- •Жоспар:
- •1. «Марриотт Интернешнл» қонақ үйлер желісі туралы жалпы мәліметтер
- •1.1 «Марриотт Интернешнл» қонақ үйлер желісінің тарихы
- •1.2 Қонақ үйдің қысқаша сипаттамасы
- •2. «Астана Марриотт Отель» қонақ үйінің басқару құрылымын талдау
- •2.1 Human Resources Department бөлімінің негізгі функциялары
- •2.2 Food and beverage department және Kitchen бөлімдерінің негізгі функциялары
- •2.3 Department of Safety and Security бөлімінің негізгі функциялары
- •2.5 Sales and marketing department және Financial department бөлімдерінің негізгі функциялары
- •2.4 Business Center Front бөлімінің негізгі функциялары
- •2.6 Rooms Division бөлімінің негізгі функциялары
- •3. «Астана Марриотт Отель» қонақ үйінің жұмысына сараптама
- •3.1 Кәсіпорынның сыртқы ортасына сараптама
- •Қорытынды
- •Пайдаланылған әдебиеттер:
- •Қосымшалар
2.4 Business Center Front бөлімінің негізгі функциялары
Астана Марриотт қонақ үйі қарамағында «СААД» бизнес орталығы қызмет жасайды, бизнес орталық замануи конференц залдармен жабдықталып, әлемнің түкпір-түкпірінен келген кәсіпкерлердің кез келген деңгейдегі жиындарын жоғарғы деңгейде өткізіп бере алады. Бизнес орталық өз алдына бөлек бөлімшелері бар ұйым іспеттес, себебі ол өз алдына ресепшн қызметкерлері, инженерлер және хаузкипинг қызметкерлері бар орталық. Конференц залдар көлемі 53 м*2 тан 340*2 қа дейін жетеді, ең үлкен залдар сиымдылығы 180 адамға дейін .
2.5 Sales and marketing department және Financial department бөлімдерінің негізгі функциялары
Сату және маркетинг бөлімі қонақ үйдің жалпы қызметіне өте үлкен әсерін тигізеді, сондықтан қонақ үйдің кірісіне тигізетін әсері зор. Себебі, оның негізгі мақсаты қонақ үйдің қызмет желісін жылжыту мен сату болып саналады. Қонақ үй номерін брондау, конференц-залдарды жалға беру, ресторан қызметін ұсыну тек жеке адам үшін ғана емес, топтор, группалар үшін де ұсынылады. Ашық саясат жүргізе отырып коммерциялық бөлім қонақ үй үшін нарықта маңызды орын алады. Сату және маркетинг бөлімінің халықаралық саясатының ерекшелігі – қонақ үй тиесілі халықаралық тізбегі болып табылады, онда әрбір коммерциялық бөлімінің менеджері сол қонақ үйдің қызметкері ғана емес, сондай-ақ барлық қонақ үйлер тізбегінің қызметкері болып табылады. Бұл дегеніміз, ол қызмет көрсетуді жылжыта отырып, қонақ үй желісіне кіріс кіргізуі тиіс. Сонымен қатар, бұл уақытта келген қонақ үй клиенттерінің мұқтаждығын қанағаттандыру керек. Бұл жұмыс арқылы ол өзінің қонақ үйге деген бағаланбас қолдауын көрсетеді. Сол арқылы ол жергілікті нарықты жаулап алуға үлкен септігін тигізеді.
Қазіргі уақытта жаңа қонақ үйлердің маркетингтік қызметі әр түрлі ұйымдастырылған. Әлдеқайда көп тараған формасы функционалдық ұйымдастыру. Бұл уақытта маркетингтің әр түрлі тармағының басшылығында нақты бәр қызмет мамандары тұрады. Олар: сату бойынша басқарушылар, жарнама менеджерлері, маркетингтік зерттеулер эксперттері, жаңа қызметтер ұсыну және сапа бойынша жауапты бармалар. Өз қызметтерін ұсынатын қонақ үй желілерінде сол ел және шет елдерде географиялық ұйымдастыру қағидасы қолданылады. Бұл жағдайда саркетинг және сату қызметкерлерінің мойнында мемлекеттер, региондар және облыстар қарайды. Осы ұйымдастыру бойынша мамандарға бекітілген территория жұмыс жасауға, сонымен қатар өз тұтынушылары туралы толық білуге және іссапарға жұмсалатын шығындарды қысқартуға көмегін тигізеді.
Замануи қонақ үйлер қазіргі уақытта сату және маркетинг бөлімі мынадай ұйымдастырудың концепцияларын таңдай алады:
қарапайым сату меркетингі. Көптеген қонақ үй жүйелері ереже бойынша сату маркетингінің басқарушысының орынбасары қызметін тағайындайды. Оның міндетіне қонақ үй жіктеулерін арттыру болып табылады. Орынбасар бөлмелерді сату барысына тура әсер етеді. Маркетингтік зерттеулер немесе жарнама компанияларымен келісім-шарт орнатады;
сату маркетингі. Бұл функцияны атқаратын маркетинг қарапайым орта деңгейлі қонақ үйлерге тән. Өз қонақ үйінің қызметін арттыра отырып, ол туристік нарықтың басқа да сигменттерімен айналысады немесе жаңа географиялық нарыққа шығады. Жергілікті тұтынушылардың ұсынысын және нарықтың мүмкіндігін білу үшін олар маркетингтік зерттеуді өткізу тиіс, жарнама компаниясына өзін және өз өнімін таңдалған өңірде таныстыру керек. Бұл міндеттерді орындау үшін қонақ үй маркетингтік зерттеулер және
жарнама мамандарын жұмысқа жалдайды. Мүмкін, штаттық кестеде жаңа маман пайда болуы мүмкін;
Қазіргі заманғы маркетинг бөлімі. Сату және маркетинг бойынша бөлінген басшылар бірге жұмыс жасау керек, бірақ осы жұмыс барысында олардың араларында жиі келіспеушіліктер туып тұрады. Осыдан барып бір біріне сенімдері жоғалады. Сату бөлімінің басшысы маркетинг бөлімінің тағайындаған орнына көңілі толмайды, ал маркетинг бөлімінің басшысы бөлмелерді сатудан түскен жанама кірістерді іс шара ұйымдастыруға көп қаражат сұрайды. Маркетингтік бөлімінің басшысының жұмысы осы жерде нақты өсу мүмкіндігін табу, жаңа маркетингтік стратегия мен программаларды ойлап табу болып есептеледі. Ал олардың орындалуы сату бөлімінің қызметкерлерінің мойнында;
Зерттеу нәтижелері бойынша маркетологтар нарықтың сигменттерін белгілеп түсінуге жұмыс атқарады, жоспарлаумен айналысады. Олардың мақсаты қонақ үйдің кірісін үлкейту және нарықтағы орнын кеңейту. Сату бойынша мамандар олар өздерінің жұмыс тәрбиесіне сүйенеді. Олар барынша әр тұтынушыға жұмыс жасауға тырысады. Сату бөлімінің қызметкерлерінің көп уақыты клиенттер мен тұтынушыларға қарым қатынас ұстауға кетеді. Олар бүгінгі күнмен өмір сүреді және сол күнгі жоспарды орындауға тырысады;
Қонақ үйдің маркетингтік құрылымын ұйымдастырар кезде, оның негізгі құрылу принциптерін сақтауы жөн.
Сонымен қатар оларқонақ үй маркетингіне байланысты ерекше міндеттерді орындауы тиіс. Оларға мыналар жатады:
білім жүйесі, біліктілік;
жоғары аналитикалық қабілет;
жағдайды болжауға және тиімді шешімдер қабылдау;
коммуникабельді;
жанжалды шешуге деген дипломатиялық шеберлігі.
Клиентпен пен менеджер арасындағы сату процесі туралы талқылаулар көптеген айларға созылуы мүмкін, оның нақты деңгейге жеткенге дейін. Сондықтан ең алдымен сұранысты ұстап қалу қабілетілігіне көңіл бөлу керек. Содан кейін ғана нақты басынан аяғына дейінгі бақылауды қолына ала алады. Қонақ үй шаруашылығындағы S&M and F қызмет бөлімі маркетинг және қаржы бөлімі болып табылады. Бұл бөлімнің қонақ үи құрылымында пайда болғандығына көп уақыт болсада, оның ролі күн санап өсе түсуде.
Бөлімнің басты міндеті – қонақ үйдің қоныстану тығыздығын жоғарлату. Қызмет бөлімі маркетингтік зерттеулер жүргізеіді, қонақ үй қызметін сатып алушыларды іздейді (турфирмалар, конгресстерді ұйымдастырушылар). Сонымен қатар бөлімнің міндеттеріне қонақ үй неғұрлым көп пайда көре алатын сегмнтті анықтау, клиенттің профелін құру және назарын аударту әдістерін танықтау кіреді. Клиенттің профелі – бұл клиентті сипаттаушы белгілердің жиынтығы (жасы, табысы, ұлты, айналысатын саласы, келу себебі, қашан келеді және кетеді, қонақ үй қызметінде нені бағалайды, оның әдеттеррі және т.б). Жарнама компанияларын ұиымдастыру басқармаға капитал салымдарын қайда бағыттағндығы және болатындығы жөнінде ұсыныстар жасауда осы бөлім қызметіне кіреді. Маркетинг қызметі клинттің қонақ үй қызметінен қанағаттану дәрежесінің анализін жасайды. Бөлімнің ең басты міндеттерінің бірі қонақ үйдің баға саясатын анықтау болып табылады. (негізгі тариф және клиенттерді қызықтыру үшін түрлі жеңілдіктер). Қонақ үй қызметі нарығында отельдің жағдайының кез келген жағымсыз өзгеру болған жағдайда маркетинг бөлімі нарықты сараптайды, себептерді анықтайды және басшылыққа отельдің жағдайын жақсарту үшін қажетті шараларды ұсынады. Ондай шараларға жарнама компаниясын күшеиту, кластық деңгейді өзгерту (түсіру және жоғарлату) қызмет көрсету түрлерінің өзгеруі. Маркетинг бөлімінде қонақ үй орналасқан аймақтың қонақ үй қызметі нарығын зерттеу, бәсекелестерді зерттеу сияқты классикалық маркетингтік жұмыстар жүргізіледі. Бұл жұмыстарды жүргізу үшін әртүрлі ақпарат көздерінен мәліметтер жинайды. Бөлімге сәйкес бөлімдерден барлық статистикалық және бухгалтерлік ақпарат келіп түседі. Маркетинг бөлімінде бұл ақпараттарды зерттеудің мақсаты қонақ үй жағдайының анализі, кірісті жоғарылату үшін пайдаланылмаған мүмкіндіктерді анықтау болып табылады.Қорыта келе, маркетинг бөлімі қонақ үйдің ең құпияландырылған бөлімі екендігін айта кеткен жөн: бөлімдегі бар бүкіл мәлімет құпия ақпарат
болып табылады.
