Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Приказ ВГ 1 МУ Клиника КАЗ.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
140 Кб
Скачать
☆

Диспансерлеу

51. ЖВГ-ны бастан өткерген сырқаттарды диспансерлеу клиникалық көрсеткіштер бойынша гепатологиялық орталықтарда немесе емдеген дәрігер сырқаттың қолына берген жазбаша ұсынымымен аумақтық емханалардың жұқпалы аурулар кабинеттерінде жүзеге асырылады.

1) АВГ-нің орташа ауыр және ауыр түрлерімен ауырғандарды диспансерлік бақылау 3 ай, ВВГ-мен – 6 ай жүргізіледі;

2) Диспансерлік бақылаудың ұзақтығы жалғасатын гепатит пен ферментемия клиникасының болуымен анықталады.

3) Гепатиттердің реконвалесценттері сақталатын ферментемиялармен ауруханадан шыққаннан кейін бір айдан соң қаралған кезде диспансерлік есепке қойылады.

4) Есептен шығару клиникалық белгілері болмаған кезде жүргізіледі.

52. Диспансерлеу стратегиясының негіздемесі:

1) вирусты гепатиттердің созылмалы түрлері манифестік емес (сарғаймайтын) түрлері кезінде дамиды, сондықтан клиникалық манифестік түрлерін ұзақ уақыт диспансерлеу көрсетілмеген;

2) ВВГ ауруларын диспансерлеу әсіресе HBsAg болуы кезінде Д жұқпасымен супержұқпалануы мүмкіндігіне байланысты.

53. Вирусты созылмалы гепатит (бұдан әрі - ВСГ) – ЖВГ нәтижелерінің бірі, 6 және одан көп ай бойы жазылмайтын бауырдағы диффузиялық қабыну процесі.

Вирусты созылмалы гепатиттерді жіктеу

54. Аурулар мен денсаулыққа байланысты проблемалардың халықаралық статистикалық жіктелуіне сәйкес, X қарау, былай жіктеледі:

1) дельта агенті бар В вирусты созылмалы гепатиті;

2) дельта агентінсіз В вирусты созылмалы гепатиті (HbeAg+ HbeAg-);

3) С вирусты созылмалы гепатиті.

55. Верифицирленген вирусты гепатит фазалары: вирусты жүктеме, репликативтік белсенділік.

56. Верифицирленбеген вирусты гепатит фазалары: асқыну, ремиссия.

57. Белсенділік дәрежесі: ең аз (АЛТ, АСТ – норма шегінде), әлсіз (1,5-3 норма), орташа (3,5-9 норма), анық білінген (10 және одан көп норма).

58. Морфологиялық өзгерістерінің сатылары:

0) F0 фиброзсыз;

1) F1әлсіз білінген перипорталдық фиброз;

2) F2 портопорталдық септісі бар орташа фиброз;

3) F3 портоорталық септісі бар анық білінетін фиброз;

4) F4 бауыр циррозы.

59. Гепатоцеллюлярлық карцинома (бұдан әрі - ГЦК) – өте жоғары қатерлігі бар бауыр жасушаларынан пайда болатын, метастатикалық емес алғашқы ісік. Сарғаю – кешеуіл белгісі, өт жүрудің обтурациясы дамуынан ісік бауыр қақпасының метастаздануына сәйкес келеді. Қаназдық, шамалы лейкоцитоз, эритроциттердің тұну жылдамдығы шапшаң. АЛТ мен АСТ көрсеткіштері едәуір жоғары. Сарғаю болмаған кезде де СФ көрсеткіші заңды жоғарылайды. HBV-жұқпасы кезінде ГЦК дамуы 3-22%, HCV- 15-36% және HDV – 15-22% жағдайда дамиды.

Вирусты гепатиттердің зертханалық диагностикасы

Клиникалық-эпидемиологиялық деректердің үйлесуі зертханалық зерттеулер нәтижесі мен вирусты гепатиттердің басқа этиологиясын саралап диагностикалаудың негізі болып табылады.

60. Гепатиттердің зертханалық диагностикасы мыналарға негізделеді:

1) өзіндік маркерлерін және ПТР вирустар геномдарын ИФТ-да анықтау;

2) зертханалық көрсеткіш белсенділігі процесі: аспарагин мен аланин аминотрансферазасы (АСТ и АЛТ).

Вирусты гепатиттер серологиялық маркерлері

Маркерлері

Нәтижелері

Интерпретациясы

В вирусты гепатиті

HBsAg

Anti-HBc

Anti-HBs

теріс

теріс

теріс

Күдікті жағдай

HBsAg

Anti-HBc

Anti-HBs

теріс

оң

оң

Аурумен табиғи ауыру салдарынан иммунитет

HBsAg

Anti-HBc

Anti-HBs

теріс

теріс

оң

В вирусты гепатитіне қарсы вакцинациялау салдарынан иммунитет

HBsAg

Anti-HBc

IgM antiHBc

Anti-HBs

HBV DNA

оң

оң

оң

теріс

оң

Жіті жұқпа

HBsAg

Anti-HBc

IgM antiHBc

Anti-HBs

HBV DNA

оң

оң

теріс

теріс

оң

Созылмалы жұқпа

HBsAg

Anti-HBc

Anti-HBs

HBV DNA

теріс

оң

теріс

оң

Интерпретациясы анық емес, 4 мүмкін нұсқасы:

1. ауыруды бастан өткерген (жиірек)

2. жалған оң anti-HBc

3. «төменбелсенді» созылмалы жұқпа

HBsAg

Anti-HBc

Anti-HBs

HBV DNA

теріс

оң

теріс

теріс

Айығу

Д вирусты гепатиті

HBsAg

anti-HBc IgM

anti-HDV IgM

HDV RNA

оң

оң

оң

оң

Ко - жұқпа

HBsAg

anti-HBc IgM

anti-HDV IgM

HDV RNA

оң

теріс

оң

оң

Супержұқпа

HBsAg

anti-HBc

anti-HDV IgG

HDV RNA

оң

оң/ теріс

оң

оң

Д гепатитінің созылмалы жұқпасы

С вирусты гепатиті

anti-HСV IgM

anti-HСV IgG

HCV RNA

оң / теріс

оң / теріс

оң

Жіті С гепатиті

anti-HСV IgM

аnti-HСV IgG

HCV RNA

теріс

оң

теріс

Жіті С гепатиті реконвалесценциясы

anti-HСV IgM

anti-HСV IgG

HCV RNA

anti-HСV ns4

оң / теріс

оң

оң / теріс

оң

С созылмалы гепатиті

61. Иммундық-ферменттік талдау (бұдан әрі - ИФТ) жүргізу үшін тек лицензияланған тест-жүйелер ғана қолданылады. Тест-жүйе ИФТ-ны қою үшін қажетті микротитрлеуге арналған плашкалардан, реагенттерден, көрсеткіштері зерттелетін үлгі үшін оң және теріс қорытындыларды есептеу мөлшері болып табылады.

Тест-жүйенің сапасы олардың сезгіштігімен және ерекшелігімен айқындалады, олар туралы мәліметтер әдетте қолдану жөніндегі нұсқаулықта келтіріледі. Мұнда тағы да осы тест-жүйе үшін ИФТ жасаудың барысы туралы деректер келтіріледі. Сондай-ақ референс-панелдердегі тест-жүйелердің сезгіштігі мен ерекшеліктерін анықтау нәтижесін ескерген жөн.

62. В, Д және С ВСГ-ның этиотроптық терапиясы «Аурулардың диагностика және емдеу хаттамаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 28.12.2007ж. № 764 бұйрығымен бекітілген диагностикалау және емдеу хаттамаларына сәйкес және пегилирленген интерферондарды, нуклеотидтер мен нуклеозидтердің синтетикалық аналогтарын қоса отырып жүргізіледі. Этиотроптық емдеу тағайындауға негізгі өлшемдер болып, бауырдағы белсенді процеспен (АлАТ артуы, гистологиялық белгілері) үйлескен вирустың белсенді репликациясы және/немесе бауырдан тыс белгілері табылады.

_____________________________