- •Семей қаласының мемлекеттік медицина университеті тәжірибелік сабақтарға арналған әдістемелік нұсқаулар
- •Оқу ісінің меңгерушісі, аға оқытушы ____________________ Буланова р.К.,
- •Кафедра меңгерушісі ____________________
- •Кафедра меңгерушісі/ оқу ісін меңгеруші ____________________ (т.А.Ә., қолы)
- •Кафедра меңгерушісі/ оқу ісін меңгеруші ____________________ (т.А.Ә., қолы)
- •Кафедра меңгерушісі/ оқу ісін меңгеруші ____________________ (т.А.Ә., қолы)
- •3. Оқытудың міндеттері:
- •Негізгі әдебиеттер
- •9. Оқытушымен жұмыс.
- •7. Бақылау:
3. Оқытудың міндеттері:
Студент білуге тиіс:
- реляциялық деректер базасы технологиялары мен тұжырымдамаларын;
- реляциялық деректер базасында деректердің құрылымын әзірлеуін ұсыну принципі;
- Microsoft Access 2010 құралдары арқылы кесте, сұраныс, қалып мен есеп құру;
- деректерді өңдеу үшін SQL стандартты сұраныс тілін;
- Microsoft Access 2010 деректерімен жұмыс істеуді.
Студент істей алуға тиіс:
- теориялық аспектілер, терминология және өзге де компоненттерді нақты білу, ажырата білу;
- кестелердің құрылымын құрастыруды;
- деректердің форматын, түрін, пішінін анықтауды;
- деректер базасының тұрақтылығын қамтамасыз етуге;
- деректердің сыртқы көздерімен жұмыс жасанғанда ақпаратты импорттау және экспорттауды;
- іріктеу және сүзгілеу құралдарымен жұмыс барысында ақпараттарды оңтайландыруды;
- әртүрлі сұраныстардың түрлерін тұжырымдауды;
- SELECT SQL-командасымен жұмыс істеуді;
- бірнеше кестеден деректердің негізгілерін белгілеп іске асыруды;
- көрсетілімдер, индекстер сияқты басқа да объектілерді құрауды және қолдануды;
- пішіндерді құрауды және модификациялауды;
- деректердің топтық функцияларын қолдана отырып, есептерді қалыптастыру;
- макростарды әзірлеуді;
- Microsoft Access 2010 деректер базасының негізгі қасиеттерің түсіну.
4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:
1. Деректер базасын басқарудың құрылымы қандай?
2. Ақпараттардың өрісі қандай?
3. Өрістердегі деректердің түрі қандай?
4. Деректер базасының объектісі деген не?
5. Microsoft Access 2010 деректер базасының негізгі ерекшеліктері?
6. Стандартты сұраныстар тілі деген не?
5. Сабақ беру және оқыту әдістері:
- Компьютерде тәжірибелік тапсырма орындау;
- Ауызша сұрастыру.
6. Әдебиеттер:
Негізгі әдебиеттер
С.В. Одиночкина. Разработка баз данных в Microsoft Access 2010 - СПб: НИУ ИТМО, 2012. – 83 с.
Гурвиц Г. Microsoft Access 2010. Разработка приложений на реальном примере. СПб.: БХВ-СПб, 2010 – 469 с.
Сеннов А. Access 2010. СПб.: Питер, 2010 – 288 с.
www.iaap-hq.org
7. Ақпараттық-дидактикалық блок.
Деректер қорын басқару жүйесі (ДҚБЖ)
Деректер қоры – бір-бірімен белгілі бір тәртіппен құрылымдық тұрғыдан байланысқан, машинамен оқылатын, нақты қолданбалы сала үшін көкейкесті, ақпараттық технология үшін жарамды нысандағы нақты дүние объектілері сипаттамаларының, сондай-ақ ЭЕМ-нің жадындағы немесе машинамен оқылатын жадыдағы (магнитті ленталардағы, дискеттердегі, ықшам дискілердегі) ақпарат жазбаларының жиынтығы. Деректер қоры қоғамның барлық ақпараттық қорларымен тығыз байланысты, солардың негізінде жасалады, ал олардың көбісі ақпараттың тек құжаттық көздерімен бірге пайдаланады. Деректер қорын жасау үшін ең алдымен мүдделілік туғызған объектілер (мысалы, жеткізушілер, тұтынушылар, кәсіпорындар, қызметкерлер, т.б.) айқындалады, сонан соң әрбір объекті үшін оның өзгешеліктерін сипаттайтын деректердің жиынтығы бөліп көрсетіледі.
ДҚБЖ ақпараттарды сақтауды ұйымдастырады, сондықтан ыңғайлы болу үшін олармен жұмыс істегенде:
қарауға болады;
толықтыруға болады;
өзгертуге болады;
қажетті ақпараттарды іздеуге болады;
кез-келген таңдауларды жасауға болады;
кез-келген іріктеуді жүргізуге болады.
Деректер базасының жіктелуі:
Ақпаратты сақтау сипаты:
— Фактографиялық (картотекалар), — Деректі (архивтер)
Деректерді сақтау әдістері бойынша:
— Орталықтандыру (бір компьютерде сақталады), — Бөлінген (жергілікті және ғаламдық компьютерлік желілерде пайдаланылады).
Деректерді ұйымдастыру құрылымы бойынша:
— Кестелік (реляциялық), — Иерархиялық.
Деректер қорындағы ақпарат жеке – жеке жазбалардың құрылымына бөлінген, және бір–бірімен байланысты берілген элементтердің тобы деп аталады. Екі жазбаның арасындағы байланыс негізгі деректер базалардың ұйымдастыруын анықтайды. Деректерді ұйымдастырудың екі негізгі түрлері: иерархиялық және реляциялық. Иерархиялық деректер базасындағы жазбалар белгілі бір рет бойынша кезекпен, сатыдағы баспалдақ сияқты, және деректерді іздеу баспалдақтан баспалдаққа «түскен» сияқты жүзеге асырылады. Иерархиялық деректер базасы өзінің құрылымы бойынша иерархиялық файлдық жүйеге сәйкес келеді.
Реляциялық деректер базасы екі өлшемді кестені білдіреді.
Кестенің бағандары өрістер деп аталады: әр өріс өзінің атауы мен деректер тобымен сипатталады. ДБ өрісі – бұл белгілі бір қасиеттерді қамтитын маңызы бар кестенің бағаны.
Реляциялық ДБ-да өрістің негізгі төрт түрі қолданылады:
Сандық;
Символдық (сөздер, мәтіндер, кодтар және т.б.);
Күні ( «күні/айы/жылы» формасында күнтізбелік даталар);
Логикалық («иә» - «жоқ» немесе «шыңдық» - «жалған» деген екі мағынаны білдіреді).
Кестедегі жолдар объекті жазбалары болып саналады. ДБ жазбасы – деректер базасындағы өрістерде орналасқан, белгілі бір қасиеттің мағынасы бар кестенің жолы. Деректер базасын басқару жүйесі ақпараттың үлкен көлемін біріктіруге және өңдеуге, белгілі бір критерийлер бойынша іріктеуге т.б. мүмкіндік береді. Заманауи ДҚБЖ соларға кестелік және мәтіндік ақпаратты қосуға мүмкіндік береді, сонымен қатар бейнеклиптер мен дыбыстық үзінділерді де қосуға болады. ДҚБЖ қолданылуының қарапайымдылығы соншалықты, тіпті бағдарламалауды қолданбай-ақ жаңа деректер базасын құруға мүмкіндік береді, сонымен қатар кіріктірме функцияларымен де қолдануға мүмкіндік береді. ДҚБЖ деректердің дұрыстығын, толықтығын және оларға ыңғайлы қолжетімділікті қамтамасыз етеді.
Қазіргі заманғы ДҚБЖ - FoxPro, Access for Windows, Paradox. Күрделі емес ДҚБЖ пайдалану үшін ақпарататтық – іздеу жүйесі (АІЖ) қолданылады, олар келесі функцияларды орындайды:
үлкен көлемдегі ақпараттарды сақтайды;
қажетті ақпаратты жылдам табады;
сақталған ақпаратты қосады, жояды және өзгертеді;
адамға қорытынды үшін оның ыңғайлы түрде шығарылуы.
Microsoft Access 2010
MS Access (Access ағылшын тілінен аударғанда «қол жеткізу» дегенді білдіреді) – ол – кез-келген фирма, мекеме, шағын кәсіпкерлік шаруашылықтар бір-бірі туралы мағлұмат алу үшін, немесе келісу үшін, арнайы қағаздар толтырып, құжаттар дайындап, қағаздардың санын көбейтіп әуре болмайды. Мұның бәрін осы бағдарлама жасайды. Бұл бағдарламада кесте түрінде, сызба түрінде, кез-келген фирманың толық мағлұматтары болады. Оны алып қарап, онымен тікелей жұмыс жасай беруге болады. Microsoft Access бағдарламасы қазіргі кезде компьютерлік технологиялардың құралы ретінде кеңінен пайдаланылады. Бұл бағдарламаны қазіргі таңда пайдаланудың нақты мысалдары көп емес.
Access құралдары арқылы келесі операцияларды жүргізуге болады:
1. Базалық деректерді жобалау – әртүрлі деректері бар екіөлшемді кестелерді жобалау.
2. Деректер тұтастығын қолдайтын кестелер арасындағы байланыстарды белгілеу.
3. Кестелердегі мәліметтерді әртүрлі ақпараттарды бақылау құралдарды пайдалану арқылы, кестелерді индексациялау және логиканың аппаратын (деректерді фильтрациялау үшін) еңгізу, сақтау, көру, іріктеу, модификациялау.
4. Туынды объектілерді құру, модификациялау және қолдану (пішіні, сұраныстар және есептер).
Деректер қорын құру келесі үш негізгі кезеңдерден тұрады:
1. ДБ жобалау. Бұл кезеңде қай өрістердің ДБ құрамына еңуі және олардың құрылымы анықталады.
2. Құрылымын құру. Бұл кезеңде нақты ДҚБЖ арқылы ДБ құрамына кіретін кестелердің құрылымы сипатталады.
3. Жазуларды еңгізу. ДБ кестелерің нақты ақпаратпен толтыру.
Access деректер базасының объектілері
Деректер базасының объектілеріне жататындар:
Кестелер – жазулар жиынтығы, осында негізгі ақпараттар сақталады.
Қалып арнайы экран форматы түрінде қарастырылады, деректерді кестеге енгізу үшін пайдаланылады және бір жазуды көруге мүмкіндік береді.
Сұраныс – деректерді талдау, таңдау және өзгерту үшін қолданылатын құрал. Access арқылы сұраныстардың бірнеше түрі құрылады.
Есептер – баспаға жіберердегі деректерді ұйымдастыру құралы.
Объектілердің барлық түрлерінің ішінде тек қана кестелер ғана ақпараттарды сақтауға мүмкіндігі бар. Басқалары мәліметтерді көруге, редакциялауға, өңдеуге және талдауға пайдаланылады, немесе ақпарттарға тиімді қолжетімді болуды қамтамасыз етеді.
ДҚБЖ Access кестенің жолы жазба деп аталады, ал баған – өріс деп аталады. Жалпы айтқанда ол мына кестедегідей көрінеді:
Жазу – белгілі бір объекті, тұлға немесе тауар туралы мәліметтердің жинағы. Мысалы, пациент туралы барлық мәліметтер: тегі, аты, әкесінің аты және т.б. Өрістер – бұл объектінің әртүрлі мінездемелері (кейде – атрибуттар деп атайды). Әртүрлі өрістер атауларымен өзгешеленеді, мысалы, өрістер – учаскенің нөмірі және пациенттың телефонының номірі. Реляциялық базасындағы деректер бір кестеде бір рет қана сақталады, ал қарастырғанда әртүрлі орналуына байланысты. Деректерді өзгерткен жағдайда шығатын жерлердің барлығында, олар барлық жерде автоматты түрде жаңартылады.
1. Әр өрісте бір ғана мәні сақталады.
2. Кестелерде қайталанытын жазулар болмау керек.
ДҚБЖ да жазулар кілттердің мәнімен өзгешеленеді, сондықтан кестедегі жазуларды бір бірінен ажырату керек. Бірегей маңызы бар өрісті (идентификациялық нөмірі, картаның нөмірі, учаскенің нөмірі және т.б.), басқа жазуларда қайталанбайды және кестедегі әр жазуды анықтайды – осыны алғашқы кілт деп атаймыз. Алғашқы кілт арқылы екі кестені бір бірімен байланыстыруға болады. Сол бойынша деректерді бірлесіп қолдануға болады. Байланысқан кестелерде алғашқы кілт басқа кілттің сыртқы кілті болады. Сыртқы кілт дегеніміз – кестенің бір немесе бірнеше өрісі, мағынасы бойынша комбинациясы басқа кестедегі алғашқы кілттің басқалармен байланысын орнату үшін бағытталған. Кестенің әр өрісімен тағы да бір маңызды қасиеті байланысты – өрістің түрі және деректер түрі. Түрі әртүрлі мағыналарды анықтайды, ол мағыналар әртүрлі жазуларды қабылдай алады. Бірлесіп жұмыс істеу кезінде ақпарат базасының басқару жүйесінің арқасында ақпаратты санкционалдық емес енуді қорғай аламыз, соның нәтижесінде бұл ақпаратты белгілі бір қолданушылар ғана қолданып, оларға жаңадан енгізулер енгізе алады. MS Access 2010 деректер базасы файлының максималды көлемі 2 гигабайтты құрайды. Кестедегі ақпаратты өндеу үшін Microsoft Access SQL деген өте күшті тіл қолданылады. Оның көмегімен бір немесе бірнеше кестеден бізге керекті ақпаратты ғана белгілей аламыз. Деректер базасы жүйесінде, Microsoft Access нұсқасынан бастап Mirosoft Access 2007 дейін, көбінесе өрістерде бір ғана мағынаны сақтай аламыз. Microsoft Access 2010 жұмыс істегенде, бірнеше мағынаны сақтайтын, өрісті құруға болады, мысалы, проблемаға жататын санат тізімдерін құруға болады.
Кілттерді екі класқа бөлуге болады: қарапайым және құрама. Қарапайым кілт бір атритуттан құралады, құрама кілт бірнеше атрибуттардан құралады. Құрама кілттерді пайдаланған жағдайда кестелерді біріктіру қиынға соғады. Индекс – кестедегі деректерді іздеуді және іріктеуді жылдамдататын құрал. Сұраныстарды елеулі түрде жылдамдатса, ол өрістердің индексациясына әкеледі, олар қатынастардың екі жағында орналасқан, немесе осы екі өрістердің арасында байланыс пайда болады, ал барлық өрістерді индексациялау, сұраныстағы іріктеудің шарты ретінде қолданылады. Индекс қарапайым болады (егер бір атрибуттан құралса), немесе құрама болады (егер бірнеше атрибуттан құралса). Индекс бірегей және берегей емес болады.
Қарапайым 2 өлшемді кестелер реляциялық мәліметтер қоры болып табылады. Мәліметтер қорын басқару жүйесі мәліметтер қорын құру, мәліметтерді өңдеу, қандай да бір шарт бойынша қордан мәліметтерді таңдау, қор негізінде әр түрлі формалар, есептер құруды жүзеге асырады. Реляциялық деректер базасы ақпаратты біріктіруге мүмкіндік береді. Базаны жобалау процесінде қатынастар анықталады; ол үшін әртүрлі кестелерді талдау керек, араларындағы логикалық байланыстарды анықтау қажет, және байланысты сипаттауға болады. Кестені құрғаннан кейін Microsoft Access 2010 қосымшасында деректер базасындағы әр тақырыпқа құралдарды ұсыну қажет. Сол құралдар мәліметтерді қайтадан біріктіруге қажет болған жағдайда мүмкіндік береді. Бұл әрекет бір - бірімен байланысты кестелердегі ортақ өрістерді кіріктіруге және кестелер арасындағы байланыстарды анықтау үшін жасалады. Содан кейін сұраныстарды, пішіндерді және есептерді құруға болады, олар бірнеше кестелердегі ақпараттарды көрсететін болады.
SQL тілі
Қазіргі кезде барлық ДҚБЖ қолдайтын бір ғана тіл бар, ол SQL (Structured Query Language) тілі.
Базалық тіл және оған қосылған қосалқы тіл бір – бірінен қатты айырмашылығы жоқ (мысалы, SQL – жеке тіл ретінде). Егер олар бір – біріне қатты ұқсаса немесе айырмашылығы көрінбесе, оларды қатты байланысты деп атайды. Егер олар бір – біріне ұқсамаса, оларды әлсіз байланысты деп атайды.
ДҚБЖ қатты байланысты тілдермен жұмыс жасау күрделілеу, бірақ қатты байланысқан жүйелермен жұмыс жасауға келешекте көп мүмкіндік бар екені айқын. Қосалқы тіл шын мәнінде екі тілдің комбинациясы болып табылады: деректерді анықтайтын тіл (data definition language - DDL). Ол тіл жарнамаларды қолдайды немесе ДБ объектілерін анықтайды, және деректерді өңдейтін тіл (data manipulation lаnguage - DML). Ол тағы да осы сияқты объектілермен немесе оларды өңдеу операцияларын қолдайды.
Сыртқы және ішкі тілдер бір – бірімен дәл келуі және дәл келмеуі мүмкін.
Мысал: Қолданбалы программист үшін - С+ , SQL тілі. Ішкі схемасы С да сипатталған, ал сұраныстар SQL сипатталған. Бұл жағдайда ішкі және сыртқы тілдер бір – бірімен дәл келеді. Егер ішкі схема SQL сипатталса және сұраныстар да SQL сипатталса, он жағдайда тілдер сәйкес келеді. Түпкі қолданушыға тілдердің сәйкес келуі сирек кездеседі (ілгері қолданушылар). Әдетте сыртқы тіл – мәзір тілі, ішкі, немесе арнайы тілдер (FoxPro, C), немесе SQL. Бірақ кей кезде ілгері қолданушылар ДҚБЖ SQL тілінде араласады, және егер де ішкі тілі де SQL болса, онда ол тілдердің сәйкестігімен дәл келеді.
SQL тілі – реляциялық деректер базасымен жұмыс істеудегі стандартты сұраныс тілі болып саналады. SQL тілі реляциялық алгебрадан кейін пайда болды, және оның прототипі 70-ші жылдардың соңында IBM Research компаниясы әзірлеген. Өзінің кең таралуына байланысты ол ДҚБЖ реляциялық деректерді басқарушы тіл ретінде «де-факто» стандарты болды.
SQL тілі кестелермен әртүрлі операциялар жүргізу үшін (құру, жою, құрылымын өзгерту) және кестелердегі деректермен жұмыс жасау үшін (таңдау, өзгерту, қосу және жою), тағы да кейбір ілеспе операцияларды орындау үшін. SQL процедуралық емес тілге жатады және басқару операторлары, бөлімшелерді ұйымдастыру, еңгізу – шығару және т.б. жоқ. Сондықтан SQL дербес пайдаланылмайды, әдеттегідей ол ДҚБЖ бағдарламалау кірістірілген ортасында қарастырылады.
