- •1.1 Дәстүрлі диктант пен қазіргі өлшемдегі диктанттардың айырмашылығы
- •1.2 Диктанттың өмірге қажеттілігі, ұтымдылығы:
- •1.3 Диктантты жаздыру техникасы
- •1.4 Диктант нормалары
- •1.5 Бағалау нормалары
- •1.6 Диктанттағы қателерді талдау жүйесі
- •1.7 Қатемен жұмыс жүргізу
- •Мұхтар Әуезов
- •Мен бақытты көрсем деуші едім
- •Кішкентай денедегі үлкен рух
- •Оқымысты бала
- •Ыбырай Алтынсарин
- •Атасы мен немересінің әңгімесі
- •Газет тарихынан
- •Бай мен кедей
- •Мамандық таңдау
- •Мұстафа Шоқай
- •Адам болып қалу
- •Демографиялық жағдай
- •Көрнекті тұлға
- •Ұлттық валюта
- •Қажымұқан
- •Көкшетау
- •Қазақтың ұлттық өнері
- •Халық ауыз әдебиеті
- •Жәндіктер қысқа қалай қамданады
- •Тарихы терең ел
- •Төбе сыры
- •Табиғи ортаның ластануы
- •Болат Сарыбаевтың еңбегі
- •Көктемде
- •Найман-Ана
- •Біздің Отанымыз
- •Балаға ат қою
- •Жылқының пайдасы
- •Ғаламдық мәселелер
- •Қазақ отбасындағы дәстүрлік тәрбие
- •Қараша күз белгісі
- •Ұлы жібек жолы
- •Қазақтың музыкалық аспаптары
- •Құмырсқа мен хазіреті Сүлеймен
- •Шұғаның аулында
- •Адамгершілік
- •Не жасалса да – жақсылыққа
- •Ең әдемі қайсысы
- •Түсінгенім...
- •Арамдықтың ақыры
- •Қоштасу
- •Кездесу
- •Менің ақыретте қиналғым келмейді
- •Сараңдық пен жинақылық
- •Бүркіт салу
- •Қазақтың ұлттық тағамдары
- •Күреңтөбел мен Көкдауыл
- •Сырымбет
- •Қайлашы
- •Ананың көңілі балада
- •Ұйқысыз түн
- •Күзгі салым
- •Көне Отырар
- •Падишах қайтыс болғанда берерсіз
- •Қазақ халқының салт дәстүрлері
- •Атам айтқан әңгіме
- •Талшыбық
- •Жүрегім бір қалыпты
- •Нағыз сүйіспеншілік
- •Дүниеқоңыздықтың кесірі
- •Тоғжан аулында
- •Тәрбие бұрыс болса
- •Егіншінің табысы
- •Ақын көзімен қарағанда
- •Әке, саусақтарым..?
- •Жеті қазынаның бірі
- •Ағайындар
- •Даланы сағыну
- •Халық бейнесі
- •Маған қара да ғибрат ал
- •Қайтқанда
- •Өздік диктантын жазуға арналған жадынама
- •3.1 Өздік диктантына арналған өлеңдер Ақын-жазушылардың өлең-жырларынан
- •3.2 Өздік диктантына арналған қанатты сөздер
1.3 Диктантты жаздыру техникасы
Бір орында тұрып, диктант мәтіні мәнерлі, ашық дауыспен бір рет оқылады. Оқу кезінде оқушылардың басқа жаққа көңіл аудармай ұқыпты тыңдап отыруы ескертіледі. Сонан соң мәтінде кездескен түсініксіз, аз қолданылатын және таныс емес емлелер тақтаға жазып қойылады, түсіндіріледі. Бұдан кейін әрбір сөйлем жеке-жеке оқылады. Бестен сегіз сөзге дейін құралған сөйлем бір рет, он екіден он төрт сөзге дейінгі сөйлем екі рет, он бестен он сегіз сөзге дейінгі сөйлем үш рет оқылады. Оқушылар сөйлемді ұмытып қалмауы үшін, қайталап айтқызылады. Сөйлем аяқталарда «тыңдаңдар», басталарда«жазыңдар», сөйлем біткеннен кейін «тексеріп шығыңдар» деп ескертіп отырған жөн. Диктант жазылып болғаннан кейін, оның мәтіні бастан-аяқ бір рет оқылады. Бұл кезде оқушылардың өздігінен жұмыс істеуіне мүмкіншілік туады. Өтілген емлелік тақырыптарды тексере отырып, қалып қойған сөзді, түсіп қалған орфограммаларды орын-орнына қойып шығады. Осыдан кейін диктант жұмысы жинап алынады, одан соң оқушылардың диктантқа байланысты сұрақтарына жауап беріледі.
1.4 Диктант нормалары
2-кесте
Сыныбы |
Диктант саны |
Сөздер саны |
Орфограмма саны |
Тыныс белгілері |
5 |
8 |
90-100 сөз |
12 |
2-3 |
6 |
6 |
100-110 сөз |
16 |
3-4 |
7 |
5 |
110-120 сөз |
20 |
4-5 |
8 |
5 |
120-150 сөз |
24 |
10 |
9 |
4 |
150-170 сөз |
24 |
15 |
10 |
4 |
170-190 сөз |
26 |
18 |
11 |
4 |
190-200 сөз |
26 |
18 |
1.5 Бағалау нормалары
3-кесте
Баға |
Қателер саны |
«5» |
1/0 1/0 0/1 |
«4» |
3/3 2/4 1/5 |
«3» |
6/5 5/6 3/8 |
«2» |
9/5 8/9 |
Оқушы білімін бағалағанда ескерілетіні: Егер оқушы бір әріптің орнына екінші әріпті жазып қойса, әріп қалдырып кетсе, бір әріпті екі рет қайталаса, оларды ауыстырып қолданса, олардың әрқайсысы бір-бір қатеге саналады. Бір сөзді бірнеше жерде қате жазса, ол бір қатеге есептеледі.Диктант мәтіні ұқыпсыз жазылса, түзетулері көп болса, каллиграфиялық талапқа сай болмаса, диктант бағасы төмендетіледі.
Диктант келесі сабаққа тексеріліп әкелінуі керек. Жұмыстың соңында орфографиялық(емле қатесі), пунктуациялық( тыныс белгі қатесі) қате саны көрсетіледі. Шартты белгілерді оқушы «оқи» білуі керек:
I - Емле қатесі белгіленеді. V - Тыныс белгісінен кеткен қате. Z - Абзац керек деген белгі. Z - Артық қойылған абзац.
┴ - Стильдік қате белгісі. ? - Күмәнді, екі ұшты, осы сөйлемді ойлан деген белгі.
