- •Бүйрек және зәр шығару жолдарының аурулары Бүйрек және зәр шығару жолдарының анатомиялық- физиологиялық ерекшеліктері
- •Тексеру әдістері
- •12 Бейнелеме Бүйрек және зәр шығару жолдарының ауруларындағы науқастардың тексерістері
- •Негізгі белгілері
- •Жедел гломерулонефрит
- •31 Сурет
- •Созылмалы гломерулонефрит
- •Пиелонефрит
- •Жедел пиелонефрит
- •Созылмалы пиелонефрит
- •Бүйрек тас ауруы
- •Бүйрек шамасыздығы Жедел бүйрек шамасыздығы
- •Созылмалы бүйрек шамасыздығы
- •Бүйрек және зәр шығару жолдарының ауруларында амск-гі мейірбикенің жұмыс ерекшеліктері
- •13 Бейнелеме Бүйрек шаншу ұстамасының негізгі белгілері және мейірбикенің іс-әрекеттері
- •Бүйрек және несеп шығару жолдары ауруларын алдын алу
Созылмалы пиелонефрит
Клиникалық бейнесі. Сырқаттың белгілері бастапқы кезеңінде көзге көрінбейді. Созылмалы пиелонефриттің негізгі себебі: жедел пиелонефритті өз
уақытында емдемегендіктен, сонымен қатар цистит, пиелит болып табылады. Аурудың клиникасы кезеңіне және түріне байланысты. Созылмалы пиелонефриттің 5 негізгі клиникалық түрі бар: жасырынды (латентті), несептік гипертониялық, уыттану, анемиялық.
Жасырынды түрінде аурудың белгілері білінбей өтеді. Науқас пиелонефрит сырқатының бар екендігін сезбейді, тек зәр, қан анализіздерін тапсырған кезде аурудың белгілері табылады. Науқас тез шаршағыштыққа, тамаққа тәбетінің төмендеуіне, дене қызуының сәл көтерілуіне шағымданады. Қанда анемия, ЭТЖ артады. Зәрде сәл протеинурия және лейкоцитурия білінеді. Полиурия мен никтурия байқалады.
Несептік түрінде зәрде бастапқы кезден бастап лейкоцитурия, протеинурия, бактериурия, қан айқындалынады, көбнесе микрогематурия. Пиелонефритке тән несептік өзгерістің бірі – гипостенурия. Бұл белгі реабсорбция процессінің бұзылуынан дамиды. Аурудың бұл түрінде науқас әлсізденеді, дене қызуы көтерілуі мүмкін, бел маңайы сәл ауырсынады.
Гипертониялық түрінде негізгі аурудың белгісі артериялдық қан қысымының көтерілуі. Артериялыдқ қан қысымының көтерілуі бүйректің ишемиясымен байланысты. Науқаста бастың ауруы, айналуы, ентігу, жүрек маңайының ауырсынуы байқалады. Зәр өзгерістері онша білінбейді.
Аурудың уыттану түрінде науқастардың шағымдары: әлсіздік, тез шаршау, бел маңайының ауырсынуы, дене қызуының көтерілуі. Уыттану белгілері дамиды. Циститтің белгілері пайда болады, әртүрлі дизурия белгілері білінеді: поллакиурия, ишурия, никтурия. Созылмалы пиелонефритте бел аймағында топасты үздіксіз ауырсыну байқалады. Созылмалы пиелонефрит көп жағдайда созылмалы бүйрек шамасыздығына әкеліп соғады.
Анемиялық түрінде гипохромдық қан аздық синдромы аурудың басты белгісі болып табылады.
32 сурет Созылмалы пиелонефриттің
пиелограммасы.
Дерт анықтамасын науқастардың шағымдарына, клинкалық бейнесіне, зертханалық және құрал жабдық аппарат арқылы тексергендегі нәтижелеріне сүйене отырып нақты түрде қорытындысын шығарады. Жалпы қан анализінде лейкоцитоз, анемия білінеді, ЭТЖ артады. Жалпы зәр анализінде пиурия, білімсіз протеинурия анықталады. Нечипоренко, Каковский – Аддис сынамаларында зәрдің тұнбасында лейкоциттердің көбеюі анықталынады. Құрал – жабдық аппарат арқылы тексерістерде, яғни, экскреторлы урограммада бояу заттың баяу қарқынмен бөлінуін, тостағанша мен табақшаларының кеңейіп зақымданғаның байқауға болады. Осымен қатар изотопты ренография, ультра дыбыспен зерттеу әдістері дерт анықтамасын жүргізуге көмектеседі.
Емі. Емдәмді және төсек тәртібін сақтау маңызды роль атқарады. №7 устел тағайындылынады (қышқыл, ащы, тұзды тағамдарды қолданбайды). Қозу кезінде ас тұзының мөлшері тәлігіне 5-8 гр дейін шектеледі. Қабынуға қарсы уроантисептиктермен ем қолданады: антибиотиктер, сульфаниламидтер, нитрофуран туындылары, фторохинолондар. Антибиотиктердің ішінде көп қолданатын топтарына пенициллиндер, цефалоспориндер, левомицетин жатады. Нитрофурандардың ішінде невиграмонның әсері нәтижелі. Бүйректің қан айналымын жақсарту мақсатымен трентал бір ай бойы, курантил, гепарин 5000 БІ 2 рет күніне 2 апта бойы тағайындалынады. Ағзаның иммун жағдайын жақсарту мақсатымен иммуномодуляторларды қолданады: эхинацея, левамизол т.б. Қазіргі кездерде эфференттік ем кең қолданады (қанды ультра сәулемен тазарту). Қозуды алдын алуға қарсы ем шараларын өткізген жөн. 4 – 6 ай бойы емдік шөп дәрілерін қолданады: фитолизин, альтей, бүйрек шайы т.б. Осымен бірге 10 күндік бактерияларға қарсы ем шараларын қолданып өткізген жөн: левомицин, тетрациклин, фуразолидон. Бүйрек қан айналымын жақсарту үшін трентал, курантил, гепарин қолданған дұрыс. Қан аздықта құрамында темір бар тағамдар қолданылады. Симптомдық ем жүргізіледі: артериалды гипертензияда – қан қысымын төмендететін дәрілер, қан аздықта – темір препараттары. Физиоем шараларын қолдану қажет: парафин, диатермия, жылытқыштармен бел аймағын қыздыру..
Болжамы. Сырқатты уақытында дұрыс емдеген жағдайда бүйрек жұмысы ұзақ уақытқа сақталынады.
Алдын алуы. Біріншілік алдын алуда пиелонефритті болдырмау үшін бүйректің тас ауруын емдеп, уақытында ота жасап, тасты алып тастау керек. Зәр дұрыс жүру үшін, жұқпа ошақтарын емдеп санация жүргізіп отыру керек. Әр қашанда салауатты өмір салтын сақтаған жөн, денені шынықтырып, жеке бас гигиенасын сақтау керек. Екіншілік алдын алуда созылмалы пиелонефритпен ауырған науқас жалпы тәжірибелік дәрігермен, терапевтпен диспансерлік тізімге алынып, тіркеліп, жүйелі түрде бақыланып отырады. Клиникалық қан анализін, жалпы зәр анализін жылына 2 рет тапсырады. Жылына 1 рет бүйректерді ультра сәулесімен зерттейді. Жағдайына байланысты экскреторлық урография, радий белсеңді ренография жасалады. Ошақты жұқпаларды уақытында емдеп, санация жүргізіп отырған жөн. Сонымен бірге ілеспелі ауруларды емдеп, уроантисептикалық дәрілермен емделіп аурудың қозуын алдын алып отырған жөн. Ағзаға суық тигізбеу керек.
Цистит
Бұл қуықтың ішкі кілегей қабатының қабынуы. Себебі - жұқпа қоздырғыштары болып табылады. Оның ішінде 80% ішек таяқшалары кездеседі және энтеробактериялар, стафилококктар, стрептококктарда қоздырады. Қуыққа жұқпа бүйрек түбекшешелері қабынғанда зәр шығару өзекшелерінен келіп түседі. Сырқатқа әкеліп соғатын мәнбірлерге қуықта зәрдің тұрып қалуы (жүктілікте, жыныс жолдарының қабынуында), суық тигізіп алғанда, ер адамдарда жыныс бездерінің қабынуы (аденома) жатады. Ағымына байланысты жедел және созылмалы түрлерге бөлінеді.
Клиникалық бейнесі. Науқас жалпы уыттану белгілеріне шағымданады. Әлсізденеді, өткір кезеңінде дене қызуы субфебрильді болуы мүмкін, тамаққа тәбеті тартпайды. Дизуриялық белгілер сырқатқа тән болып табылады. Науқас зәр шығарған кезде несеп ағар арнасының ең сыртқы саңылау аймағында ауырсынудың болуына, ашып, қышу сезімінің пайда болуына, зәрдің шығуы жиілеп және ауырсынуына шағымданады. Бұны ишурия деп атайды. Қасағаның үстін сипалағанда ауырсыну сезімі білінеді. Науқас зәрге жиі және ауырсынып отыруының салдарынан мазасызданып, ұйқысы бұзылады.
Дерт анықтамасы. Науқастың шағымдарына және зертханалық тексеріс нәтижелерінің қорытындысына сүйене отырып дерт анықтамасын жүргізеді. Зәрде лейкоцитурия, эритроцитурия, бактериурия анықталады. Кейде зәр күнгірттеніп, іріңді қан аралас болуы мүмкін. Нечипоренко сынамасын жүргізгенде өте көп мөлшерде лейкоциттің мөлшері анықталынады. Жалпы қан анализінде лейкоцитоз білінеді, ЭТЖ артады. Диагнозды анықтау мақсатымен цистоскопия, цистография тексеру әдістері жүргізіледі.
Емі. Төсек тәртібін сақтау, шат маңайына жылытқыш қою. Бұл ауруда емдәм маңызды роль атқармайды. Жалпы емдәм түрін тағайындайды. Қоздырғыштарға қарсы антибиотик және сульфаниламид топтарының дәрі- дәрмектері қолданылады: фуразолидон, фурагин, невиграмон, бисептол, цефалоспориндер және шөптік ем дәрілері. Физиоемдік шараларын жүргізеді: парафин, УВЧ, жылы ванналар. Ауырсынуды басу үшін спазмолитик тобының дәрі-дәрмектері қолданылады: но-шпа, баралгин ерітінділері. Зәр тоқтап, шықпай қалғанда түтік сүңгімен қолдана отырып зәрді сырқта шығару және қуықты фурациллин ерітіндісімен жуу.
Алдын алуы. Ағзаны жұқпадан тазалау. Суық тигізбеуге, салқын жерде жұмыс істеуге тыйым салу керек. Жағымсыз қылықтарды доғаруға және олардың тыйылуына ат салысу керек. Жеке бастың гигиенасын сақтау маңызды болып табылады.
