Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
111.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
41 Кб
Скачать
☆

Оптикалық жүйесін жасау

Телескоптың негізгі айнасын жылтырату, «Перкин-Элмер» компаниясы лабораториясы, мамыр, 1979 жыл.

Айнасы мен оптикалық жүйесі телескоптың ең маңызды бөлігі болды, сондықтан оларға ерекше қатал талап қойылды. Әдетте телескоп айналарының өтімдігі көрінетін жарықтың толқын ұзындығы шамамен оннан бірі болып дайындалса, бірақ ғарыштық телескоп ультракүлгін немесе инфрақызылға дейін дерлік диапазонда бақылауға арналғандықтан, айыру қабілеттілігі жердегі құрылғылардікінен он есе үлкен болуы керек, оның негізгі айнасы өтімдігі көрінетін жарық толқын ұзындығының 1/20, немесе шамамен 30 нм болатын болды.

«Перкин-Элмер» компаниясы белгілі пішінді айналар жасау үшін сандық бағдарламалық басқарулы станокты пайдалануға ниетті болған. «Кодак» компаниясы дәстүрлі жылтырлату технологияларын пайдаланып қосымша айна жасау үшін контракт алған, егер әлі іс жүзінде тексерілмеген технологиялармен анау-мынау болып қалған жағдайлар үшін («Кодак» компаниясы жасаған бұл айна қазіргі кезде Смитсон институтымұражайында тұр[). Негізгі айнаны жасау жұмыстары 1979 жыл басталды, жасауға жылулық ұлғаю коэффициенті өте төмен әйнек пайдаланылды. Салмағын азайту үшін айна екі бөліктен — ұялы торлы құрылыммен қосылған төменгі және жоғарғы бөлімдерден тұрды. Смитсон авиации және ғарыштану мұражайындағы қосымша айна, Вашингтон.

Айнаны жылтырату жұмыстары 1981 жыл мамырына дейін жалғасты, алғашқы мерзімінен ұзақ, оның үстіне бюджеті де бастапқы межеден әжептәуір асып кетеді. НАСА сол мерзімдегі өз есеп-қисаптарында «Перкин-Элмер» компания басшыларының біліктілігі мен осындай маңызды жобаны сәтті аяқтауына күмән тудырады. НАСА қаражатты үнемдеу мақсатында қосымша айнаға тапсырынан бас тартып ұшыру уақытында 1984 жылдың қазан айына шегереді. Жұмыстар толықтай 1981-жыл аяғында алюминийден шағылдыру қабатын қалыңдығы 75 нм етіп боялған соң және магний фторидынан жасалған қалыңдығы 25 нм қоғаныс қабатын жаққаннан кейін бітеді

.Осыған қарамастан, «Перкин-Элмерге» күмән әлі болды, себебі оптикалық жүйенің басқа бөлшектерінің жасалып біту мерзімі ылғи шегеріліп, ал бюджеті өсіп отырды. Компаниның жіберіп отырған жұмыс кестесін НАСА «анықталмаған және күнде өзгеріп тұратын» деп сипаттап телескоп ұшырылу уақытын 1985 жылдың сәуір айына созды. Соған қарамастан мерзімдері созыла берді, орта есеппен әр тоқсанда бір айға шегерілді, ал бітуге жақындағанда күн сайын бір күнге шегерілді. НАСА тағы екі мәрте ұшыру мерзімін созуына тура келді, басында наурызға, артынша 1986 жылдың қыркүйекке. Сол уақытта жобаның жалпы бюджеті 1,175 млрд долларға дейін өсіп үлгерді ].

Ғарыштық аппарат

Келесі күрделі инженерлік жұмыс телескоп пен басқа құрылғыларын ғарыштық кеме жасау болды. Құрылғыларды күннің тікелей жарығындағы ыстықтан және жердің көлеңкесіндегі суық салдарынан тұрақты түрде температураның құбылуынан қорғау және телескопты ерекше дәл бағыттау негізгі талаптарды құрады. Телескоп жеңіл алюминий капсулына орнатылды, бұл капсула тұрақты температура қамтасыз ететіндей көп қабатты термоизоляциямен қапталды. Көмірпластиктен тұратын ішкі кеңістіктік рама капсула қаттылығы мен құралдардың нық орнатылуын қамтамасыз етті.

Ғарыштық аппарат дайындау оптикалық жүйеге қарағанда сәттірек өткенімен «Локхид» та кестеден ауытқып, бюджеттен де асып кетуге мәжбүр болды. 1985 жылы мамырда алғашқы бюджеттік межеден 30 % асып кетті, ал жоспарлық мерзімнен кешігу — 3 ай. Маршалл ғарыш орталығы мәлімдемесінде компания жұмыс істеу барысында өзі бастама жасамай, НАСА кеңесіне ғана құлақ асатын деп атап көрсетті .

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]