- •Ойынның қабылдау техникасын үйрету
- •5.3.5.1 Басқа адамдардың дене жаттығуларының тәжірибелерін байытуға арналған дағдыларды білу және орындау
- •5.2.5.1 Өзінің және өзгелердің шығармашылық қабілеттерін білу және түсіну, сондай-ақ оны шешудің қарапайым балама жолдарын ұсыну
- •5.3.1.1 Денсаулықты сақтаудың маңыздылығын білу және түсіну
- •Тапсырма
- •Тапсырма
- •Көрсетеді
- •Тапсырма
Тапсырма
Допты әр түрлі жағдайда алып жүру нұсқаларын орындаңыз.
Ойыншылар доптарымен үш, төрт, бесеуден бөлініп, сызық бойына тұрады. Мұғалімнің белгісі бойынша бірінші топ бастайды. Әр ойыншы допты алып жүру нұсқаларын орындайды:
допты жүргізіп келе жатқан қолын ауыстыру;
артқа жылжу;
жылдамдығын өзгерту;
бұрылу арқылы жүргізу,
тоқтап секіру;
допты жүргізіп келе жатқан қолын ауыстыра отырып, 360° бұрылу.
Дескриптор Білім алушы
− допты жүргізіп келе жатқан қолын ауыстырады; − артқа жылжу арқылы допты жүргізеді; − жылдамдықты өзгерту арқылы допты жүргізеді; − допты бұрылу арқылы жүргізеді; − допты тоқтап секіру арқылы жүргізеді;
− допты жүргізіп келе жатқан қолын ауыстыра отырып, 360° бұрылады.
42
ЖОБА
Тақырып
Қауіпсіздік ережесі. Ойын кезінде допты иелену
Оқу мақсаты
5.3.4.1 Денсаулықты нығайту жаттығулары қауіпсіздік техникасынан хабардар болу
барысында
Бағалау критерийі
Білім алушы
• Спорттық ойындарда техника қауіпсіздік ережелерін
сақтайды
Ойлау дағдыларының деңгейі
Білу және түсіну
Қолдану
Тапсырма
«Сызықтан тартып өткізу»
Ойынның ойналу әдіс-тәсілдерін, жүргізушінің іс-әрекетін айтып, көрсетіп
түсіндіру. Техника қауіпсіздік ережесін айтып ескерту.
Ойынның шарты: Алаңның ортасын бөле сызық сызылады. Оның сол жағынан және оң жағынан 2 - 3 м қашық жерден соған параллель етіп тағы екі сызық сызылады. Ойыншылар екі командаға бөлінеді де, орталық сызықтың екі жағына бір - біріне қарама - қарсы сапқа тұрады. Қарама - қарсы тұрған бәсекелестер бір - бірінің оң қолдарынан ұстайды да (білектерінен), сол қолдарын артына ұстайды. Жетекшінің белгісі бойынша әрқайсысы қарсыласын өзіне қарай тартып, өзінің артындағы сызықтан өткізуге тырысады. Ойыншылар түгелдей бір - бірін тартып шығарғанша ойын жалғаса береді. Ойыншыларды өз жағына неғұрлым көбірек тартып шығарған команда жеңеді.
Дескриптор Білім алушы
жаттығуды орындағанда техника қауіпсіздік ережесін сақтайды;
жаттығуларды нақты орындап көрсетеді.
43
ЖОБА
Тақырып
Ойын кеңістігінде бағдарлау дағдыларына үйрету
Оқу мақсаты
5.1.2.1 Қимыл-қозғалыс комбинацияларын және олардың кейбір жаттығулардағы реттілігін білу және орындау
Бағалау критерийі
Білім алушы
• Қимыл-қозғалыс комбинацияларын орындайды • Жаттығуды орындағанда реттілігін сақтайды
Ойлау дағдыларының деңгейі
Қолдану
Тапсырма
«Қасқыр және қойлар» ойынын ойнаңыздар. Допты жоғары/алға лақтыру, бір мезетте тоқтау арқылы қағып алу және допты жүргізуді орындау.
Дескриптор Білім алушы
допты жоғары/алға лақтыру техникасын орындайды;
бір мезетте тоқтау арқылы қағып алу техникасын орындайды;
ойынның шарттарын дұрыс реттілікпен орындайды.
ЖОБА
Тақырып
Ойын кеңістігінде бағдарлау дағдыларына үйрету
Оқу мақсаты
5.2.4.1 Дене жаттығулары аясындағы іс-әрекеттерді оңтайландыру және балама түрлерін құруға қажет ережелер мен құрылымдық тәсілдерді білу және түсіну
Бағалау критерийі
Білім алушы
• Дене жаттығуларындағы іс-әрекеттерді
оңтайландырып, балама түрлерін құрады
Ережелер мен құрылымдық тәсілдерді көрсетеді
Ойлау дағдыларының деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Білім алушылар екі топқа бөлінеді. Баскетбол алаңыңда бор көмегімен салынған төртбұрыштар бар. Бірінші топ баскетбол алаңында ғана жүгіріп, екінші нөмірдегілерден қашып баскетбол добын торға салу керек. Екінші нөмірдегілер бірінші нөмірдегілердің қайсысы доппен болса сол білім алушыны ғана ұстайды. Білім алушыны доппен жүргенде ұстап алса, ойыннан шығарылады. Ал бірінші нөмірдегілер төртбұрыштың ішінде тұрса, онда екінші нөмірдегілер ұстай алмайды. Екінші нөмірдегілер бірінші нөмірдегілердің барлығын ұстап алған жағдайда немесе 3 минут уақыт біткен соң ойын аяқталады. Ойын жаңадан басталады, командалар орындарымен ауысады.
Білім алушылар өздері осы ойынға ұқсас ойын ойлап құрастырып, ойынды жалғастыруларына болады.
Дескриптор Білім алушы
ойын шартын орындайды;
дене жаттығуларындағы іс-әрекеттерді оңтайландырып, балама түрлерін құрастырады;
ойын тәртібінің қимыл-қозғалыс ережесін орындайды;
спорт ойындарында базалық техниканы орынды қолданады.
45
ЖОБА
Тақырып
Жеке және командалық ойын әрекеттері
Оқу мақсаты
5.1.5.1 Аздаған ауқымдағы дене жаттығуларының тактикасын, стратегиясын және құрылымдық идеяларын білу және сипаттау
Бағалау критерийі
Білім алушы
• Берілген ойынның
стратегиясын және
ортақ бір құрылымдық
тактикасын, идеяларын
