Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
SO_Geografia_7klass_zhana.doc
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
9 Мб
Скачать
☆

«Физикалық география» бөлімі бойынша жиынтық бағалау

Тақырып

Биосфера

Оқу мақсаты

7.3.4.2 Топырақ құрамын, түрлерін анықтап, құрылымын графикалық түрде көрсетеді

7.3.4.3 Қазақстанда топырақ түрлерінің таралуын анықтайды

Ойлау дағдыларының

деңгейі

Қолдану.

Жоғары деңгей дағдылары

Бағалау критерийі

Білім алушы

  • Топырақ құрамын, түрлерін ажыратады.

  • Топырақ құрылымын графикалық түрде бейнелейді.

  • Қазақстанда топырақ түрлерінің таралу себептерін дәлелдейді.

Орындау уақыты 20 минут

Тапсырма

  1. Берілген сұрақтарға жауап беріңіз,тапсырмаларды орындаңыз:

    1. Топырақ дегеніміз -

    2. Топырақ түзуші факторларды сызбаға толықтырыңыз.

    1. Сипаттама арқылы топырақтың түрін анықтаңыз және механикалық құрамын толықтырыңыз.

Бұл топырақ орманды- дала және дала зоналарында кең таралған. Көп жылдық шөпті өсімдіктер астында, борпылдақ жыныстарда түзілген және аса құнарлы топырақ деп саналады.

    • Топырақ түрі

    • Механикалық құрамы

d.Құрылымы жоқ топырақтың құнарсыз болу себебін түсіндіріңіз.

  1. Берілген суретке қарап, топырақ қабаттарын анықтаңыз және ерекшелігін жазыңыз.

  1. Қазақстанның физикалық картасы берілген

    1. Картада көрсетілген табиғат зонасын анықтаңыз.

    1. Карта арқылы осы табиғат зонасындағы топырақ түрін анықтаңыз

    2. Осы табиғат зонасында кездесетін топырақтың құнарлығы жоғары. Себебін түсіндіріңіз.

    3. Осы табиғат зонасынан солтүстікке қарай топырақ гумусының жоғары болуы неге байланысты екендігін түсіндіріңіз.

Бағалау критерийі

Тапсырма №

Дескриптор

Балл

Білім алушы

Топырақ құрамын, түрлерін ажыратады.

1

топырақтың анықтамасын береді;

1

сызбада топырақ түзуші факторды толықтырады;

1

сызбада топырақ түзуші факторды толықтырады;

1

сипаттама арқылы топырақтың түрін анықтайды;

1

механикалық құрамын анықтайды;

1

құрылымы жоқ топырақтың құнарсыздық себебін түсіндіреді;

1

Топырақ құрылымын графикалық түрде бейнелейді.

2

суреттегі топырақ А0 қабатынның атауын жазады;

1

топырақтың А0 қабатының бір ерекшелігін жазады;

1

суреттегі топырақтың А1 қабатының атауын жазады;

1

топырақтың А1 қабатының бір ерекшелігін жазады;

1

суреттегі топырақтың В қабатының атауын жазады;

1

топырақтың В қабатының бір ерекшелігін жазады;

1

суреттегі топырақтың С қабатының атауын жазады;

1

топырақтың С қабатының бір ерекшелігін жазады;

1

Қазақстанда топырақ түрлерінің таралу себептерін дәлелдейді.

3

карта арқылы көрсетілген табиғат зонасын анықтайды;

1

карта арқылы табиғат зонасындағы топырақ түрін анықтайды;

1

топырақтың құнарлылығының әр түрлі болуының себебін түсіндіреді.

1

топырақ гумусының арту себебін түсіндіреді.

1

Барлығы

18 балл

ЖОБА

«Физикалық география» бөлімі бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты ата-аналарға ақпарат ұсынуға арналған рубрика.

Білім алушының аты-жөні ___________________________________________

Бағалау критерийі

Оқу жетістіктерінің деңгейі

Төмен

Орта

Жоғары

Топырақ құрамын, түрлерін ажыратады.

Топырақ құрамы мен топырақ түрлерін ажыратуда қиналады.

Т опырақ құрамы мен топырақ түрлерін ажыратуда қателіктер жібереді.

Топырақ құрамы мен топырақ түрлерін ажыратады.

Топырақ құрылымын графикалық түрде бейнелейді.

Топырақ құрылымын графикалық түрде бейнелеуге қиналады.

Топырақ құрылымын графикалық түрде бейнелегенде қателіктер жібереді.

Топырақ құрылымын графикалық түрде бейнелейді.

Қазақстанда топырақ түрлерінің таралу себептерін дәлелдейді.

Қазақстанда топырақ түрлерінің таралу себептерін дәлелдеуде қиналады.

Қазақстанда топырақ түрлерінің таралу себептерін дәлелдеуде қателіктер жібереді.

Қазақстанда топырақ түрлерінің таралу себептерін дәлелдейді.

34

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]