Тоқ ішек жастық ерекшеліктері
Тоқ ішек. Нәресте тоқ ішегі қысқа, оның ұзындығы 63 см, қампаймалары мен шарбылық өсінділері болмайды. 6 айда қампаймалары, 2 жаста шарбылық өсінділері пайда болады. 1 жасқа таман тоқ ішек 83 см-ге дейін ұзарады, ал 10 жаста 118 см-ге жетеді. Тоқ ішектің таспалары, қампаймалары және шарбылық өсінділері толығымен 6-7 жаста қалыптасады. Нәресте соқыр ішегі құрттәрізді өсіндісінен анық бөлінбеген, ені ұзындығынан үлкен болады. Соқыр ішектің ересек адамға тән сипаттары 7 жаста қалыптасады. Соқыр ішек жоғары орналасады, оң жақ мықын шұңқырына 14 жаста түседі. Илеоцекалдық тесік нәрестеде сақинатәрізді, бос тұрады. Нәресте соқыр ішегінің құрттәрізді өсіндісінен ұзындығы -2см, диаметрі 0,5 см, кіреберісін жауып тұратын қақпақша 1 жасқа таман пайда болады. Өсіндінің ұзындығы 1 жаста - 6 см, 10 жаста - 9 см, 20 жаста - 20см болады. Жоғарылаған жиек ішек – нәрестеде нашар жетілген және бауырмен жабылып тұрады. 4 айда бауыр оның тек жоғарғы бөлігіне жанасып жатады. 7 жасқа таман жоғарылаған жиек ішекті алдыңғы жағынан үлкен шарбы жауып тұрады. Ересектерге тән құрылымдары жасөспірімдік кезеңде қалыптасады. Көлденең жиек ішек – нәрестеде қысқа шажырқайымен болады (2 см ге дейін). 1,5 жаста шажырқайдың ені 8 см ге дейін үлкейеді, бұл ішектің қозғалғыштығын арттыруына мүмкіндік береді. 1 жаста ұзындығы -25 см, 10 жаста - 35 см болады. Ең үлкен өлшемдері қарт адамдарда байқалады. Төмендеген жиек ішек – нәрестелерде ұзындығы 5 см, 1 жаста – оның ұзындығы екі еселенеді, 5 жаста - 15см, 10 жаста - 16см. Ең үлкен өлшемде қарт адамдарда болады. Сигматәрізді жиек ішек – жоғары, іш қуысында орналасады, ұзын шажырқайы болады. Тік ішек нәрестелерде цилиндр пішінді, ампуласы мен иілімдері болмайды, қатпарлары айқын емес, оның ұзындығы 5-6 см. Артқы өтістік бағаналар мен қойнаулар балаларда жақсы жетілген. Айтарлықтай өсуі 8 жастан кейін байқалады. 14 жаста ұзындығы 15-18см, ал диаметрі 5 см болады.
№
2
ТАҚЫРАБЫ: ҰЙҚЫ
БЕЗІНІҢ АНАТОМИЯСЫ ЖӘНЕ ТОПОГРАФИЯСЫ.
БАЛАЛАРДАҒЫ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ.
Ұ
йқыбез,
pancreas (қабынуы
- панкреатит)- region epigastrica-да артқы іш
қабырғасында жатады, сол бөлігімен сол
жақ қабырғаастына еніп тұрады. Артқы
жағынан төменгі қуыс венаға, сол жақ
бүйрек венасы мен қолқаға жанасып
жатады. Ұйқы
безінің
басы
caput pancreatic, ілмектәрізді өсіндісі,
processus uncinatus және
денесімен,
corpus pancreatis,
құйрық,
cauda
pancreatis, деп
бөлінеді. Бездің
басы
он
екі елі ішекпен
қамтылып, I бел омыртқа мен II бел омыртқаның
жоғарғы бөлігі деңгейінде орналасады.
Дене призма пішінді, үш беті бар: алдыңғы,
артқы және төменгі. Әдетте бастың денемен
қосылатын жеріне жақын шарбылық төмпе,
tuber
omentale,
болады. Үш
беті
бір-біріне үш
жиек
арқылы бөлінген: margo
superior, anterior
және inferior.
Pancreas-тың
қапшығы болмайды,
сондықтан оның үлесті
құрылысы
бірден көзге түседі. Ұйқыбез
түтігі, ductus pancreaticus
тік бұрышпен дерлік келіп құятын көптеген
тармақтарды қабылдайды. Ductus
choledochus-пен
қосылып, түтік
онымен
ортақ
тесік
арқылы papilla
duodeni major-да
ашылады. Негізгі түтіктен басқа тұрақты
дерлік қосалқы
түтік, ductus pancreaticus accessorius,
болады, ол papilla
duodeni minor-да
ашылады. Ұйқыбезі
құрылысы жағынан күрделі
альвеолды бездерге
жатады. Онда екі
құрам бөлігін
ажыратады: бездің негізгі массасының
сыртқы
секреттік қызметі
бар, ол секретін шығару түтігі арқылы
он екі елі ішекке құяды; бездің аздау
бөлігі- ұйқыбез
аралшықтары, insulae pancreaticae (Лангерганса),
деп аталатындар түрінде эндокринді
түзілістерге
жатады, олар қандағы қант мөлшерін
реттейтін инсулинді
қанға бөліп шығарады.
