Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Praktikaly_1179_zh_1201_mystar_OBDT_kaz11.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
3 Мб
Скачать
☆

Жұмыстың орындалу тәртібі

Тапсырманы орындау үшін алдымен ЖКО бойынша бастапқы құжаттарды рәсімдеу және құрастыру тәртібімен танысу керек. Сосын ЖКО есепке алуда толтырылған карточканың негізінде зерделенетін ЖКО сипаттау керек (мысалды қараңыз). Суреттеуде жүргізушілерге сипаттама беру, ЖКО орны мен уақытын, көлік құралы және оның кімге тиістілігін, оқиға салдарын (қозғалысқа қатысушылардың жарақаттары), көлік құралдарының техникалық зақымдануы көрсетілуі керек. Сосын қарастырылған ЖКО сұлбасын 1:200 масштабта құрастыру қажет (миллиметрлік қағазда).

ЖКО сипаттау мысалы.

2008 жылы 6 мамырда сәрсенбі күні 11 сағат 20 минутта Қарағанды-Астана автомобиль жолында жол полициясының БӨП-нен 3600 м-де мемлекеттік номері М515 URM ВАЗ 2121 автомобилі аударылды, онда екі адам болған – жолаушы Бердіқожин Болат Мұхамедұлы 22 жаста, Қарағанды қаласы, Гоголь көшесі, 41- үй, 21-пәтердің тұрғыны, ешқайда жұмыс істемейді және жүргізуші Матеев Қанат Қаубекұлы, 22 жаста, Қарағанды қаласы, Ерубаев көшесі, 17-үй тұрғыны, ішкі істер органында қызмет етеді, көлік құралын жүргізуге «В» санатында құқық куәлігі бар.

Аударылу автомобиль жүргізудің алғашқы сағатында, жолдың берілген учаскесінде жол қозғалысы ережелерімен бекітілген қауіпсіздік жылдамдығынан асып кеткендіктен болған, осы кезде жүргізуші жүргізуді басқара алмай, автомобиль жолдан шығып кетіп, аударылған. Автомобильді жүргізу кезінде жүргізуші мас емес.

Берілген КҚ иелену немесе пайдалану құқығына құжаттары жоқ жүргізуші Қ.Қ. Матеев жүргізген ВАЗ - 2121 автомобилі Тургенка кентіне қарай, жүріп өту бөлігінің ені 7 – 9 м асфальт бетондық құрғақ жабынды жолдың горизонталь учаскесімен келе жатқан. Оқиға орнын тексеру кезінде асфальт бетондық жабында тежелу ізі байқалмайды, яғни жүргізуші Қ.Қ. Матеев ЖКО болдырмау шараларын қолданбаған.

Осы автомобиль аударылған күні ауа-райы ашық және бұлтсыз болды.

ВАЗ - 2121 автомобилінің аударылуы нәтижесінде жүргізуші Қ.Қ. Матеев алынған жарақаттан ЖКО орнында қаза тапты және мәйітханаға жеткізілді, ал жолаушы Б.М. Бердіқожин бас сүйек-ми жарақатын алып, қалалық ауруханаға жатқызылды.

Аударылған кезде автомобильдің артқы, жанындағы және алдыңғы шынылары сынған, сондай-ақ автомобильдің жақтауы мен шанағы қатты майысқан, осыған байланысты оларды бұдан әрі қалпына келтіру және жөндеу мүмкін емес.

Бақылау сұрақтары:

  1. Жол-көлік оқиғаларының анықтамасы.

  2. ЖКО негізгі түрлері және олардың қысқаша сипаттамасы.

  3. ЖКО салдарының ауырлығына қарай оларды топтау.

  4. ЖКО есепке алуды қандай ұйымдар жүргізеді?

  5. ЖКО есепке алудың негізгі мақсаттары.

  6. ЖПБ есепке алуына қандай ЖКО жатады?

  7. АКО, ЖПБ есепке алуына қандай ЖКО жатады?

  8. ЖКО есепке алу карточкасының ақпараттық бөлігінің негізгі тараулары.

  9. ЖКО қайтыс болғандарға кімдер жатады?

  10. ЖКО жарақаттанғандарға кімдер жатады?

  11. ЖКО болған материалдық залалға енетін шығындар.

  12. ЖКО сұлбасы дегеніміз не?

№ 2 тәжірибелік жұмыс

Сусымалы жүктерді тасымалдау кезіндегі ЖҚ жүккөтерімділігін пайдалану

Жұмыстың мақсаты: Сусымалы жүктерді тасымалдау кезіндегі ЖҚ жүккөтерімділігін пайдалануды жөнінде теориялық және тәжірибелік машықтар алу.

Жұмыстың мазмұны: сусымалы жүктің көлемін, толық салмағын, жүккөтерімділігін есептеу.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]