Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
псииих. реферат.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
214 Кб
Скачать
☆

1 Жоғары мектеп психологиясының негізгі сипаттамасы

 Қазақстан Республикасындағы қоғамдық өзгерістердің ауқымдылығы, күрделілігі білім беру саласына оның ішінде жоғары оқу орындарында білім беру стратегияларына өзгерістер енгізуді талап етеді. Әр түрлі болжамдардың сан алуандығына қарамастан, қазіргі білім беру жүйесін дамыту үдерісінде жаңа оқыту үлгілеріне, мазмұнына, технологияларына, түрлері мен әдістеріне қатысты шығармашылық ізденістердің қарқындылығымен әрі көп түрлілігімен ерекшеленетінін мойындауға болады. Мұндай даму қоғамды ақпараттандыру технологиясын қарқынды дамыту аясында жүзеге асырылып отыр.

Жоғары оқу орнының басты мақсаты - алдыңғы қатарлы жастар тәрбиелеу, адамзаттың мәдени және өнегелік деңгейі мен оның ой-өрісін арттыру, жоғары білімді маман иелерін қазіргі заман талабына сай дайындау.

Жоғары білім - маманға білім, іскерлік және дағды ғана беріп қоймайды, ол жеке тұлға қалыптастырады. Бүгінгі күнгі педагогика ғылымының көкейкесті мәселелері - әлемдік білім беру кеңістігіне сай бейімдеп білім алу, кәсіби қалыптастырудың сапасын жақсарту, біліммен қамтамасыз етудің ғылыми-әдістемелік жүйесін түбегейлі жаңарту, оқытудың әдістері мен ұйымдастыру түрлерін өзгерту, педагогикалық ғылымдарды ұйымдастыруды қайта құру, ондағы алдыңғы қатарлы оқу-тәрбие тәжірибелері мен қазіргі қоғамның сұраныстарының алшақтығын жою, білімдегі жаңашылдықты саралау, білімді жетілдіру үдерісіндегі үздіксіздікті қамтамасыз етуде оның ролін арттыру[5].

Қазақстан Респубикасының «Білім туралы» Заңында ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде тұлғаны қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім беру және оның шығармашылық, рухани және тәни күш қуатын жетілдіру, жеке   тұлғаның жан-жақты дамуына жағдай жасау міндеті көзделгенін ескерсек, болашақ мамандар жаңашылдыққа даярлануы керек.

Жоғары мектеп психологиясы кәсіби білім берудегі көкейтесті психологиялық мәселелерді шешуге бағытталады. Жоғары мектеп психологиясының теориясы мен тәжірибесіндегі озық жетістіктерді қолдану арқылы оқу-кәсіби іс-әрекет субъектісі ретіндегі болашақ маманның зияткерлік және түлғалық дамуын тиімді ету мүмкіндігі артады.

Жоғары мектеп психологиясынан ғылым ретінде кәсіби білім беруде орын алатын психологиялық құбылыстарды зерттеу, түсіндіру және сипаттап беру күтіледі. Олай болса, жоғары мектеп психологиясында кәсіби білім беру үдерісіндегі деректерді, заңдылықтар мен механизмдерді теориялық жағынан зерггеп, негіздеу ғана емес, сонымен бірге, оларды қазіргі кездегі кәсіби дайындау тәжірибесіне ықпалдастырып, ендіру өзекті мәселе болып табылады.

Сондықтан, жоғары мектеп психологиясының нысаны — жоғары оқу орнында білім беруге, психологиялық дамуға бағытталған оқу-тәрбие процесі.

Ал, жоғары мектеп психологиясының пәні - жоғары оку орнында білім беру, даму бойынша психологиялық деректер, заңдылықтар, механизмдер және шарттар. Сонда, жоғары мектеп психологиясы студент пен оқытушының өзара әрекеттесуін, олардың түлғалық дамуын қарастырады. Нақты айтқанда, жоғары мектеп психологиясы 1) оқу-кәсіби іс-әрекет субьектісі ретіндегі студенттің психикалық даму заңңылықтарын; 2) оқытушының ғылыми-педагогикалық іс-әрекеттерінің заңдылықтарын және 3) студенттер мен оқытушылардың кәсіби-педагогикалық қарым-қатынасының әлеуметтік-психологиялық ерекшеліктерін зерттейді. Теориялық негіздемесі тұжырымдалған әрі қолданбалы пән ретінде жоғары мектеп психологиясы кәсіби білім беру үдерісін психологияландыруға бағытталады.

Жоғары мектеп психологиясының негізгі міндеттері:

- студенттердің толымды психикалық дамуын, тұлғалық жетілу механизмдерін зерттеу;

- студенттердің маман, зияткер және тұлға ретінде дамып, жетілуіне қажетті психологиялық жағдайды қамтамасыз ету;

- кәсіби білім беру субьектісінің өзіндік дамуы мен жетілуіне барынша ықпал ететін әлеуметтік-психологиялық, педагогикалық жағдайларды анықтап, жобалау;

- студенттің маман және тұлға ретінде даму ерекшеліктерін анықтауға және жобалауға мүмкіндік беретін әдістемелік, психо-диагностикалық кұралдарды жасау; |

- кәсіби білім беру субъектілерінің - оқытушылардың, әкімшіліктің, ұжымның психологиялық ерекшеліктерін және олардың студенттің психикалық дамуына ықпал ету механизмдерін зерттеу.

Жоғары мектеп психологиясының құрылымына жоғары оқу орнындағы а) оқу әрекетінің және оқыту психологиясы, ә) даму психологиясы, б) педагогикалық кәсіби іс-әрекет психологиясы бойынша әр жақты білім қамтылады.

Жоғары мектептегі оқу әрекеті және оқыту психологиясы болашақ мамандардың оку-танымдық және оқу-кәсіби іс-әрекетінің психологиялық негіздерін; оқу әрекетінің жетілу ерекшеліктерін; кәсіби білім беру жағдайында танымдық даму мәселесін; окыту зандылықтарын; студенттің шығармашылық әлеуеті мен субьектілік қасиеттерінің дамуындағы оқытушының рөлін зерттейді.

Жоғары мектептегі оқыту психологиясының негізіне болашақ маманның білімі, икемділіктері, дағдылары орнығып, жетілуін және психологиялық денсаулығын қамтамасыз етуге бағытталған оқыту және оқу теориялары, олардың формалары мен әдіс-тәсілдері қамтылады.

Жоғары мектептегі даму психологиясы студенттік жас кезеңіндегі психологиялық ерекшеліктерді, кәсіби білім беру барысында болашақ маманның тұлғалық даму заңдышықтарын зерттейді; студенттердің психологиялық қиыншылықтары мен мәселелерін олардың психологиялық типологиясын; оқу-тәрбие үдерісінің субьектілері арасындагы өзара әрекеттестік пен өзара қатынастың тиімді жолдары мен амалдарын анықгап, жобалайды.

Жоғары мектептегі педагогикалық іс-әрекет психологиясы оқытушының оқыту, тәрбиелеу іс-әрекетін, оның тұлғалық және қарым-қатьшас жасаудағы психологиялық ерекшеліктерін, кәсіби жетілу сатылары мен заңдылықтарын зерттейді. Педагогтердің кәсіби және түлғалық дамуын қарқынды түрде жүзеге асыруға, білім беру процесіндегі өзара әрекеттесудің оңтайлы жағдайын жасауға мүмкіндік беретін психологиялық технологиялар да аталмыш бөлімнің нысаны болады. Сонымен қатар, мұнда оқытушының педагогикалық процесті ұйымдастыруындағы психологиялық негіздер; тұлғалық және кәсіби ұстанымдар; оқытушының кәсіби деформациялары, оның себептері, шешілу тәсілдері қарастырылады[6].

Жоғары мектеп психологиясы педагогикалық психологияның саласы болып табылады.

Сонымен қатар, жоғары мектеп психологиясы басқа да психология ғылымдарымен тығыз байланысты. Өйткені, жоғары оқу орнында кәсіби білім берудің мәселелерін шешу үшін психология ғьлымдарының көптеген салаларындағы - жалпы психологияның, тұлға психологиясының, жас ерекшелік психологиясының, әлеуметтік психологияның, даму психологиясының, дифференциалдық психологияның, еңбек психологиясының, тәжірибелік психологияның, психогенетиканың және т.с.с. білімдер жүйесі қолданылады. Нысанының, пәнінің күрделі болуына, жалпы, адам жайлы ғылымдардың өзара байланыстарының тығыздығы бойынша жоғары мектеп психологиясы пәнаралық ықпалдастықпен сипатталады.

Жоғары мектеп психологиясы философия, педагогика, мәдениеттану, әлеуметтану, құқықтану, анатомия, физиология, тіпті, математика, медицина сияқты көптеген қоғамдық, әлеуметтік-ізгілікті және жаратылыстану ғылымдарындағы білімдермен өзара кірігіп, өзара сабақтастықта дамып, жетіледі.

Қазіргі қоғамдағы елеулі өзгерістерге және ғылым-білімнің каркынды дамуына байланысты жоғары мектеп психологиясының алдында жаңа міндеттер де шыкты. Сондықтан, жоғары оқу орнында психологиялық дайындаудың, психологиялық қызмет көрсетудің тұжырымдамаларын дәйектеп, оларды жүзеге асырудың ғылыми негізделген тиімді технологияларын жобалау және жүзеге асыру аса көкейтесті болып табылады. Осы орайда білім беру мен ғылым саласындағы психологияның орнын түсінуге мүмкіндік беретін тұрғылар қарастырылады:

- психология болашақ маманның өз дамуын қарқынды және дәлме-дәл жүргізуіне, жеке-дара ерекшеліктерді ескере отырып, оқу әрекетін жетілдіруге бағыт бере алады;

- психологиялық мәдениет кәсіби білім беру субъектілерінің оку-кәсіби іс-әрекетіндегі, қарым-қатынасындағы, даму үдерісіндегі мәселелерді тиімді шешуге негіз болады;

- психологиялық даярлық студенттердің, оқытушылардың психологиялық жағынан саулықты сақтауын, арттыруын қамтамасыз етеді[7].

Сонымен, жоғары мектеп психологиясы жоғары оқу орнындағы кәсіби білім беруді жетілдіруге және оның субъектілерінің дамуына жағдай, шарт болады.

Қазақстандық отандық ғалымдардың А.Р.Лурия, А.Н.Леонтьев, Б.Г.Ананьев, П.Я.Гальперин, Л.С.Выготский және басқа да психологиядағы ірі тұлғалардың идеяларын жалғастырған психологиялық теориялары мен практика жүйесі орныққан деуге әбден болады.

Жоғары мектеп психологиясының дамуында Ш.Әлжанов, Ә.Асылбеков, Т.Тәжібаев, А.Темірбеков, Ә.Сыдықов, С.Балаубаев, Е.Суфиев, М.Мұқанов, А.Алдамұратова, Қ.Рақымбековтардың құнды еңбек тәжіриберелері тарихта қалды.

Республикадағы жоғары мектеп психологиясына елеулі үлес қосқан адамдардың бірі - академик Т.Тәжібаев аса ерекше орын алды. Ол алғашқы педагог-психолог мамандарын дайындауда бастама жасады. Ол өзінің бастамаларын жазуда К.Д.Ушинскийдің еңбектерін негізге ала отырып, педагикалық психологияда білім беру көзқарастарын талдап қарастырған. Осы қатарды академик Т.Тәжібаевтың шәкіртімен М.М.Мұқанов толықтыруға болды. Бұл адамның психология саласына қосқан үлесі зор. Оның 200-ге жуық еңбегі жарыққа шықты. Солардың бірнешеуін атап өтсек, «Педагогикалық психология очерктері» , «Жас және педагогикалық психология» және тағы басқалар.

Қазақстанда педагогикалық психологияның енгізілуімен қатар, оның дамуына аса зор үлестің бірі – ол қазақ тіліндегі алғашқы психология саласы бойынша оқулықтардың басылып шығуы. Қазіргі заман талабына сай, білімді және өз ісінің мамандарын дайындау мақсатында білім берудің оқу-әдістемелік негезін нығайту, студенттердің, магистранттардың, докторанттардың ғылыми еңбектерін жазу барысында тигізітін көмегі аса зор. Сондықтан, республикамыздағы жоғары мектеп психологиясының дамуына тағы да бірқатар адамдардың ықпалы бар: Қ.Б.Жарықбаев, Б.М.Хамзин, Ж.Ы. Намазбаева, Х.Т.Шерьязданова, С.М.Жақыпов, В.К.Шебельников, Ж.Түрікпен-ұлы, А.М.Ким, Н.А.Логинов деп айта кетуге болады.

Жоғары мектеп психологиясының аса қатты өркендеціне зор үлес қосқан адамдардың бірі ретінде Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің психология жіне педагогика ғылымдарының докторы Қ.Б.Жарықбаев жеке атап өтуге болады. Ол адамның еңбегінде оның психология тарихы бойынша зерттеулерін жүргізуіне қатысты жазған еңбектері қазіргі таңда оқу құралы ретінде қолданылып жүр. Қазіргі таңда сонымен қатар, жоғары білім беру орындарында психологиялық дайындық, адамның тұлға ретніде өзін-өзі тану процесі және қарым-қатынастың коммуникациялық, интеракциялық, перцепциялық жетілдіруін заңдылықтар мен мүмкіндіктерін негізге алып психологиялық технологияларды оңтайлы қолдана білу мәселелерін қарастырған Қазақ қыздар мемлекеттік педагогикалық университетінің профессоры, психология ғылымдарының докторы Х.Т.Шериязданованың С.А.Назарбаеваның басшылығымен «Бөбек» қорының қолдануымен құрылған, П.К.Ивановтың «Детка» іліміне негізделіп жасалған, «Өзін-өзі тану» республикалық жобасын құруда өз үлесін қосқан. Бұдан басқа, «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы аясында, белсенді ұстаным арқылы болашақ психолог жіне педагогтерді біріктіріп, 2005 жылы әлемдік түрлі теориялар мен идеялар, тұжырымдамалардыы алғаш рет қазақ тіліне аударып, «Адамзаттың ақыл-ай қазынасы» атты 10 томдық аса құнды еңбек басып шығарды. Студенттердің оқу барысындағы танымдық іс-әрекеттерін психология ғылымдарының докторы С.М.Жақыпов жоғары мектептің оқу процесіне жүйелі психологиялық алғашқы талдау жасаған. Танымдық іс әрекеттерді дамыту, білім берудің тиімділігін арттыру мақсатында С.М.Жақыповтың теориялық-эксперименталды зерттеулері, іс тәжірибелері құнды дүние болып табылады.

АҚШ мемлекетін мысал ретінде алатын болсақ, мұнда жоғары мектеп ретінде жазғы мектептерді алуға болады. Мұнда 1-2 апта не болмаса 3 айға дейын созылатын интенсивті курсттар жүргізіледі. Ал Қазақстанмен салыстыратын болса, біздің білім беру жүйесінде бұл пән ретінде міндетті дисциплина түрінде магистратура және докторантура оқу кестесіне қосылған[8].

Ал Германияда кері процестер жүргізілуде. Дайындық университетке байланысты, және университеттен тыс жүргізіледі. Оның даму жағынан қарастыратын болсақ тиімсіз. Осыларды айта келе, қорытынды ретінде

Біріншіден, дайындық мүддесіне қарай жүргізіледі. Мұны былай түсіндіруге болады, дайындық үлкен ЖОО көлемінде және одан тыс жүргізіледі.

Екіншіден, ұйымдастыру барысында вариативтілік артады, себебі, оқытушыларды дайындау процесі, мамандық талаптарына сай болуы, оқытушылардың мүдделері мен мүмкіндіктері қарастырылады.

Үшіншіден, сарапшылардың айтуы бойынша дайындық барысында қоғамдағы рольдің артуы, дайындық процесінің ұйымдастыру барысындағы тәжірибеге бағытталғандағы сипатқа ие.

Бүгінгі күнде осы заманға сай таптырмас кадр немесе маман дайындау, сұранысқа ие жоғары мектептің инновациялық ұлттық үлгіде құрылуы маңызды болып табылады. Бұл жоғары мектеп психология түрінің дамуынан зор үміт күтуге болады, себебі, мұның бәрі білім деңгейі мен ғылыми зерттеу сапасының артуына ықпал ету мақсатында құрылып жатыр.