Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
реферат менеджмент.doc
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
170 Кб
Скачать
☆

1.3 Ақаусыз өндіріс және шешім әзірлеу мен қабылдау

Жапонияда сапаны басқару фирмадағы барлық жұмыскерлер мен бөлімше қызметкерлерінің міндеті - өнім сапасын жан-жақты басқарудың түп негізі осында. Жапондық тәсілде сапаны басқаруға жаппай қатысу көзделген.

Өнім сапасын жақсарту жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыруда жапондық тәжірибенің ең басты белгілері қандай?

  1. Осы сала бойынша теорияда жинақталған және практикада жүзеге асырылған озат тәжірибе негізінде сапа проблемасын жүзеге асырылған озат тәжірибе негізінде сапа проблемасын көп жылдар бойы жүйелі түрде, мақсатқа сай шешу.

  2. Тұтынушылардың сұранысын үнемі зерттеу, тұтынушыларға құрмет көрсету, талабын орыдау.

  3. Барлығына: ұлттық заң шығарушылардан бастап, өнімді әзірлеушілер жіберген қателіктерді бағалауға дейінгі мәселелерге қатысуға тырысу.

  4. Тіптен мүлтіксіз жұмыс істейтін сапаны басқару жөніндегі жүйенің өзі уақыт өте келе тиімділігін жоғалтуы мүмкін екендігін есте ұстау.

  5. Тікелей мастерлер мен бригадирлер арқылы жоғары сапаны қамтамасыз ету жөніндегі жұмысты ұйымдастыру.

  6. Жұмысшылардың дене және ақыл-ой мүмкіндіктерін жұмылдыруға айрықша көңіл бөлінеді. Жапонияда кең етек алған форманың бірі – сапа үйірмесі деп аталады. Олардың жұмысының мақсаты мен мазмұны - өндірістегі нақты участкенің жағдайына топтық талдау жасау, әрі сапаны жақсарту мен еңбек өнімділігін арттыру жөнінде ұсыныстар енгізу.

  7. Экономикалық өсудің біркелкі қарқынын қамтамасыз ету үшін жоғары сапаның мәнін біркелкі қарқынын қамтамасыз ету үшін жоғары сапаның мәнін насихаттайтын жан-жақты дамытылған және тұрақты жұмыс істейтін жүйе.

  8. Сыртқы рынокқа сатуға арналған өнімдерді міндетті түрде мемлекеттік сертификациялау.

Қазіргі Жапонияда шешім әзірлеу мен қабылдау менеджменттің маңызды саласы болып саналады. Шешім қабылдаудың жапондық жүйесі ұлттық дәстүрлерге жапондықтардың этнопсихологиялық ерекшеліктеріне олардың әлеуметтік құндылығына негізделген.

Жапонияда шешім қабылдаудың елеулі ерекшелігі – келісу принципі. Европалықтардың шешім қабылдау тәсілінен айырмашылығы – жапондықтар әуелі мәжілістер мен ресми емес келіссөздерде түйінді мәселелерді көпшілік дауыспен шешіп алады. Олардың пікірінше, мұндай процедура бірауыздылыққа, келісіп әрекет жасауға ықпал етеді.

Мүдделі адамдардың көптеген жиналыстары және солармен жан-жақты келісуі нәтижесінде шешім қабылдау топтардан басталады және де жауапкершілік жеке бір адамға емес, тұтастай топқа жүктеледі. Топтық принцип дегеніміз де, міне, осы.

1.4 Еңбек ақы және жасына қарай қызметінің жоғарылауы

«НЭНКО СЭИДО». Ірі корпорациядағы тұрақты жұмыс істейтіндерге, фирмадағы жұмыс стажына қарай жылма-жыл жалақысын тұрақты көбейтіп отыруға кепілдік беріледі. Қабылданған дәстүр бойынша жасы үлкен қызметкерлер тым жас адамдардың қарамағында істемеуі тиіс.

Жапонияда жасының үлкендігіне қарай ақы төлеу қабылданған, оны «нэнко сэидо» деп атайды.

Жұмысқа орналасқан жұмысшы немесе қызметші фирмамен келісім жасайды. «Менеджмент интернейшил» компаниясының президенті Масакучу «қазіргі самурайлар қоғамы» кітабында мұның өзі отбасындағы тіршілік қарым-қатынасына ұқсайтындығын атап көрсетеді. Шындығында, келісімде фирма не істейтіндігі: алғашқы ебек ақысы қандай болатындығы, ол қандай қарқынмен көбейетіндігі, ақылы демалыс күні қанша болатындығы, жұмыс күні қалай ұйымдастырылатындығы атап көрсетілген. Жұмысқа жаңадан орналасушының міндеті: «Барлық күш-қайратын еңбекке жұмсау». Фирма қауымдық құрылысқы негізделген, бала ата-анасының борышын қалай өтесе, солай өтеуі тиіс.

Жапон менеджменттеріне тән сипат фирманың корпоративтік рухы, мұның өзі өмірлік жалданатын жұмыскерлердің, олардың еңбекақысының, жасының ұлғаюына, қарай қызметінің жоғарылауының, шағын топтар психологиясын сіңірудің тегеуірінді күші болып саналады.

«Корпоративтік рух» ұғымы ұйымдық идеал мен соның жолын ұстаушылық бірліктің, берілгендіктің көрсеткіші ретінде қабылданады. Жапон болмысында фирма идеясына берілгендік, содан кейін - өз секциясына, бөліміне, кәсіпорынға, және ең соңында, фирмаға берілгендік.

Әрбір фирманың ерекше формасы, ұраны, кейде ән ұраны (гимні) болады. әрбір фирмада алуан түрлі салт жоралар, жиналыстар, конференциялар ұдайы өткізіліп, тұрады. Фирмада ардагерлер, шеберлер, тәрбиешілер жұмыс істейді.

Фирма басшылығы қызметшілермен сенімді қарым-қатынас орнатуға ерекше көңіл бөледі. Сенім, деп есептейді жапондықтар, жауап сенімділікті туғызады.

Жұмыскерлердің фирма идеясына берілгендігінің корпоративтік рухы Жапонияда басқарудың мақсаты ретінде және құралы ретінде қолданылады. Жапон менеджменті осы рухты тиісті деңгейде ұстау күш-жігерін аямайды.