Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Х тарау.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
522 Кб
Скачать
☆

Аллергоздарда науқастарды тексеру

Науқастың шағымдары

1.әлсіздену, бас ауруы; 5.қышыну;

2.лоқсу, құсу; 6.теріде бөртпелердің білінуі;

3.кекіру, құсу; 7.ісіну, ентігу, түншығу;

4.ұйқының бұзылуы, ұйқышылдық; 8.бетінің домбығуы.

Ауыру сыртартқысы

Әсер ететін мәнбірлер, ауруға әкеліп соққан себептер

Аллергендермен байналысы, олардың түрлері

Аурудың басталуы, дамуы, ағым ерекшеліктері

Ем қағидалары

Өмір - баян сыртартқысы

Тұқым қуалаушылық

Бала кезіндегі аллергиялық серпілістері

Мамандығының негізгі ерекшеліктері (химиялық заттармен қатынасы)

Тамақтану сипаттамасы, тұрмыс жағдайы

Науқасты тікелей тексеру

Қарау

Сипалау

Терінің бозаруы

Терінің қызаруы

Ісіктің білінуі

Бөртпелердің білінуі

Тері қасыған іздері

Демін санау

Қан қысымын өлшеу

Тамыр соғысын анықтау

Бөртпелерді сипалау

Іш қуысын сипалау

Зертханалық тексеру

Құрал – жабдық арқылы тексеру

Жалпы қан анализі (эозинофилия)

Жалпы зәр анализі (гематурия)

Иммунологиялық тексерістер

Тері ішіне өткізетін сынамалар

ЭКГ

Кеуде қуысының рентгено-граммасы

Есек жем

Есек жем аллергиялық сырқаттың ең жиі кездесетін түрі болып табылады. Терінің еміздікше қабатында әр түрлі күлбіреулер пайда болады. Әр жастағы адам сырқаттануы мүмкін, көбінесе 21- 60 жасқа дейін ауырады. Ішкі сөлденіс бездердің қызметіне байланысты еркектерге қарағанда әйелдер жиі ауырады.

Этиопатогенезі. Сырқатт әр түрлі аллергендердің әсерінен дамиды. Есек жемнің негізгі беретін мағыналық мәнісі аллергендердің әсерінен қан тамырлар қабырғасының өткізгіш қызметтік қабілеттілігі төмендеп,

қанның сары суы тіндерге шығады да, ағзада ісіктің пайда болуында жатыр.

53 сурет Сульфаниламид дәрі-дәрмектерден кейін дамыған аллергиялық серпіліс.

Жіктемесі. Этиопатогенетикалық дамуына байланысты есек жемнің келесі түрлері бар: аллергиялық (көректік тағамдардан, дәрі-дәрмектерден, шаң-тозаңнан, тұрмыс заттардан, жұқпадан, сары судан); физикалық (механикалық, суықтан, ыстықтан, сәулелерден); эндогендік (гормондардың бұзылыстары, С-ингибитордың белсеңділігінің төмендеуі, идиопатиялық түрі).

Клиникалық бейнесі. Аллергиялық есек жемнің негізінде нақты терінің еміздікше қабатының зақымдануы жатыр. Көбінесе сырқат дәрі – дәрмектердің, тағамдардың, жәндіктердің шағуының әсерінен дамиды. Кейбір науқастарда есек жем физикалық мәнбірлердің әсерінен дамиды. Оның жиі кездесетін түрі – дермаграфизм (теріні қатты сызғанда орнында қызыл түсті ісіну пайда болады). Кейде физикалық есек жем денеге салмақ түскеннен дамиды, мысалы, ұзақ уақыт шашын қатты күш салып тараған науқастардың қанында гистамин мөлшерінің көбейгені анықталған. Сонымен қатар физикалық есек жем суықтың әсерінен де дамуы мүмкін. Екі түрмен дамиды: жедел (тез арада) және баяу (9 –18 сағаттан кейін). Патогенезі анықталынбаған. Ішкі сөлденіс бездерінің бұзылыстарында гистаминнің көбеюі әр қашанда қан тамырлар қабырғасының өткізгіш қызметтік қабілеттілігін төмендетіп аллергия серпілісінің клиникасын көрсетеді. Есек жемде науқастың терісінде бұршақтың үлкендігіндей қызғылт немесе ақшыл күлбіреулер пайда болады. Кейде олар бір – бірімен қосылып, жайылмалы түрге ауысып кездеседі. Қан тамырларынан қан торшалары шығып, есек жем геморрагиялық түрде байқалуы мүмкін. Терісі қатты қышиды, басы ауырады, кейде науқастың денесі қалтырап, дене қызуы көтеріледі. Жедел есек жемнің ұстамасы жалпы әлсіздікпен, уыттану белгілерімен сипатталады. Өткір кезеңнің ұзақтығы бірнеше сағаттан бірнеше тәулікке дейін созылуы мүмкін. Егер сырқат 5-6 аптаға созылса, ол аурудың созылмалы түрге ауысқаның білдіртеді.

Емі. Егер есек жем пенициллиннің әсерінен дамыса, онда бұлшық етке 1000 бірлікті пенициллиназа ертіндісін қолданады. Бұл пенициллиназа дәрі – дәрмегі пенициллиннің антидоты болып табылады. Аллергиялық серпілісті басу мақсатымен тері астына антигистамин тобының дәрілерін қолданады (пипольфен, димедрол ертінділері). Дәрілік және тағамдардан дамыған есек жемнің түрінде асқазан-ішек жолдарын жұған жөн. Сонымен қатар симптомға қарсы ем кеңінен қолданылады. Қан қысымы төмендеген жағдайларда тері астына 0,3- 0,5 мл 0,1% адреналин ертіндісін егеді. Қышынуды жою мақсаттымен теріге 2-5% анестезин майын жағады. Геморрагиялық белгілерде индометацин және басқа стероидтық емес дәрі-дәрмектерді қолданады. Уыттануға қарсы дезинтоксикациялық ем жүргізіледі. Ауыр жағдайларда гормон тобының дәрі-дәрмектерімен қолданады (преднизалон, гидрокортизон т.б.).