Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
каз.лекции с планом.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
392 Кб
Скачать
☆

Негізгі және қосымша әдебиеттер тізімі:

  1. И.Н.Васильева «Экономические основы технологического развития» 1995г

  2. Н.П.Банный, А.А.Федотов, П.А.Ширяев, Л.Н.Ройтбурд «Экономика черной металлургии» Москва, «Металлургия» 1978г.

  3. В.Я.Горфинкелл, В.А.Швандр «Экономика предприятия»

  4. В.К.Скляренко, В.М.Прудников «Экономика предприятия» Москва, «Инфра-М» 2009г.

  5. А.С.Пелих «Экономика предприятия» Ростов-на-Дону, «Феникс» 2002г.

  6. В.Я.Хрипач, Г.З.Суша «Экономика предприятия»

  7. Н.С.Шумаков, Л.И.Леонтьев, М.В.Авдонина «Характеристика железных руд и их месторождения» Екатеринбург, 1993г.

Дәріс 2

Кәсіпорынның экономикалық тиімділігі Экономикалық тиімділік негізі және критерийлері

Дәріс мақсаты: Кәсіпорынның тиімділігін сипаттайтын негізгі түсініктермен танысу. Кәсіпорын тиімділігінің критерийлерін бағалау. Тиімділік пен әсердің анықтау тәсілдері. Саладағы экономикалық өсу ұғымы. Дамудың экстенсивті және интенсивті жолдары.

Дәріс жоспары

  1. Шаруашылық қызметтің жалпы сипатамасы.

  2. Қоғамдық өндіріс және оның қоғамдық өмірдегі рөлі мен маңызы.

  3. Өндірістің тиімділік түсінігі.

Кілт сөздер: қоғам, өндіріс, тиімділік, шаруашылық, қызмет.

Кәсіпорын экономикасына тоқталған кезде «экономикалық тиімділік» ұғымы маңызды орын алады. Күнделікті тұрмыста «тиімділік» ұғымын «нәтижелілік» ұғымымен мағыналас қолданамыз.

Кәсіпорынның табыстылығын сипаттаған кезде экономикалық күшті әсер мен тиімділік ұғымдарын бөлек қарастыруға болмайды.

Өндірістің экономикалық тиімділігі – өндірістік іс-әрекеттің нәтижелілігі, яғни өндірістік күштердің жеткен деңгейі мен олардың қолданылу аясын көрсететін еңбек пен ресурстардың шығының арасындағы қатынасы.

Бұдан экономикалық тиімділік мынадай екі шаманың салыстыруы болып табылады: экономикалық әсер және өндірістің шығындар мен ресурстар.

Экономикалық әсер – құндық бағалаумен сипатталатын пайдалы нәтиже. Әдетте пайдалы нәтиже ретінде шығындар мен ресурстардың кірісі мен үнемділігі алынады. Кәсіпорындағы экономикалық әсер – өнім өндірісінің масштабтығы мен шығындардың үнемдлігігіне тәуелді абсолютті шама. Экономикалық тиімділік экономикалық әсерге және оның пайда болуына әкеп соққан шығындар мен ресурстарға тәуелді болып келеді. Сонымен, экономикалық тиімділік – әсердің шығындар мен ресурстардың өзара салыстыру арқылы анықталатын салыстырмалы шама болып табылады. Әдетте кәсіпорынның жетістігін толыққанды бағалау үшін бұл екі көрсеткіш те алынады. Мысалы, мынадай жағдай да болуы мүмкін, пайда алып келетін экономикалық әсермен қатар экономикалық тиімділік төмен деңгейде түсіп кетуі мүмкін. Керісінше, өндіріс тиімділіктің жоғары, ал әсердің төмен деңгейімен де сипатталауы мүмкін.

Іс жүзінде жалпы (абсолютті) және салыстырмалы экономикалық тиімділікті ажыратады.

Абсолютті экономикалық тиімділік — экономикалық тиімділіктің ресурстар мен шығындардың даралай немесе жалпы көлемімен сәйкестендіріліген мөлшерін сипаттайтын белгілі бір уақыт көлемінің көрсеткіші.

Экономикалық негізіне сай шығындар мен ресурстарды мына топтарға бөлуіміз қажет:

Ағымдық шығындар, белгілі бір уақыт аралығында, әдетте бір жылға, руб/жыл;

Бір реттік, руб.

Кәсіпорында өндірістің абсолютті көрсеткіштерін бағалауда көрсеткіштер анықталады:

а) дифференцияланған көрсеткіштер:

* өндірістің еңбек сыйымдылығы (Те) және еңбек өнімділігі (Пт):

Те = Тз / В; Пт = В / Тз

Бұнда Тз –кәсіпорын жұмысшыларының жасалған жұмыс уақыты (жұмысшылардың орташа тізімдік);

В - жоспарлық периодтағы өндіріс көлемі;

* жабдықтардың сыйымдылығы (Ме) және өндірістің жабдықтар шығыны (Мо):

Ме = М / В; Мо = В /М,

бұнда М — материалдық шығындар;

* фондтық берілу (Фо) және өндірістік фондтық сыйымдылығы (Фе):

Фо = В/Ф; Фе =Ф/В,

бұнда Ф — кәсіпорынның өндірістің негізгі фондтарының орташа жылдық бағамы.

б) интегралдық (жинақтау) көрсеткіштері:

* тауарлық өнімнің 1000 руб. шығыны (З)

З = Сст / ТП ,

Бұнда Сст – жоспарлық периодта кәсіпорында өндірілген өнімнің өзіндік құны;

ТП – жоспарлық периодта тауарлық өнімнің көлемі;

* өндірістің рентабельділігі (Рпр) және рентабельділігі (Рт), %

Рпр = [Ппр / (Ф+ОС)] 100; Рт = (Пт / Сст) 100 ,

Бұнда Ппр – кәсіпорын бойынша жалпы кірісі;

ОС – кәсіпорынның мөлшерленген айналым заттары;

Пт – тауарлық өнімдерді жүзеге асырудың кірісі;

Кәсіпорынның тиімділігін бағалауда ерекше орын алатын капиталды салымдар болып табылады:

* өнімнің капиталдық сыйымдылығы (Ке) және капиталдық шығын (Ко):

Ке = К / В; Ко = В /К ,

Бұндағы К – капиталдық салымдар көлемі;

В – кәсіпорындағы капиталды салымдар есебінен болатын өнімді шығару өсімі;

* капиталдық салымдардың экономикалық тиімділігінің коэффициенті (Ек):

Халық шаруашылығы бойынша

Ек = Д / К ,

Бұнда Д – өндірілген халықтық кірістің жылдық өсімі ( таза өнімдер);

* қызметтегі кәсіпорындарының капиталдық салымдарының рентабельділігі есептеледі

Рк = П / К,

Бұнда П – капиталдық салымдармен сипатталатын пайданың өсімі;

Жаңа құрылған кәсіпорындар бойынша

Ек = (Ц-С) / Ксм ,

Бұнда Ц – жоба бойынша тауарлық өнімдердің жылдық бағасы;

С – өнімдердің жылдық өзіндік бағамы;

Ксм – құрылғалы отырған кәсіпорынның жобалық бағасы.

*капиталдық салымдардың қайтымдылық мерзімі (Ток)

Ток = К / П ,

Құрылғалы отырған кәсіпорында

Ток = К / (Ц-С).

Салыстырмалы экономикалық тиімділік — капиталдық салымдар мен басқа да авансталған шығындарға қатысты өнімдердің рентабельділік өсуін немесе өзіндік бағамның төмендеуін анықтайтын шартты экономикалық тиімділік көрсеткіші.

Салыстырмалы экономикалық тиімділікті бағалау мынадай болуы мүмкін:

* қайтымдылық мерзімді есептеу негізінде (Ток):

Ток = (К2 - К1)/(С1 - С2)< Тн

Бұнда К1 және К2 , С1 және С2 —өнімдерді шығаруда капиталдық салымдар мен жылдық ағымдық шығыстарына сәйкес салыстырылып отырған нұсқалар;

Тн — салынған шығындар тиімділіктің шегін қарастыратын капиталдық салымдардың қайтымдылықтың нормативтік мерзімі.

* қосымша капиталдық салымдардың салыстырмалы коэффициентін есептеу негізінде:

Е = (С1 – С2) / (К2 – К1) > Ен ,

Бұнда Ен – капиталдық салымдар экономикалық тиімділігінің салыстырмалы нормативті коэффициенті.

Егерде есептеу нәтижесінде алынса:

Ток < Тн и Е > Ен – қосымша капиталды салымдарды талап ететін оптимальды нұсқа;

Ток > Тн и Е < Ен – капиталды салымдарды азырақ қажет ететін оптимальды нұсқа.

Капиталды салымдардың салыстырмалы экономикалық тиімділігін анықтау

Капиталды салымдардың салыстырмалы тиімділігін шаруашылық және техникалық шешімдердің салыстырмалы нұсқаларын сәйкестендіру, кәсіпорындар мен олардың комплекстерінің орналасуы, бір-бірін ауыстыратын өнімдерді таңдауда шешілетін мәселелер, техниканың жаңа түрлерін ендіру, жаңа кәсіпорындарды салу және оларды реконструкциялауда есептеулер түрінде көрсетіледі.

Капиталды салымдардың салыстырмалы экономикалық тиімділігінің көрсеткіші болып шығындардың минимумы табылады. Келтірілген шығындар — экономикалық тиімділік коэффициентіне сәйкес ағымдағы шығындар суммасы мен капиталды шығындардың бірдей мөлшерге келтіріліуі — Ек (әдетте бұл коэффициент нормативтік сипатта алынады — Ен):

Сi + Ен Ki = min

Бұнда Ki — i-у нұсқасы бойынша капиталдық салымдар;

Сi — i-у нұсқасы бойынша ағымдық шығындар; Ен — капиталдық салымдар экономикалық тиімділігінің нормативтік коэффициенті. Берілген коэффициент мәні ұлттық экономиканың даму жағдайына, әсіресе инфляция қарқыны, инвестициялық жалпы жағдайға және т.б.

Ұлттық экономиканың тұрақты дамуының инфляция қарқынының төмен жағдайында В стабильно развивающейся национальной экономике, с дос­таточно низкими темпами инфляции, Е коэффициентінің мәні аз, бұл өз ретінде кәсіпорындарға ұзақ мерзімдік капиталдық салымдар жасауға мүмкіндік береді. Капиталдық салымдардың қайтымдылық мерзімі неғұрлым қысқа болса, соғұрлым тиімділігі арта түседі.

Қазіргі уақытта ұлттық экономиканың жағдайы бұл коэффициенттің жоғарылауына әлі де мүмкіндік беремейді. Е шамасын негіздеу — арнайы мәселе, бастапқыда банктың беретін ұзақ мерзімдік несиелерінің пайыздық мөлшерлемесін ескере отырып есептелуі керек.

Салыстырмалы экономикалық тиімділікті анықтауда салыстыру негізіне отандық және шетелдік жобалар алынады. Алынып отырған шаралардың экономикалық тиімділікті анықтау негізіне ұқсас шаралардың көрсеткіштері, ал жаңа техниканы енгізуде – алмастырылатын техниканың көрсеткіштері алынады.

Капиталдық салымдардың экономикалық тиімділігін анықтауда салыстырылып отырған шығындар мен әсерлердің нұсқаларын және де осы шығындарды көрсететін бағаларын да ескерген жөн. Сонымен қатар, жай және ұлғайтылған өндірістің әсері мен шығыдарының сипаты; капиталдық салымдар көлеміне кіретін шығындар шеңбері; тиімділікті есептеуге арналған бағалық көрсеткіштерді есептеу тәсілдері және т.б. факторлар.

Өндірілетін өнімдердің бір-бірінен шығарылатын өнімінің көлемімен ерекшеленетін тең бағалық жобаларды салыстырғанда үлестік келтіріліген шығындардың көрсеткіштері қолданылады.

Жаңа техниканы енгізілудің экономикалық тиімділігі

Жаңа техниканың экономикалық тиімділігін бағалауда үш мәселе шешіледі:

жаңа техникалық шешімдердің экономикалық салыстырудың әр түрлі нұсқалары;

экономикалық әсердің абсолюттік шамасын анықтау;

өнімнің өзіндік бағамын, пайдасын жаңа техниканың экономикалық әсерін бағалауды ескере отырып жобалау.

Жаңа техниканың экономикалық тиімділігін анықтауда екі негізгі көзқарасты атауға болады.

Бірінші әдістемелік көзқарас өндірістің нәтижелерінің салыстыру және жаңа және ескі техниканы қолданудағы салыстыруға негізделген.

Бұл көзқарастың мәнісі шығындарды есептеу болып табылады.

Капиталдық салымдар тиімділігі мен жаңа техниканың тиімділігін бағалауда екі концептуальдық көзқарастар ерекшеленеді:

1. Орталықтандырылған басқару мен жобалауға негізделген экономикалық жүйеде тиімділікті анықтауда қоғамдық өнімнің шектелген құрылымында ресурстарды таратудың қалыпты нұсқасына негізделген.

2. Келтірілген шығындарды бағаның модификацияланған түрі – өндіріс бағасы - деп қарастырамыз. Бұл жерде бағаның өсуіне негіз болады.

Жаңа техниканы енгізу экономикалық тиімділігін анықтауда ең күрделісі — әсерлердің барлық түрлерінің толық есепке алынуы. Әдетте мынадай экономикалық әсерлер алынады:

өнімнің өзіндк құнының төмендеуі;

үлестік капиталдық салымдардың азаюы;

өндіріс көлемінің абсолюттік ұлғайту;

базалық қаражаттармен салыстырғанда жаңаларын қолдану барысында өнімділіктің өсімі;

базалық техникаға қарағанда жаңа техниканың қызмет ету мерзімінің өсімі;

базалық техникаға қарағанда жаңа техниканы қолдану барысында үлестік шығындардың өсімі;

Жаңа техниканы жобалау мен қолдану кезінде капиталдық салымдар жылдар бойы жүзеге асуы мүмкін және соған сәйкес экономикалық тиімділік те өзгеріп отырады. Өзінің технико-экономикалық параметрлеріне қарамастан жаңа техника қолдану барысында жылдар бойы тиімсіз болып қалу мүмкіндігін де қарастыру қажет.

Әдетте жаңа техниканы игерудің бірінші жылының есептік кезеңі алынады:

Есептік жылда келтірілген капиталдық салымдар мен әсерлердің коэффициенті:

= (1+ Енп)t

Бұнда t — есептік жыл келтірілген әсер мен шығындардың анықтайтын жылдар саны;

Енп — келтіру коэффициенті.

Келтірілген кезеңге дейінгі шығындар мен әсерлер - ға көбетіледі де, ал келесі кезең – сәйкес коэффициентіне бөлеміз.

Екінші әдістемелік көзқарасқа сәйкес жаңа техниканың экономикалық тиімділігін анықтауда шығындарын ана емес барлық пайдалы нәтижелерін де ескеріледі. Ең жақсы жаңа техниканы таңдау үш кезеңнен тұрады.

1 кезең. Жаңа техниканың ең прогрессивті нұсқалары таңдалады.

2 кезең. Әрбір нұсқа үшін шығындар, түрлі нәтижелер мен экономикалық тиімділігі анықталады. коэффициенті арқылы саналатын жылға барлық нұсқаларға ортақ түрлі шығындар мен нәтижелер міндетті түрде жасалады:

= = (1+ Енп)tр - t

Бұнда tp — жаңа техниканы игеруді басталуына сәйкес келетін жылдардың ең алғашқысы.

3 кезең. Экономикалық тиімділік барынша жоғары, ал шығындары барынша төмен болатын ең үздік нұсқа алынады.

Т уақытына сәйкес келетін саналатын кезеңге мақсатталған жаңа техниканы ендіру барысында алынатыни экономикалық тиімділік мына формула бойынша анықталады:

Эт = Рт – Зт ,

Бұнда Рт және Зт — саналатын кезең ішінде (Т) жаңа техниканы ендіру шараларына байланысты нәтижелер мен шығындарды анықтайтын көрсеткіштер.

Бұнда tн — жаңа техника бойынша қаржыландыру жұмыстарының бастамасы.

tк — жаңа техниканың тіршілік моментінің аяқталуы.

Стоимостная оценка результатов за расчетный период (РТ) саналатын кезең бойынша нәтижелердің бағасын анықтау мына формула бойынша жүргізіледі:

РТ = ,

Бұнда Рt – бір жылда нәтижелердің бағалық құны – t.

Жаңа енгізулер кезінде шығындар, нәтижелер, өніріс көлемі мен оның сапасы өзгермесе экономикалық тиімділік мынаадай формула бойынша анықталады Эт

Эт = (Рг - Зг) / (Кр + Енп),

бұнда Рг және Зг — саналатын кезеңдегі өзгермейтін жаңа техниканы ендіру шығындары мен нәтижелері.

Кр — уақытты ескере отырып жасалған негізгі өндірістік қорлардың реновация қалпы;

Зг = И + (Кр+Енп) К ,

Бұнда И — жаңа енгізулер барысында жылдық ағымдық шығысы (реновацияға амортизацияны есепке алмағанда)

К — бірмезеттік шығындар (капиталдық салымдар).

Кр = Енп / (1+Енп)tсл-1

tсл — ұзақ мерзімдік қолданылатын техниканың қызмет ету мерзімі.

Жаңа техникаға бірмезеттік шығындарды анықтау үшін бірмезеттік шығындардың коэффициентін анықтайды (е):

= 0.

Жаңа енгізулер е > Ен кезінде тиімді.

Негізгі және қосымша әдебиеттер тізімі:

1. Шеденов У.К. Байжомартов У.С., Комягин Б.И., Жунусов Б.А., Шеденов И.У. «Основы экономической теории»- Алматы – Актобе: «А-Полиграфия», 2009г.

2. Зайцев Н.Л. «Экономика промышленного предприятия» -М.:ИНФРА-М, 2003г.

3. Банный Н.П., Банный Д.Н. « Технико- экономические расчеты в черной металлургии».- М.: Металлургия, 1979.- 132 с

4. Allbest.ru

Дәріс 3

Өндірістіқ капитал

Өндірістік қорлар және олардың экономикалық мағыналары.

Дәріс мақсаты: Өндірістік капиталға анықтама, сипаттама беру.

Дәріс жоспары

  1. Кәсіпорынның айналым қорлары мен оның құрылымы.

  2. Кәсіпорынның өндірістік қорлары. Материалдық құндылықтар қорын басқару жүйесі.

  3. Аяқталмаған өндіріс.

  4. Кәсіпорынның айналым қаражаты.

  5. Экономикалық категория ретінде негізгі қорлар.

  6. Негізгі қорларды қалпына келтіру.

  7. Кәсіпорынның негізгі қорларын бағалау.

  8. Негізгі қорлардың тиімділігі. Қор қайтарымдылығы.

Кілт сөздер: өндіріс, капитал, қорлар, экономика, тиімділік, бағалау.

Өндірістің материалдық заттық негізін өндірістің қүралдары қүрайды: еңбектің бүйымдары мен заттары.Өндірістік процестің мақсаты - материалдық жагдай құру.Осы мақсатты жүзеге асыру барысында еңбек бүйымдары мен заттары әртүрлі қызмет атқарады.

Еңбек заттары (шикізат) өнімге өзінің қүрылымын беру арқылы оны материалдық субстанцияға айналдырады.Еңбек заттары тауардың өздік қүнының қалыптасуына қатысып, еңбек бүйымдарының көмегімен жүзеге асырылады (аппараттар,механизмдер,приборлар).

Өндіріс қүралдары (еңбек бүйымдары мен заттары) өндірістік қорлар сияқты көрінеді.Өндірістік қорлар тауардың өздік қүнының қалыптасуының қатысуының мінезіне байланысты негізгі жэне айналмалы болып бөлінеді.

Негізгі қорлар көптеген өндірістік циклдарға қатысады.Өзінің бастапқы формасын сақтай отыра олар көп қолданылады, ал өзінің қүнын тозуына байланысты өнімге бөліктеп береді.

Айналмалы қорлар негізгілерге қарағанда өндірістік циклдардың эрқайсысында қолданыла отыра, өзінің заттық формасын өзгертіп, толыгымен өзінің қүнын шығарылатын өнімге өткізеді.Негізгі жэне айналмалы қорлар арасындағы қатынас шаруашылық ерекшеліктеріне байланысты.

Өндірістік қорлардан басқа өндірістік емес қорлар бар - мәдениет үйі,бала бақша және т.б.Олар өндіріске қатыспайды.Өндірістік қорлардың эффективтілігі рентабелдікпен мінезделеді,яғни, негізгі өндірістік қорлар мен материалды айналмалы қүралдардың қүндары қосындысының пайдаға қатынасы.

Р=п " 'Ю0%

Осн. + Обор.