Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
otchet.doc
Скачиваний:
5
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
103 Кб
Скачать
☆

Балмұздақ жасау технологиясы

Балмұздақ жасау үшін сиыр сүті ЖШС«Гормолзавод» лабораториясында қабылданып,онда физика-химиялық және органелептикалық қасиеттері бойынша тексерістен өтеді.

Тексерістен өткен сүтті 10% кілегей мен майсыздандырылған сүтке сеператорда бөліп алады.Қоспаға дәм келтіргіштер мен құрғақ сүт және шекер қосып жылытады.Содан соң балмұздақтың құрылымын жақсарту үшін және майдың ерігіштігін қалпына келтіру үшін гомогендеу процесі жүреді.Бұл процесс температурасы пастерлеу температурасына жақын 75-800 С-да 15-20 жүреді.Содан соң қоспаны салқындатқышқа салып 250С-ға дейін салқындатады,ары қарай пісіп сақталуы үшін резервуарларға жіберіледі.Балмұздақты ауамен қанықтырылып,ішінара мұздатады.

Дайын болған балмұздақты 450гр,1000гр және 4 кг-дық қаптамалар мен пакеттерге құйып -180С-да сақтайды.Балмұздақты сақталу мерзімі 6 ай.

«Крестьянское» майы.

Бұл майды жасау үшін сиыр сүті ЖШС«Гормолзавод» лабораториясында қабылданып,онда физика-химиялық және органелептикалық қасиеттері бойынша тексерістен өтеді.Сүт сепараторға құйылып ,ондағы ваннадан бөлініп шыққан кілегей ,майлы кілегейге арналған ваннаға жіберіледі. Ваннадағы майлы кілегейдің көлемі 2/3-ке жеткенде,массадан анализ алынады.Ондағы ылғалдылық анықталады.Жоғарымайлы кілегейлер майжасағышқа түсіріледі ,ол жердегі кілегей температурасы 60-700С.Өнім қажетті температураға түскен соң оны гофрирленген картоннан жасалынған жәшіктерге салады.Өнімнің бақылаушы массасы 20 кг,өнімдегі ылғалдылық -25%,май-72% құрайды.Өнім ұзақ уақыт сақталуы үшін оны бір тәулікке 00С-дан жоғары температураға,содан соң тоңазытқышқа -18-200С-ға қояды.Тапсырыс берушінің қалаы бойынша май 250гр және 1 кг-нан оралады.

Вафельді стақандар

Ұнды өлшемі 2,5мм болатын електен өткізіп,содан соң металлдардан тазартатын магнитті аппараттан өткізеді.Ұнилегіш машинаға су құйылады.Одан бөлек ыдыста жұмыртқа ұнтағын,шекер,тұзды суда ертіп алады.Содан соң ұнды машинкаға құйып ,онда түйіршіктер таусылғанша араластырылады.Қамыр дозатор арқылы жартылай автоматты түрдегі пешке пісірілуге жіберіледі.Вафельді стақандарды тунельді типтегі,газ арқылы жұмыс жасайтын пеште пісіреді.Дайын болған өнімді арнайы қораптарға 1,5 кг-нан салып,қоймаға жібереді.Қойма таза,бөтен иіссіз,кеміргіштер немесе қандай да бір жәндіктерсіз,ауасы кең бөлме болуы тиіс.Ол жердегі температура 18±3°С және салыстырмалы ылғалдылық 65-70% пайыз.

Сүзбе жасалуының технологиялық процесі

Сүзбе жасау үшін сиыр сүті ЖШС«Гормолзавод» лабораториясында қабылданып,онда физика-химиялық және органелептикалық қасиеттері бойынша тексерістен өтеді.Содан соң сепараторға салынады,ашыту үшін салқындатқышта температура төмен түсіріледі.

Майсыздандырылған сүтте ашытар алдында ондағы температура мен қышқылдылықты ретке келтіреді.Осылай ашытылған сүттің дайын болғандығын байқайды.Майы нормаландырылған қоспаны сүзбе ваннасына жібереді,ол жерде ашыту темпеатурасына дейін салқындатады.3-5% мезофильді сүтқышқылды стрептококкалармен әзірленген ашытқылармен ашытады.Жақсылап 10 минут араластырылған массаны тыныштық күйге 8-12 сағатқа қалдырады.Осы уақыттан соң,массаны 20-60 минут қыздырады,содан соң сүзбе ваннасынан кран арқылы қоймалжың массаны шығарады.Массаны араластырып,ондағы суды ағызу үшін арнайы тележкаларға салады.Салқындатқышта салқындатылады.Әр тележкадан сүзбенің пробасы алынып,ондағы органолептикалық қасиеттері,ылғалдылық пен майдың үлесі анықталады.Дайын болған сүзбені 0,5 және 1 кг етіп орап,сақтауға жібереді.

Заводта шығарылатын өнімдердің сақталу температурасы мен мерзімі.

Р/с

Атауы

Температура 0С

Сақтау мерзімі

1.

Сүт 3.2% 1л.

+2-+6

5 күн

2.

Сүт 3.2% 0.5л

+2-+6

5күн

3.

Ряженка 2.5% 1л

+2-+6

5күн

4.

Ряженка 2.5% 0.5л

+2-+6

5күн

5.

Айран 2.5% 1л

+2-+6

5күн

6.

Айран2.5% 05л

+2-+6

5күн

7.

Қаймақ 20%

+2-+6

7 күн

8.

Брынза

+2-+6

7 күн

9.

Балмұздақ

-18-20

90күн

10.

Құрт

+5-+15

30күн

11.

Қоспа

+4-+7

15күн

12.

Құрт көже

+4-+7

15күн

13.

Сыр Жаксы

0-+8

30күн

14.

Сыр Чечил

0-+8

30күн

15.

Сүзбе майсыз

-8-18

30күн

16.

Май монолит

+4-18

10күн 2 сағат

17.

Май қосынды

+4-18

10күн 2 сағат

ІІІ.Қорытынды

Қазіргі таңда ЖШС «Гормолзавод» Қазақстанның және Реейдің базарларын өз тауарларымен қамтуда. ЖШС «Гормолзавод» 2 жыл көлемінде Ресейге 450 тонна көлемінде ірімшік жасауға арналған шикізат тасымалдайды.

Айыртау ауданы,Саумалкөл ауылындағы ЖШС «Гормолзавод» филиалында сүтқышқылды өнімдер шығарумен айналысады. Ондағы шығарылатын өнімдер:

-сүт;

-кефир;

-ряженка;

-сметана;

-брынза;

-майсыздандырылған сүзбе.

Өнімдер құрамында артық химиялық заттардың болмауынан,бұл өнімді 5 тәуліктен артық сақтауға болмайды.

Мұнда дайындалған өнімдер Көкшетау қаласындағы сауда үйіне жеткізіліп,ары қарай өзге қалаларға жөнелтіледі.Заводың бір тәуліктегі потенциалы:2 тонна дайын тауар.

 

ЖШС «Гормолзавод» сауда үйінің :

 -жеке қоймалары;

-авто - парк;

-Қазақстан бойынша жеткізу;

-Жеке тауар сататын павильиондары;

- А және Б категориясындағы дүкендерге қызмет көрсетеді ;

-Ресей қаласына өнімдерді жеткізеді;

-Ресторандарға Итальяндық Джелато балмұздағын жеткізеді;

-18 балабақшаға өз өнімдерін жеткізеді. 

ЖШС «Гормолзавод» сауда үйі өз өнімдерімен көптеген қалаларды қамтып отыр.Олар:Астана,Қарағанды,Алматы,Щучинск,Атырау,Ақтөбе,Павлодар,СҚО,ШҚО,Тараз және Шымкент және т.б. қалалары.

ЖШС «Гормолзавод»-ының өнімі Қазақстан және Ресей базарларында өз маркасын көрсете білген,жоғары сұранысқа ие ,беделді завод болып табылады.Сондықтанда көптеген өндіріс орындары «Гормолзавод» маркасымен түрлі өнімдерді сатып жүр.

ЖШС «Гормолзавод» жылына қайырымдылық қорына 5 млн тенге қаражат бөліп және де директор Асен Дулатұлы Нұр Отан партиясының мүшесі ретінде,жағдайы нашар отбасыларға барынша көмек қолын көрсетеді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]