- •Күкірт қышқылының өндірісі.
- •Нитроздық әдіс
- •2 Сурет.Түйістіру әдіспен күкірт қышқылын өңдеу схемасы
- •3 Сурет. Қайнаған қабатта колчеданды күйдіру үшін арналған пеш
- •4 Сурет. Колчеданнан күкірт қышқылдарын өндіру схемасы
- •1.2.2 Айналудың тепе-теңдік дәрежесі
- •1.1.3 Екі есе байланысу және екі есе сіңіру әдісімен күкірттен күкірт қышқылын өндіру
- •5 Сурет – Күкірттен күкірт қышқылын өндіру схемасы
- •1.2 Түйістіру бөлімінде күкірт ангидридтің тотығуының технологиялық үрдісінің сипаттамасы
- •1.2.1 Тотығу үрдісінің физика-химиялық негіздері
- •2 Жобалау бөлімі
- •2.1 Жобаланатын құрылыс нүктесінің сипаттамасы
- •2.2 Бастапқы шикізаттар, өнімдер, жартылай өнімдерге сипаттама
- •2.3 Өндірістің физика-химиялық негізі
- •2.3.1 Күкіртті балқыту Күкіртті жағу. Балқытылған күкіртті сүзу, сақтау және беру.
- •2.3.2 Күкіртті жағу. Sо2/ sо3 тотығуы. Жылуды пайдаға асыру жүйесі.
- •2.3.4 Жылуды пайдаға асыру.
- •2.3.5 Ауаны құрғату және sо3 абсорбциясы
- •2.3.6.Күкірт қышқылын сұйылту бөлімі
- •2.4 Өндірістің технологиясын таңдау және жазбалау
2.3.4 Жылуды пайдаға асыру.
Тотығу фазасы (күкіртті жағу және SО2/ SО3 айналымы ) жоғары экзотермиялық үрдіс болады. Әр сатыдағы түзілген артық жылу мөлшері котел-утилизатор, экономайзерден және жылуқыздырғыштан тұратын жүйемен пайдаға асырылады.Турбогенераторда электроэнергия ретінде жоғары қыздырылған бу пайдаланылады.Температурасы Т=400оС; қысымы 43 бар, беру қарқыны 80,00 кг/сағ.
Балқытылған күкіртті арнайы күкіртті жағу пештерінде шашыратқанда, механикалық шаңдату нәтижесінде майда күкірт бөлшектері түзіледі. Шашыратылған күкірт күкіртті жағу пешінде алдын ала құрғату колоннасында құрғатылған ауамен жағады. Күкірт пен ауаның қатынасы,Т=1100оС –та газдың құрамында 11,5% SО2 болатындай ұстап тұру керек.Газдың температурасы каталитикалық ауысуға тым жоғары болғандықтан, ол булы барабанмен жалғасқан жылу бөліп шығаратын котелдан өтіп, Т=423оС дейін салқындатылады. Конвертердің төменгі жағынан жұмысшы газ конвертердің бірінші сатысына жіберіледі. Мұнда SО2 газы жартылай SО3-ке өтеді. Бірінші сатыдан өткен газ температурасы Т=622оС температурасымен жоғары қысымды булықыздырғышта температурасы Т=440оС төмендеп, одан соң екінші сатысына түседі.
Екінші бөлігінде SО2/ SО3 өтуі жалғасады, үшінші сатыға өтерде шығатын газ ыстық өтпелі жылуалмастырғышта керек температураға дейін төмендетіледі.
Жылуалмастырғыш «MONPLEX» - МЕСS компаниясы өңдеп шығарған ыстық газдың қысымының төменгі ауысымына арналған - арнайы пластикалық салқындатқыш. «MONPLEX» жылуалмастырғының негізгі артықшылықтары –модульды конструкциясы, шағымдылығы және қысымның азғана түсуіне арналған.
Құрамында SО2/ SО3 бар қоспа реактордың үшінші бөлігіне өтіп, мұнда SО2 ден SО3-ке өтеді сонан соң абсорбциялық колоннаға өтеді. Қалған SО2 газы өтпелі абсорбциялық колоннадан шығып, соңғы реакцияға керекті температура өзгерісіне дейін ыстық / суық керіток өтпелі жылуалмастырғыштан өтіп, реактордың төртінші бөлігіне түседі. Соңғы абсорбциялық колоннаға өтерде газ экономайзерде салқындатылады.
2.3.5 Ауаны құрғату және sо3 абсорбциясы
Бұл блок технологиялық құрғақ ауа өндірісі.Құрғақ ауа күкіртті жағуға арналған.Ауалық кептіру үшін атмосфералық ауа,ылғалдығы -21г /кг құрғақ ауа
Ауаүрлегіш кептіргіш мұнарадан жоғары ағынмен жүреді.
Ауалы сүзгіде күкіртті пеште жіберудің алдында атмосфералық ауаны ылғалдан кептіреді. Бұл үшін ауа ағыны керітокта ауамен ылғалды өзіне тартатын күкіртқышқылы циркуляцияланатын кептіргіш колоннадан өтеді. Кептіргіш колоннадан кейінгі орналасқан технологиялық вентилятор сүзілген ауаны күкірт жағу пешіне жібереді.
Ауалық фильтрдің алдында жылуалмастырғыш орналастырылған.Оны жылдың суық мезгілінде атмосфералық ауаны белгілі температураға дейін қыздыру үшін қолданады.
Газды SО3 өтпелі абсорбциялық колоннада және Н2SО4 –пен циркуляцияланатын шығыс абсорбциялық колоннада абсорбцияланады.Негізгі қышқыл мұздатқышымен түзілген жылу салқындатқыш сумен шығарылады.
Негізгі қышқыл мұздатқыш (МЕСS компаниясы өңдеп шығарған) негізгі корпустан және құбырлы жылуалмастырғыштан тұрады. Ол жоғары температурада күкірт қышқылында металл коррозиясын төмендету үшін арнайы арналған.
Басқа құбырлы жылуалмастырғыштар(МЕСS компаниясы өңдеп шығарған) арнайы болаттан (ZeCor) жасалған. ZeCor – бұл арнайы болат жоғары температуратурада концентрлі күкірт қышқылымен , күкірт қышқылы ағыны жылдамдығы 3-3,5 м/с болатын жағдайға арналған.
Қышқылды кептіруге және кептіруші колоннада қолданатын температура тұрақты болады.
Барлық үш колонна температура,Т= 82оС, концентрациясы 98,5% болатын күкірт қышқылына арналған.
Қышқыл циркуляциясын колоннада реттейтін жалпы вертикалды түрдегі тұндырылған циркуляциялық насос.
Күкірт қышқылының концентрациясы 98,5% тұрақты ұстап тұрылады, ол үшін деминералданған судың керекті мөлшері кондуктометрмен өлшеніп қосылып тұрады.Алынған қышқылды қышқылды сұйылту бөліміне жібереді.
