- •1. Беріліс механизмдерінің міндеттері және классификациясы (жіктелуі)
- •2. Берілістердің негізгі кинематикалық және энергетикалық сипаттамалары
- •1 Және 2 тісті доңғалақтар (кіру және шығу жұлдызшалары)
- •3. Тісті берілістер. Тісті берілістердің әрекет принципі және классификациясы
- •1 Шестерня; 2 доңғалақ; a – сыртқы ілініс; б ішкі ілініс; в – рейкалы ілініс
- •3.2.2. Цилиндрлік тісті берілістердің геометриясы және кинематикасы
1 Және 2 тісті доңғалақтар (кіру және шығу жұлдызшалары)
3. Қуат P. [P] = [Вт]. (мощность, power)
Кіру (жетектеуші) буындағы қуат P1 және шығу (жетектегі) буындағы қуат P2.
мұндағы
T
– айналдырушы
момент, [T]
= [Н·м].
Егер қуат киловаттпен берілсе [P] = [кВт], онда
4. Беріліс қатынасы i. (передоточное отношение, transmissions ratio)
Жетек (привод, drive) деп машинаны немесе механизмді қозғалысқа келтіретін құрылғыны айтады. Жалпы түрде жетек өзіне қозғалтқыш пен беріліс механизмдерін қамтиды.
Кіру
және шығу буындардың арасында сырғанау
жоқ деп жорамалданса, онда олардың
шеңберлік жылдамдықтары тең болуға
тиіс
,
ендеше
немесе
(5)
Беріліс қатынасы i деп энергия ағынының бағытында екі буынның бұрыштық жылдамдықтары және қатынастарын айтады.
Бір сатылы беріліс үшін
Егер
,
болса, беріліс төмендетуші немесе
редуктор, егер
,
болса, беріліс жоғарылатушы немесе
мультипликатор деп айтылады.
Айналу жылдамдығын (жиілігін) кемітуге арналған корпуста орналасқан бір немесе бірнеше жұп тісті доңғалақтан тұратын тісті механизмдер редуктор деп аталады.
Айналу жылдамдығын (жиілігін) көбейтуге арналған корпуста орналасқан бір немесе бірнеше жұп тісті доңғалақтан тұратын тісті механизмдер мультипликатор деп аталады.
Көп сатылы тісті берілістерде (2-сурет) жалпы беріліс қатынасын мына формуламен анықтаймыз:
мұндағы
сырттай ілінісу саны; «оң» таңба іштей
ілінісуге қатысты, ал «сол» таңба сырттай
ілінісуге қатысты;
жеке беріліс қатынастары
n тізбектеліп қосылған жұптардан тұратын кинематикалық тізбектің жалпы беріліс қатынасы осы жұптардың жеке беріліс қатынастырының көбейтіндісіне тең, яғни
Тәжірибеде беріліс қатынасын таңдау, оларды белгілі ұсынылған диапазоннан орташа мәндері бойынша таңдап алуға әкеледі.
2-сурет. Көп сатылы тісті беріліс
Беріліс
қатынасының таңбасын есепке алмау үшін,
тісті және бұрамдық берілістердің
есептеулерінде беріліс
санынан (передаточное
число, gear ratio)
пайдаланылады.
Беріліс
саны u
(МЕСТ 16532-70) деп үлкен тісті доңғалақ
тістер санының
кіші тісті доңғалақ тістер санына
қатынасын айтады
Беріліс саны қозғалыс қалай беріліп жатқанына, яғни -ден -ге немесе -ден -ге байланысты емес. Беріліс саны тек қана бір жұп тісті доңғалақтарға қатысты. Оны көп сатылы редукторлардың, шынжырлы, белдікті және басқа берілістер үшін беріліс қатынасын белгілеуге қолдануға болмайды, мұнда тек i белгісі, яғни беріліс қатынасы (бұрыштық жылдамдықтар қатынасы) дұрыс болады. Бір сатыда беріліс санының мөлшері беріліс қатынасына тең u = |i|.
Стандартты номиналды беріліс саны u:
1-қатар 1,0; 1,25; 1,6; 2,0; 2,5; 3,15; 4,0; 6,3; 8,0;
2-қатар 1,12; 1,4; 1,8; 2,24; 2,8; 3,55; 4,5; 5,6; 7,1; 9,0; 11,2.
Мүмкіндік ауытқу 4 .
5. Пайдалы әсер коэффициенті η. (коэффициент полезного действия, efficiency)
Берілістің
пайдалы әсер коэф-фициентін η
шығу (жетектегі) буынының қуатының
кіру (жетектеуші) буынның қуатына
қатынасы ретінде анықтайды. Мысалы,
бірсатылы жетек үшін
Контакт (түйіспе) (контакт, ) нүктелері мен тіректерде, сонымен қатар тіректердің деформациясынан, қызудан және т.с.с. пайда болатын шығындар салдарынан шығудағы қуат әрқашан кірудегіден кіші, яғни Р2<P1, сондықтан η< 1. Бұл энергияның сақталу және өзгеру заңдары талап еткендей.
Айналдырушы моментін берудегі пайда болатын шығын қуаты ΔP = P1 – P2 тең. Берілістегі шығындарды есептеу өте күрделі, бұл контакттық есепті, үйкеліс есебін, ыстықтықтың таралу есебін және т.с. шешумен байланысты. ПӘК анықтауды жеңілдету мақсатында оның орташа мәндерін пайдалануға болады.
Көпсатылы берілістердің (2-сурет) жалпы ПӘК-ін мына формула бойынша табамыз:
мұндағы η1 май ваннасындағы жабық цилиндрлі тісті беріліс ПӘК; η2 май ваннасындағы жабық конусты тісті беріліс ПӘК; η3 – ашық цилиндрлі тісті беріліс ПӘК; η4 – жұп домалау подшипниктері (мойынтіректері) ПӘК (0,99 0,995) және т.с.
Жалпы жағдайда n тізбекті сатылы болатын жетек үшін жалпы ПӘК тізбекті қатардың құрамды бөліктерінің жеке ПӘК-інің көбейтіндісіне тең, яғни
Берілістің негізгі сипаттамаларына: кіру мен шығу буындарындағы қуат; кіру мен шығу буындарының айналу жиілігі (n1 және n2, мин-1) немесе айналу жылдамдығы (ω1 және ω2, с-1) жүргіштігі жатады.
Берілістің өндірістік сипаттамаларына: пайдалы әсер коэффициенті; беріліс қатынасы жатады.
Айналдырушы моментті T, [H·м] қуат P, [Вт] және бұрыштық жылдамдық ω, [сек-1] арқылы келесі формуламен өрнектеуге болады:
немесе,
егер қуат
,
[кВт]
және айналу жиілігі
,
мин-1
берілсе
Кіру (жетектеуші) және шығу (жетектегі) буындарының айналдырушы моменттері арасындағы байланысты беріліс қатынасы және пайдалы әсер коэффициенті арқылы мына көріністе өрнектеуге болады
