- •Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі м.Х.Дулати атындағы тараз мемлекеттік университеті
- •Әдістемелік нұсқау
- •Сөж бойынша қорытынды есеп беруді безендіру талаптары
- •Теориялық бөлім
- •1. Жалпы ережелер
- •2. Деректер қоры жобалауның қадамдары
- •2.1.Инфологиялық жобалау
- •Пәндік саланың инфологиялық моделін құру үшін негізгі көзқарастары болып табылады:
- •2.3. Дқбж және басқа бағдарламалық құралдарын таңдау
- •2.4. Реляциялық деректер қорын логикалық жобалау
- •2.5. Дқ физикалық жобалау
- •Реляциялық деректер қорын жобалауының ерекшеліктері
- •2.2. Операциялық ортаға қойлатын талаптарды анықтау
- •Қалыпты формалар
- •2. Sql тілі: деректермен жұмыс. Сұраныстар құру
- •Жаңа жазбаларды қосу
- •Жазбаларды жою
- •Мәліметтерді өзгерту
Теориялық бөлім
1. Жалпы ережелер
Деректер қорыны жобалау - нақты технологияларды пайдалану процесін көздейді. Ешкімде ешқандай күмән болмайды, егер, мысалы баспа тақтасын құру технологиясын бұзған жағдайда бұл тақта жұмыс істемейтіне немесе берілген сипаттамаларға сәйкес келмейтіне күмән келтірмейді. Бірақ, деректер қорын (тіпті бағдарламалық қамтамасыз ету) жобалау технологиясын сақтауға қажет емес деп есептейді. Сондықтан, реляциялық деректер қорын іске асыруын кестелерді құрудан бастайды. Нәтижеде құрылған деректер қоры сенімсіз, тиімсіз және күрделі болады. (3-4 кестелерден тұратын деректер қорыда көрсетілуі мүмкін қарапайым пәндік салалалар ерекшелік болып табылу мүмкін). Сондықтан деректер қорын құру кезінде, белгілі бір жобалау технологиясын қолдану керек.
Қысқаша реляциялық деректер қорын жобалау процесін сипаттайық.
Деректер қоры – пәндік саланың моделі (ПС) болып табылады. Сондықтан, ДҚ құру үшін алдымен ПО талдап, оның моделін құру қажет (бұл инфологиялық жобалау деп аталады).
Пәндік сала талдауының негізі ПС сипаттайтын құжаттары, сондай-ақ қарым-қатынас процесінде осы пәндік саланың мамандардан алған ақпарат болып табылады.
Талдау үшін тапсырмаға қатысы бар құжаттар қарастырылады. Құжаттарды зерттеуде объектілері (ПС маңыздары) және ДҚ сақталуы тиіс деректер- мағыздардың атрибуттары анықталады.
Мамандармен қарым- қатынас жасауда ПС ерекшеліктері туралы мәлімет алу қажет, олар тұтастығының шектеілерін, пәндік саланың объектілер (субъектілер) арасындағы байланыс пен тәуелділіктерін орнатуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, мамандарда деректерді өңдеуде қандай алгоритмдер және ақпараттық жүйеге қойылатын талаптар туралы білімдері бар.
ПС моделін әзірлеуші (ауызша сипаттамасы, формулалар жиынтығы, деректер ағыны диаграмма және т.б.) үшін кез келген ыңғайлы әдіспен сипаттауға болады. Бірақ егер деректер қоры жобалауда маңыз- байланыс әдісі қолданса, онда ПС схемасы ER-диаграммалар (entity-relation diagram маңыз- байланыс диаграммасы) түрінде жүзеге асырылады.
ПС моделі құрғаннан кейін операциялық ортада қойылатын талаптарды белгілейді: деректер қорын іске асыру үшін қандай аппараттық және бағдарламалық қамтамасыз ету қажет. Негізгі техникалық параметрлері (оперативтік және дисктік жад көлемі, желілік тақтасының болуы, және т.б.) ДҚ жоспарланған көлеміне, жұмыс режиміне (жергілікті немесе қашықтан қатынау) және жүйенің жұмыс тиімділігіне қойылатын талаптарына (пайдаланушының сұранысына жауап беру уақытысына немесе ДҚ-ның жалпы өнімділігіне ) байланысты. Жоспарланған жүктемесіне (сұраныс мөлшерлемесі) және сенімділігіне қойылатын талаптарына байланысты операциялық жүйе таңдалынады. Содан кейін, құрылатын деректер қорының жұмысын басқаратын ДҚБЖ таңдалынады.
Келесі қадам – логикалық жобалау кезеңі- ER- диаграмма ресми әдісімен реляциялық деректер қорының (РДҚ) схемасына келтіріледі. РДҚ схемасы және ПС маңыздардың сипаттауының негізінде деректер қорының қатынастары (кестелер) құрылады. Содан кейін қатынастарды қалыпқа келтіреді. Бұл деректердің логикалық тұтастығын бұзуға жол бермеуге және деректердің сенімділігі мен дәлдігін арттыру мақсатында жасалуы тиіс. Кейбір жағдайларда, қалыпқа келтірілген соң қайта бұрынғы қалыпқа келтіруге (денормализация) болады, бірақ бұл себебі бір ғана болуы мүмкін: сұраныстардың орындалу тиімділігін арттыру.
Осы операциялардың нәтижесінде деректер қорының концептуалды схемасы - деректер қоры үшін негізгі құжат құрылады.
Келесі физикалық жобалау қадамында құрылған қатынастар таңдалған ДҚБЖ қолдайтын деректерді анықтайтын DDL (Data Definition Language) тілінде сипатталынады. Сондай-ақ деректерді сақтау әдістерін (кластерлеуіне, хэштеу) және деректерге қатынау әдістерін (индекстеу) анықтап, (қажет болған жағдайда) тиісті индекстерді және кластерлерді құру қажет. Егер ДҚ пайдаланушыларынміндеттеріне қарай топтарға бөлінсе, онда әрбір тобы үшін ДҚ объектілеріне қатынау құқықтарын өз жиынтығын құрады.
