Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
decor_cvet_1.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
293 Кб
Скачать
☆

Жалпы түсініктеме

Хамедорея. Әдетте биіктігі 120 см-ден аспайды. Әр түрлі өлшемдегі өсімдікті сатып алуға болады - өте кішкентайдан бастап биіктігі 60-100 см-ге дейінгі.

Жарықтандыруы. Өте қарқын өсу барысында күн шуағына қойып, ал қыста күннің көзі тікелей түсіп тұратын жерге қою қажет.

Суару. Өте қарқын өсу барысында көбірек суарып және айына бір рет, су екі есе қосылған кәдімгі сұйық тыңайтқышпен суарыңдар. Қыста аздап суарыңдар.

Температура. Бұл пальма үшін қолайлы температура +18-24 0С, 12 0С-ден төмен болмау керек.

Ылғалдылығы. Жоғарғы ылғалдылықты қажет етеді. Құмыраның астындағы табақшасына дымқыл қиыршық тастарды қалдыру керек.

Гүл өсірушіге кеңес. Хамедорея өзі үшін тым кішкентай көрінетін құмырада жақсы өседі. Өсімдік тамырлары құмыраны толтырған жағдайда көктемде ауыстырып отырғызуға болады.

Айдарлы хлорофитум. Жақсы өскен хлорофитум өте әдемі. Оның иілген жол-жол жапырақтары және сары сабақтары жыл бойы әдемі көрінеді. Алдымен ұсақ ақ гүлдердің бүршіктері пайда болады. Кейінірек аналық өсімдіктің шағын көшірмесі пайда болады.

Жарықтандыруы. Ерте көктемнен күздің соңына дейін мол жарықта өсіріңіз, қыста тіке түскен күн сәулесіне қойыңыз.

Суару. Қарқынды өсу барысында мол қылып суарыңыз және кәдімгі сұйық тыңайтқышпен екі аптада бір рет қоректендіріңіз. Қыста суаруды азайтыңыз.

Температура. Қалыпты бөлме жылуы жарайды. Қыста +7 0С.

Ылғалдылығы. Жоғары ылғалдылықты қажет етеді. Құмыраны, ылғалды қиыршық тастары бар табақшаның үстіне қойыңыз және өсімдіктің жапырағына үнемі су бүркіп тұрыңыз.

Гүл өсірушіге кеңес. Ақ жуан тамыр түйнектері жайылып өсіп бетіндегі жерді кесек-кесек қылып көтеріп жібереді. Өсімдікті көшіріп отырғызғанда құмыраның жиегімен ішіндегі құмның жоғарғы беті арасында жеткілікті мөлшерде орын қалдырыңыз.

Кодиеум пестрый. Гүлдердің көптеген сорттары бар, бір бірінен өлшемі, пішіні және жапырақ түстеріне қарай ерекшеленеді. Жапырақтар ұзын және жіңішке немесе спираль сияқты оралған әртүрлі түсті жасыл, қызыл немесе ашық сары болады.

Жарықтандыруы. Жарық мол түскен жерде ұстаңыз. Қыста шамалы жарық түсетін терезе алдында ұстаңыз.

Суару. Өсімдік белсенді өсе бастағанда жиі суарыңыз және екі аптада бір рет сұйық тыңайтқышпен қоректендіріңіз. Қыста аздап суару керек.

Температура. Бөлме температурасын қажет, бірақ +12 0С-ден төмен емес.

Ылғалдылығы. Жоғары ылғалды қажет етеді.

Колеус Блюме. Біржылдық өсімдік ретінде өсіреді. Оны әдетте қыстың басында лақтырып тастайды. Ең әдемі данасын көктемге дейін сақтауға болады, бірақ ол сирек жүзеге асады.

Жарықтандыруы. Көктемнен күзге дейн күннің жарық сәулесінде қыста тіке түскен күн сәулесінде тұрғанды ұнатады.

Суару. Молдырақ суару қажет. Өсе бастағанда жетісіне екі рет сұйық тыңайтқышпен қоректендіреді.

Температура. Бөлме температурасы, қыста төменгі температура +12 0С.

Ылғалдылығы. Жоғарғы ылғалдылық қажет. Құмыраны дымқыл қиыршық тастары бар табақшаның үстіне қойыңыз.

Драцена окаймленная. Бұл драцена 180 см биіктікке дейін өседі. Жұқа жапырақтары биік ағаштың бағаналарына ұқсайды.

Жарықтандыруы. Ашық жарықты ұнатады.

Суару. Өсе бастағанда молырақ суарыңыз және аптасына екі рет кәдімгі сұйық тыңайтқышпен қоректендіріңіз. Қыста суаруды тоқтатыңыз.

Температура. Бөлме температурасы.

Ылғалдылығы. Ылғалсүйгіш.

Гүл өсірушіге кеңес. Өсімдіктің ұзарып өсуіне байланысты төменгі жапырақтары сарғая бастайды. Бұл қалыпты жағдай. Оларды еппен алып тастау керек.

Фикус Бенджамина. Бұл фикуста төмен иілген бұтақтардың ұшында салбырап тұратын қысқа бұтақты жапырақтары бар, сол себепті кейде бұның атын жылағыш дейді. Ол 180 см биіктікке дейін өседі.

Жарықтандыруы. Жылдың көптеген бөлігінде жарығы мол түсетін жерге, қыста күн түсіп тұратын жерге қояды.

Суару. Өсе бастаған уақытта орташа ылғалдықта суарыңыз және екі аптада бір рет сұйық тыңайтқышпен қоректендіріңіз. Қыста суаруды азайту қажет.

Температура. Фикус Бенджамин бөлме температурасында жақсы өседі. Қыста жылу +15 0С төмен түспеуі керек.

Ылғалдылығы. Жылы бөлмеде жоғары ылғалдылықты қамтамасыз етіңіз. Құмыраны дымқыл қиыршық тас толтырылған табақшаға қойыңыз және жиі су бүркіңіз. Бір қалыпты су бүрку фикусты кенеден сақтайдды.

Гүл өсірушіге кеңес. Бұл фикус кішкентай құмырада жақсы өседі. Басқа құмыраға оны қажет болғанда ғана ауыстырыңыз.

Каучуконосты фикус. Бұл күйталғамайтын, қоңыр жасыл жарқыраған, бұтақтардан көлденең бағытта өскен жапырақтары бар бөлме өсімдігі.

Жарықтандыруы. Мол түскен жарықты ұнатады.

Суару. Белсенді өсе бастағанда жайлап бір қалыпты суарады және екі аптада бір рет кәдімгі сұйық тыңайтқышпен қоректендіреді. Қыста суаруды азайтыңдар.

Температура. Ерекше жылу режимін қажет етпейді. Қыста температура +12 0С-ден төмен болмауы керек.

Ылғалдылығы .Жылы бөлмеде жоғарғы ылғалдылықты сақтаңыз. Фикусты дымқыл қиыршық тас салынған табақшаның үстіне қойыңыз.

Гиппеаструм – көп жылдық баданалы өсімдік. Ірі түтік тәрізді гүлдері және ұзын жапырақтары болады. Гүлдерінің түсі ақ, ашық қызыл, қызыл және бір түсті, кейде қою түсті немесе ашық түсті сызықтары болады.

Жарықтандыруы. Өсімдік өсе бастағанда күннің тіке түскен сәулесіне ұстаңыз. Жазда күн сәулесі түсіп тұрған жерге қоюға болады, сонда өсімдік міндетті түрде келесі жылы гүлдейтін болады. Қысқы тыныштық кезінде жарық онша маңызды емес.

Суару. Баданасы бой ала бастағанда аздап суарып қойыңыз, ал бойы көтеріле өсе бастағанда суаруды біртіндеп көбейте бастаңыз. Жазда бірқалыпты жайлап суару қажет және екі аптада бір рет кәдімгі сұйық тыңайтқышпен қоректендіру керек. Күзде жапырақтары сарғая бастағанда қоректендіруді де, суаруды да тоқтату керек.

Температура. Баданасы бой алу үшін жылу керек, бірақ гүлдеу кезінде гүлдің тіршілігін ұзарту үшін салқын ауа қолайлы. Қысқы тыныштық кезеңінде қолайлы температура +12 0С болып табылады.

Ылғалдылығы . Құрғақ ауаны жақсы қабылдайды.

Тапсырма:

1.Кафедра өсімдіктерінің түрлерімен танысу

2.Әсемдік үшін өсірілетін өсімдіктердің ерешеліктерін білу

3.Айдарлы хлорофитумды құмырадан алып, тамырының құрылысына сипапаттама беріңіздер

4.Жарықсүйгіш өсімдіктерді жарық жерге орналастырыңдар

5. Өсімдіктер өсіп тұрған топырақ құрамындағы ылғалдылығын тексеріңдер

Бақылау сұрақтар:

1.Кафедрада кездесетін өсімдіктерді атаңыз?

2.Өсімдіктің әрқайсысына сипаттама беріңдер?

3.Аталған өсімдіктердің қайсысы ылғал сүйгіш және ылғалды аз қажет етеді?

4.Драценаның төменгі жапырақтары не себептен сарғая бастайды?

Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Бабин Д. Комнатное цветоводство. -Смоленск: Русич, 2002. -448.

2.Бехтхольд Ф. Всё о комнатных растениях. -М.: БММ АО, 2000. -160с.:илл.

3.Гилберт Р. Комнатные растения: практическое руководство. -М.: Слово, 2001. -144 с.: ил.

4.Рокош Е.В. Комнатные растения. -М.: Мартин, 2003. -448с.

5.Сенин Б.К. Химия для вас и вашего дома. -Ростов н/Д: Феникс, 1999. -352с.

2 тақырып Бақша жерлерінің түрлері. Шым топырақ, жапырақты, қарашірік, қорда, сүрек, бау-бақша жерлері. Жер қоспасын құрайтындар: мүк, сүректі көмір.

Мақсаты:

Топырақ жағдайларын білу. Топырақтың түрлерін қарастыру

Жоспар:

1.Шым топырақ

2.Қарашірік топырағы

3.Жапырақты топырақ

4.Шымтезек топырағы

5.Бақша немесе бақ топырақтары

6.Көкбұта топырақтары

7.Құм

8.Ағаш көмірі

9.Үгітілген кірпіш

10.Сфагномды мүк

Керекті құрал-жабдықтар: Шым, қарашірік, жапырақты, шымтезек, бақша немесе бақ, көкбұта топырақтары. Құм, ағаш көмірі және үгітілген кірпіш

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]