Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Оқу құралы Бүйрек анатомиясы..doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
4 Мб
Скачать
☆
  1. Бүйрек анатомиясы

Бүйрек бел аймағында ішастардан тыс орналасқан (XII кеуде омыртқасымен III бел омыртқасы аралығында). Оң бүйрек сол бүйректен төмен орналасқан. Ересектерде әр бүйректің көлемі 11х6х3см шамасында, массасы-120-170г. Жаңа туған балада бүйректің жоғарғы шеті XI кеуде омыртқасының төменгі қыры денгейінде, екі жасқа келгенде ересектердегі байқалатын денгейге жетеді. Балаларда бүйрек көлемі жасына және дене салмағына байланысты өзгеріп тұрады. Бүйрек тығыз фиброзды қапшықмен қапталған. Май капсуласы жаңа туған балаларда болмайды, 3-5 жасқа келгенде пайда болады. Қойнаута (бүйректің ішкі беткейінде) түбег, тамырлар және жүйке өрімдері орналасқан. Бүйрек қақпасынан (қойнауқа кіреберісте) бүйрек „аяқшалары” шығады. Ол несепағар, вена және артериядан құралған. Бүйректі көлденең кесуде сыртқы қыртысты және ішкі милы қабатын ажыратады (1-сурет).

1 2

1- Сурет. Бүйрек анатомиясы

1 – Бүйрек ішастардан тыс XII кеуде және III бел омыртқалары денгейінде орналасады.

2 – Милы қабаты 8-18 конус тәрізді медуллярлы пирамидалардан құралған, конустың түті кортикомедуллярлы аймақта орналасқан, ал оның ұшы бүйрек бүртіктерін құрады. Қыртысты заты қызғылт-сұр түсті, бүйрек пирамидаларының сыртқы бетінде орналасқан және олардың арасынан Бертиний бағаналары ретінде төмен түседі. Бүйрек үлестері бүйрек пирамидасынан және оған жақын жатқан қыртысты заттан тұрады.

Бүйректің қанайналым жүйесі. Бүйректің қанмен қамтамасыз етілуі бүйрек артериясы арқылы жүзеге асырылады. Ол арқылы бүйрекке минутына 1 л дейін, тәулігіне 1500 л дейін қан келеді және тыныштық кезінде қан айналу жүрек лақтырыс көлемінің 20-25% құрайды. Бүйрек қақпасында артерия бөлімаралық артерияларға бөлінеді, олар пирамидалар арасынан өтіп, қыртысты және милы зат аралығында бүйрек денесіне параллель орналасқан доғалық артериясына ауысады. (2- Сурет.)

2-Сурет. Бүйректің қанмен қамтамасыз етілуі

Олардан қыртысты затқа бөлікшеаралық артерия кетеді, олардан көптеген әкелуші (афферентті) артериолалар басталады, әрқайсысы шумақтың капиллярлық өрімін қанмен қамтамасыз етеді. Шумақ капиллярларынан канның кетуі әкетуші (эфферентті) артериола арқылы жүзеге асады. Бұл артериолалар шумақтан шыға берісте жаңа капиллярлар торын құрады, осы нефронның өзекшелер сегментін қанмен қамтамасыз етеді. Кортико-медуллярлы қосылыс аймағында (юкстамедуллярлы нефрондар) эфферентті артериоладан тік артериолалар бөлінеді, олар милы қабатқа терең еніп кері қайтады. Төмендеуші және жоғарылаушы тік тамырлар медулярлы қарсы бағытты-айланбалы көбейтінді жүйенің (медуллярной противоточно-поворотной множительная система) тамырлық компоненті болып табылады (төмен жақты қара). Мүшеның веналық жүйесі артериялық жүйемен бірдей (перитубулярлы, венулалар, бөлікшеаралық, доғалық және бүйрек венасы).

Бүйректе салыстырмалы бір-біріне бағынышсыз 2 қан айналым жүйесі бар: кортикальді және юкстамедуллярлы. Қыртысты заттың қанмен қамтамасыз етілуі өте жоғары (90% құрады), керісінше милы затта аз (сыртқы милы аймақта 6-8%, ішкіде 1-2%). Кейбір жағдайда қанның негізгі бөлігі юкстамедуллярлы жүйемен айналуы мүмкін. Бұл үшін осы жүйеде көптеген анастамоздар бар. Юкстамедуллярлы жүйемен қанның айналуын Трует шунты деп атайды, бұл кезде қыртысты затта ишемиялық некрозы дамуы мүмкін. Бүйректе көптеген реттеуші жүйелер бар, олар өз кезегінде артериялық қан қысымының үлкен өзгерістері (70 тен 220 мм с.б.б. дейін) кезінде де бүйректің қанмен қамтамасыз етілуін қадағалайды. Бұл өзін өзі реттеу қабілеті арнайы морфологиялық құрылымдар арқылы жүзеге асады (юкстагломерулярлы аппарат-ЮГА).

Лимфалық жүйе. Лимфалық тамырлар бөлікше аралық, доғалық және бөліктік қантамырлар бойымен, сонымен қатар бүйрек фиброзды қапшықсы астымен жүреді. Лимфалық капиллярлар диаметрі тамырлық капиллярлардан үлкен. Боумен капсуласы және өзекшелер айналасында капиллярлар анастамоздарымен бірге лимфалық торлар бар, шумақда олар жоқ. Лимфалық жүйе дренаждық қызмет атқарады, өзекшелерден қайта сорылатын заттардың қанға өтуіне көмектеседі.

Бүйрек нервтенусы бүйрек өрімінің симпатикалық және парасимпатикалық талшықтарымен жүзеге асырылады. Бүйрек өрімі жұлынның төменгі үш кеуде және жоғарғы екі бел сегментінен, күн тәрізді өрімнен және белдің симпатикалық бағанынан құралады. Жүйке талшықтары қыртысты және милы затқа еніп, көбіне қан тамырларын және ЮГА-ты, аз көлемде қалған тіндерді қамтамасыз етеді. Бүйрек қызметі α- және β- адренорецепторлармен реттеледі. Бүйректің жүйке талшықтарымен өндірілетін адренергиялық медиаторлар әсері вазопрессин өндірілуімен жүретін простагландиндермен тығыз байланыста.

Несеп шығару жолы – несепағардан бүйрек түбегсы 2-3 үлкен тостағаншаға бөлінеді, олардың әрқайсысы 2-3 кішкентай тостағаншаға бөлінеді. Әрбір кішкентай тостағаншаға бүйрек емізікшесі ашылады. Несепағар бүйректен ішастардан тыс шығады және жамбас қуысына сегізкөз-мықын буыны алдынан түседі, әрі қарай несеп қуыққа жалғасады. Осы аймақтың анатомиялық және жастық ерекшеліктері несеп қуықтан несептің несепағарға қайта лақтырылуының (рефлюкс) себебі болуы мүмкін. Несептің несепағар бойымен жылжуы перистальтика көмегімен жүзеге асады. Несепағар бойында үш тарылу аймағы бар, осы аймақтарға тастың тіреліп қалуы мүмкін.

Бүйрек несеп шығару жүйесінің дамуы.Бүйрек және жыныс жүйесі мезодерманың ортанғы бөлімінен дамиды. Эмбрионда алғаш болып мойын аймағында орналасқан пронефрос қалыптасады, кейін айқын төмен орналасқан - мезонефрос, соңында жамбас аймағында метанефрос қалыптасады. Про- және мезонефрос ары қарай даму кезеңінде жоғалып кетеді, бүйрек тіні қалыптасуына қатыспайды. Бүйрек негізін метанефрос құрады, ұрықтың құрсақ ішілік дамудың екінші жартысында қызметін атқара бастайды. Ұрық амниотикалық сұйықты жұтып, оны қорытып, сосын несепті амниотикалық қуысқа шығарады. Бірақ тіршілік өнімдері плацента арқылы жойылады, әрі қарай анасының бүйрегімен шығарылады.

Нефрон

Нефрон- бүйректің құрылымдық-қызметтік бірлігі, ол тамырлық шумақтан, оның капсуласынан (бүйрек денешігі) және өзекшелер жүйесінен, жинақтаушы түтіктен құралады (3-сурет). Морфологиялық тұрғыдан жинақтаушы түтіктер нефронға жатпайды.

3-сурет. Нефрон құрылымы

Адамның әр бүйрегінде 1млн-ге жуық нефрон бар, жас өте келе олардың саны біртіндеп азаяды. Боумен капсуланың париетальді қабаты жалпақ эпителий жасушаларынан құралған. Қуыстың ішкі (висцеральді) қабатын шумақ капиллярларын жабатын эпителий жасушалары, яғни подоциттер құрайды. Боумен кеңістігі тікелей проксимальді ирелеңдеген өзекше кеңістігіне ауысады. Шумақтар бүйректің қыртысты қабатында орналасқан, олардың 1/10-1/15 бөлігі милы қабат шекарасында орналасқан, олар юкстамедуллярлы шумақ деп аталады. Олардың Генле ілмегі ұзын, милы затқа тереңірек енеді және алғашқы несептің тиімді қоюлануына қатысады. Емшек жасындағы балаларда шумақ көлемі кішкентай және оларда ересектермен салыстырғанда сүзу беткейі өте аз.