- •Эквивалентті кернеу көзі (эқк)
- •Тәжірибені орындау тәртібі
- •Кернеу көзінің (эқк) тізбектей қосылуын зерттеу
- •Кернеу көзінің (эқк) параллель қосылуы
- •Тәжірибені орындау тәртібі
- •Тәжірибені орындау тәртібі
- •Электр қуаты және жұмыс
- •Тәжірибені орындау тәртібі
- •Тәжірибені орындау тәртібі
- •Кернеу, тоқ және қуаттар бойынша жүктемелер мен кернеу көздерін келістіру
- •Тәжірибені орындау тәртібі
- •Электр тізбегінің пайдалы әсер коэффициентін зерттеу
Кернеу көзінің (эқк) тізбектей қосылуын зерттеу
Кернеу көзінің (ЭҚК) тізбектей қосылуы (сурет 11.1) толық кернеу шамасын (ЭҚК) береді:
E = E1 + E2.
Рис. 11.1
Егер бір кернеу көзінің оң (теріс) полюсі келесі бір кернеуі көзінің теріс (оң) полюсімен қосылған болса, онда мұндай жалғануды бағыттас қосылған деп аталады, ал толық кернеу былай анықталады:
E = E1 + E2.
Егер кернеу көздерінің аттас полюстері қарама-қарсы қосылса, онда мұндай жалғануды қарама-қарсы қосылған деп аталады, ал толық кернеу былай анықталады:
E = E1 E2.
Тізбектей қосылған кернеу көзінің ішкі кедергісі жалпы ішкі кедергімен қосындыланады:
RВН = RВН1 + RВН2.
Тізбектей қосылған кернеу көздері бар тізбеке RН жүктеме жүктелсе, толық кернеуге, жүктеме кедергісіне және жеке кернеу көзінің ішкі кедергісінің қосындысына тәуелді тоқ пайда болады:
IН = E / (RН + RВН1 + RВН2).
Кернеу көзінің (эқк) параллель қосылуы
Iо
Сурет 11.2
Шамалары бірдей бірнеше кернеу көзінің параллельді қосылуы жоғары жүктемелік тоқты IН қамтамасыз ете алады (11.2 сурет).
Ол үшін, кернеу көзінің аттас полюстерін параллель қосу қажет. Егер ЭҚК көздерінің шамалары бірдей болмаса, онда теңестіруші тоқ (уравнительный ток) I0 пайда болады. Ол кернеу айырмасы мен сәйкес ішкі кедергілерге тәуелді:
Толық жүктемедегі тоқ IН жүктеменің кедергісіне RН, эквивалентті ЭҚК және эквивалентті ішкі кедергіге тәуелді:
Екі кернеу көзін параллель қосқан кезде, эквивалентті ішкі кедергі мен ЭҚК тең:
;
,
мұнда GВН = 1 / RВН1, GВН2 = 1 / RВН2 – ішкі өтімділік.
Тапсырма 11
Екі кернеу көзін алдымен полюстерін қарама-қарсы бағытта, содан кейін бір бағытта тізбектей қосып, нәтижелерін түсіріңіз.
Тәжірибені орындау тәртібі
Кернеу көзінің тізбеп қосылған тізбегін 11.3 суреттегі сұлбаға сәйкес жинаңыз, бір кернеу көзі ретінде 15В-қа тең реттелмейтін кернеу көзін, ал екіншісін реттелетін, 5...10 В кернеуді орнатыңыз.
Сурет 11.3
Әр кернеу көзінің ЭҚК және толық кернеуін өлшеп жазыңыз:
Е1 =…… В;
Е2 =……В;
UБ =……В.
Әрі қарай бір кернеу көзінің полярлығын ауыстырып, кернеуді қайтадан өлшеңіз:
UҚБ =……В.
Теңдіктің дұрыстығын анықтаңыз:
UБ = E1 + E2
UҚБ = E1 – E2
Тұжырым:___________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
Тапсырма 12
Екі кернеу көзін параллель қосып, бас жүріс және жүктеме астындағы жұмыс кезіндегі бірдей және бірдей емес ЭҚК көзі кезіндегі келесі өлшемдерді орындаңыз:
Бос жүріс кезінде өлшенетін шамалар: теңестіруші тоқ I0, және шығыс кернеуі U12 (ЭҚК).
Жүктеме астындағы жұмысы кезінде өлшенетін шамалар: токи ветвей с источниками кернеу көздері тармағындағы I1 және I2 тоқтары, жүктемелік тоқтар IН, және шығыс кернеуі U12.
Барлық өлшенген параметрлердің шамасын есептік жолмен тексеріңіз.
