Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ІІІ тарау.doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2 Мб
Скачать
☆

Ауруханаішілік пневмониялар

Бұлардың ішінде ошақты пневмония жиі кездеседі. Ол өкпенің бөлікшелерінің қабынуы. Ауру жиі жедел респираторлы аурулардан, тұмаудан кейін біртіндеп бронхылардан басталады.

Этиологиясы және патогенезі. Сырқаттың дамыуына әкеліп соқтыратын мәнбірлерге келесі жұқпалар жатады: бактериялар, саңырауқұлақтар, вирустар. Әсер ететін мәнбірлер – суық тию, ағзадағы ошақты жұқпалар, иммун жүйесінің әлсізденуі т.б.

Жіктемесі. Өкпе паренхимасында дамыған дәрістің көлеміне байланысты: ұсақ ошақты және біріккен ошақты болып келеді. Зақымдану жеріне байланысты: жоғарғы, ортаңғы, төменгі бөлікшелерінің, түптілікті және шеттік орналасқан түрлері. Сонымен қатар ошақты пневмонияның түрлері сырқатқа әкеліп соқтырған қоздырғышқа байланысты (бактериялық, вирустық, орнитоздық, микроплазмалық, аллергиялық, физикалық, химиялық).

Клиникалық бейнесі. Негізінен бронхиттен, тұмаудан кейін сырқаттың хал жағдайы нашарлап, сырқат көбінесе біртіндеп басталады: дене қызуы көтеріліп, құрғақ немесе ылғалды жөтел білінеді. Уыттану белгілері де дамиды: науқас әлсізденеді, басы ауырады, тамаққа тәбеті тартпайды. Науқас жөтелгенде кеуде қуысы ауырсынады, ентігеді. Жөтел ылғалды, қақырық шырышты-іріңді, әртүрлі мөлшерде бөлінеді. Перкуссияда қысқарған тықыл дыбысы шығады, ал аускультацияда зақымдалынған жерде айқын дымқыл сырылдар естіледі. Рентген суретінің көрінісінде инфильтратты теңбіл дақтар білінеді. Қанда: лейкоцитоз, ЭТЖ артады. Қалыпты түрде ошақты өкпе қабынудың ағымы 3 – 4 аптаға созылады.

Асқынулары. Сырқаттың өту ағымының барысында плеврит, өкпе абсцессі дамуы мүмкін.

Өкпе қабынуларының ем қағидалары

Жұқпаға қарсы ем қолдану, уытты әсерді тиылту, иммундық жүйені қалпына келтіру, қақырықты сыртқа шығару, симптоматикалық ем жүргізу негізі болып табылады.

Науқас ауруханада емделеді. Науқастың тамағы құнарлы болуы тиіс, тәулігіне 2,5 - 3 литр сұйықтық қолданған жөн, жалпы төсек тарту тәртібінің талаптары шектеулі, темекіден және ішімдіктен бас тарту. Крупты пневмонияда көп мөлшерде антибактериялдық ем жүргізіледі: антибиотиктер жұқпаның сезімталдығын анықталуын күтпей тағайындалынады, ол цефалоспорин (клафоран), эритромицин, линкомицин; сульфаниламидтер (сульфален, бисептол), нитрофуран препараттары. Емнің барысында қоздырғыштың түрі мен оның антибиотикке сезімталдығын сәйкестейді. Уытты әсерге қарсы гемодез күніне 400 мл 1 рет, полиглюкин, 5% глюкоза ерітінділері көк тамырға қолданылады. Ағзаның иммундық жүйесін қалпына келтіру үшін иммунитетті реттейтін препараттар тағайындалады (пирогенал, интерферон, левамизол). Ауыр жағдайда жүрек - қан тамыр жүйесінің жұмысын жақсартатын дәрілерді қолданады. Жөтелге қарсы наркотикалық (кодеин, кодтерпин, дионин) және наркотикалық емес (глауцин, либексин, тусупрекс) дәрі-дәрмектері қолданылады. Қақырықты сыртқа шығару үшін 3 % калий йодиді, мукалтин, амброксал, бромгексин дәрі – дәрмектерін қолдланады. Бұнымен қоса симптоматикалық ем жүргізіледі. Дене қызуын төмендету мақсатымен парацетамол, ацетил қышқылын ішкізеді. Ауырсынуды басу үшін жансыздандыру емін жүргізеді. Қабыну дәрісін басу үшін уыттану белгілері басылғанда физиотерапиялық емін қолданады: электрофорез алоэмен бірге өткізіледі, ультра сәулемен сәулелену емін жүргізеді. Бронхтардың дренаждық қызметін жақсарту мақсатымен ингаляциялық ем жүргізеді. Емдік және демдік жаттығуды машықтандырып, дағдыландырады.

Пневмониялардың болжамы. Сырқатқа уақытында көрсетілген барлық медициналық ем шаралардан кейін нәтижесі қолайлы болып табылады.

Сырқаттың алдын алуы. Алғашқы алдын алу. Ағзаны шынықтырып, қорғаныш қабілетін арттыру алдын алу шараларына жатады. Бронхитті, тұмауды және басқа респираторлық сырқаттар түрлерін уақытында дұрыс емдеу. Суық тигізіп алмау, еңбек гигиенасын сақтау мәнбірлерін қадағалап жүрген дұрыс.

Екіншілік алдын алуда науқас 1 жыл диспансерлік тізімде бақыланады, иммундық жүйесін қалпына келтіру үшін шаралар жүргізіледі, содан кейін клиникалық, зертханалық және аспаптық тексерістен өтіп, “Д” есептен шығарылады.