- •1 Цифрлық жүйелердің құрылым негіздері
- •1.1 Логикалық функциялар мен логикалық элементтер
- •1.1 Сурет
- •1.2 Сурет
- •1.3 Сурет
- •1.4 Сурет
- •1.5 Сурет
- •1.6 Сурет
- •1.2 Қиыстырма құрылғылар
- •1.6 Сурет
- •1.7 Сурет
- •1.8 Сурет
- •1.9 Сурет
- •1.3 Қалыпты қиыстырма құрылғылар
- •1.3.1 Шифраторлар.
- •1.10 Сурет
- •1.3.2 Дешифраторлар.
- •1.11 Сурет
- •1.12 Сурет
- •1.3.3 Мультиплексорлар.
- •1.13 Сурет
- •1.14 Сурет
- •1.3.4 Демультиплексорлар.
- •1.3.5 Қосуыштар.
- •1.16 Сурет
- •1.17 Сурет
- •1.4 Тізбектеме құрылғылар
- •1.4.1 Жады элементтері – триггерлер.
- •1.18 Сурет
- •1.19 Сурет
- •1.20 Сурет
- •1.21 Сурет
- •1.22 Сурет
- •1.23 Сурет
- •1.24 Сурет
- •1.4.2 Регистрлер.
- •1.25 Сурет
- •1.4.3 Санауыштар.
- •1.26 Сурет
- •2 Цифрлық құрылғылардың моделдері
- •2.1 Тізбелі ауыспалы қосу құрылғысы
- •2.1 Сурет
- •2.3 Сурет
- •2.3 Тізбелі операндтарға арналған қосу құрылғысы
- •2.4 Сурет
- •2.4 Автоматты режимдегі тізбелі қосу құрылғысы
- •2.6 Сурет
- •3 Дерек сақтау құрылғылары
- •3.1 Ram түріндегі жады құрылғыларының құрылымдары
- •3.1 Сурет
- •3.2 Сурет
- •3.3 Сурет
- •3.2 Rom түріндегі жады құрылғыларының элементтері
- •3.4 Сурет
- •3.5 Сурет
- •3.6 Сурет
- •4 Микропроцессорлық жүйелер
- •4.1 Микропроцессорлық жүйелердің құрылым принциптері
- •4.2 Intel 8085 микропроцессоры
- •4.2.1 Микропроцессордың құрылымы.
- •4.1 Сурет
- •4.2.2 Микропроцессордың шықпалары мен сигналдары.
- •4.2.3 Микропроцессор жұмысының ұйымдастырылуы.
- •4.2.5 Тізбекті енгізу/шығару жүйесі.
- •4.3 Intel 8085 микропроцессорының командалар жүйесі
- •4.4 Сілтеу тәсілдері
- •5 Микропроцессорлық жүйелерді бағдарлау
- •5.1 Дерек таратылымдары
- •5.1 Сурет
- •5.2 Бірбайтты арифметика
- •5.3 Екібайтты арифметика
- •5.4 Стекпен жұмыс ұйымдастырылуы
- •5.5 Көбейту операциясының жүзеге асырылуы
- •5.6 Қосалқы бағдарламалармен жұмыс ұйымдастырылуы
- •5.7 Екілік-ондық түрлендірілімдер
- •5.8 Үзілістермен жұмыс ұйымдастырылуы
- •6 Микропроцессорлық жүйенің моделі
- •6.1 Mp4m моделінің құрылымы
- •6.1 Сурет
- •6.2 Сурет
- •6.2 Mp4m моделінің қызмет буындары
- •6.3 Сурет
- •6.3 Mp4m моделінің жұмыс режимдері мен командалар жүйесі
- •6.4 Mp4m моделінің жұмысын ұйымдастыру мысалдары
- •Әдебиеттер тізімі
- •Мазмұны
1.19 Сурет
Бұл құрылымның жұмысын 1.9 кестедегі жазылым ретімен қарастырамыз.
1.9 к е с т е
|
R |
S |
Q |
Q’ |
1 |
1 |
1 |
? |
? |
2 |
0 |
0 |
1 |
|
3 |
1 |
0 |
1 |
|
4 |
0 |
1 |
0 |
|
5 |
1 |
1 |
0 |
|
6 |
0 |
0 |
1 |
1 |
7 |
1 |
1 |
??? |
??? |
Кестенің бірінші жолында – R = 1, S = 1; екі элементтің де бір кірісінде 1 тұр, ал олардың кері байланыстық кірістерінде қарастырылым басында қандай сигнал тұрғаны белгісіз, демек құрылым шығыстарындағы (Q және Q’) сигнал деңгейлері де белгісіз.
Кестенің екінші жолында – R = 0, S = 1; төменгі элементтің бір кірісінде лог.0 тұрғандықтан, бұл элементтің жұмыс логикасына сәйкесті, оның шығысында (Q’) лог.1 деңгейлі сигнал туады да, ол кері байланыс жолы арқылы жоғарғы элементтің екінші кірісіне түседі, нәтижесінде оның шығысында (Q) лог.0 деңгейлі сигнал туады; сонымен, бұл жағдайда триггер лог.0 жағдайына келтіріледі (яғни оған 0 жазылады).
Кестенің үшінші жолында – R = 1, S = 1; төменгі элементтің R кірісіндегі сигнал деңгейі өзгергенмен, оның құрылымның Q шығысына жалғанған кірісінде лог.0 деңгейі тұрғандықтан, бұл элементтің шығысындағы сигнал деңгейі алдыңғы лог.1 деңгейінде қалады, демек триггердің жағдайы өзгермейді.
Кестенің төртінші жолында – R = 1, S = 0; жоғарғы элементтің бір кірісінде лог.0 тұрғандықтан, оның шығысында (Q) лог.1 деңгейлі сигнал туады да, ол кері байланыс жолы арқылы төменгі элементтің екінші кірісіне түседі, нәтижесінде оның шығысында (Q’) лог.0 деңгейлі сигнал туады; сонымен, бұл жағдайда триггер лог.1 жағдайына келтіріледі (яғни, оған 1 жазылады).
Кестенің бесінші жолында – R = 1, S = 1; жоғарғы элементтің S кірісіндегі сигнал деңгейі өзгергенмен, оның құрылымның Q’ шығысына жалғанған кірісінде лог.0 деңгейі тұрғандықтан, бұл элементтің шығысындағы сигнал деңгейі алдыңғы лог.1 деңгейінде қалады, демек триггердің алдыңғы жағдайы сақталады.
Құрылымның қарастырылған жағдайларынан келесі қорытынды шығаруға болады: R = 0, S = 1 берілу жағдайы триггердің 0 жазу режиміне, R = 1, S = 0 жағдайы триггердің 1 жазу режиміне, ал R = 1, S = 1 жағдайы триггердің жазылған санды сақтау режиміне сәйкес келеді.
Триггердің кірістеріне R = 0, S = 0 берілген кезде (кестенің алтыншы жолы) екі элементтің де шығыстарында лог.1 деңгейлі сигнал туады да, триггер сақтау режиміне ауыстырылғанда (кестенің жетінші жолы), триггердің қай жағдайға тиянақталатындығы кездейсоқ оқиға. Демек бұндай жағдайды тудырмас үшін, қарастырылған триггердің кірістеріне R = 0, S = 0 берілмеуі керек, сондықтан бұл жағдай триггердің тыйым салынған режимі болады. Сонымен, қарастырылған триггердің жұмыс режимдерін 1.10 кесте түрінде суреттеуге болады.
1.10 к е с т е
R |
S |
Q |
Q’ |
Жұмыс режимдері |
0 |
0 |
– |
– |
Тыйым салынған режим |
0 |
1 |
1 |
0 |
‘0’ жазу режимі |
1 |
0 |
0 |
1 |
‘1’ жазу режимі |
1 |
1 |
Q0 |
Q0’ |
Сақтау режимі |
Қарастырылған триггердің жазу режимдері сәйкесті ақпараттық сигналдардың (S – Set, R – Reset) нөлдік деңгейімен жүзеге асырылатын-дығына байланысты бұндай триггер теріс кірісті триггер деп аталады. Оның шартты сызба белгілемесі 1.19, b суретте келтірілген.
Енді синхронды триггерлерді қарастыралық. Синхронды триггерлердің жаңа жағдайға ауысуы арнайы басқару сигналымен жүзеге асырылады. Басқару сигналын қабылдау тәсіліне байланысты синхронды триггерлер статикалы басқарылымды және динамикалы басқарылымды түрлеріне ажыратылады.
Статикалы басқарылымды (яғни деңгей арқылы басқарылатын) RS-триггердің сұлбасын теріс кірісті асинхронды RS-триггерге екі NAND элементінен тұратын басқару сұлбасын қосу арқылы жүзеге асыруға болады (1.20, a сурет).
|
|
a |
b |
