Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Дріс.doc педагогика.doc
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
3 Мб
Скачать
☆

Жеке тұлғаның өзіндік ерекшеліктерінің педагогикалық процесте ескерілуі

Жеке ерекшеліктерді есепке алу – бұл әрбір жеке тұлғаның қызығушылығын, бейімділігін, сапасын, қасиетін, талабын және мүмкіншілігін ескере отырып, өскелең ұрпақтың әлеуметтік қалыптасу процесінде сәтсіздіктер мен қателіктерді барынша кеміте отырып тәрбиелеуде педагогикалық құралдардың, әдістемелердің және түрлердің барлығын пайдалану. Мектеп оқушыларының жеке ерекшеліктерін есепке алуда нерв жүйесінің қызметі, адамның темпераменті көп жағдайда ескеріле бермейді. Темперамент – бұл адамның психикалық қызметі мен мінез- құлқының қуатын анықтайтын жеке ерекшелігі. /Сангвинник – еті тірі; флегматик – жәй, салмақты; холерик - қызба, шапшаң; меланхолик – ойлы, терең толғанысты/.

Жеке ерекшеліктерді есепке алу маңызды жағдай. Мұғалім бұл мәселеде шектен шығып кетпеуі керек, яғни, баланың мүмкіншілігін артық бағалау да, ескермеуі де баланың жеке дамуына зиянын тигізеді.

Міне, осылайша тәрбие беруде де, оқытуда да әр балаға жеке қарым-қатынас жасау маңызды, себебі әр балада оның рухани қажеттілігінің, өзіндік қызығушылығының көрінісі ретіндегі жеке ерекшелігі айқын көрініс береді, ал ол әр адамның жан-жақты дамуы үшін қоғамның талабы негізінде туындайды. Жеке қарым-қатынас әр баланың бейімділіктері мен қабілеттерінің ашыла түсуіне жақсы жағдай жасау үшін аса маңызды, сондай-ақ ол оқу бағдарламасының талаптарын орындаудағы қиыншылықтарды жеңуде де зор рөл атқарады.

Өзiн өзi бақылауға арналған сұрақтар

1.Жеке тұлғаның қалыптасуына әсер ететiн негiзгi факторларды атаңыз. 2.Тәрбие мен дамудың өзара байланысты екенiн дәлелдеңiз.

3.Субъектiнiң іс-әрекетi жеке тұлғаның қалыптасуының басты факторы екенiн дәлелдеңiз. 4.Бастауыш сынып жасындағы балалардың ерекшеліктерін айтыңыз.

  1. .Мектеп оқушысының жасөспірім шағының сипаттамасы қандай?

  2. .Мектеп оқушысының жеке тұлғалық дамуының жас мөлшерлік кезеңдерінің жіктемесін түсіндіріңіз.

Ұсынылатын әдебиеттер тізімі

1. Педагогика. Абай атындағы Ұлттық педагогикалық университет. Дәрiстер курсы. - Алматы “Нұрлы әлем” 2003. . 41-57 б.

1. Педагогика. Оқу құралы. - АПУ. – Алматы, 2003.

2.Возрастная и педагогическая психология /под.ред. А.В.Петровского. М., 1984.

3. Ковалев С.В. Подготовка старшеклассников к семейной жизни. М., 1992. 4.Крутецкий В.А. Основы педагогической психологии М., 1972.

5.Эльконин А.Б. Возрастные и индивидуальные особенности младших подростков, М., 1974.

III модуль.

13-дәріс. Тұтас педагогикалық үдерістің теориясы мен практикасы Педагогикалық зерттеуді ұйымдастыру мен жүргізудің әдістемесі

Дәрістің мақсаты: Ғылыми таным әдістері туралы түсінік қалыптастыру, ғылыми- педагогикалық ойлауды дамыту.

Дәріс жоспары:

  1. .Педагогиканың әдіснамалық негіздері.

  2. .Теориялық зерттеу әдістерінің ерекшеліктері, оның маңызы. 3.Эмпирикалық-эксперименттік зерттеу әдістері.

4.Педагогиканың гуманистiк - әдiснамасын негiздеу. Педагогтың әдiснамалық мәдениетi. 5.Педагогикалық зерттеулердiң әдiснамалық принциптерi.

6.Педагогикалық құндылықтар жайлы түсiнiк және оларды жiктеу. Бiлiм беру жалпы адамзаттық құндылық ретiнде.

7. Ғылыми-педагогикалық зерттеу әдiстерi (теориялық, эмпирикалық, эксперименттiк, математикалық).

Негізгі ұғымдар: теория, әдіснама, таным теориясы, теориялық білім, таным теориясы әдіс, әдіснама, әдіс, теория ұғымдарының бір-бірімен байланыстары және олардың сипаттамасы қандай?

Әдіснама, әдіс пен теория әрқашан бір-бірімен тығыз байланысты.

Теория - педагогикалық құбылыстардың және кез-келген әдіснаманың негізін құрайды. Ол әдістердің көмегімен ашылған фактілер арқылы кеңейеді.

Теория – таным процесінің нәтижесі. Әдіснама - танымға жету және оны құру тәсілі. Әдіснама

– теориялық және практикалық ғылыми-танымдық іс-әрекетті ұйымдастыру мен құрастырудың негізінен және әдістер жүйесінен тұрады.

Таным теориясы - тұтас танымдық әрекет процесін және оның мазмұндық негізін зерттейді. Теориялық білім - белгілі бір педагогикалық құбылысты талқылауға, қолдануға және түсіндіруге бағытталған ғылыми көзқарастар, түсініктер мен идеялар жиынтығы.

Теория - педагогикалық іс-әрекеттің зерттеліп жатқан саласының заңдылықтары мен байланыстары туралы тұтас түсінік беретін ғылыми білімді ұйымдастыру формасы. Теория жеке тұлғаны тәрбиелеу, оқыту мен қалыптастырудың қалыптасқан тәжірибесін шығармашылықпен қайта құрады. Ол педагогикалық тәжірибені қортындылап, жеке тұлғаның болашақта қалыптасуы мен дамуының жоспарын анықтайды. Теория өзара байланысты білімдер жиынтығы ғана емес, сонымен қатар, ол – осы білімдердің белгілі бір зерттеу бағдарламасы түріндегі құралу тетігі. Теориялық білім, зерттеушіге не нәрсені біле алатынын көрсетсе, практикалық білім, оны не істеу керектігіне бағыттайды. Кез-келген теорияның ақиқаттығы – болмыстың практикалық өзгерісімен сипатталады.

Практика - теориялық түсінікке қарағанда әлдеқайда кең және күрделі.

Философиялық категориялар педагогика ғылымының дамуына қалай ықпал етеді, материалистік диалектика әдісі қандай қызмет атқарады? Жеке тұлғаның танымдық әрекетінің жалпы заңдылықтарын, оның даму заңдарын қалыптастыру - философия ғылымының мәселесі. Білімді филосо фиялық, аксиологиялық тұрғыдан түсіну, философияға тән ғылыми білім туралы түсініктердің қалыптасуына ықпал етеді.

Философия – білімнің даму сатыларының әдіснамалық негізі, ғылыми білімнің зерттелетін саласына қатысты нақтыланатын диалектикалық-материалистік әдіснаманы негіздейді.

Методология ”грек тілінен аударғанда “әдіс туралы ғылым” деген мағынаны береді.

Сондықтан методология, яғни әдіснама – зерттеу процесі туралы ілім ретінде де түсіндіріледі.

Материалистік диалектика объективті шындықты тану әдістері негізінде табиғат, қоғам және адам ойының даму заңдарын негізге алады. Таным әдісі табиғат пен қоғамның объективті заңдарын ашып көрсеткенде ғана ғылым бола алады. Сондықтан ғылыми танымның принциптері мен ұғымдары табиғат- адам- қоғам заңдылықтарының бейнеленуін көрсетеді.

Материалистік диалектика табиғатты үздіксіз қозғалыс пен даму барысындағы біртұтастықтың бірлігі ретінде қарастырып, табиғат және адам тәжірибесі туралы ғылыми деректермен толық сәйкестікте болатынын қарастырады.

“Методология” ұғымының бірнеше деңгейі бар. Методологияның қарапайым анықтамасы – танымның ғылыми әдісі. Методолгия - кез келген ғылымда қолданылатын әдістер жүйесі.

Әдіснама екі түрлі қызмет атқарады:

а) практикалық қызметі - зерттеудің құрылымын, логикалық ұйымдасты рылуын, әдісі мен құралын анықтап, педагогикалық шындықты тану құралда рының кешенін қамтып, зерттеу еңбегіне қажетті жағдайлар кешенін, құрал дарын, орындау реті мен бағыттарын анықтайды.

б) ғылыми қызметі - танымның құрылу принциптерін, формалары мен әдістерін, процедураларын қарастыратын ілім. Педагогикалық шындықты өзгертуге қажетті принциптері, әдістері, құралдары, орындалу реті мен бағытын анықтайтын технологияларды қамтиды.

Зерттеушіге білімді қайта құру үшін әдіснамалық дайындық керек, ол алдын-ала әдіснамалық жағдайларды белгілеп, бағдарламалар түзіп, оны іске асыратын әдістер мен зерттеу ретін анықтауы шарт.

Ғылымда әдіснаманың өз иерархиясы бар. Мәселен, жалпы ғылыми әдіснама (материалистік диалектика, таным теориясы, логика), жеке ғылыми әдіснама (түрлі ғылым салаларына арналған), пәндік-тақырыптық әдіснама (дидактика методологиясы, білім беру методологиясы, т.б.).

Ғылымның қазіргі заманғы әдіснамасы: ғылыми теорияларды талдайды; олардың қызметтерін, ғылыми заңдылық тарын, ғылыми теорияларын тексереді; зерттеудің заңдылықтары мен болжамдарын дәлелдейді немесе жоққа шығарады; ғылыми-педагогикалық зерттеу әдістерін таңдап, ғылыми-педагогикалық білімнің қалыптасуы мен дамуын ескеріп, оның қайта құрылуын, теория мен әдістер арасындағы қатынастардың сипатын анықтайды; танымдағы практиканың рөлі мен зерттеу объектісінің өзгеруін айқындайды.

Қазіргі ғылыми-педагогикалық және әдіснамалық зерттеулер ғылыми білімнің жалпы құрылысында ерекше орын алып, диалектикалық материализмнің дамуына белгілі ықпал етеді.

Әдіснамалық зерттеу – зерттеушінің ой-пікірін, идеясын, оның танымдық үдерісінің даму жолын белгілейді. Оқыту, тәрбиелеу, дамыту теориялары - педагогика әдістерінің негізгі мазмұнын құрайды. Кез-келген осындай теория, зерттеу әдісі қызметін атқарып, басқа теориялардың құрамды бөлігі болып саналады. Ғылыми-педагогикалық зерттеу әдістерінің дамып жетілуі, педагогика ғылымның дамуының ең басты құрамды бөлігі болып табылады.

Таным әдістері - қолдану мақсатына, объектіге және пәнге, сонымен қатар зерттеу әрекеттеріне, зерттеу болжамдарын жүзеге асыратын шарттарға сүйенеді.

Зерттеушінің теориялық ойлауы материалистік диалектика әдісіне негізделеді, ол зерттеушіні ғылыми фактілерді жинастыру мен түсіндірудегі субъективті көзқарастың бір жақтылығынан сақтандырып, зерттеу мәселесіне тарихи талдау жасауға, оның даму тенденциясы мен заңдылықтарын табуға, таным мен болмыстағы қарама-қайшылықтарды шешудің тәслдерін ашуға шақырады.

Педагогикалық әдіснама, теорияның негізін құрайтын бірнеше құрамдардан тұрады:- материалдың алғашқы тәжірибелік негізі, теориялық тұрғыдан түсіндіруді талап етеді; бастапқы теориялық негіз - зерттеу объектісін суреттейтін алғашқы болжамнан және теориялық тұжырымдардан тұрады; теорияның логикасы мен құрылымы анықталады; эмпирикалық дәлелдері бар теориялық пайымдаулар жинақталады; педагогикалық теорияны қалыптастырудың әдіснамалық негізі - зерттелетін объект пен оның теориялық моделін сипаттайды; зерттелетін объект - кез-келген педагогикалық теорияны, оның байланыс тарын, заңдылықтарын, болжамдарын, шынайы білімге жету принцип терін, тетіктерін қарастырады.

Кез-келген әдіснамалық мәселелерді шешу, белгілі бір танымдық принциптер негізінде қаралған, бастапқы әдіснамалық тұжырымдама түрінде жүзеге асады.Әдіснамалық тұжырымдама - ғылыми білімге, психологиялық-педагогикалық теорияға және оның даму тарихына негізделеді.

Әдіснамалық тұжырымдаманың құрылымы: психологиялық-педагогикалық теорияларға негізделеді; ғылымның фило софиялық негіздері мен педагогика ғылымның зерттелетін саласының жетістіктері анықталады; бұрыннан қалыптасқан және басқа да психологиялық-педагогикалық тұжырымдамалар талданады; әдіснамалық тұжырымдамалар талданып, ғылымдағы философиялық және теориялық тұжырымдар мен қорытындылар ескеріледі; эмпирикалық білім қайта қаралып, теориялық білім мен шындықтың өзара қатынасындағы теориялық қортындыларды тұрақтандыруды қарастырады.

Педагогикалық зерттеулердiң әдiснамалық негiздерi: педагогикалық үдерiс - мұғалiм iс- әрекетінің обьектiсi; педагогикалық зерттеулерге жүйелi-құрылымдық, тұлғалық-әрекеттiк көзқарас; дамыту мен тәрбиенiң бiрлiгi.

Диалектикалық материализмнің белгілі бір әдіснамалық мақсаты - біртұтас обьектінің теориясын жасау үшін құбылыстардың өзара байланыстылығын жүйе ретінде қарастырып, нақтылы жағдайда жүйелі тәсілді практикалық тұрғыдан жүзеге асыру.

Жеке тұлғаның қалыптасуы біртұтастықта іске асады. Сондықтан болашақ мұғалім дайындауда кешенді тәсілдер қолданылуы және педагогикалық үдеріс туралы біртұтас түсінігі болуы тиіс.

Педагогикалық үдеріс оқушылардың мәдени байлықтарды меңгеруге және қоғамдық өмір мен еңбекке дайындалудағы бірлескен іс-әрекеттері, бұл ұстаздардың белсенді араласуымен және басшылығымен жүзеге асады.

Педагогикалық үдерісте “ұстаздар – оқушылар“ қатынасындағы мақсат, міндеттер, мазмұн, құралдар, формалар, әдістер мен тәсілдер, тапсырмалар айналымы үнемі жүріп отырады. Оқушы өзінің даму барысында әлеуметтік тәжірибені іс-әрекет арқылы меңгереді. Дегенмен де, іс- әрекеттер жүйесін өздігінен игеру өте күрделі болғандықтан, оқушы іс-әрекет субьектісі ретінде мұғалімнің басшылығымен әлеуметтік тәжірибені игереді.

Сана мен іс-әрекеттiң тұтастығы материалистiк диалектика мен психологияның ең маңызды заңдылығы. Сондықтан жеке тұлғаның даму үшін оның белсендiлiгi мен шығармашылық іс- әрекетiнің мәні зор.

Психологияда белсендiлiктi іс-әрекет деп атайды. Жеке тұлғаның белсендiлiгi оның материалдық және рухани, жеке немесе қоғамдық қажеттiлiктерiнен туады. Белсендiлiк өзiне және жеке тұлғаны қоршаған орта мен тәрбиелiк әсерлерге, iшкi ұстанымдарына байланысты, әр түрлi бағыттарда қалыптасуы мүмкiн. Жеке тұлғаның дамуы мен қалыптасуында көрiнiс табатын барлық ықпалдар iшкi және сыртқы болып екі топқа бөлiнеді.

Жеке тұлғаның дамуы мен қалыптасуы жеке тұлғаның дамуының сыртқы факторлары - айналаның әсерi мен тәрбие; iшкi факторлар - табиғи әсерлер (бейiмдiлiк пен әуестiк, сонымен қатар, адамның сезiмдерi мен күйзелiстерi, оның сыртқы әсерлердiң ықпалымен пайда болатын сылтаулары мен қажеттiлiктерi). Жеке тұлғаның дамуы мен қалыптасуы осы екi фактордың өзара байланысының нәтижесi болып табылады.

Тәрбие жеке тұлғаның өзіндік жұмысы кезiнде, оның белсендiлiгiне iштей әсер етсе, онда жеке тұлғаның дамуына шешушi ықпал етеді. Осындай бейiмдiлiк өсiп келе жатқан адамның жеке тұлға ретiнде жетiлуiн, дамуын анықтайды. Сонымен бұл үдеріс шын мәнiнде, өзiн-өзi дамыту, өзiн-өзi тәрбиелеу сипатына ие болады. Ал өзiндiк даму өзiне тән iшкi заңдылықтары бойынша жүредi.

Жеке тұлғаның өзiндiк дамуына қоршаған орта мен тәрбие сияқты сыртқы факторлар әсер етсе де, бұл факторлар оның iшкi дүниесiне оң әсер етіп, оның өзіндік жұмысы кезiндегi белсендiлiгiне дем берген жағдайда ғана, жеке тұлғаны дамытып қалыптастыра алады. Осы бiр аса күрделi үдеріс тәрбие персонификациясы (лат. – жеке тұлға) деген түсінікке ие болды.

Тәрбие персонификациясы – информациялық мазмұндағы, адамның тұтас модусын (модус – қажеттiлiктер, мақсат-мүдделер, наным-сенiмдер, бағалау критерийлерi, ынта-ықыластар) құрайтын саналық-психологиялық және идеологиялық үдерістердің, қасиеттер мен қатынастардың әралуан түрлерi, жеке тұлғаның мiнез-құлығын әлеуметтендiрiп реттейтiн өзара қатынас-әрекеттiң күрделi түрі.

Персонификация әлеуметтенудiң iшкi механизмi болып табылады. Осылайша, жеке тұлғаны әлеуметтендiретiн сыртқы факторлар, сонымен қатар тәрбие де, жеке тұлғаның өзiндік жұмысы кезiндегi, өзiндiк белсендiлiгiнiң қажеттiлiктерiмен, наным-сенiмдерiмен, мақсат-мүдде лерiмен өзара тығыз байланыста болғанда ғана оның дамуы мен қалыптасуына әсер етедi.

Педагогиканың гуманистiк - әдiснамасын негiздеу. Қоғам дамуының заңдылықтарына орай педагогика ғылымының әдіснамалық негіздері гуманистік сипат алып дамуда. Қоғам дамуының қозғаушы күші – жеке тұлға Адам-қоғам-табиғат жүйесінің біртұтастығын ескере отырып, болашақтың негізін қалаушы жеке тұлғаның дамуын, тәрбиесін, қалыптасуын гуманистік принциптерге негіздейді.

Қоғамның мәдени деңгейі білім беру мен тәрбие мақсатының жалпы бағытын анықтап отырады. Тәрбие мақсаты қоғамның нақты тарихи сипатына қарай өзгеріп отырады. Білім беру мен тәрбие мақсатын тұжырымдауда, міндетті түрде табиғат, қоғам, адамның обьективті даму заңдылықтарына сүйену керек.

Қазіргі педагогикадағы басты қағидалардың бірі - гуманизм. Гуманизм (лат. адамшылық) – адамның тұлғалық құндылығын, оның құқы мен бостандығын, сенімін құрметтеу, қабілеттерін дамыту, адамның жан-жақты дамуын, өз қабілеттерін іске асыруын, қадір-қасиетін құрметтейтін көзқарастар жиынтығы, қоғамдық қатынастар деңгейін анықтайтын өлшем ретінде қарастырылады.

Гуманистік педагогика баланың білімге қызығушылығын оятуды ең басты мәселе деп қарайды. Осыған орай, тәрбиелік мақсатты екіге бөлуге болады: бірінші - қоғам алдындағы жалпы жоғары мұрат; екінші - жас ұрпақтың жеке тұлғалық қасиетін қалыптастыру, ол тұлғаның дамуы мен даралығын қалыптастыру және үздіксіз дамыту міндеттерімен нақтыланады.

Білім беру мен тәрбиенің обьектісі - тұлға болса, ұстаз оларды дамыту үшін оларға тәрбие субьектісі ретінде қарап, олардың белсенді іс-әрекетін ұйымдастырып, басшылық жасауы қажет. Білім беру мен тәрбиенің барлық түрі біртұтас педагогикалық үдеріс теориясы бойынша іске асырылады (Н.Д.Хмель).

Гуманистік педагогика әдіснамасы жеке тұлғаны педагогикалық үдерістің обьектісі ғана емес субьектісі ретінде де қарастырады.

Жеке тұлға - обьект және субьект. Жеке тұлғаны объект ретінде қарастыру - оның қалыптасуы сыртқы ықпал-әсерлерге, әсiресе, тәрбие сияқты мақсатты әсерлерге тәуелдi.

Жеке тұлғаны субъект ретінде қарастыру - жеке тұлғаның белсендiлiгiнсiз, сыртқы ықпал- әсерлерге деген белсендi әрекетінсіз дамуы ілгері жүрмейді. Адамның дамуы өзiн-өзi дамыту үдерісінде ғана жүзеге асады, сондай-ақ жеке тұлғаның дамуында өзiн-өзi тәрбиелеудiң орны ерекше (субъекттің қалуымен өзіне тән белгiлi бiр қасиеттерiн қалыптастыру мақсатындағы өз бетiнше жұмысы).

Білім беру мен тәрбиенің мақсаты – оқушылардың тұлғалық қасиеттерін дамыту, олардың жоғары адамгершілік ұстанымдарын қалыптастыру және өмір сүруге, еңбек етуге әзірлеу. Осыған байланысты білім беру мен тәрбиеге қойылатын негізгі мақсаттар мынадай: жеке тұлғаның дүниеге ғылыми көзқарасын дұрыс қалыптастыру; жеке тұлғаның даралық және дене қабілеттерін жан- жақты дамытып, эстетикалық талғамдары мен сезімдерін қоғамның талаптарына сай тәрбиелеу.

Тәрбиелік мақсатқа сәйкес, тәрбие мынадай кешенді міндеттерді шешуді алға қояды: дүниетанымы кең, ой-өрісі жоғары, жеке тұлғалық қасиеттері дамыған адамның негізін қалыптастыру; еңбек, таным, қоғам, отбасы, уақытты тиімді пайдалана білу тәрізді әлеуметтік қызметтерді өз мәнінде қабылдап, оларды пайдалана білуге даярлау, кәсіп таңдау; өз тағдырын өзі шешуге мүмкіншілік жасау, оқушылардың өзін-өзі тәрбиелеуіне, өз бетімен білім алуына мүмкіндіктер туғызу.

Педагогтың әдiснамалық мәдениетi. Педагогтың әдіснамалық дайынды ғы, оның зерттеу мәдениетін қалыптастыруға негіз болады. Зерттеуші педа гог дайындау теориялық дайындықпен қатар, практикалық тұрғыдан түсіну ді қажет етеді.

Педагогтың әдіснамалық дайындығының мазмұны: жоғары кәсіби шеберлік; ойлау икемділігі; әдіснамалық рефлексия; мәселені ғылыми негіздеу;сындарлы түсіну;тұжырымдамаларды, оның түрлері мен таным әдістерін шығармашылықпен түсініп қолдану; басқару, моделдеу, кәсіби білімді шеберлікпен пайдалану.

Педагогикалық қызметтің әдіснамалық білім негізінде іске асуы, жедел кәсіби шешім тауып негіздеуге, жаңашылдық шешімдер қабылдауға мүмкіндіктер береді. Ғалымдар әдіснаманы көбіне әдіснамалық принцип тер жүйесі мен зерттеу қисынын білу деп түсінеді. Ғылыми-зерттеу әдістерін білу әдіснамалық негіз болып саналады.

Педагогикалық зерттеулердiң әдiснамалық принциптерi. Әдіснама лық принциптердің мазмұны мен құрылымын көптеген психологтар мен педагог - ғалымдар зерттеген.

В.И.Загвязинский әдіснамалық білім мазмұнына қойылатын принциптер мен талаптарды заң және заңдылықтар түрінде, жалпы зерттеу тұғырларын іс-әрекет арқылы қарастырған. Оның пікірінше принцип терең және жан-жақты негізделуі тиіс. Ол педагогикалық зерттеулердің негізгі принциптері таптық, ғылымилық, қисындылық пен тарихилықтың бірлігі, тұжырымдамалық бірлік, оқу-тәрбие жұмысын теориялық зерттеу мен практикалық бірлікті сақтау деп көрсетеді.

Кейбір ғалымдар әдіснамалық принциптерді әдіснамалық тұғыр ретінде қарастырады. В.А.Сластенин, С.А.Смирнов, И.Б. Котова, Е.Н.Шиянов педагогикалық зерттеулердің нақты әдіснамалық принциптерін анықтап, жүйелілік, жеке тұлғалық, іс-әрекеттік, диалогтық, культурологиялық, этнопедагогикалық, антропологиялық келістердің мазмұнын ашып көрсетеді.

Педагогикалық әдіснама тұғырлары: жүйелілік; біртұтастық; аксиологиялық; жеке тұлғалық; іс-әрекеттік; тарихи; антропологиялық; аксиологиялық; әлеуметтікмәдени; өркениеттік; инновациялық; ақпараттық , т.б.

Педагогтың әдіснамалық мәдениетін қалыптастыру культурологиялық, синергетикалық, жеке тұлғалық, жеке тұлғалық бағдарлы келістерге сүйенеді.

Педагогикалық құндылықтар жайлы түсiнiк және оларды жiктеу. Бiлiм беру жалпыадамзаттық құндылық ретiнде. Құндылықтар теориясы - нақтылы ғылыми-әдіснамалық таным ретінде және педагогикалық шындықты жаңғыртуда өзінің негізгі аксиологиясы - жалпыадамзаттық мәдени құндылық (заттық және рухани) жайында оқу болып табылады. Ол жалпы адамзаттық мәдени құндылықтарға негізделіп, оған қайшы келмейтін ұлттық мәдениет пен дәстүрлерді қамтиды. Сондықтан да тұлғаның өз ұлты және туысқан халықтар мәдениетін оқып- білуі, одан әрі жалпыадамзаттық мәдениетпен танысуы арқылы өзінің мәдени дамуын қамтамасыз етеді. Түйіндей келе, құндылық жүйесінде мәдениетті меңгеру, біріншіден, адамның өзінің даму жағдайын, екіншіден, шығармашылыққа қабілетті тұлға ретінде қалыптасуын іске асырады.

Мәдениет – адамдардың бірлесе атқаратын ғылыми, моральдық-әлеуметтік, көркем және техникалық құндылықтар жасаудағы қарым-қатынастар жиынтығы. Мәдениеттің мәні адамның өзіндік адамдық еңбегімен байланысты туындайтын өнім. Жеке тұлға тәрбиесінің негізі - адамзаттық мәдениет. Атап айтқанда, мәдениеттің барлық түрі: ақыл-ой, адамгершілік, эстетикалық, этикалық, экологиялық, экономикалық, саяси, құқықтық мәдениеті, тұлғаның кәсіби бағдары мен политехникалық, еңбек мәдениеті қамтылады.

Мәдениеттің осы түрлерінің бәрі, олардың өзара әрекеттесуі адамның дүниені, табиғатты, қоғамды, техниканы, өнерді біртұтас қабылдауымен бірге, оның тұтас ғылыми көзқарасын қалыптастыруға негіз болады.

Ғылыми таным әдістері: жалпы ғылыми және педагогикалық ғылыми -зерттеу әдістері. Зерттеу әдістері - күрделі таным сатыларының реті, таным әрекеттерінің іске асуының белгілі бір тәртібін белгілейтін, әртүрлі әдіс-тәсілдердің жиынтығы.

Зерттеу әдістері: ғылым дамуының басты құрамды бөлігі болып табылады; педагогикалық ғылым мен педагогикалық білімнің дамуы; педагогикалық зерттеу әдістері нің даму деңгейіне байланысты; ғылыми нәтижелердің дәйектілігі - алғашқы ақпаратарды алу жолдары мен тәсілдеріне және зерттеу әдістерінің сенімді лігіне байланысты; кез-келген педагогикалық ғылыми-зерттеу әдістері – жаңа білімді түзу процесін атқарады.

Педагогикалық зерттеу, ол объектінің, заттар мен құбылыстардың мәнін ашуға бағытталған жан-жақты танымдық іс-әрекеттерден тұрады.

Педагогикада зерттеудің үш деңгейі бар: эмпирикалық, теориялық, әдіснамалық.

Экспериментальді-эмпирикалық (гр. тәжірибе) әдістердің тұтас бір тобы бар.

Жалпы ғылыми әдістер: бақылау, теңеу, талдау мен жинақтау, өлшеу, эксперимент, абстрактылықтан нақтылыққа көшу, индукция мен дедукция.

Педагогикалық ғылыми-зерттеу әдістері:

Эмпирикалық-экспериментальді зерттеу әдістері: бақылап-зерттеу, тікелей, жанама, жасырын бақылап-зерттеу, үздіксіз бақылап-зерттеу, дискретті бақылау, монографиялық, бақылау, бір бағытты бақылап-зерт теу және іздеу, сандық бақылап-зерттеулер мен өлшемдер, сұрақ-жауап, әңгіме-сұқбат, сауалнама, жаңашыл – педагогтардың тәжірибесін зерттеу, дәрігерлік-педагогикалық тексеру, жазбаша, графикалық және шығармашылық жұмыстарын зерттеу, педагог гикалық құжаттарды зерттеу, педаго гикалық эксперимент.

Теориялық әдістер: ғылыми әдебиет термен танысу, талдау мен жинақ тау әдісі, абстракт циялау: талдап қорыту және жеке леп бөлу, тұжырым жасаудың индук тивті және дедук тивті әдістері,ұқсастыру әдісі, болжау әдісі, математикалық, статистикалық әдіс, тіркеу әдісі, тізбектеу әдісі.

Әдіснамалық әдістер: педагогикалық ұғымдарды айқындау, белгілі теорияларды қолдану әдістемелері, таным іс-әрекетінің негізгі әдістемелік теориясын құру.

Педагогикалық эксперимент – танымның эмпирикалық дейгейіндегі зерттеудің негізгі әдісі, ол құбылыстарды нақты тіркеп зерттеуге бағытталады. Эксперимент құбылыстың күнделікті жағдайда бақылап-зерттеуге болмайтын қасиеттерін ашуға көмектеседі. Эксперимент зерттеу құбылыстарын басқа шарттар мен жағдайлардан бөліп алып, құбылыстар мен деректерді “таза” күйінде зерттеуге мүмкіндік береді. Эксперимент ғылыми зерттеудің теориялық және эмпирикалық деңгейлері арасындағы байланыстырушы буын болып табылады. Эксперимент - таным әдісі де, оқу-тәрбие процесін үйлестіру әдісі де бола алады. Эксперимент жаңа зерттеу материалына қол жеткізеді.

Педагогикалық эксперименттің мақсаты:- ғылыми теория немесе болжамды дәлелдеу немесе теріске шығару; эмпирикалық заңдылық тардың фактылық мәніне жету, оны қалыптастыру;оқушыларды оқыту, тәрбиелеу және дамыту, білімді жетілдіру тәжірибесін жаңарту. Педагогикалық эксперимент бірнеше кезеңнен құралады: қалыптастыру - оқыту мен тәрбиенің күнделікті жағдайларында жүзеге асады; зертханалық - оқушылардың белгілі бір топтарын бөліп алып зерттейді; белгілеп-анықтау - зерттеу объектісінің педагогикалық жүйесінің бастапқы күйін белгілеп көрсетеді; тұрақтандыру - зерттеу объектісін қайта құруға бағытталады.

Педагогикалық эксперименттің бағдарламасы алдын ала жасалып, оның жоспары, мақсаты, эксперименттің түрі таңдалып, мүмкін болатын нәтижелері де ойластырылады. Зерттеу құбылыстары мен оның қасиеттеріне ықпал ететін факторлар мен эксперименталды жұмыс кезінде бақылануы тиіс құбылыстар бөлініп алынады. Эксперимент техникалық құралдармен жабдықталады, оның барысында белгілі әдістер жүйесі таңдалып алынады.

Теориялық зерттеу әдістері - эмпирикалық деректерге және олардың теорияны қарастыруына ықпал етуіне терең талдау жасап, ондағы заңдылықтарды ашуға, сыртқы факторлар мен ішкі мазмұндық факторларын түсіндіруге бағытталады.

Эмпирикалық зерттеу әдістері - объектіні философиялық категория ретінде “құбылыс” деңгейінде зерттесе, теориялық әдістер “мән” деңгейінде зерттейді. Бұл ретте екі әдіс те, объектіні танудың ғылыми сатысы болып табылады, онда құбылыс мәннің көрініс формасы, ал мән тек құбылыста ғана көрініс табады. Олар бір-бірімен тығыз байланысты, бірақ бір-біріне ұқсас емес. Құбылыс мәнге қарағанда қозғалмалы болып келеді. Зерттеу объектісінің мәнін теориялық түрде тану, оның даму заңдылықтарын ашуға көмектеседі. Зерттеудің теориялық және эмпирикалық әдістері ғылыми таным деңгейлері ретінде бір-бірімен дилектикалық байланыста дамиды.

Әдіснамалық зерттеу әдістері ғылыми танымның ең жоғары деңгейі. Танымның әдіснамалық деңгейі, педагогика категорияларын айқындаумен, ғылыми-педагогикалық зерттеу әдістемесі ретінде, белгілі теорияларды қолданумен байланысты мәселелерді шешуге бағытталған, таным іс-әрекетінің негізгі әдістемелік теориясын құрады.

Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар 1.Методология ұғымының көп деңгейлілігін қалай түсінесіз? 2.Диалектикалық әдістің мәні неде?

3.Таным теориясы қандай кезеңдермен сипатталады?

  1. Ғылымның қазіргі заманғы әдіснамасын баяндаңыз. 5.Әдіснамалық тұжырымдама құрылымын атаңыз.

  1. .Тәрбие персонификациясының анықтамасын түсіндіріңіз.

  2. .Неліктен педагогикалық үдеріс мұғалім іс-әрекетінің обьектісі делінеді?