- •Арқан Тарту
- •Орамал тастамақ
- •Ақсерек-көксерек
- •Аударыспақ
- •Соқыр теке.
- •Сақина жасыру
- •Қуыр-қуыр қуырмаш.
- •Хан талапай.
- •Тауық күрес.
- •Арқан тарту.
- •Хан «алшы».
- •Көтермек.
- •Асау мәстек.
- •Түйілген орамал.
- •Атқаума.
- •Күш сынаспақ.
- •Сақина жасыру.
- •Белбеу соқ.
- •Ат жарыс.
- •Қуыр-қуыр қуырмаш.
- •Аударыспақ.
- •Санамақ.
- •Қарамырза.
- •Белбеу соқ.
- •Бөрік жасырмақ.
Аударыспақ.
Қазақтың кәдімгі ұлттық ойын спорт ойыны. Қарапайым бөренеден «ағаш ат» жасаудың еш қиындығы жоқ. Екі жақ басы берік тұғырға бекітілген биіктігі бір-бір жарым метрдей (балалардың жасына қарай) ұзындығы 70-80 сантимертдей бір – біріне қапталдас орыналасқан «ағаштардың» ара қашықтығы екі жақтан созылған қол ерін жектетіндей болса жеткілікті. Оларға мінген «шабантоз» балалар бір-біріне қарама қарсы отырып қол ұсасады. Төрешінің белгісімен бірі-бірі тартып, не итеріп, әйтеуір қай айласын, не күшін асырғаны қарсыласын "ағаш аттан" аударып түсуі шарт. Аяқты жерге ағаш атқа тіреуге болмайды. Ойын шарты бұзылады. Ағашатан құлағанда айналасына құм немесе ағаш үгінділері төселу керек.
Теңге ілу.
Ойынға қатысушылар тепе-тең екі топқа бөлінелі. Әр қайсысы жеке-жеке шыбықтан ат мінеді. Ойын басталатын жерге сызық сызылады. Одан әрі 20-30 метрдей жерден тереңдігі бір қарыстай екі шұңқыр қазылады. Шұңқырға он-оннан тас салынады. Содан екі топтан екі саыскер шығады. Сызыққа келіп қатарласып тұрады. Бастаушының белгісі бойынша шыбық аттарын құйыңғытып, шаба жөнеледі. Сол беттерімен әлгі шұңқырға жетіп қол соғып жібереді де, тасты іліп алып, әрі қарай шауып кете барады, шұңқыр тұсында бөгелуге болмайды.
Ұпай әр сайыскердің іліп алған тастарының санына қарай есептеледі. Қай топ көп ұпай жинаса, сол топ жеңеді.
Санамақ.
Көпшілік қатысады. Ойынның шарты: ойын бастаушы қатысушы бір адамды ортаға алып шығады. Ол адам бір тектес атау сөзден жаңылмай, кідірмей аттап жүріп айтуы керек. Тоқтамай қателеспей айтып шықса, жүлде алады. Егер қателессе ойыннан шығады. Мысалы: жаңылмай 10 ақынның немесе 10 өзеннің атын атауы керек.
Қарамырза.
Ойын басталмас бұрын ,оның ережесі түсіндіріледі. Біраз уақыттан кейін ойын бастаушы ойынаушыларғы « ойынаймыз» деп белгі берген кезде қатарлас отырған бірі екіншісіне: «Ассалаумағалейкум, Қарамырза!» -дейді. Ойын тәртібі бойынша сәлем салушы : «Уағалейкумассалам,бірінші қарамырза» - деп жауап беруі керек, егер « уағалейкум», - деп жауап берсе онда сәлем алушы ұтылады.
Сөйтіп, аздан соң ойыншылар «жеңгендер» мен «жеңілгендер» болып екі топқа бөлінеді, «жеңген» жақ «жеңілген» жаққа жаза белгілей- ді: ән, күй тартып, би билейді.
Белбеу соқ.
Ойыншылар екі-екіден жұптасып, шеңбер жасап тұрады. Бір ойыншы белбеуді алып, екіншісін қууға тиіс. Қашқан шеңбер жасап тұрған бір жұптың алдына келіп тұрған кезде, артық қалған үшінші ойыншы шеңберді айнала қашады. Егер қуғыншы оны белбеумен соғып үлгеріп, өзі бір жұптың алдына келіп үлгерсе, оның орнын келесі ойыншы басады.
Бөрік жасырмақ.
Ойынғақатысушылар араларынан бір ойын-шы шығарып, алыстау жерге таман барып, бөркін немесе басқа бір бір белгілі затын жасыруға жібереді және өзі де сол маңайына жасырынуы керек. Қалған ойыншылар тығылған ойыншылардың тыққан затын іздеуге кіріседі. Кімде-кім тығылған бөрікті көріп қойып алуға қам жасаса онда иесі бермеуге тырысады. Бермеудің жаңдайы – екеуі бірдей бас салып бөрікке таласу емес, қай бұрын алғаны алады. Ал көрген ойыншы ала алмай қалса, онда иесі қорып, бөрікке жібермеуге тырысады. Бермеудің жағдайы – екеуі бірдей бас салып бөрікке таласу емес, қай бұрын алғаны алады, ал көрген ойыншы ала алмай қалса, онда иесі қорқып, бөрікке жібермеуге тырысады. Ал басқалардың қай-қайсысы болмасын бөріктің иесіне қол тигізіп, күш жұмсауына болмайды. Қайткендеде алдап жүріп алып, оны жүргізушіге ертіп келулері керек. Келесі жолы бөрікті әкелген ойыншы барады да, ойынаушының уақыттары жеткенше ойын жалғаса береді.
