырақ құрамындағы ауыр металдардың құрамын бақылау
- •14. Кәсіпорынның экологиялық паспорты
- •15 Биологиялық мониторинг және оның деңгейлері
- •16.Бүкіләлемдік метеорологиялық орталық.Биосфера ластануының халықаралық мониторингі.
- •17.Аэрокосмостық мониторинг
- •18.Экологиялық картография
- •23. Атмосфералық ауаның ластануын зерттеу түрлері
- •24.Мұнай өндіретін аймақтар мониторингі.
5. Қоршаған ортаның ластаушы заттарына мониторинг жасау
Қоршаған ортаның мониторингі – адамның щаруашылық әрекеті мен табиғат факторларының әсер етуіне байланысты қоршаған орта жағдайын болжау мен бағалау, бақылау жүйесі. Мониторингтің құрамына:
- қоршаған ортаға әсер ететін факторлардың әсерінен қоршаған орта сапасының өзгеруін бақылау;
- табиғат ортасының нақтылы жағдайын бағалау;
- орта сапасының өзгеруін болжау.
Бақылау физикалық, химиялық және биологиялық көрсеткіштер арқылы жүзеге асырылады. Экологиялық бақылау жүйесінің құрамына ортаның техногенді пайда болатын қауіпті ластауы, мысалы газды ластағыштар, ауыр металлдардың қоспасы кіреді. Бағалауды өткізу барысында негізгі ақпарат көзі болып қоршаған ортаны бақылау үрдісінде алынған берілгендер қызмет атқарады.
Ластаушы заттар - қоршаған ортаға әсер ету мөлшері табиғи деңгейден жоғары субьектілер (физикалық агент, химиялық зат, биологиялық түр). Яғни, ластаушы заттар дегеніміз табиғаттың өз тепе-теңдігінен шығуына алып келетін фактор. Шығу тегі бойынша ластану табиғи және антропогенді (адамның қатысуымен) болып келеді. Табиғи ластану - табиғи, әдетте үлкен апаттар, зілзалалар (жанартау атқылауы, жер сілкіну) нәтижесінде пайда болады. Өкінішке орай, өнеркәсіптің дамуына байланысты қоршаған ортаның ластануы антропогендік ластану болып отыр. Оларды өз кезегінде жергілікті және ғаламдық деп бөлуге болады. Жергілікті ластану өнеркәсіп аймақтарында немесе қала төңірегінде болуы мүмкін. Ғаламдық ластану үлкен қашықтықтарға биосфералық процестерге, Жерге әсер етеді. Антропогендік ластану адам қатысуымен, олардын тікелей немесе жанама әсер етуінен пайда болады.
Ластаушы көздер мониторингі - ластаушы көздер арқылы су обьектілеріне, атмосфералық ауаға, топыраққа бөлінген заттардың мөлшерін және ластану деңгейін болжау, бағалау және бақылау жүйесі.
Ластағыш көздердің мониторингі — нүктелі стационарлы көздер (зауыттардың мұржалары), жылжымалы (көлік), кеңістік (қалалар, химиялық заттектер өндірілетін егістік жерлер) көздер.
6. Қоршаған ортаның өзгеру жағдайына мониторинг жүргізу
Соңғы жылдары эколог-болжаушылардың арасында XX ғасырдың 20-шы жылдарында қоршаған ортаға байланысты қолданылған мониторинг ұғымы кең таралған. Экологиялық мониторинг - антропогендік факторлар әсерінен қоршаған орта жағдайының, биосфера компоненттерінің өзгеруін бақылау, баға беру және болжау жүйесі. Мониторинг ұғымы кең ұғымда экономикада, өнеркәсіпте, және басқа да бақылаулар жүргізілетін салаларда қолданылады. Ғылыми оқулықтарға бұл ұғым Стокгольмдегі БҰҰ-ның ұйымдастыруымен (маусым, 1972 ж.) өткен қоршаған ортаны қорғау жөніндегі конференңиядан кейін енді. Қазіргі таңда мониторинг ұғымы негізгі үш түрлі жұмыстардан тұратын қоршаған табиғи ортаны бақылау жүйелері ретінде қарастырылады:
қоршаған ортаның жағдайын жүйелі түрде бақылау.
табиғи және антропогендік факторлардың әсерінен табиғатта болуы мүмкін өзгерістерді болжау.
қоршаған орта жағдайын ретке келтіру шараларын басқару.
Бақылайтын обьектілердің ерекшелігіне, түріне және бақылау әдістеріне байланысты мониторингтің бірнеше түрлерін ажыратады, Мысалы:
Жүргізу әдістері бойынша мониторингтің мынадай түрлері бар:
биологиялық (биоиндикаторлар көмегімен);
дистанционды (авиациялық және космостық);
аналитикалық (химиялық және физико-химиялық талдау).
Бақылау обьектілері бойынша:
қоршаған ортаның жеке компоненттері мониторингі (топырақ, су, ауа);
биологиялық мониторинг (өсімдіктер және жануарлар дүниесі).
Мониторингтің негізгі мақсаттары мен міндеттері төмендегі кестеде көрсетілген.
Қоршаған ортаның мониторингі – адамдардың тіршілік ететін орта жағдайын бақылау арқылы, адамдарға табиғатта болып жататын қауіп-қатерлерді алдын ала ескерту үшін қажет. Сондай-ақ, мониторингтік бақылаулар биосфералық қорықтарда да жүргізіледі. Мониторинг қызметі көптеген елдерде ұйымдастырылған. 1988 жылы қоршаған ортаның дүниежүзілік мониторингі ортасы құрылды.
Қоршаған орта жағдайы мониторингінің мақсаты:
Бағалау. Адам іс-әрекеті әсерін анықтап, өзгерісгерді бақылау.
Болжау. Қоршаған орта жағдайында болатын өзгерісгер.
Шешім қабылдау. Адамның теріс іс-әрекеті нәтижесіндегі зардаптарды жою.
Жетілдіру. Қоршаған орта мен қоғам арасындағы тиімді қатынастар стратегиясы.
Қоршаған орта жағдайының өзгеруі - адам іс-әрекеті арқасында қоршаған орта жағдайының өзгеруіне алып келетін себептерін анықтайды.
