4.4 Қосалқы станцияларды қорғаныс құралдармен қамтамасыздандыру
Электр тоғының соққысынан қорғану құралдары оларды пайдалану түрлеріне қарай ұжымдық және жеке құралдары болып бөлінеді; ал атқаратын қызметтеріне қарай оқшаулағыш, қорғағыш және қосымша құралдарға бөлінеді. Оқшаулағыш құралдарға әр түрлі штангалар, айырғыш қысқыштар, кернеу көрсеткіштері, тоқ өткізбейтін қолғаптар, резеңке төсеніштер, кеуіштер, оқшаулағыш аспаптар жатады. Қорғағыш құралдарға әр түрлі тосқауылдар, торлар, қалқандар, көшпелі жерге тұйықтағыштар жатады. Қосымша құралдарға сақтандырғыш белдіктер, жезтырнақтар, сатылар, қорғағыш көзілдіріктер, противогаздар жатады.
Электр тоғының соққысынан қорғағыш құралдарды пайдалану және сақтау белгіленген тәртіпке сәйкес жүргізіледі. Әрбір құралдың инвентарлық нөмірі болуы тиіс және олар қорғану құралдарын есепке алудың журналына тіркелуі қажет. Қорғану құралдары белгіленген нормаға сәйкес мерзімді байқаудан өткізіледі. Пайдалану мерзімі біткен немесе жарамсыз қорғану құралдарын пайдалануға тыйым салынады.
Майда ұшқындардың көзді зақымдануынан сақтау үшін түссіз әйнек салынған ашық көзілдірікткрді, ал ірі ұшқындардан қорғау үшін жабық көзілдіріктерді пайдаланады.
Тыныс алу мүшелерін шаңнан және басқа улағыш заттарды қорғау үшін респираторлар мен противогаздар қолданылады.
4.5 Электрқауіпсіздік.
Электр қауіпсіздігі дегеніміз – ол, электромагниттік өрістің, статикалық электрленудің, электрлік доға мен электр тоғының зиянды және қауіпті әсерінен адамдарды қорғауды қамтамасыз ететін ұйымдастырылған және техникалық жұмыстар мен шаралардың жүйесі.Егер адамның екі нүктесі арасында потенциалдар айырмасы болса, онда адам денесі арқылы электр тоғы жүреді. Адам бір уақытта жанасқан екі нүктелік тоқ тізбегі арасындағы кернеу -жанасу кернеуі деп аталады. Дене арқылы жүретін электр тоқ адамға жылулық, биологиялық және электролиттікәсер етеді.Тоқтың жылулық әсері электр энергиясының жылуға айналуында сезіледі және ол терінің, қан тамырларының қызуын тудырады.Тоқтың биологиялық әсері тоқтың бұлшық еттер арқылы жүруінде оның қысқаруын тудырады.Тоқтың электролиттік әсері қан құрамының өзгеруіне алып келеді.Электр тоғына түсіп қалғанда төмендегі зақымдалулар пайда болуы мүмкін:
- күйіп қалу, терінің металдануы, электр белгілері, электроофтальмия, электр соққысы, механикалық зақымдалулар.
- Электр күйігі электр тоғының жылулық әсерінде пайда болады. Электр доғасының әсері нәтижесінде пайда болатын күйік өте қауіпті болып табылады, өйткені оның температурасы +3000-6000° С аралығында болады.
- Терінің металдануы электр тоғының әсерінен металдың майда бөлікшелері теріге сіңуі нәтижесінде болады. Соның нәтижесіндетерінің электр өтімділігі жоғарылайды, яғни оның кедергісі күрт төмендейді.
Электр белгілері деп, тоқ жүретін бөліктермен тығыз байланыста болғанда, яғни оны қысып ұстағанда теріде сұр немесе ақшыл –сары түсті дақтың қалуын айтамыз.
Электроофтальмия дегенде электр доғасының ультрафиолеттік сәулесі әсерінен көздің сыртқы қабатының зақымдалуын түсінеміз.Электр соққысы болғанда, адам организмі жалпы зақымданады , яғни нерв және жүрек тамырларының бұзылуы, бұлшық еттерінің тырысуы пайда болады. Механикалық зақымдалулар(терінің бөлшектенуі, сынықтар)адам бұлшық еттерінің тырысуы және де электр тоғының әсерінен төбеден құлау нәтижесінде болады.
Электр тоғынан зақымдалу сипаттамасы тоқтың тегі мен мәніне, оның жүріп өту жолына, әсер ету ұзақтығына, адамның жеке физиологиялық ерекшелігіне және оның зақымдалған кезіндегі жағдайына байланысты болады.Көп жағдайлардатоқтың тегі мен мәнізақымдалу сипаттамасын анықтайды. Өндірістік жиіліктегі (50 Гц) кернеуі 500 В дейінгі айнымалы тоқтағы электр қондырғылары тұрақты тоққа қарағанда өте қауіпті. Бұл адам организмі клеткаларындағы күрделі биологиялық процесстерге байланысты болады. Тоқ жиілігі өскен сайын, зақымдалу қаупі азаяды. Мысалы: бірнеше жүздеген кГц жиілікте электр соққысы сезілмейді.Тоқтардың мәндеріне байланысты адам организміне әсер етуін былай бөлуге болады: сезінуші, жібермейтін және фибрилляциялық.Адам айнымалы тоқтың (50 Гц) әсер етуін 0,5 тен 1,5 мА аралығында сезінеді, ал тұрақты тоқта – 5 тен 7 мА дейін. Бұл жағдайда, адамның саусақтары қалтырап, дірілдейді; тұрақты тоқта тері қыза бастайды. Бұл тоқтар бастапқы (пороговый) сезіну тоқтары деп аталады.Жібермейтін тоқтарда қолдың бұлшық еттерінің тырысуы болады, яғни адам өз еркімен қолын тоқ жүретін бөліктерден ала алмайды. Оның мәндері айнымалы тоқ үшін – 10-15 мА, ал тұрақты тоқ үшін – 50-80 мА. Тоқтың ары қарай өсуі жүрек қан тамырларының зақымдалуына алып келеді. Дем алуы қиындайды және тоқтайды, жүрек жұмысы өзгереді. Фибрилляциялық тоқ жүрек фибрилляциясын, яғни жүрек тамырларының әлсізденуін, түршігуін және тырысуын пайда етеді. Фибрилляция нәтижесінде жүректен бүркелетін қан қажетті өмір сүру органдарына бармайды және ең бірінші кезекте миды қанмен қамтамасыз ету бұзылады. Қан бармаған адам миы ары кетсе 5-8 минут өмір сүреді, сондықтанда бұл жағдайда зақымдалған адамға тез және өз уақытында алғашқы көмек көрсету керек. Фибрилляция тоғының мәндері –80 нен 5000 мА аралығында болады.
Тоқтың жүру жолы зақымдалу сипатына бір шама әсерін тигізеді. Өте қауіпті жол – жүрек, бас миы және тыныс алу кеудесі арқылы өтетін жол болып табылады. Электр травматизмін талдауда «оң қол – аяқ», «қол – қол» жолдары жиі кездеседі, ал «бас – аяқ», «бас – қол», «аяқ – аяқ» жолдары сирек кездеседі.Адам організмі арқылы өтетін тоқтың мәні берілген кернеуге және дене кедергісіне байланысты болады. Кернеу қаншалықты көп болса, соншалықты көп тоқ адам арқылы өтеді.Адамның кедергісі тұрақты емес және ол әр түрлі факторлаға байланысты болады. Мысалы: терінің жағдайы, жанасу тығыздығы және шамасы, берілген кернеудің мәні және тоқтың әсер ету уақыты.
4.6 Өрт қауіпсіздігі.
Өрт жарылыс қауіпсіздігі - өрт пен жарылысты жою профилактикасына багытталған, техникалық және ұйымдық құралдар мен олардың салдарын шектеу жүйесі.
Өрт — бұл жану салдарынан материалдық байлықтың жойылуы және адамның өмірі мен денсаулығына қауіп төнетін жағдай. Жану дегеніміз жанушы зат пен ауадағы оттегінің арасындағы тез жүретін сонымен бірге газ, жылу және жарық бөлетін процесс. Жану толық және толық емес болып бөлінеді. Толық жану оттегі жеткілікті жағдайда, ал толық емес жану оттегі жеткіліксіз жағдайда жүреді. Өзі тұтану (самовоспламенения) химиялық процесстің әсерінен болатын жағдай. Өзі тұтанудың температурасы әр түрлі факторлардан тұрады. Атап айтқанда жанушы қоспаның құрамы мен көлемі ортаның қысымы т. б. байланысты. Көптеген газдар мен сұйықтар 400-700 °С аралығында, ал қатты денелер (ағаш, көмір) -250-450 °С аралығында тұтанады. Өрт және жарылыс қауіпі бар обьектілерге жарылу және тұтану қауіпі бар заттарды өндіру, сақтау және тасмалдаушы өндірістер жатады.
Жарылу, өрт пен жарылыс, және өрт қауіпі бойынша өрт және жарылыс қауіпі бар обьектілер 5 категорияға бөлінеді (А,Б,В,Г,Д). Бұлардың ішіндегі өте қауіптілері А,Б,В кетегориялары. А категориясына — мұнай өңдеу зауыттары, химиялық өндірістер, мұнай өнімдері қоймалары мен құбырлар кіреді. Б категориясына — көмір шаңын, ағаш ұнтағын, қант пурдасын дайындайтын және тасымалдайтын, сонымен қатар диірменнің ұнтақтан бөлімдері кіреді. В категориясына-ағаш кесу, ағаш өңдеу және столярлық өндірістері кіреді. Г- категориясына ыстық күйіндегі жанбайтын заттарды өңдеу және тасымалдау өндірістері мен қоймалары кіреді. Д- категориясы салқын күйдегі жанбайтын заттар мен материалдарды сақтау өндіріс орындары мен қоймалары жатады.
Барлық құрылыс материалдары мен конструкциялары жану жағынан 3 топқа бөлінеді: жанбайтын, қиын жанатын және жанғыш.
Жанбайтын деп жоғары температура мен оттың әсерімен тұтанбайтын және жанбайтын материалдарды айтады. Қиын жанатын деп жоғары температура мен оттың әсерімен қиын тұтанатын және от ошағы болған жағдайда ғана жанатын материалдарды айтады. Жанғыш деп жоғары температурада немесе оттың әсерімен тұтанып кететін және от ошағынан алып тастағанда да жана беретін материалдарды айтады.
Үлкен өндіріс орнындағы және елді мекендердегі өрттер жеке және жалпы болып келеді. Жеке бұл бір ғимарат пен құрылымда болатын өрт. Жалпы бұл елді мекендегі өндіріс орындарындағы ғимараттардың 25 % алып жатқан өрт.
