- •Педагогикалық ойдың дамуы
- •Қайта өрлеу дәуіріндегі педагогикалық ой - пікірлер
- •Жаңа дәуірдің басындағы педагогикалық ойлар
- •Коменскийдің педагогикалық теориясы және «Ұлы дидактика» еңбегі
- •Джон Локктың өмір жолы және педагогикалық көзқарасы
- •Тәрбиенің мақсаты мен сипаты.
- •И.Г.Песталоццидің элементарлық білім беру теориясы
- •Монтессори педагогикасы
- •Дистервергтің «табиғатқа сәйкестік» педагогикалық идеясы
Қайта өрлеу дәуіріндегі педагогикалық ой - пікірлер
XIV — XVI ғасыр тарихқа Қайта өрлеу дәуірі деген атаумен енген болатын. Бұл кезең феодалдық қоғамның ішінде өндірісті капиталистік тәсілінің алғашқы қауымдарының пайда болуымен мануфактураның сауданың дамуымен, сол кездегі прогрессивтік таптық-буржуазияның аренаға шығуымен сипатталады, ол ертедегі дүние мәдениетінің жаңғыруымен, оның ішінде грек мәдениетінің өрлеу кезеңімен ерекшеленеді. Сонымен қатар бұл кезең ғылым мен өнердің тез қарқынмен дамуына мүмкіншілік жасады. Қайта өрлеу дәуірі кезінде өмір туралы діни түсініктерге қарсы жер бетінде көңілді өмірге адам құқығын жариялады. XIV — XVI ғ.ғ. мәдениетте ең негізгі көңіл бөлінген мөселе адам болғандықтан, ол гуманистік деп аталды (латын тілінен аударғанда humanus — адамды сүю деген мағынаны білдіреді). Қайта өрлеу дәуіріндегі гуманизм, сөзсіз, прогрессивтік құбылыс болып табылады, бірақ ол салыстырмалы түрде тар шеңбердегі оқыған адамдардың идеологиясы болды және әлеуметтік шектеулі сипатта еді. Гуманистердің жариялаған «адамға табынуы», адамды сүюі, қастерлеуі тек үстем таптың өкілдеріне ғана кеңінен тарады және бұқара халықтың өкілдерінің ондай мүмкіншіліктері болмады, оларды феодалдар мен жаңа қалыптасып келе жатқан буржуазия қатал қанап отырды.
Педагогтар-гуманистер дені сау, әртүрлі қызығуларды меңгерген, өмірге белсенді адамдарды төрбиелеу мақсатын қойды. Олар балалардың дене және ақыл-ой тәрбиесіне ерекше мән берді, шығармашылық белсенділігін, өзіндік іс-әрекетін дамытуға көмектесті, оларды терең біліммен қаруландырды.
Гуманистердің айтуынша, оқыту үрдісі көрнекілікке негізделген болу керек және оқушылардың білімді саналы меңгеруін қамтамасыз ету қажеттілігіне тоқталды. Гуманистер орта ғасырға тән таяқ тәртібін, жазалауды қатты сынға ала отырып, қарсылықтарын білдірді, балаларға ерекше көңіл бөлуге, жеке түлға ретінде сыйлай білуге, құрметтеуге шақырды. Тәрбиенің феодалдық жүйесіне, догматизмге және балалардың ақыл-ой күш-жігерін басып-жаншуға қарсылық білдіре отырып, гуманистер өз кезеңі үшін алдыңғы қатарлы педагогикалық талаптар ұсынды. Бірақ гуманистік педагогика, басқа да қайта өрлеу дәуірі гуманизмінің барлық мәдени қозғалысы сияқты көпшілік бұқара халықтың мүддесі үшін күресімен байланысты болмады. Оның ықпалы тек ауқатты, үстем таптың балалары оқитын мектептерде кеңінен тарады. Қайта өрлеу дәуірінде математика, астрономия, механика, жағырафия, жаратылыстану ғылымдары жан-жақты дамуға мүмкіншілік алды. Бұл ғылымның әртүрлі салаларында ұлы жаңалықтарды табу мен ашу кезеңі болды: Еуропада кітап басып шығаруды ойлап табу, Американы, Индияға теңіз жолын ашу т.б. ұлы жаңалықтармен ерекшеленеді.
Қайта өрлеу дәуірінің педагогикалық ой- пікірлер өкілдері
Құлдық қоғамның ыдырауы және құлауы оны жаңа феодалдық құрылыспен алмасуына алып келді. Ол, алдындағы құлдық қоғаммен салыстырғанда прогрессивтік сипатта болды (себебі негізгі өндіргіш күш-шаруаның өз шаруашылығы болды, сондықтан да еңбекте қүлдарға қарағанда кейбір ынталылық танытты), бірақ феодалдық құрылыстың негізіне феодалдардың, дін иелерінің жерге жекеменшігі кірді. Феодалдық қүрьглыстың идеологиялық тірегі және ірі саяси күші католиктік шіркеу болды. Ол орта ғасырлық батыс еуропалық қоғам өмірінде ерекше рөл атқарды. Шіркеу бұқара халықты басып — жаншуды жақтап отырды.
Католиктік дін иелері ертедегі мәдениетке қарсы болды: ғылымға, өнерге, мектепке. Монастырлардың жанында монастырлық мектептер, шіркеулерде — приходтьщ мектептер ашьщды. Ең алдымен ол мектептер діни адамдарды даярлады. Бүл мектептердің мүғалімдері — монахтар мен дін иелері ер балаларды христиан дінінің және адамгершіліктің рухында төрбиеледі, оларды оқуға және жазуға үйретті, олар үшін жат латын тілінде оқытты, қүдайға қүлшылық ету латын тілінде жүргізідді. Мүнда оқыту өте қиын, әрі үзақ болды. Балаларға үлгермегені және аз-кем тәртіпті бүзғаны үшін өте ауыр дене жазасын беріп отырды. Епископ соборы мен кафедрасының жанынан кафедралық немесе собор мектептері жұмыс істеді. Бұл мектептерде «жеті еркін өнер» деп аталатын пәндер жүргізілді: грамматика, риторика (шешендік өнері), диалектика (діни философияньщ алғашқы негіздері), арифметика, геометрия, астрономия, саз өнері. Собор мектептерінде жоғары лауазымды дін иелері даярланды. Феодалдар (рыцарлар) ерекше тәрбие мен білім алды, олар жеті «рыцарлық қасиеттерді» меңгерді: атқа міне білу, суға жүзу, найзаласу, садақ ата білу, аңшылық, шахмет ойнай білу, өлең шығару және орындай білу. Оқып, жаза білу міндетті болмады. Феодалдардың қыздары білімді үйде және әйелдер монастырларында алды, оларды діни рухта тәрбиеледі, оқуға, жазуға және қолөнеріне үйретті. XII- XIII ғ. Батыс Еуропада қолөнердің, сауданың дамуы жөне қаланың өсуі, негізінен мәдениеттің пайда болуына көмектесті. Қалалықтар феодалдық езгіге және католиктік шіркеуге қарсы күресті.
Қалаларда қолөнершілер өз балалары үшін цехтық мектептер аша бастады, ал купецтер — гильдейлік мектептер үйымдастырды. Қала халқының күшімен ашылған бұл мектептерде ана тілінде оқуға, санауға жөне жазуға ерекше мән берілді. Ал мектептерде дін үстемдік ете алмады. Цехтық және гильдейлік мектептер кейін қалалық бастауыш мектептерге айналды, оқыту саласында шіркеудің үстемдігін әлсіретті және бұзды.Әртүрлі елдерде Қайта өрлеу дәуірі кезінде педагогикалық ой-пікір әрқилы дамыды, өр елдің дамуының ерекше белгілерін бейнеледі.
