- •1 Кәсіпорынның шаруашылық қызметімен танысу
- •2 Бухгалтерлік есептің құрылу негіздері
- •3 Кәсіпорынның меншікті капиталының есебі
- •4 Негізгі құралдар мен материалды емес активтердің есебі
- •5 Қорлардың есебі
- •6 Ақша қаражаттарының есебі
- •7 Дебиторлық берешектің есебі
- •7 Міндеттемелердің есебі
- •8 Еңбек және еңбекақының есебі
- •9 Еңбек және еңбекақының есебі
- •10 Кірістер мен шығыстардың есебі
- •11 Қаржылық есептілік: құру әдістемесі
8 Еңбек және еңбекақының есебі
Жұмыстың күрделілігіне, мөлшеріне және сапасына сәйкес жұмысшылардың арасында бөлінетін ақшалай және натуралды түрдегі қаражаттың жалпы сомасы еңбек ақы қоры деп аталады. Еңбек ақы қорына қабылданған еңбек ақы жүйесі мен нысанына, қаржыландыру көзіне тәуелсіз, кәсіпорында есептелген барлық еңбек ақы, ынталандыру және жәрдем ақы сомалары, сонымен қатар натуралды еңбек ақы түрінде берілетін өнімнің құны кіреді.
Еңбек ақының жалпы сомасына төмендегілер кіреді:
• Еңбек ақы сомасы
• Ынталандыру сипатындағы төлемдер
• Еңбек тәртібіне және еңбек жағдайларына байланысты төленетін орнын толтыру сипатындағы төлемдер
• Еңбек туралы заңға және ұжымдық келісім-шарттарға сәйкес кідіріс уақытына есептелген еңбек ақы сомасы
Еңбек ақы еңбек еткен уақытқа пропорционалды түрде тарифтік төлем, еңбек ақы мөлшері, кесімді баға және аккорды нарядтар бойынша есептелінеді. Ынталандыру төлемдеріне сай ақылар, тарифтік төлемдерге және кәсіби шеберлігі, еңбекте жоғары жетістіктері үшін еңбек ақы мөлшеріне қосылған үстемелер т.с.с., сонымен қатар көп жылғы сіңірген еңбегі, еңбек стажы, жыл бойғы істелінген жұмыстың нәтижесі үшін сый ақылар және сол сияқты басқа да төлемдер мен сыйлықтар жатады.
Бухгалтерлік есеп мақсаттары үшін өнімнің өзіндік құнына қосылатын еңбек ақыны негізгі жәнеқосымша еңбек ақы деп бөледі.
Негізгі еңбек ақы деп нақты жұмыс істеген уақыты, мерзімі және кесімді төлем кезінде орындалған жұмыстың саны мен сапасы үшін төлемдерді,қосымшаларды, сый ақылар және сый ақылы үстемелерді және т.б.атайды.
Жалақы – бұл еңбек өлшемі мен тұтыну өлшеміне бақылау жасауды жүзеге асыруға көмектестін маңыздық экономикалық құрал. Шаруашылық субъектісінің түріне қарамастан әрбір қызметкердің кірісі субъект жұмысының түпкілікті нәтижелерін ескергенде, оның жеке үлесімен анықталады және салықтармен реттелінеді. Жалақы тұтынушы кіріснің үлкен бөлігін құрайды, сондықтан да сұраныстың мөшеріне, тауардың тұтасына және олардың бағасына елеулі әсер етеді. Жалақының номиналды және шынай түрлері болады. Номиналды жалақы дегеніміз —жалдамалы еңбектің қызметкері өзінің күндік, апталық, айлық еңбегі үшін алатын ақша сомасы. Номиналды жалақының мөлшеріне қарап табысының деңгейі жайында айтуға болады, бірақ тұтынудың деңгейі мен адамның әл – ауқаты жайлы айту мүмкін емес. Шынайы жалақы – алған ақшаға сатып алуға болатын өмірлік игіліктер мен қызметтердің жиыны. Ол номиналды жалақыға тікелей қатынаста және тұтыну заттары мен ақылы қызметтердің бағасы деңгейімен кері қатынаста болады. Жалақы өнімінің өзіндік құнының негізгі элеметтерінің бірі болып табылады, сондықтан да жалақы есебінің дұрыс ұйымдастырылуы еңбек өнімділігінің артуына, өнімнің өзіндік құнының кемуіне және еңбеккерлердің өмір деңгейінің жақсаруына себепші болады.
Қызметкерлермен есеп айырысу есебінің негізгі міндеттері:
1.Еңбектің саны мен сапасы, шығарылым нормасының орындалуына, жұмыс уақыты мен жалақы қорының пайдалануына бақылау жасау;
2.Субъектінің әрбір қызметкеріне жалақыны дер кезінде және уақытылы есептеу;
3.Жалақыдан дер кезінде және дұрыс ұстап қалу;
4.Белгіленген мерзімдерде қызметкерлермен еңдекақы бойынша есеп айырысуды жүргізу;
5.Есептелген жалақыны өнімнің, жұмыстың, қызметтің өзіндік құнына дер кезінде және дұрыс енгізу;
6.Өндірістік процеске басшылық жасау операцияларына қажетті еңбек пен жалақы туралы деректерді алу;
7.Еңбек және жалақы бойынша статистикалық есептемені жасау;
Еңбек ұғымы тауар өндіруде және қызмет көрсетудегі барлық дене және адамдардың ақыл ой қаблеттілігін көрсетеді.
Еңбекақы жөніндегі саясат кәсіпорында басқарудың құрамды бөлігі болып табылады және оның қызметінің тиімділігі оған елеулі ықпал етеді. Себебі, еңбекақы жұмыс күшін тиімді пайдаланудағы ынталандырудың маңыздысының бірі.
Еңбекақы бұл жұмыскеге оның еңбегі үшін сапасына, санына және шығарған қажетті өнім көлеміне сәйкес берілетің төлем. Қалыпты жағдайда еңбекақы қажетті өнімнің құнына тең және оның ақшалай түрі болып табылады .
Жұмыс күші бұл қызметкердің өміріне қажет және оның еңбек қаблетің қалпына келтіруге жәрдемдесетің заттардың жинақ құны.
Еңбекақы төлеудің маңызы, түрлері және оларды ұйымдастыру. Еңбекақы төлеудің маңызын, қызметкерге еңбек міндетін орындағаны үшін берілетін сыйақы деп түсінеміз.
Еңбекақы төлеудің негізінде еңбекақы төлеудің шекті өнімділігімен шектелінетің, өндіріс факторы ретіндегі еңбектің құны жатыр. Шекті өнімділік теориясына сәйкес қызметкер еңбекақының орнын толтыратын өнім өндіруге міндетті, олай болса еңбекақы қызметкердің еңбек тиімділігіне тәуелді.
Қызметкер үшін еңбекақы оның жеке табысының негізі және басты бөлігі болып табылады, сонымен қатар еңбекақы қызметкердің және оның жанұя мүшесіндегі адамдардың әл ауқат деңгейін жоғарылататын құрал болып саналады.
Жұмыс беруші үшін еңбекақы өндіріс шығындары болып саналады. Жұмыс беруші әсіресе бұйымның кететің шығындарды барынша азайтуға тырысады.
Еңбекақы төлеу негізгі және қосымша түрлерге бөлінеді.
Негізгі еңбекақыға мынадай төлемдер жатады:
— мерзімділік, үдемелі және кесімді еңбекақы төлеу кезінде орындалған жұмыстың сапасы және мөлшері үшін, пайдаланылған уақыт үшін төлемдер;
— еңбектің қалыпты жағдайынан ауытқуымен байланысты төлемдер, яғни мерзімнен тыс жұмыстар үшін, түнгі уақыттарға, мереке күндерде және т.б күндерде жұмыс жасағаны үшін төленетін төлемдер;
— қызметкердің кесірінсіз тоқтап қалулар үшін төлемдер;
— сыйлықтар, сыйлықақылы үстемелер және т.б.
Қосымша еңбекақыға ұжымдық келісім шарттарда және еңбек туралы заңдарда қарастырылған, жұмыс жасалмаған уақыттар үшін төлемдер жатады:
— демалыс уақыттарына ақы төлеу;
— мемлекеттік және қоғамдық міндеттерді орындаған уақыттары үшін ақы төлеу;
— кішкентай балалары бар аналарға жұмыстағы үзілістері үшін ақы төлеу;
— жасөспірімдерге белгіленген жеңілдік сағаттарға ақы төлеу.
Кәсіпорында еңбекақыны төлеуді ұйымдастыру үш өзара байланысты және өзара тәуелді элементтермен анықталады:
— тарифтік жүйе;
— еңбекті нормалау;
— еңбекақы төлеудің нышаны.
Тарифтік жүйе әр түрлі топтағы және категориядағы қызметкерлердің еңбектерінің сапалық сипаттамасына тәуелді олардың еңбекақыларын саралауды және реттеуді жүзеге асыра алу мүмкіндігін қамтамассыз ететін норматифтердің жиынтығын көрсетеді.
Тарифтік жүйеге:
— сағатына немесе күніне еңбекақы мөлшерін анықтайтын тарифтік жүйе;
— еңбекақы төлеудегі жұмыстың және жұмысшылардың әр түрлі разряд арасындағы арақатнастарын көрсететін тарифтік тор;
— тарифтік тормен сәйкес жұмысшылардың және жұмыстың разрядтарын анықтауға болатын тарифтік біліктілік анықтамалар кіреді.
Жұмысты тарифтеу – бұл еңбек түрлерінің күрделілігіне тәуелді еңбек түрлерін біліктілік категориясына немесе тарифтік разрядқа жатқызу.
Тарифтік разряд қызметкердің біліктілігін және еңбек күрделілігін қамтып көрсететін шама және тарифтік разряд әр өндірістік операцияларда, әр жұмыста қолданылады.
Еңбекті тарифтеу және тарифтелуразрядының қызметкерлерге иемденіп кетуі қызметкердің біліктілігіне, ұсынылған талаптарымен көрсетілген.
Еңбек ақы есебі бойынша шаруашылық операцияларға шоттар корреспонденциясның кестесі
Шаруашылық операция мазмұны |
Дебет |
Кредит |
Еңбек ақы есептелді: Негізгі өндіріс жұмысшыларына
|
8110 |
3350 |
Көмекші өндіріс жұмысшыларына |
8310 |
3350 |
Цех персоналдарына |
8410 |
3350 |
әкімшілік-басқару қызметкерлеріне |
7210 |
3350 |
өнімдерді сату сферасы жұмысшылары |
7110 |
3350 |
Резерв есебінен жұмысшыларға кезекті демалыс ақысы есептелді
|
3130 |
1030 |
Жеке табыс салығы есептелді |
3350 |
3120 |
Атқару қағаздары бойынша депоненттелген еңбек ақы ұсталды
|
3350 |
3390,4170 |
Еңбек ақы кассадан берілді |
3350 |
1010 |
Есепті сомалар ұсталды, материалдық зиян жойылды |
3350 |
1250,2150 |
Еңбек ақыдан ұсталатын ұсталымдар және шегерімдер
Кәсіпорын жұмыскерлеріне есептелген еңбек ақыдан, еңбек шарты бойынша және қосымша жұмыс істейтіндердің еңбек ақысынан әр түрлі ұсталымдар жасалады. Оларды екі топқа бөлуге болады:
• Міндетті ұсталымдар
• Кәсіпорынның ұйғарымына байланысты ұсталымдар
Міндетті ұсталымдарға зейнетақы жарналары, табыс салығы, заңды және жеке тұлғаның есебіне жасалған нотариалдық кеңсенің жазбалары және атқару қағаздары боұсталымдар жатады.
Кәсіпорын ұйғарымына байланысты ұсталымдарға: кәсіпорынның шеккен материалдық зиянының орнын толтыру үшін еңбек ұжымының мүшелерінен және жұмыскерлерден ұсталатын сомалар, есеп беруге тиісті соманың уақытыстында қайтарылмаған бөлігі жатады.
