- •1 Сурет - Механикалық күректер экскаваторларының технологиялық параметрлерi және схемалары: а-болат арқанды экскаватор; б, в- гидравликалық экскаватор
- •2 Сурет - Гидравликалық экскаватордың көсiп алу траекториясы:
- •1, 2, 3, Экскаватордың жұмыс құралының айналу бағыты
- •3 Сурет - Механикалық күрек кенжарының схемалары және параметрлерi
- •4 Сурет Механикалық күректiң оржол кенжарының схемалары:
- •5 Сурет - Механикалық күрек кенжарында автосамосвалды қою схемалары
- •6 Сурет - Тау жыныстары қоспаларын қазу және тиеу схемалары
- •7 Сурет - Кеспелтек дөңбектi кенжармен тура және тұйық тiлмелердi қазу схемалары
- •1 Сурет - Драглайнның жұмыс параметрлерi
- •2 Сурет - Драглайнның жұмыс жасау схемалары: а, б, в-кеспелтек дөңбектi
- •3 Сурет - Драглайн тiлмесiнiң енiн анықтау схемасы
- •4 Сурет - Қарапайым (а), кең (б) және тар (в) кенжарлар
- •1 Сурет - Роторлы экскаватордың технологиялық параметрлері
- •3 Сурет. Вертикаль (а) және горизонталь (б) жоңқалармен тау
- •1 Сурет - Скрепермен қазу схемалары: аалаңда; ббойлық беткейде;
- •2 Сурет - Жүк тиеуiштiң кенжардағы жұмыс жасау схемалары
1 Сурет - Роторлы экскаватордың технологиялық параметрлері
Қазiргi уақытта өнiмдiлiгi аз (630 м3/сағатқа дейiн), орташа (630-2500 м3/сағат) және жоғары (2500-5000 м3/сағат) роторлы экскаваторлар шығарылады.
Роторлы экскаваторлар жоғарғы және төменгi көсiп алу болып бөлiнедi. Қазылатын кемердiң биiктiгiн барынша көп көсiп алу биiктiгi анықтайды. Қазiргi кездегi экскаваторларда кемер биiктiгi 50 м-ден аспайды. Көсiп алудың барынша көп тереңдiгi 25 м-ге дейiн жетедi.
Роторлы экскаваторлар жылжымайтын және жылжымалы жебелi болады. Жылжымайтын жебелi экскаваторлардың массасы 20-25%-ке аз және олар берiктеу болады. Бiрақ та кенжарларды даралап қазғанда жылжымалы жебелi экскаваторлар қолайлы болады. Жебенiң барынша көп жылжуы- 25-31м.
Роторлы экскаваторлардың жүру механизмi шынжыр табанды, рельсте адымдаушы, рельстi-шынжыр табанды болады. Жылжымайтын жебелi қуатты экскаваторлардың рельсте адымдаушы жүру механизмi бар. Шынжыр табандымен салыстырғанда рельсте адымдаушы жүру механизмi экскаватордың жүргiштiгiн арттыруға мүмкіндiк бередi және де бiр орнында кез келген бұрышқа бұрыла алатындығының арқасында экскаватордың маневрлiлiгi жақсарады. Кiшкене, орташалардың көпшiлiгi және қуатты экскаваторлардың кейбiреуi шыншыр табанды жүретін болады. Массасы 600 т-ға дейiн кiшкене және орташа түрлерi екi шынжыр табанды арбалы жүрістi болады. Қуатты экскаваторлар көп шынжыр табанды етiп шығарылады.
Шынжыр табанды және рельсте адымдаушы роторлы экскаваторлар кемердi негiзiнен кеспелтек дөңбектi кенжармен қазады. Қарсы алдыңғы кенжарда рельсте жүретін экскаваторлар пайдаланылады, тағы да сұрыптап қазу кезiнде қолданылады. Кеспелтек дөңбектi кенжар кезiнде экскаватор орнында тұрады да, ал жебе ротормен экскаватордың осiнен бiршама = 901350- қа бұрылады. Кеспелтек дөңбектi кенжарларды қолдану экскаваторларды жылжытуға қажеттi электроэнергия шығынын азайтады.
Роторлы экскаваторлар тау-кен жыныстарын вертикаль және горизонталь жоңқалармен қаза алады (2 сурет).
2 сурет - Тау жыныстарын роторлы экскаватормен жоғарғы көсiп алу әдiспен қазу схемалары: авертикальды бiр қатарлы жоңқарлармен; бвертикальды көп катарлы жоңқарлармен; вгоризонталь жоңқарлармен; г және дқұрама әдiспен; 1-20қабатты қазу тiзбегi
Горизонталь жоңқалар кезiнде кемердiң ықтимал биiктiгi кемидi де, қазудың энергия тұтынымы (30%-ке дейiн) және роторға түсетін күш (10-30%-ке) көбейедi. Вертикаль жоңқалармен қазғанда горизонтальдармен салыстырғанда экскаватордың табанына түсетін меншiктi қысым көп болады. Сондықтан, берiктеу тау жыныстарында вертикаль жоңқалар қолданылады. Горизонталь жоңқалар жұмсақ және сусымалы тау жыныстарын экскавациялау кезiнде қолданылады. Вертикаль және горизонталь жоңқалардың қисындастырылуы берiк емес тау жыныстарында көлбеулеу беткейдi жасау үшін және жiңiшке қабатты сұрыптап қазғанда қолданылады.
Вертикаль жоңқалар кезiндегi кесiлетiн қабаттың биiктiгi hк-(0,4-0,7)Др шамасында өзгередi (Др-роторлы дөңгелектiң диаметрi). Іабаттар саны кемiген сайын қосалқы операциялар уақыты азаятындықтан неғұрлым hк-ның барынша көп болуына тырысады. Горизонталь жоңқалар кезiнде лентаның енi ( 0,4 0,7) Др шамасында өзгередi. Кесiлетiн жоңқаның қалыңдығы экскаватордың қуатына және тау жыныстарының экскавациялануына байланысты болып, 0,3-0,8м шамасында өзгередi.
Роторлы экскаватормен қазылатын кемердiң барынша көп биiктiгi мына формулалармен анықталады (3 сурет):
кенжарды вертикаль жоңқалармен қазғанда
hк =L sin -r+c+hқ, м, (1)
кенжарды горизонталь жоңқалармен қазғанда
