- •Жоспары
- •2.1 Іскерлік хат
- •2.2 Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі бойынша қаралған бөлімдер
- •2.3 Жұмыс орнын аттестациялау және санитарлы - гигиеналық талаптар
- •Корытынды
- •Толық жеке материалдық жауапкершiлiк туралы шарт
- •Қызметкерлердің еңбек қызметімен байланысты жазатайым оқиғасы немесе денсаулығының өзге де зақымдануы жөніндегі Хабарлама
2.1 Іскерлік хат
Іскерлік хат – кәсіпорынның, ұйымның, мекеменің сыртқы әлемнен негізгі байланыс арналарының бірі. Хат арқылы алдын – ала келіссөздер жүргізіледі, кәсіпорындар арасындағықарым – қатынастар анықталады, талап – шағымдар айтылады, ұсыныстар жасалады, өзара пайдалы ақпарат алмасу іске асырылады.
Қызметтік хаттарды рәсімдеу ережесі:
1 Қызметтік хаттар хатқа арналған бланкіде рәсімделеді, оның жалпы бланктен айырмашылығы онда кәсіпорынның почталық және банктік деректемелері болады.
2 Қызметтік хаттың құрамына мынандай деректемелер кіреді:
мекен-жайы
күні
құжаттың индексі
мәтіннің тақырыбы
мәтін
қосымшаның бар екендігі туралы белгі
қолы
орындаушының аты-жөні мен телефоны
Коммерциялық ұсыныс
Тапсырыс беруші өнім берушіні айқындау үшін ТЖҚ сатып алу нарығында нарықты үйрену жолымен жалпы қолжетімді ақпарат көздері арқылы өз қызметін жүзеге асыратын кемінде үш әлеуетті өнім берушіге коммерциялық ұсыныстар беру туралы сұраныстар жібереді.
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 11 желтоқсандағы № 648 бұйрығымен бекітілген (22.12.2016 ж. өзгертулер және толықтырулармен) Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларының 378-1-тармағына сәйкес, Тапсырыс беруші әлеуетті өнім берушіні айқындау үшін ТЖҚ, оның ішінде ұқсас ТЖҚ сатып алу нарығында нарықты үйрену жолымен жалпы қолжетімді ақпарат көздері арқылы өз қызметін жүзеге асыратын кемінде үш әлеуетті өнім берушіге коммерциялық ұсыныстар беру туралы сұраныстар жібереді.
Шартты тікелей жасасу жолымен бір көзден алу тәсілімен сатып алуды жүзеге асыру кезінде үш өнім берушіге 39-баптың 3-тармағында көрсетілген бірқатар негіздемелер бойынша сауалдар жіберіледі. Әлеуетті өнім берушілерге сауал жіберу Заңның 39-бабының 3-тармағында көрсетілген мынадай негіздемелер бойынша қолданылады:
6) нарыққа реттеушілік әсер ету үшін мемлекеттік материалдық резервке тауарлар сатып алу;
7) мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын сақтау жөніндегі көрсетілетін қызметтерді сатып алу;
15) Қазақстан Республикасының сайлау және республикалық референдум туралы заңнамасында көзделген тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен тізбе бойынша сатып алу;
28) арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтердің кепілдендірілген көлемінде көзделген арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтер мен арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерді бағалау және қажеттілікті айқындау бойынша көрсетілетін қызметтерді сатып алу;
50) егер мемлекеттік сатып алу тапсырыс берушінің мемлекеттік сатып алуды өткізу мерзімі, бірақ екі айдан аспайтын мерзім ішіндегі қажеттілігін қамтамасыз ету үшін қажетті осындай тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу көлемінен аспайтын көлемде, уәкілетті орган бекіткен тізбе бойынша жылдың бірінші айы ішінде жүзеге асырылатын болса, конкурс не аукцион тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындысы шығарылғанға және мемлекеттік сатып алу туралы шарт күшіне енгенге дейінгі кезеңге күн сайынғы және (немесе) апта сайынғы қажеттіліктегі осындай мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыруға қажеттілік болса, жүзеге асырылады.
