- •С.Ж.Аспендияров атындағы Қазақ Ұлттық Медицина Университетi. Реферат Акушерлiк зерттеу әдiстерi.
- •1. Жүктiлiктiң күмәнсiз белгiлерiнiң бiрi – жатырдың пiшiнi мен көлемiнiң өзгеруi.
- •2. Жүктіліктің күмәнсіз белгілерін төмендегі тәсілдерімен анықтайды.
- •3.Сыртқы акушерлік зерттеулер
- •Жатыр мойнының «пісіп- жетілуін» бағалайтын шкала.
- •Жетілген нәрестенің белгілері.
- •Акушерлік терминология.
- •Нәрестенің орналасу қалпы.
- •Правило 1. Кормим грудью по первому требованию
- •Правило 2. Учимся правильно прикладывать ребенка к груди
- •Правило 3. Кормить грудью в разных положениях
- •10 Правил успешного грудного вскармливания
- •Правило 4. Не используем пустышку и бутылку
- •Правило 5. Кормим ребенка ночью
- •Правило 6. Не проводим контрольные взвешивания
- •Правило 7. Не допаиваем ребенка водичкой
- •Правило 8. Не сцеживаемся
- •Правило 9. Применяем «Золотой стандарт»
- •Правило 10. Не стесняемся просить помощи
- •Чтобы грудное вскармливание было успешным, необходимо:
3.Сыртқы акушерлік зерттеулер
Бірінші Леопольд тәсілі-жүкті әйелдің оң жағынан бетпе-бет тұрып, екі қолды алақан жағымен жатыр түбіне жайғастырып, саусақтарды жақындастырады. Бұл жағдайда жатырдың деңгейін, оның түбінде нәрестенің қай бөлігі орналасқанын анықтайды. Әдетте жатыр түбіне нәрестенің жамбасы орналасады. Ол нәрестенің басымен салыстырғанда ірілеу, жұмсақ, жазықтау.
Екінші Леопольд тәсілі- екі қолды жатыр түбінен кіндікке қарай төмен ығыстырып, жатыр қабырғасына қояды. Бұл әдістің көмегімен жатырды қолмен сипап, оны жазықтау сезілген қабырғасында нәрестенің арқасы, ал бұдырлау болған қабырғасында майда мүшелері орналасқанын анықтауға болады. Нәрестенің арқасы мен мүшелерінің орналасу бағытына қарай, оның позициясы мен түрін анықтайды.
Үшінші Леопольд тәсілі- оң қолды шаттың жоғарғы жағына қойып,нәрестенің төменгі бөлігіне бас бармақты бір жағына, 4 саусақты 2-ші жағына орналастырады. Баяу қимыл жасай отырып, сол жерге нәрестенің қай бөлігі орналасқанын анықтайды.
Төртінші Леопольд тәсілі- бұл 3-ші тәсілдің жалғасы және оны толықтырады.Дәрігер жүкті әйелдің оң жағынан, аяғына қарап тұрады. Ол үшін екі алақанды жатырдың төменгі сегментінің оң және сол жағына орнықтырып, саусақ ұштарын шатқа тірейді. Саусақтар ұшын жамбас қуысына қарай тереңдете отырып, сол жерде орналасқан нәресте бөлігін, оның кіші жамбас қуысына қатынасын анықтайды.
Нәрестенің жүрек соғуын анықтау.Леопольд тәсілінен кейін, нәрестенің жүрек соғуын стетоскоп немесе УДЗ,ФКГ,КТГ арқылы анықтайды.
Жүктілікдің екінші жартысындағы қынаптық зерттеу.1.Қынап пен жатыр мойнын айнамен қарайды, жүктілік кезінде жатыр мойны шамалы көгереді.
Қынаптық зерттеу.Бұл кезде қынап қабырғасының жағдайын, жатыр мойнының қалпын, ұзындығын, пісіп- жетілу дәрежесін және оның ашылу қарқынын анықтап, диагональды коньюгатаны өлшейді. Жатыр монының пісіп-жетілуін 4 белгі бойынша бағалайды: жатыр мойнының тығыздығы, көлемі, ұзындығы, өткізгіштігі және оның жамбас қуысының өткізгіш осьі (білік) бағытына орналасу қатынасы. Арнайы шкала бойынша әрбір белгі 0 балдан -2 балға дейін бағаланады.
0-2 жатыр мойнының жетіспеушілігі.
3-4 жатыр мойнының толық жетіспеушілігі.
5-6 жатыр мойнының толық жетілуі.
Қынап бөлінділері.
Қалыпты жағдайда – шамалы ақ шырышты бөлінділер, ал патологиялық жағдайда- қынаптан көбікті сарғыш бөлінділер болады.
Жатыр мойнының «пісіп- жетілуін» бағалайтын шкала.
|
|||
|
0 |
1 |
2 |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Жетілген нәрестенің белгілері.
1. Жетілген нәрестенің ұзындығы 50см, массасы 3200-3400г. Егер нәресте 47см ұзын болса, онда пісіп жетілген болады. Ал егер нәресте 45см төмен болса, онда шала нәресте болады.Жетілген немесе шала нәрестені анықтау үшін акушер мен бала дәрігері қосылып бірге анықтайды.
2.Пісіп жетілген нәресте- көкірегі шығыңқы, кіндік сақйнасы- семсер тәрізді өсіндімен симфиз ортасында орналасқан.
3.Терісі- ашық қызғылт түсті, тері асты май қабаты жақсы жетілген, үлбіреген түктері иығында және жауырында ғана болады, шаш ұзындығы 2см.
4.Құлақ және мұрын шеміршектері серпімді.
5.Ер балалардың жұмыртқасы ен(ұма) қалтасына түскен, қыздардың кіші ерні және шошақайы(шүрті) үлкен ерінмен жабылған.
6.Жетілген сәбидің қозғалысы белсенді, дауысы айқын, көзі ашық, емшекті жақсы алады.
