Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ОСКЭ 8 9 каз студ 2015-2016г.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
42 Кб
Скачать
☆
  1. Вакцинация бойынша ұсыныстар. «астана медициналық университеті» ақ

№1 балалар аурулар кафедрасы

Іс әрекет алгоритмі

№ 9 ОСКЭ станциясы

Ауру балалардың диспансеризациясы

Тапсырма 5.

10 жастағы қыз бала. Шағымдары: тамақтанғаннан кейін эпигастрий аймағындағы сыздаған ауырсыну, кекіру, жүрек айну, ауыс қуысындағы жағымсыз дәм, метеоризм, диарея.

Объективті: тері жабыны бозғылт, құрғақ. Тыныс алу және жүрек-тамыр жүйелері бойынша патологиялық белгілер жоқ. Іші симметриялы, пальпацияда эпигастрий аймағында ауырсыну бар, бауыры ұлғаймаған. Нәжісі ботқа тәрізді.

ФГДС: өңеш өткізгіштігі еркін, өңештің кілегей қабыты бозғылт-қызыл, тегіс, асқазан қатпарлары ауамен жазылады, асқазанның кіреберісінің кейбір аймағы қызарған, ісінген, кілегейі дән тәрізді гипертрофияланған. Қалтқы сфинктері жабық. 12 елі ішекітің кілегей қабаты бозғылт- қызыл, тегіс. Хеликобактерге ИФА нәтижесі «+++».

  1. Сіздің алдын ала қоятын диагнозыңыз.

  1. Қандай зерттеулерді тағайындау қажет.

  1. Емдеу жоспарын құрастырыңыз.

  1. Диспансерлік бақылау жоспарын құрастыңыз.

  1. Осы баланы сауықтыру шаралары бойынша ұсыныстар.

«Астана медициналық университеті» ақ

№1 балалар аурулар кафедрасы

Іс әрекет алгоритмі

№ 9 ОСКЭ станциясы

Ауру балалардың диспансеризациясы

Тапсырма 6.

11 жастағы қыз бала. Жалпы тәжірибелік дәрігерге қабылдауына келесі шағымдармен келген: майлы тамақтан кейін оң жақ қабырға астының ауырсынуына, кейде жүрек айнуына, іштің кебуіне, сұйық нәжіске. Жалпы қарауда: тері түсі сарғыш емес, тілін ақ тұт басқан. Іші жұмсақ, оң жақ қабырға астында ауырсыну. Мерфи, Кера, Ортнер симптомы оң. Бауырдын төменгі шекарасы оң жақ қабырға қырымен.

Биохимия: жалпы билирубин-5,0 мкмоль/л, АЛТ-13,9 и/е, АСТ-13,09и/е.

Жалпы қан анализі: Нв-135г/л, эр-4,6х1012, л-7,0-10х9/л, т/я-1, с/я-50, э-2, м-6, л-41, ЭТЖ-5 мм/сағ

  1. Сіздің алдын ала қоятын диагнозыңыз.

  1. Диагнозды негіздеуге қандай зерттеулерді тағайындау қажет.

  1. Осы науқасқа емдеу жоспарын құрастырыңыз.

  1. Диспансерлік бақылау жоспарын құрастыңыз.

  1. Осы балаға күн тәртібі мен диета туралы ұсыныстар жасаңыз.

«Астана медициналық университеті» ақ

№1 балалар аурулар кафедрасы

Іс әрекет алгоритмі

№ 9 ОСКЭ станциясы

Ауру балалардың диспансеризациясы

Тапсырма 7.

Басқа мекен жайдан 2 жастағы бала келесі диагнозбен участкеге ауысып келді: Жүректің тума ақауы, кіші қан айналым шеңберінің қанығуымен. Қарынша аралық перденің дефектісі. НКо.

  1. Диспансерлік бақылау жоспарын құрастырыңыз.

  1. Осы балаға зерттеу жоспарын құрастырыңыз.

  1. Дәрілердің атауы мен дозасын есептей отыра осы балаға сауықтыру

шаралар жоспарын құрастырыңыз,

  1. Анасына бала күтімі туралы кеңес беріңіз.

  1. Вакцинациялық тәртіп.