Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ЭТН-1 зертхана_8-9.doc
Скачиваний:
17
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
23 Мб
Скачать
☆

5.6 Сурет –Резистор мен конденсатор (а) немесе резистор мен индуктивтілікті орауыш (б) параллель қосылған тізбек

Тізбектің жалпы тоғы І конденсатор конденсатордағы ІС немесе индуктивтіліктегі ІL тоққа (жалпы тоқтың реактивті құраушысы) және резистордағы тоққа (активті құраушысы) таралады. Активті кедергідегі тоқ фазада кернеумен сәйкес, ал реактивті элементте тоқ кернеуден 90о ығысады (сыйымдылықта озады, ал индуктивтілікте қалады). Бұл тоқтарды қосуды тоқтардың векторлық диаграммалары көмегімен жүргізуге болады (5.7-ші а және б сурет).

а) б)

5.7 Сурет –Тоқтардың веторлық диаграммалары

Векторлық диаграммадан, конденсаторы бар тізбектегі

және .

Мұндағы , ал ,

мұнда -активті өтімділік, ал -сыйымдылықты өтімділік. Сондықтан

және ,

мұнда -толық өтімділік, ал , яғни, ток кернеуді озады.

Индуктивтілікті тізбектеде осыған ұқсас:

,

мұнда , (тоқ векторы кернеу векторынан қалады.

Тоқтардың үшбұрышының әр жағын кернеуге бөліп, өтімділіктердің үшбұрышын аламыз (5.8 а және б сурет).

5.8 Сурет –Өтімділіктердің үшбұрыш диаграммасы

Өтімділіктердің үшбұрышынан кейін:

; ;

Конденсатор мен индуктивтілікті орауыштың тізбектей қосылуы. Кернеу резонансы туралы түсінік

Конденсатор мен индуктивтілікті орауышы тізбектей қосылған тізбек бойымен бірдей синусоидалы І тоқ өткенде, UC конденсатордағы кернеу І тоқтан 90о-қа қалады, ал индуктивтілікті орауыштағы UL кернеу тоқтан 90о-қа озады. Бұл кернеулер қарсы фазада болады (бір-біріне 180о-қа бұрылғанда).

5.9 Сурет –Конденсатор мен индуктивті орауыштың тізбектей қосылу тізбегі

Егер кернеулердің біреу екіншісінен көп болса, не индуктивтілікті (5.10 а сурет), не сыйымдылықты (5.10 ә сурет) тізбек болып табылады. Егер UL және UС кернеулердің мәндері бірдей және бір-бірін компенсациялайтын болса, онда L-C тізбек участкісіндегі кернеулердің қосындысы нөлге тең болады. Тек орауыш пен сымдардың активті кедергісінде аздаған құраушы кернеу қалады. Мұндай құбылыс кернеу резонансы деп аталады (5.10 б сурет).

Кернеу резонансы кезінде, тізбектің реактивті кедергісі нөлге тең болады:

L және C мәндері берілген кезде, жиілікті өзгерту арқылы резонанс алуға болады.

ХL=ωL, ал ХС=1/ωC болғандықтан, ωо резонансты жиілікті мына теңдеуден анықтауға болады:

ωоL-1/ωоС=0,

осыдан

және

а) ә) б)

5.10 Сурет

Резонанс кезінде тізбектің толық кедергісі орауыштың азғантай активті кедергісіне тең болады, сондықтан, тізбектегі тоқтың бағыты фазада кернеудің бағытымен сәйкес келеді және азғана кернеу берілген кезде де айтарлықтай үлкен болуы мүмкін. Сонымен қатар, UL және UС кернеулері берілген кернеуден (10 есеге!) асуы мүмкін.

Конденсатор мен индуктивтілікті орауыштың параллель қосылуы. Тоқ резонансы туралы түсінік

Конденсатор мен индуктивтілікті орауыш параллель қосылған тізбекке айнымалы синусоидалы кернеу U берілгенде, тізбектің екі элементіне де бірдей кернеу беріледі.

5.11 Сурет –Конденсатор мен индуктивті орауышы параллель қосылған тізбек схемасы

а) ә) б)