Іі. Магистрлік диссертацияның орындалу жоспары
Тақырыбы (3 тілде)
|
Өсімдіктер материалындағы гербицидтер мен пестицидтерді аналитикалық жолмен анықтау Определение гербицидов и пестицидов в растительных материалах аналитическими методами Determination of herbicides and pesticides in plant materials by analytical methods |
Ғылыми жетекші |
х.ғ.д, доцент Жақсыбаев М.Ж |
Өзектілігі |
Пестицидтер мен гербицидтерді пайдалану ауыл шаруашылығы өнімдерінің шығымын арттырғанымен топыраққа, қоршаған ортаға зиянды. Өсімдік материалдары құрамындағы гербицидтер мен пестицидтердің мөлшерін барынша дәлдікпен аналитикалық әдістермен анықтау өзекті мәселе болып табылады, себебі ол адам денсулығымен тікелей байланысты. |
Мақсаты |
Қазақстанда өндірілетін өсімдіктер материалдары құрамындағы гербицидтер мен пестицидтерді аналитикалық әдістермен анықтау. |
Негізгі міндеттері |
1. Химиялық құрамы бойынша пестицидтер мен гербицидтердің жіктелуі және олардың әртүрлі материалдар құрамындағы мөлшерін аналитикалық жолдармен анықтау бойынша әдеби шолу 2. Қазақстанда өндірілетін өсімдіктер материалдары құрамындағы пестицидтер мен гербицидтерді анықтаудың аналитикалық әдістемелерін меңгеру және тәжірибелер жүргізу. 3. Алынған тәжірибелік нәтижелерді ғылыми тұрғыда талқылап, қорытындылау. |
Теориялық маңыздылығы |
Қазақстанда өсетін өсімдіктер құрамындағы гербицидтер мен пестицидтердің мөлшерін ғана емес, олардың түрлерін де аналитикалық тәсілмен анықтау мүмкіндігі қарастырылады. |
Жаңалығы |
Қазақстандық өсімдіктер материалдары құрамындағы гербицидтер мен пестицидтерді аналитикалық тәсілмен анықтап қана қоймай, олардың химиялық тобын табу және де олардың адам ағзасына әсерін болжау болып табылады. |
Қолданбалық маңызы |
Өсімдіктер материалындағы гербицидтер мен пестицидтерді заманауи тәсілдермен өлшеп, олардың зияндылығын анықтау. |
Зерттеу әдістемесі |
Газ-сұйықтық хроматография Жоғары эффективті сұйықтық хроматография
|
Күтілетін нәтижелері |
Қазақстанда өсірілетін әртүрлі өсімдіктер құрамындағы пестицидтер мен гербицидтерді анықтау арқылы олардың адам денсаулығына қаншалықты әсер ететіндігі жөнінде қорытынды жасалынады. |
Апробацияны жоспарлау |
Ғылыми журналдар мен конференцияларда зерттеу жұмысының нәтижелері бойынша мақалалар жариялау. |
Ііі. Магистрлік диссертацияны орындаудың жалпы жұмыс жоспары
Жұмыстың қысқаша мазмұны мен көлемі |
Орындалу мерзімі және есеп беру түрі |
1. Теориялықжұмыс
|
Қыркүйек-желтоқсан 2016 ж Қаңтар-мамыр 2017 ж Мақала дайындау Курстық жұмыс жазу |
2. Тәжірибелік (эксперименттік) жұмыс
|
Қыркүйек 2017 ж - Ақпан 2018ж Химия кафедрасы |
3. Диссертацияны рәсімдеу және хаттау
|
Ақпан 2018 жМамыр 2018 ж |
