- •Пәннің мақсаттары мен міндеттері, оның оқу процесіндегі рөлі.
- •6.Оқу сабақтарының құрылымы
- •7. Студентке арналған ережелер
- •8. Оқу түріне байланысты оқу сағаттарының бөлінуі.
- •Лекция №2. Тақырыбы: Философия мәдениет феномені хақысында
- •Лекция №4. Тақырыбы: Шығыс мәдениетіндегі философия феномені Жоспары:
- •Лекция №3. Тақырыбы: Мәдени-тарихи контекстегі философия
- •1. Философия пәні оның негізгі тараулары
- •2. Логика, этика, эстетика
- •Философия
- •Лекция №5
- •Тақырыбы: Антикалық мәдениеттегі философия.
- •Натурфилософия. Сократ философиясы
- •Жоспары:
- •Лекция №6 Тақырыбы: Антикалық мәдениеттегі философия. Классикалық кезең. Жоспары:
- •Лекция №7 Тақырыбы: Батыс Европадағы орта ғасырлық философия. Жоспары:
- •Тақырыбы: Исламдық орта ғасыр мәдениет контексіндегі арабтық-мұсылмандық философия Жоспары:
- •Лекция №9 Тақырыбы: Қайта Өрлеу Дәуірінің философиясы. Жоспары:
- •Лекция № 10 Тақырыбы: ЖаңаУақыт мәдениетіндегі батысеуропалық философия. Жоспары:
- •Лекция №11 Тақырыбы: XVIII-XIX ғ.Ғ. Неміс философиясы. Жоспар:
- •Лекция №12 Тақырыбы: xiXғ. Мәдениетіндегі батысеуропалық философия. Жоспары:
- •Лекция №13 Тақырыбы: 19ғ. Мәдениетіндегі батысеуропалық философия. Жоспары:
- •Тақырыбы: Орыс философиясының тарихы. Жоспар:
- •Лекция № 15 Тақырыбы: Қазақ мәдениетіндегі философия феномені.
- •Лекция № 16 Тақырыбы: Қазақ мәдениетіндегі философия феномені. Жоспар:
- •Лекция №17 Тақырыбы: 20ғ.-21ғ. Мәдениеті контектіндегі батыстық философия. Жоспары:
- •Лекция №18 Тақырыбы: 20ғ.-21ғ. Мәдениеті контектіндегі батыстық философия. Жоспары:
- •Лекция №19 Тақырыбы: Онтология: негізгі ұғымдары мен принциптері. Жоспары:
- •Лекция № 20 Тақырыбы: Онтология: негізгі ұғымдары мен принциптері. Жоспары.
- •Лекция № 21 Тақырыбы: Философиядағы адам мәселесі. Жоспары:
- •Лекция № 22 Тақырыбы: Философиядағы адам мәселесі.
- •Лекция № 23 Тақырыбы:Диалектика: негізгі ұғымдары мен принциптері. Жоспары.
- •Лекция № 24 Тақырыбы: Гносеология: жалпы мәселелер. Жоспары
- •Лекция № 25 Тақырыбы: Гносеология: жалпы мәселелер. Жоспары:
- •Лекция № 26 Тақырыбы: Әлеуметтік философия Жоспары:
- •Лекция № 27 Тақырыбы: Әлеуметтік философия
- •Лекция № 28 Тақырыбы: Мәдениет,саясат, құқық философиясы Жоспары:
- •Лекция № 29
- •Жоспары:
- •Лекция № 30
- •Жаһандану дегеніміз не?
- •Жаһандану үрдісі шеңберіндегі өзекті мәселелер
- •Жаһандану үдерісінде ғылыми техникалық прогресстің рөлі.
- •Дүниежүзілік қауымдастық шеңберіндегі Қазақстан.
- •10. Семинар сабақтарының жоспары
- •11. Сөж жоспары
- •12. Әдебиеттер тізімі
- •13. Қорытынды бақылау сұрақтары
- •Хіх ғ. Мәдениетіндегі батысеуропалық философия
- •Эпистемология
- •Орташа сұрақ
- •Күрделі сұрақ
- •14. Студенттердің академиялық білімін рейтингтік бағалау жүйесі
Тақырыбы: Орыс философиясының тарихы. Жоспар:
Орыстың Х-ХVІІІ ғасырдағы философиялық ойының қалыптасуы. М.В.Ломоносовтың философиялық көзқарастары.
ХІХ ғасырдағы Орыс философиясы. Славянофилдік және батысшылдық.
Ресейдегі Марксистік философия.
Лекцияның мақсаты: Орыс философиясындағы бағыттармен философтармен таныс болу. Олардың негізгі идеялармен таныс болу.
1.Орыс философиясы дүние жүзілік философияның бір бағыты болып табылады. Орыс философиясы өзге де ұлттық философиялар секілді халықтың өзіндік санасы мен менталитетін, оның тарихын, мәдениетін және рухани ізденістерін білдіреді.
Орыс философиясындағы халықтың өзіндік санасының негізі – орыс идеясы болып табылады. Орыс идеясы бұл Ресейдің дүниежүзілік тарихтағы алар орны.
Орыс философиясының өзіне тән ерекшеліктері бар. Бұл адамның рухани-құндылық мәселелері мен философиялық және діни антропология басты мәселе болып табылатын діни философия. Орыс философиясының проблематикасын көрсететін негізгі ерекшеліктерге әлемдік тұтастық консепциясы орыс космизмі, орыстың діни этикасы, орыс герменевтикасы, соборшылдық идеясы жатады. Орыс философиясының негізгі мәселесі – ақиқат мәселесі мен адам болмысының мәні оның космостағы және жердегі тағдыры. Бұл мәселе діни-рухани ақиқат теориясында шешіледі.
Орыс философиялық ойы славяндық философиялық-мифологиялық дәстүр мен грек-византиялық діни-философиялық дәстүрлер негізінде қалыптасты.
Орыс философиясы өз дамуында бірқатар кезеңдерден өтті.
Орыс философиялық ойының қалыптасуы (ХІ-ХVIIг.г)
Ағартушылық дәуіріндегі орыстың философиялық ойы (ХVIII г-ғы орыс ағартушыларының философиялық және әлеуметтік идеялары).
Орыс философиясының қалыптасуы (ХІХ г-ң басы мен ортасындағы революцияшыл демократтардың славянофилдер мен батысшылдардың халықшылдардың философиясы).
Орыстың рухани реннесансы, орыс философиясының “күміс ғасыры” (ХІХ г-ң соңғы ширегі мен ХХ г-ң басы).
Ойлаудың орыс адамына тән ерекшелігі ол көкейкөзділікке негізделеді. Ол рационализмге қарсы рухта қалыптасты. Орыс дүниетанымының өзіне тән сипаты реализмге жақындығы. Орыс ойы, жанды сыртқы әлем тұрғысынан емес, адамның ішкі әлемі тұрғысынан түсіндіреді.
Орыстың философиялық ойының ортасында адам тұр, оның тағдыры мен өмірінің мәні.
Орыс ойының ең алғаш дүние жүзілік философиялық ойдың бір бөлігі ретінде байқала бастаған кезеңі ол ХVІІІ ғасырдағы Ағартушылық ғасыры болды. Орыс ағартушыларының ең көрнекті өкілі М.В.Ломоносов (1711-1766) орыс философиясы мен ғылымында материалистік дәстүрдің негізін қалап, миетицизм мен агностиуизмге қарсы тұрды, ғылымда жаңа бағыттың жолын салып, тәжірибе мен теорияны біріктірді. М.В.Ломоносов заттар мен қозғалыстартың сақталуы туралы заңды негіздеп, материяның атомдық қорпускулярлық құрылысы теориясын, жылудың механикалық теориясын жасады.
2. Орыстың классикалық философиясының қалыптасуы, өзіндік “философиялық ояну”, “ұлттық-тарихи ізденістер” процесінде жүзеге асты. Мұның нәтижесінде славянофилдік және батысшылдық деп аталатын екі ағым пайда болды.
Славянофилдік. Бұл ағым өкілдері орыс мәдениетінің өзіндік болмысы туралы идеяны ұсынды. Бұл идеяны славянофилдер православиелік идеямен толықтырды. Осы идеялдың жүзеег асырылуы соборлықтың арқасында болуы мүмкін.
Қоғам мен мемлекет арасындағы қатынас жайына келгенде, славянофилдер, ерекше назарды қоғамға оның құлықтылығына аударады. Олар үшін қоғам – халық болып есептелді.
Славянофилдердің либерализмі, жеке адамның бостандық идеялының православиелік-рухани формасында тұжырымдалды.
Славянофилдер орыстың өзіндік ұлттық мәдениеті мен философиясының дамуына ерекше көңіл бөлді.
Өкілдері:
А.С.Хомяков (1804-1860)
И.В.Киреевский (1806-1856)
К.С.Аксаков (1817-1860)
Ю.Ф.Самарин (1819-1876) ж.т.б.
Батысшылдар орыс халқы өзге де европа халықтары секілді жалпы христиандық идеял – еркін және құлықты жеке адамды қалыптастыруға өзіне тән ерекше жолымен барады. Орыстың өзіндік болмысы жайлы ойдың орнына орыс мәдениетінің өзіндік ерекшелігі жайлы ойды айтты, ал православиенің орнына христиандық-либералдық идеялды ұсынды. Қоғам мен мемлекет арасындағы қарым-қатынасқа келгенде батысшылдар, басты көңілді мемлекет және құқық мәселесіне аударды. Қоғам олар үшін жеке адамның қимыл-әрекет жасайтын ортасы. Батысшылдардың либерализмі классикалық батыс либерализміне жақындау.
3.Орыстың Марксистік философиясының тарихы ХІХ г-ң 90-шы жылдарында, яғни Ресейде жұмысшы қозғалысының басталуымен байланысты.
Орыстың Марксистік философиясы өзінің қалыптасу процесінде, бірқатар кезеңдерден өтті.
Бірінші кезең. ХІХ г-ң 90-шы жылдарынан бастап ХХ г-ң 20-шы жылдарына дейін, Ресейде орыс Марксистік ойының қалыптасу процесі жүреді. Алғашқы Ресейлік марксистер – либералдық және революциялық көңіл күйдегі зиялылар болды. Марксизмге әлеуметтік сала бойынша берілгенімен, философияда материалист болудан бас тартты. Олардың қатарына Н.А.Бердяев, И.С.Булғанов, С.Л.Франк, П.Б.Струве ж.т.б. Кейінірек олар рухани мәдениет проблемасына ден қойды.
Марксистердің өзге бағыт өкілдері, философтар Г.В.Плехановтың, В.И.Лениннің, А.А.Богдановтың, А.В.Луначарскийдің еңбектерінде, орыс марксизмінің негізі қаланды. Бұл бағыт, батыс европалық философия мен ғылыми дәстүрлердің негізінде дамыды. Ортодоксальды немесе революциялық Марксизмнің басында В.И.Ленин тұрды.
Марксизмнің екінші кезеңі, кеңестік философия ретінде дамыды. Бұл бағыт айқын материалистік бағытта дамып марксизмнің шеңберінде болды.
Бақылау сұрақтары:
Славянофилдер мен батысшылдар бағытының арақатынасы
В.С. Соловьевтің философиялық негізгі ұғымы.
А.Н. Бердяев философиясындағы еріктік мәселесі
