Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Отчет о практике (Зеренда).docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
592 Кб
Скачать
☆

Қорытынды

Осылайша, мен бірінші курстан кейінгі оқу-жаттығу жорығымды ойдағыдай сәтті аяқтадым. Бұл оқу-жаттығу жорығының маңызы өте зор. Туризм кафедрасы жүктеген міндеттерді біз өз дәрежесіне сай орындадық деп санаймын.

Осы міндеттерді орындай келе біз өз тәжірибемізді молайта түстік. Соның арқасында Қазақстан Ресубликасының туризм саласын жоғары биіктерге көтереміз деген үміттемін. Бұл Зерендіде өткен оқу-жаттығу жорығы осы іс-шара үшін алғашқы бастама әрі өте маңызды тәжірибе болып табылады.

Осындай оқу-жаттығу тәжірибесінен өту соңында еліміздің аса маңызды байлығына көз жүгірте үйрендім. Елімнің еңсесін биік көтеріп тұрған елордамыз Астана қаласы мен табиғатымен талайдың есінен кетпес Зеренді өлкесі жайлы мағлұматтар алынып, болашақта олардың туризм саласына қосар үлесінің дәрежесін байқадық. Сонымен қатар, өз өлкем Семейімнің де туристтердің қызығушылығын туғызар туристтік нысандарға толы екенін байқап, болашақтағы үміті туралы хабардар болдым.

Қорытындылай келгенде, туризмді дамыту кейінге қалдырмас іс. Елімізде туризм саласын дамытуға мүмкіншіліктер мол. Ең бастысы, қазақ қонақжай халық ретінде туризмге нағыз керек қасиеттен кенде емес. Ойдағыдай демалғысы келген адам тұрақты даму жолына тұскен, тыныш өмір сүріп жатқан елдерге ғана саяхатқа шыққанды ұнататыны белгілі. Бұл тұрғыдан Қазақстан таптырмайтын орын.

Қолданылған әдебиеттер тізімі:

  1. Қазақстан Республикасының Статистика агенттігінің сайты. http://www.stat.gov.kz

  2. Туризм және бағдарлану/Институт және университет студенттеріне арналған басылым/1987ж. – 240б.

  3. Бейсенбаева Ш.К. «Астана қаласында туризмнің дамуы»/ Статистикалық жинақ/–Астана: ҚР статистика агенттігі, 2007ж. – 106б.

  4. https://www.wikipedia.org