Мәтін үзінділерін ерекшелеу
Мәтін үзінділерін ерекшелеу тэгтері жеке символдар мен сөздердің бейнелеуін басқаруға мүмкіндік береді. Осы мақсатта үш түрлі тэгтар қолданылады:
<B>…</B> - жартылай қалың қарамен ерекшелеу (полужирный)
<I>…</I> - курсивпен ерекшелеу
<U>…</U>-астын сызу арқылы ерекшелеу
Сақталған құжатты блакнотта ашып, осы тегтарды қолданыңыз, мысалы:
<BODY>
<B>Аты- жөніңізді жазыңыз</B>
</BODY>
Символ өлшемдерінің берілуі
Тақырып стилін қолдану. Мұнда 6-тақырып тэгі қолданылады (<H1>-ден <H6>-ға дейінгі). Әрбір тэгке браузер параметрлерінің берілген нақты стильі сәйкес келеді.
Ағымдағы шрифтінің өлшемін беру. <FONT> шрифтік тэгі 1-ден 7-ге дейінгі диапазонда мәтіннің кез келген жерінде ағымдағы шрифтінің өлшемін беруге мүмкіндік береді.
Гарнитура мен шрифт түсі
<FONT> тэгі гарнитура пішіні мен мәтін түсін өзгерту мүмкіндіктерін береді. Шрифт гарнитурасын өзгерту қарапайым <FONT> тэгіне FACE атрибутын қосу арқылы жүзеге асады. Мысалы, мәтінді Arial шрифтімен жазу үшін <FONT FACE = “ARIAL”> деп жазу керек.
Шрифт түсін өзгерту үшін <FONT> тэгінде COLOR = “X” атрибутын қолдануға болады. Х-тің орнына түстің атын (тырнақшада) қоямыз немесе 16-лық мәндегі сандар жиынтығын жазамыз. Түсті 16-лық сандармен беру үшін, бұл түсті әрқайсысы О-дан ҒҒ-қа дейінгі мәнге ие болатын, жіктелген үш құрамға бөліп көрстеуге болады: қызыл (R-Red), жасыл (G-Green), көк (B-Blue). Бұл жағдайда біз RGB деп аталатын форматпен жұмыс істейтін боламыз.
Мәтінді туралау
HTML-тэгтарының көмегімен мәтіннін туралауды басқаруға болады. Егер туралау тәсілі қөрсетілмесе, құжаттағы барлық элементтер сол шеттен тураланып, оң жағы ретсіз орналасады.
Қазіргі браузерлер ALIGN = : мәтінді туралау атрибутын қолданады.
ALIGN = CENTER – центрі бойынша туралау
ALIGN = RIGHT- оң шеті бойынша туралау
ALIGN = LEFT – сол шеті бойынша туралау.
Мәтін мен фон түсін беру
Фон мен мәтін түсін бейнелегенде браузерлер үнсіз келісім бойынша қалыптасқан түстерді пайдаланады. Олар браузер күйінің параметрлерімен беріледі. Егер сіз басқа түс бергіңіз келсе, онда оны HTML-файлының басында <BODY> тэгінде беріп кету керек.
BGCOLOR атрибуты= парақ фонының түсін анықтайды, TEXT= барлық парақтағы мәтін түсін береді, LINK = және VLINK = сәйкесінше қарастырылған және қарастырылмаған сілтемелердің түсін анықтайды (соңғы 2 параметр кейін қарастырылады).
<BODY BGCOLOR =blue>
<FONT FACE = “ARIAL” size=5 color=red >
<P ALIGN = CENTER>
<B>Аты- жөніңізді жазыңыз</B>
</p></FONT
</BODY>
Жүгіру жолын құру. Жүгіру жолын мына команда арқылы орындайды: <MARQUEE></MARQUEE>.
1.Команда: <MARQUEE> Бұл мәтін оңнан солға қарай жылжиды.</MARQUEE>
Бұл
мәтін оңнан солға қарай жылжиды.
2.Команда: <MARQUEE BEHAVIOR="ALTERNATE" SCROLLAMOUNT="50" SCROLLDELAY="10"> Бұл мәтін оңнан солға қарай және кері жылжиды.</MARQUEE>
Бұл
мәтін оңнан солға қарай және кері
жылжиды.
3. Команда: <MARQUEE BEHAVIOR="SLIDE">Бұл текст жылжиды және тоқтап отырады.</MARQUEE> 4. Команда: <MARQUEE> SCROLLDELAY="0" SCROLLAMOUNT="50">Бұл текст өте тез жылжиды.</MARQUEE>
5. Команда: <marquee behavior="slide" scrollamount=8 direction=down> Бұл текст жоғарыдан төменге жылжиды. </marquee>
6. Команда: <marquee behavior="slide" scrollamount=9 direction=up> Бұл текст төменнен жоғарыға жылжиды. </marquee>
