Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
каз_ОСД._Маржан_Миртаевна.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
442 Кб
Скачать
☆

І.Инфекциялық қауіпсіздік

1. Стандарт «Қолды әлеуметтік деңгейде тазарту»

Мақсаты: Науқаспен немесе қоршаған орта объектілерімен қарым-қатынасқа түсуінің нәтижесінде медицина қызметкерлерінің қолдарының терісін ластан және транзиторлы флорадан тазарту; науқас пен қызметкердің инфекциялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

Көрсеткіштері: тамақ тарату алдында, науқасқа тамақ беру алдында; әжетханаға барғаннан кейін; науқасқа күтім жасар алдында және онан кейін, егер қызметкердің қолы науқастың биологиялық сұйықтықтарымен ластанбаған болса.

Дайындау керек: бір рет қолдануға арналған дозаторлардағы сұйық сабын; секундтық тілібар сағат, қағаз сүлгілер.

Іс-әрекеттер алгоритмі:

1. Саусақтарыңыздан жүзік, сағат және басқа әшекей бұйымдарды шешіңіз, қолыңыздың терісінің сау екеніне көз жеткізіңіз.

2. Халатыңыздың жеңін білегіңіздің 2/3 бөлігіне дейін қайырыңыз.

3. Крандағы микроорганизмдер қолға жұқпау үшін су кранын қағаз салфеткамен ашыңыз, су температурасын реттеңіз (35°-40°С).

4. Қолыңызды білегіңіздің 2/3 бөлігіне дейін сумен 30 секунд сабындап жуыңыз, саусақтарыңыздың арасын жуыңыз, сонан кейін қолыңыздың ішкі жағын және әрбір саусағыңыздың алақанын бас бармаққа дейін айналдыра отырып жуып шығыңыз (осы уақыт қолды әлеуметтік деңгейде тазарту үшін жеткілікті).

5. Қолыңызды кран астында сабынын қалдырмай шайып тастаңыз (қолыңызды раковинаға тигізбей жоғары қаратып тұрып жуыңыз, су шынтақтан төмен қарай ағуы тиіс. Әсіресе саусақтардың арасы таза болуы тиіс).

6. Кранды шынтағыңызбен жабыңыз.

7. Қолыңызды қағаз сүлгімен сүртіңіз, шынтақ краны болмаған жағдайда кранды қағаз сүлгімен жабыңыз.

І. Инфекциялық қауіпсіздік

2. Стандарт «Қолды гигиеналық деңгейде тазарту»

Мақсаты: транзиторлы микрофлораны жою, науқастың және қызметкерлердің инфекциялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

Көрсеткіштері: инвазивті рәсімдерді жасау алдында және онан кейін; қолғапты киер алдында және онан кейін; ағзаның биологиялық сұйықтықтарымен жанасқанда және микробпен ластанғаннан кейін; иммунитеті әлсіз науқасқа күтім жасар алдында.

Дайындау керек: дозаторлардағы сұйық сабын; 70% этил спирті, секундтық тілі бар сағат, жылы су, қағаз сүлгі, қауіпсіз утилизациялау контейнері (КБСУ).

Іс-әрекеттер алгоритмі:

  1. Саусақтарыңыздан жүзік, сағат және басқа әшекей бұйымдарды шешіңіз.

  2. Қолыңыздың терісінің сау екеніне көз жеткізіңіз.

3. Халатыңыздың жеңін білегіңіздің 2/3 бөлігіне дейін қайырыңыз.

4. Крандағы микроорганизмдер қолға жұқпау үшін су кранын қағаз салфеткамен ашыңыз, су температурасын реттеңіз (35°-40°С).

5. Қолыңызды білегіңіздің 2/3 бөлігіне дейін жақсылап сабындаңыз және келесі ретпен жуыңыз:

- алақанмен алақанды;

- оң алақанды сол қолдың ішкі жағымен және керісінше;

- алақанмен алақанды, бір қолыңыздың саусақтарымен екінші қолыңыздың саусақтарының арасын;

- оң қолыңыздың ішкі жағымен сол қолыңыздың алақанын және керісінше;

- бас бармағыңызды айналдыра жуыңыз;

- сол қолыңыздың бармақтарының ұшын бір жерге жинап оң қолыңыздың алақанына айналдыра ысқылап жуыңыз және керісінше.

Осы іс-әрекеттердің әрбірі 10 секундтан кем дегенде 5 реттен қайталануы тиіс.

6. Сабыны таза жуылғанша қолыңызды жылы сумен шайыңыз, қолыңыздың білезігі мен саусақтары шынтақ деңгейінен жоғары тұруы тиіс (осындай күйінде су жоғарыдан төменге қарай ағады).

7. Кранды қолыңыздың оң немесе сол шынтағымен жабыңыз.

8. Қолыңызды қағаз сүлгімен сүртіңіз.

Шынтақ краны болмаған жағдайда, суды қағаз сүлгімен жабыңыз.

Ескерту:

- гигиеналық қол жууға тиісті жағдай болмаса, онда қолды антисептикпен сүртуге болады;

- құрғақ қолыңызға 3-5 мл антисептиктік затты теріңіз құрғағанша жағыңыз.

Өңдеуден кейін қолыңызды жумаңыз! Сонымен қатар әсер ету уақытын сақтау да маңызды – қолыңыздың антисептикпен ылғалдану уақыты 15 секундтан кем болмауы тиіс; «тазадан ласқа қарай» принципін сақтаңыз. Жуылған қолыңызбен басқа заттарды ұстауға болмайды.