Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
кулсмакова АЙж.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
446 Кб
Скачать
☆

Қорытынды

Казіргі кезде Қазақстан көлемі, сапасы мен шығаратын ферробалқыманың сортына қарай, өндіріс техникалық дамыған елдердің қатарында тұрғанымен электро энергияның меншікті салмақтың шығынын жетекші элементтерді алу, экологиялық тазалық деңгейі және балқытылған агрегаттардың негізгі көрсеткіштерінен артта қалып отыр. Мысалы электр энергияның орташа меншігінің салмағының шығыны Казахстанда 65% ферросилиция үшін 9200кВт сағ/т, силикомарганец үшін - 3900кВтч/т, ал шет елдерде өте жақсы көрсеткіштер 8900 және 32500кВт-сағ/т көрсетеді. Көмірқышқылды феррохром және силихромды қорытқанда хромды бөлу 85 және 78%құрайды, ал шет елдерде 94 және 88%. Бұның бәрі төменгі шикізатты дайындаумен байланысты, фракциялау, кептіру, кесектеу, балқытудан бұрынғы ысыту, сонымен қатар жылуды кәдеге асыру мен шығатын газға байланысты.

ТМД-дағы электропеш оның ішінде Қазақстандағы, шет елдердегі пештерге өзінің конструкциялық құрылысы жағынан жете алмайды: жеткілікті автоматтандырылмаған және өте үлкен уақытқа пайдалануға негізделген (20-дан 53 жылға дейін).

Қазақстандағы кен өнеркәсіптері үздіксіз жұмыс істеуде, өйткені олардың шығаратын шаң тозаңдарына экологиялық талаптар өте төменгі деңгейде. Негізгі ферробалқыту өнеркәсібіндегі зиянды заттарға екі валентті марганец пен алты валентті хром жатады, олар қауіптіліктің екінші класына жатады.

Аз тонналы балқытулар мен лигатур өнеркәсібі Қазақстандағы қара металлургия үшін бұрын болған жоқ, Екібастұздағы ФСА зауыты көмір қалдықтарынан комплексті ферросиликоалюминий балқытулар ұшін тек қана 1998ж өнеркәсібі жұмыс істей бастады. Казіргі уақытта заутта екі пеш жұмыс жасайды, үшінші пеш салынуда. Өнеркәсіптің жылдық балқыма дайындау көлемі 2,5 мың тонна.

Қазақстанның жаңа балқыма дайындайтын өнеркәсіптерін ұйымдастыруы мен дамуы казіргі уақытта және экономикалық жағынан болып шығуы негізінен кремний, алюминий, барий, хром, титан, вольфрам және молибден кен орнына байланысты, олар өзінің қоры және сапасы жағынан да дүние жүзілік кен орындарынан да қалыспайды.

Ақтөбелік ферроқорытпа зауытында (АкФЗ) бірінші рет магний термиялық әдісті қолданып ферротитанды шығаруда, оның құрамында 75% Ti бар, металлургияда және машина жасайтын зауыттарда, аэрокосмостық өнеркәсіптерінде және сирконий балқымасында жоғарғы сқраныс бар деп есептелінеді. Осы проектіні іске асыру үшін, төменгі ильменитті кен орындарын пайдалануға тиісті боламыз; Шоқаш Актөбе облысында, Обухов және Кокшетау облысында, Қараөткел, Шығыс-Казахстан облыстарында. Жоғарыдағы көрсетілген кен орындарын байыту арқылы алынған селективті өнім концентратты: ильменит, рутил және цирконий.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

[1] «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, V том

[2] Қазақстан совет энциклопедиясы /бас ред. М.Қ.Қаратаев. ҚазССР Ғылым Академиясы, Қазақ совет энциклопедиясының бас редакциясы. Алматы. 1975. 7 том.- 648 бет.

[3] Қазақ Энциклопедиясы

[4] Қазақстанның экономикалық және әлеуметтік географиясы: Жалпы білім беретін мектептің 9-сыныбына арналған оқулық /В. Усиков, Т. Казановская, А. Усикова, Г. Зөбенова. 2-басылымы, өңделген. - Алматы: Атамұра, 2009.

[5] «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл, ISBN 5-89800-123-9, II том

[6] Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Химия. Н.Нұрахметов, А.Ниязбаева, Р.Рысқалиева, Н.Далабаева. — Алматы: "Мектеп" баспасы, 2007. — 336 бет

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]