Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Задачи ДБ для ВОП 6 курс каз.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
36 Кб
Скачать
☆

№ 3 Есеп

Анасы баласымен учаскелік балалар дәрігеріне жоспарлы профилактикалық тексеруге келді. Қыз балаға 2 ай 25 күн. Соңғы рет бір айлық кезінде қабылдауда болған. Бала ана сүтімен тамақтанады. Соңғы 2 апта бойы бала мазасыз, ему аралығындағы үзіліске шыдамайды, зәр шығаруы сирек. Ата анасының дені сау. Анасында бірінші жүктілік, екінші жартысы гестозбен жалғасқан. 32 апталық мерзімде жедел бронхитпен ауырған. Босану мерзімінде. Бала бірден айғайлаған. Апгар шкаласы бойынша бағалау 7/8 балл. Туылғандағы салмағы 3200 гр, бойы – 51 см. Перзентханадан 6- шы тәулікте қанағаттанарлық жағдайда шығарылған. Осы уақытқа дейін бала ауырмаған. Антропометрия: дене салмағы - 4600 гр., бойы - 57 см., кеуде торының айналымы - 38 см. Дене температурасы 36,8°С. Терісі таза, түсі қалыпты. Теріасты май қабаты іш аймағында мүлде жоғалған, аяқ –қолдарында азайған. Шырышты қабаты таза, араны қалыпты. Тынысы –пуэрильді, сырылдар жоқ. Жүрек тондары анық, ритмді, шулар жоқ. Іші жұмсақ, ауырсынусыз. Бауыры +2см қабырға асты доғасы бойымен. Нәжісі күніне 2 рет,ботқа тәрізді, сары түсті қышқыл иісті.

Қарау кезінде: бала мазасыз, жылайды. Басын жақсы ұстайды. Арқасымен жатқанда ішіне қарай аунауға тырысады. Түрлі түсті заттарды жақсы бақылайды. Моро, Бауэр, автоматты жүру рефлекстері шақырылмайды. Тоникалық мойын және іздеу рефлекстері сөнуде. Ұстау және табан рефлекстері жақсы шақырылады.

Тапсырма:

  1. Негізгі патологиялық симптомдарды анықтау (қауіп белгілері)

  2. Болжам диагноз қою

  3. Дифференциальды диагностика жүргізілетін ауруларды айту

  4. ИВБДВ бойынша ауруды емдеу жоспарын құру

  5. Аурудың алдын алу шараларын айту

№ 4 Есеп

Жалпы практика дәрігері 4 айлық балада дене температурасының жоғарылауы, құсу, сұйық нәжіс болуына байланысты уйге шақырылды. Өмір анамнезінен: бала жетіліп туылған, туылғандағы салмағы 3000 г, 2 айлығынан бастап «Нестожен» қоспасымен жасанды тамақтанады. Отбасында барлығы дені сау. 5 күн бұрын емханада қабылдауда болған, баланы қарағанда дені сау, салмағы 6 кг 300 г құраған. Ауру анамнезі: 2 күн бұрын ауырған, дене температурасы 38,4°С дейін көтерілген , лоқсу, құсу, сұйық нәжіс пайда болған. Дәрігерге қаралмаған, таныстарының кеңесі бойынша, балаға ішуге күріш тұнбасын, «регидрон», смекта, «нурофен» берген. Қаралатын күні тамақтанғаннан кейін 2 рет құсу болған. Сұйық нәжіс тәулігіне 20 ретке дейін. 2 күн бойы дене температурасы 37,5–38,1°С аралығында сақталуда. Қарағанда: жағдайы ауыр, дене температурасы 38,8С, салмағы 5 кг 800 г. Тері түсі бозғылт мраморлы суретті, тері қатпары жай қыртыстанады. Жұмсақ тіндердің тургоры кенет төмендеген. Бала селқос,адинамиялы, 20-30 минуттан ұйықтайды, тамақтан бас тартады. Бет әлпеті өткірленген, сұйықтықты көптеп ішеді, артынан көп мөлшерде құсу болады. Ауыз қуысының шырышты қабаты, еріндері құрғақ, ашық түсте, тілі ақ жабынмен жабылған, құрғақ. Катаральды симптомдар жоқ. Лимфа түйіндері пальпацияланбайды. Үлкен еңбегі 2х1,5 см, түсіп тұрады. Тынысы –пуэрильді, сырылдар жоқ. Жүрек тондары ритмді,тұйықталған. ЖЖЖ – 158 минутына. Пульс толымдылығы және күші төмен, ритмі дұрыс. Іші аздап кепкен, жұмсақ, жіңішке ішек бойымен құрылдайды. Бауыры қабырға доғасы бойымен 2см төмен орналасқан, ауырсынусыз, пальпацияланбайды. Зәр шығаруы сирек.Менингеальды симптомдар теріс. Нәжісі тексерілді: көлемді, сулы,нәжісті, сарғыш-қызғылт түсті ,көпіршікті,аздап ақшыл түйіршіктерімен және мөлдір сілемейлі, өткір жағымсыз иісті.