Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ЭТН-1 зертхана_4-5.doc
Скачиваний:
6
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
5 Мб
Скачать
☆

Синусоидалы тоқтың тізбегіндегі активті қуат

С

2.1 Сурет –Резистордағы кернеу, тоқ және активті қуаттың уақытқа тәуелді синусоидалы қисықтары

инусодты кернеу резисторлық жүктемеге берілген кезде, мұнда синусоидалы тоқ пайда болады. Осы кезде, тоқ пен кернеу фаза бойынша сәйкес келеді, яғни екеуі де бір уақытта оң және теріс амплитудалық мәнге ие болады (2.1).

Таза резистрлік жүктемеде бөлінетін қуат, кернеудің тоққа қатынасымен анықталады. Қисық қуаттың лездік мәнін, әр уақыт моментінде алынған тоқ пен кернеудің лездік мәндерін көбейту арқылы құрауға болады:

p = u i = i2 R = u2 / R

Лездік қуат бір периодта екі жиілікті толқыма жасайды. Қуаттың орташа мәні активті қуат деп аталады. Ол резистордағы тоқ пен кернеудің әсер етуші мәндері арқылы өрнектеледі:

P = U I= I2 R = U2 / R

2-ші эксперимент

Жұмыстың мақсаты: Виртуалды осциллограф көмегімен резистор тізбегіндегі синусоидалы кернеу қисығын алып, қуаттың, кернеудің және тоқтың уақытқа тәуелді қисығын тұрғызу және оның орташа мәнін анықтап, векторлық диаграммасын тұрғызу.

Экспериментті орындау тәртібі

Сұлба бойынша жинап (2.2 сурет), реттелетін синусоидалы кернеу көзі (генератор напряжений специальной формы) арқылы (осциллографта) амплитудалық кернеу мәнін Um=10В, f=0,5кГц тең болатындай етіп қосылады.

2.2 Сурет –Эксперименттің электр сұлбасы

Осциллографтың сезімталдық және жазу параметрлері, экранда кернеудің бір периоды көрінетіндей етіп орнатылады. Тізбектегі активті қуат ваттметр бойынша мәні PW= …... Вт, осциллограмма бойынша мәні Pср= …... Вт.

Әр уақыт моментіндегі қуаттың лездік мәнін р=u2/R анықтап, 2.2.1-ші кестеге түсіреміз.

2.1 кесте

Уақыт t, мс

Кернеу u, В

Тоқ i, мА

Лездік қуат p, мВт

0

0,2

0,4

0,6

0,8

1,0

1,2

1,4

1,6

1,8

2,0

2.1 кестеде көрсетілген уақыттағы тоқ пен кернеудін лездік мәнін осциллографпен анықтап, р, і, u =f (t) қисықтарының тәуелділік графиктері тұрғызылады (2.3 сурет).

Тұрғызылған қисық бойынша, орташа қуат мәнін анықтап және ваттметрдің көрсеткішімен салыстырамыз.

Масштабтары:

mU=……….В/бөлікте, mt=……….мс/бөлікте.

2.3 сурет –Активті жүктеменің р=f (t), і=f (t), u =f (t) тәуелділік графиктері

Осциллограф экранында кескінделген қисық сызықты тура торға түсіреміз және активті жүктеменің векторлық диаграммасын тұрғызамыз.

Резистор тізбегіндегі кернеу мен тоқтың векторлық диаграммасы