Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Гемонефрология каз 4к.doc
Скачиваний:
5
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
299 Кб
Скачать
☆

6. Әдебиет:

Қазақ тілінде

негізгі:

  1. Калимурзина Б.С. Iшкi аурулар. 2005.

  2. Жаманкулов К.Ж. Iшкi аурулар. 2008.

Орыс тілінде

қосымша:

  1. Маколкин В.И., Овчаренко С. Внутренние болезни, 2005.

  2. Моисеев В.С. и др. Внутренние болезни с основами доказательной медицины и клинической фармакологии, 2008.

  3. Мартынов А.И., Мухин Н.А., Моисеев В.С. Внутренние болезни, 1-2 том, 2005.

  4. Орлов В.И. Руководство по ЭКГ. -М.: Медицина, 1998.

7. Тест сұрақтары

І вариант

1. В12 жетіспеушілік анемияның гематологиялық сипаттамасы:

а) гемолитикалық.

б) гипопластикалық.

в) гипохромдық.

г) гиперхромдық.

д) дұрыс жауап жоқ.

2. В12 витаминнің сіңірілуіне қажетті белок:

а) транскобаламин

б) гастромукопротеин

в) тимидин

г) глобулин

д) протопорфирин

3. В12 жетіспеушілік анемияда кездесетін кофермент дезоксиденозил-кобаламиннің тапшылығы сипатталады:

а) жасушалардың митозының бұзылуымен

б) тимидин синтезінің бұзылысымен

в) май қышқылдар алмасуының бұзылысымен

г) ДНК синтезінің бұзылысымен

д) барлығы дұрыс

4. В12 жетіспеушілік анемияда кездесетін ДНК синтезінің бұзылысы алып келеді:

а) ас қорыту жолы кілегей қабығының атрофиясына

б) фуникулярлық миелозға

в) сезімталдық бұзылысына

г) миокардтың дистрофиясына

д) барлығы дұрыс

5. В12 жетіспеушілік анемияда кездесетін кофермент метилкобаламиннің тапшылығы сипатталады:

а) метилмалон қышқылының жиналуымен

б) тимидин синтезінің бұзылысымен

в) май қышқылдар алмасуының бұзылысымен

г) пропион қышқылының жиналуымен

д) барлығы дұрыс

6. В12 жетіспеушілік анемиядағы неврологиялық синдромның көрінісі:

а) шеттік нервтерінің бұзылысы

б) бассүйек нервтерінің бұзылысы

в) парестезия типті бұзылыстары

г) афталық стоматит

д) гипоксия белгілері

7. В12 жетіспеушілік анемияның өршу кезінде орын алатын синдромдар:

а) макроцитарлы-мегалобласттық анемия, ас қорыту жүйесінің зақымдануы, неврологиялық бұзылыстар

б) сидеропениялық, анемиялық, неврологиялық бұзылыстар

в) макроцитарлы-мегалобласттық анемия, сидеропениялық,гипоксиялық

г) электролиттік бұзылыстар, сидеропениялық, анемиялық, неврологиялық бұзылыстар

д) ас қорыту жүйесінің зақымдануы, неврологиялық бұзылыстар, сидеропениялық

8. В12-жетіспеушілік анемиядағы фуникулярлық миелоздың емі:

а) цианокобаламин 500 мг

б) цианокобаламин 200 мг

в) оксикобаламин 500 мг

г) цианокобаламин 1000 мг

д) оксикобаламин 200 мг

9. В12- жетіспеушілік анемиясы кезінде науқаста сүйек миының қандай өзгерістері анықталады:

а) лимфоциттер санының едәуір көбеюі

в) қан түзудің нормобластты түрі

с) мегакариоциттер санының азаюы

д) мегалобластоз

е) миелоидты метаплазия

10. В12- жетіспеушілік анемиясы кезінде төмендегілердің біреуі анықталмайды:

а) лейкопения

в) макроцитоз

с) гемолиз белгілері

д) тромбоцитоз

е) нейтрофилдердің гиперсегментациясы

ІІ - вариант

1. В12 жетіспеушілік анемияның гематологиялық сипаттамасы:

а) гемолитикалық.

б) гипопластикалық.

в) гипохромдық.

г) гиперхромдық.

д) дұрыс жауап жоқ.

2. В12 витаминнің сіңірілуіне қажетті белок:

а) транскобаламин

б) гастромукопротеин

в) тимидин

г) глобулин

д) протопорфирин

3. В12 жетіспеушілік анемияда кездесетін кофермент дезоксиденозил-кобаламиннің тапшылығы сипатталады:

а) жасушалардың митозының бұзылуымен

б) тимидин синтезінің бұзылысымен

в) май қышқылдар алмасуының бұзылысымен

г) ДНК синтезінің бұзылысымен

д) барлығы дұрыс

4. В12 жетіспеушілік анемияда кездесетін ДНК синтезінің бұзылысы алып келеді:

а) ас қорыту жолы кілегей қабығының атрофиясына

б) фуникулярлық миелозға

в) сезімталдық бұзылысына

г) миокардтың дистрофиясына

д) барлығы дұрыс

5. В12 жетіспеушілік анемияда кездесетін кофермент метилкобаламиннің тапшылығы сипатталады:

а) метилмалон қышқылының жиналуымен

б) тимидин синтезінің бұзылысымен

в) май қышқылдар алмасуының бұзылысымен

г) пропион қышқылының жиналуымен

д) барлығы дұрыс

6. В12 жетіспеушілік анемиядағы неврологиялық синдромның көрінісі:

а) шеттік нервтерінің бұзылысы

б) бассүйек нервтерінің бұзылысы

в) парестезия типті бұзылыстары

г) афталық стоматит

д) гипоксия белгілері

7. В12 жетіспеушілік анемияның өршу кезінде орын алатын синдромдар:

а) макроцитарлы-мегалобласттық анемия, ас қорыту жүйесінің зақымдануы, неврологиялық бұзылыстар

б) сидеропениялық, анемиялық, неврологиялық бұзылыстар

в) макроцитарлы-мегалобласттық анемия, сидеропениялық,гипоксиялық

г) электролиттік бұзылыстар, сидеропениялық, анемиялық, неврологиялық бұзылыстар

д) ас қорыту жүйесінің зақымдануы, неврологиялық бұзылыстар, сидеропениялық

8. В12-жетіспеушілік анемиядағы фуникулярлық миелоздың емі:

а) цианокобаламин 500 мг

б) цианокобаламин 200 мг

в) оксикобаламин 500 мг

г) цианокобаламин 1000 мг

д) оксикобаламин 200 мг

9. В12- жетіспеушілік анемиясы кезінде науқаста сүйек миының қандай өзгерістері анықталады:

а) лимфоциттер санының едәуір көбеюі

в) қан түзудің нормобластты түрі

с) мегакариоциттер санының азаюы

д) мегалобластоз

е) миелоидты метаплазия

10. В12- жетіспеушілік анемиясы кезінде төмендегілердің біреуі анықталмайды:

а) лейкопения

в) макроцитоз

с) гемолиз белгілері

д) тромбоцитоз

е) нейтрофилдердің гиперсегментациясы

Ситуациялық есептер

№ 1 есеп

36 жастағы әйел науқас, клиникаға келесi шағымдармен қаралды: терiсi мен кiлегей қабаттарының сарғаюы, оң қабырға иiнiнiң астында сыздап ауыру, бас ауыруы мен айналуы, еңбекке қабiлетiнiң төмендеуi, дене қызуының 37,3Со-ке көтерiлуi.

Анамнезiнен: өзiн 20 жасынан науқас санайды, мезгiл-мезгiл қысқа уақыттық сарғаюлармен қабаттасқан дел-салдық, жалпы әлсiздiк, қара қоңыр нәжiс мазалап жүрген. Аталған жағдайлар физикалық еңбектен соң, суықтағанда, дәрiлер (сульфаниламидтер, нитрофурандар) қабылдағанда дамыған. Ауруы өршiген кезде анемия анықталып отырған. Оң қабырға иiнiнiң астындағы ауырсынулар соңғы 3 жылда, майлы тағамдардан соң өткiр түрде мазалайды. Ата анасы қызының бала кезiнен құрдастарымен салыстырғанда қуқылдау екенiн айтты.

Об-тi: терi жамылғылары сарғыш реңкiлi, қуқыл, склерасы сарғыш. Өкпесiнде везикулалық тыныс. Жүрек тондары тұйықтау, ырғақты, АҚ 110/70 мм сын. бағ. Тiлi ылғалды, ақ шөгiндiмен жабылған, iшi жұмсақ, оң қабырға астында ауырсыну бар, бауыры пальпацияланбайды, талағы сол қабырға иiнiнен 3 см-ге шығыңқы.

Қан анализiнде: Нв 100г/л, эр. 3,0х1012/л, т.к. 1,0, рет. 8%, тромб. 300х109/л, лейк. 8,0х109/л, эоз. 1%, т/я 6%, с/я 62%, лимф. 24%, мон. 8%, ЭТЖ 26 мм/сағ. Микросфероцитоз, пойкилоцитоз.

Жалпы билирубині 42 ммоль/л, байланыспағаны 32 ммоль/л, байланысқаны 10 ммоль/л.

Қан сары суындағы темiрi 31 мкмоль/л. Темiр байланыстырғыш қасиетi 71,2 мкмоль/л.

  1. Болжам диагнозы.

  2. Тексеру жоспары.

  3. Жетекші синдромдары, дифференциялық диагнозы.

  4. Клиникалық диагнозы, асқынуларының даму механизмi.

  5. Жүргiзу тактикасы.

№ 2 есеп

29 жастағы жүргiзушi, клиникаға келесi шағымдармен түстi: жұтынғанда аңқасының ауыруы, дене қызуының 380С-ке көтерiлуi, буындары мен сүйектерiнiң қақсауы, иектерiнен қан кету, үдемелі әлсiздiк.

Өзiн 2 аптадай науқас санайды, суықтаудан кейiн дене қызуының 390С-ке көтерiлуi, жұтынудың ауыруы, бас ауруы пайда болды. Ықшам аудандық дәрiгер баспа диагнозын қойып, ампициллиндi iшке тағайындап, тамағын фурациллинмен шайғызып емдеген. Бiрақ науқаста қызба жалғаса берген, сүйектерiнiң, басының ауыруы, иектерiнен қан кету дамыған, мұрнынан бiр рет қан кету болған. Емханада жасалған қан анализiнде анемия, лейкоцитоз анықталған.

Об-тi: жалпы жағдайы орта ауырлықта, адинамия, терi, кiлегей қабаттары қуқыл, аяқ-қолдарының терiсiнде майда нүктелi, теңбiл-теңбiл дақтар. Иек еттерi мен бадамша бездерiнiң гиперплазиясы, ауыз қуысында жаралы-некрозды зақымданулар. Перифериялық лимфа түйiндері үлкеймеген. Өкпесiнде везикулалық тыныс. Жүрек тондары тұйықтау, ырғақты, жүрек ұшында систолалық шу, тахикардия. АҚ 100/65 мм сын. бағ. Бауыры 4 см-ге, талағы 3 см-ге шығыңқы, пальпацияда ауырмайды.

Қан анализiнде: гем. 90г/л, эрит. 3,0х1012/л, т.к. 0,9, тромб. 65х109/л, лейк. 26,0х109/л, эоз. 1%, с/я. 33%, лимф. 10%, мон. 5%, миелобласттар 51%, ЭТЖ 60 мм/сағ., анизоцитоз, пойкилоцитоз айқын.

1. Алғашқы диагнозыңыз.

2. Тексеру жоспарын толықтырыңыз, маңызды дәрiгерлiк манипуляциялар?

3. Дифференциялық диагнозды қандай нозобiрлiктермен жүргізесіз?

4. Клиникалық диагнозы.

5. Емi, маңызды бөлiмдері?

6. Асқынулары, прогнозы.

№ 3 есеп

16 жастағы науқас К., мектеп оқушысы, шағымдары: дене қызуының 390С-ке көтерiлуi, мұрнынан қан кетудiң қайталануы, жүргенде дамитын ентігу, құрғақ жөтел, жалпы әлсiздiк. Ауруы 4 апта бұрын жұмысқа қабiлеттiлiгiнiң төмендеуiнен, басының ауруынан, айналуынан, жалпы әлсiздiктен басталған. Мектептегi сабақтарға амалсыздан қатысқан. Жүре бара дене қызуы 37,50С-тен 380С-ке дейін көтерiлiп, мұрнынан қан кету пайда болған. Мөлтектiк дәрiгер стационарға жолдама берген.

Об-ті: жалпы жағдайы орта ауырлықта, терi жамылғысы және кiлегей қабаттары қуқыл. Кеудесiнiң аяқ-қолдарының терiлерiнде ұсақ нүктелi геморрагиялық бөртпелер табылды. Жақ асты, мойын, қолтық асты лимфалық түйiндерi ұлғайған, эластик консистенциялы, ауырмайды. Өкпесiнде везикулалық тыныс. Жүрек тондары тұйықтау, тахикардия. АҚ 110/60 мм сын. бағ. Бауыры қабырға иiнiнен 3 см-ге, талағы 2 см-ге шығыңқы орналасқан, сипауға ілінеді.

Кеуде сарайының рентгенскопиясында ұлғайған бронх-пульмо лимфалық түйiндері анықталды.

Қан анализiнде: Нв 60г/л, эр. 1,8х1012/л, т.к. 1,0, тромб. 65х109/л, лейк. 8,2х109/л, т/я 1%, с/я 7%, лимф. 11%, мон. 2%, лимфобласттары 79%. ЭТЖ 50 мм/сағ. Анизоцитоз және пойкилоцитоз айқын.

1. Алғашқы диагнозыңыз.

2. Тексеруді толықтырыңыз, қажетті дәрiгерлiк манипуляцияларды анықтаңыз.

3. Дифференциялық диагноз жүргiзетін нозобiрлiктер (лимфалық түйiндердiң ұлғаюымен жүретiн аурулар).

4. Клиникалық диагнозы.

5. Емi, маңызды бөлiмдері, принциптерi.

6. Асқынулары, болжамы.

№ 4 есеп

41 жастағы науқас Б., II-ші топтың мүгедегi, гематология бөлiмiне келесi шағымдармен түстi: күрт әлсiздiк, қабырға астының қос жақты ауруы, жүдеу (1,5 айда 12 кг-ға), тершеңдiк.

Науқас 2 жыл бұрын сол жақ қабырғасының ауыр тарту сезiмiне шағым айтып, дәрiгерге көрiнген, қанын тексергенде лейкоциттер саны аса жоғары болған (150х109/л). Осыған орай гематология бөлiмiне жатқызылып, миелосанмен емделген. Жағдайы жақсарған, салмақ қосқан, талағының өлшемi кiшiрейген. Жыл бойы емханалық жағдайда миелосан қабылдаған. Соңғы 4 ай көлемiнде дәрмектi тоқтатқан, өйткенi жүрегi айнып құсу мазалай бастаған. Жағдайы нашарлаған: жүдей бастаған, қос қабырға астында тұрақты сыздап ауырғандық пайда болған, оссалгия, субфебрильдiк қызба, жалпы әлсiздiк мазалаған.

Об-тi: жалпы жағдайы орта ауырлықта, терi жамылғысы бозарған, лимфалық түйiндерi ұлғаймаған, төс сүйегiн қаққанда ауырсынады, жүректiң шала тұйық дыбыс шектерi солға ығысқан. Жүрек тондары әлсiздеу, жүрек ұшында систолалық шу естіледі, пульсi ырғақты, минутына 78 рет. АҚ 100/70 мм сын. бағ. Бауыры қабырға иiнiнен 8 см-дей төмен орналасқан, тығыз, бетi тегiс, сипағанда сезiмтал. Талақтың төменгi полюсi мықын аймағында сипалады, бетi тегiс ауырсынбайды.

Қан анализiнде: ЭТЖ 15 мм/сағ., эр. 3,7х1012/л, Нв 110г/л, т.к. 0,9, лейк. 123х109/л, эоз. 7%, базоф. 6%, миелобасттары 1%, промиелоциттері 13%, миелоциттері 26%, метамиелоциттері 10%, т/я 11%, с/я 24%, лимф, 2%, тромб. 570х109/л.

1. Алғашқы диагнозы.

2. Тексеруді толықтырыңыз, қажетті дәрiгерлiк манипуляциялар.

3. Дифференциялық диагноз жүргiзілетін нозобiрлiктер (бауыр, талақ ұлғаюымен жүретiн аурулар).

4. Клиникалық диагнозы.

5. Емi, маңызды бөлiмдері, принциптерi?

6. Асқынулары, прогнозы.

№ 5 есеп

52 жастағы науқас клиникаға келесi шағымдармен түстi: күрт әлсiздiк, шаршағыштық, тершеңдiк, мезгiл-мезгiл мазалайтын субфебрильдi қызба, салмақ жоғалту.

Анамнезiнен: әлсiздiк 6 ай бұрын пайда болған, динамикада ауырлай түскен. Осыларға тершеңдiк, субфебрильдi қызба қосылған. Жарты жыл iшiнде науқас 15 кг-дай салмақ тастаған. Соңғы 2 айда өздiгiнен қабылдаған ампициллин таблеткалары нәтиже бермеген, дәрiгерлерге қаралмаған. Лаборант-химик қызметiнде ауыр металдармен жұғысып, 18 жыл iстеген, 2 жүктiлiгі, 2 босануы қалыпты өткен, гинекологиялық денi сау, менопаузада 2 жыл. 42 жасында аппендэктомия болған.

Об-тi: түскен кездегi жалпы жағдайы ауыр, терi жамылғылары қуқыл. Перифериялық лимфалық түйіндері ұлғаймаған. Өкпесiнде везикулалық тыныс, сырылдар жоқ. Жүрек тондары қалыпты, шу жоқ, тахикардия, ж.с.с. 100 рет минутына, АҚ 110/70 мм сын. бағ. Бауыры 2 см-ге үлкейген, қатты эластикалы, ауырмайды. Талағы қатты, қабырға доғасынан 7 см-ге шығыңқы.

Қанның жалпы анализiнде: эритроцитi 2,6х1012/л, гемоглобинi 75г/л, ТК 0,86, тромбоциттері 650,0х109/л, лейкоцитi 120,0х109/л, бласттар 1%, промиеолоциттер 5%, миелоциттер 8%, метамиелоциттер 12%, нейтрофильдер: т/я 14%, с/я 24%, базофильді 8%, эозинофильдері 11%, лимфоциттері 15%, моноциттері 2%.

Цитогенетикалық зерттеуде 22 хромосоманың ұзын иығының делециясы табылды. Миелограммада: сүйек миы гиперклеткалы, миелокариоциттер мен мегакариоциттер құрамы көбейген, гранулоциттiк қатардың барлық элементтерi өтпелi клеткаларымен қоса анықталады. Бласттар саны 0,8%. Эритрокариоциттер саны азайған, жетiлуi бұзылмаған. Лейкоэритробласттық қатынас 15:1.

Төмендегiлердiң дұрысын таңдаңыз:

    1. Жедел лейкоз, миелобластты (М2), l шабуыл, лейкемиялық фазасы.

    2. Созылмалы миелолейкоз, созылмалы тұрақты фазасы.

    3. Созылмалы лимфолейкоз, iсiктiк түрi, жайылма сатысы.

    4. Эритремия, жайылма сатысы, Б фазасы.

    5. Сепсис, созылыңқы барысты, катаболизмдік фазасы. Миелоидты типтi лейкемиялық реакция.