- •Дәріс № 1 Кіріспе. Курстың мақсаты мен міндеті. Материктер мен мұхиттардың физ географиялық аудандастырылуы.
- •Дәріс № 2 Дүние жүзілік мұхит. Дүниежүзілік мұхит бөліктері. Тынық мұхиты
- •Атлант мұхиты
- •Солтүстік мұзды мұхит
- •Құрлық жағалауындағы мұхаттарға шолу
- •Табиғатының қалыптасуындағы негізгі кезендер
- •Климаты
- •Қоңыржай белдеу
- •Еуразияның табиғат зоналары
- •Арктикалық және субарктикалық белдеулер
- •Биіктік белдеулер
Биіктік белдеулер
Еуразия жерінің жартысына жуығын алып жатқан таулы аймақгарға биіктік белдеулер тән болады. Таудың ең төменгі белдеуі тау орналасқан табиғат зонасына сәйкес келеді. Биіктеген сайын ылғалдың артуына қарамастан ауа температурасы төмен деп,тіршілікіің қарқынды дамуын тежейді. Биіктеген сайын климаттың өзгеруі әсерінен белдеулер ауысып 4500-5000 м биіктіктс мәңгі қар белдеуі басталады.
Дәріс № 5. Солтүстік Америка. Жалпы шолу.
Солтүстік және Оңтүстік Американы жақьн жатқан аралдарымен косып бір дүние болігіне біріктіреді.
Екі құрлықтын табиғат жагдайлары бір-бірінс ұқсамайды, ол олардың географиялық орны мен табиғатының даму тарихына байланысты.
Солтүстік Америка жер көлемі жөнінсн жер шарындагы үшінщі қүрлык, аумағы түгелдей дерлік солтүстік шарда поляр ендіктерінсн бастап экваторға дейінгі аралықты алып жатыр. Құрлықтың жалпы колемі аралдарын қоса есептегснде 24 250 км4'.
Құрлықтың шеткі нүктелсрі:
Солтүстігінде Мерчисон мүйісі
Оңтүстігіндс Марьято мүйісі.
Батысында Принц Уэльс мүйісі
Шығысында Сснт-Чарль мүйісі
Құрлық аумағы солтүстіктен оңтүстікке қарай орта есеппен 7000 км созылып , жағалауында аралдар мен архипелпгтар орналасқан. Солтүстігінде әлемдегі үлкен арал - Гренландия мен Канада Арктикалық архипелагы. Шығысында Ньюфауленд аралы, оңтүстік шығысында Үлкен және кіші Антиль мен Багам аралдары орналасқан. Сондай-ак құрлықтың солтүстік - батысы мен батысында да көптеген аралдар бар. Олар: Амут, Королева Шарлотта, Ванкувер, Кадьяк, Алсксандр архипелагы.
Құрлық аумағы әсіресс 30 және 70° солтүстік ендіктср аралығында көлемді болып, солтүстік жоне оңтүстік бөліктері көп тілімделгсн. Мысалы, Гудзон, Мексика шығанақтары, Лабрадор, Флорида, Мексика жәнс Юкатан түбектері. Қүрлықтың негізгі орографиялық элементтері меридиан бойы бағытта созылып жатыр. Батыста Аляскадан орталық Америкаға дейін 7000 км кашықтықта Тынық мүхит жагалауы бойымен Кордильср тау жүйссі созылып жатса, шығыста Аппалач тау жүйссі орнамласқан. Аталған екі тау жүйесінің аралығында Солтүстік Мүзды мұхиттан Мексика шығанағына дейін жазық алап созылып жатыр.
Тау жоталарының бойлық бағытта созыла орналасуы ауаның аталған бағытта ауысуын қамтамасыз стсді, мүхиттардың ықпалын шектейді. Аталған фактор құрлық табиғатына қалыптасуга зор ықпал етеді. Солтүстік Америка материгі жағалауын үш мұхит: Атлант, Солтүстік мұзды және Тынық мүхит сулары шайьш жатыр. Құрлықгың солтүстік, шығыс және оңтүстік жағалаулары күшті тілімделген. Ал батыс жағалауы аз тілімделген.
Құрлықтын шығыс жагалауын шайып жатқан Атлант мүхиты бірнеше теңіздер мен шығанақтардап тұрады. Олардың кейбіреуі құрлық жағалауларындағы қайраңдарда кең көлсмді жерді алып жатса, басқа біреулері құрлыққа енген тереңдей тусіп, шұңғыма болып табылады. Құрлық жағалауларындағы қүрлықтық қайраң Флорида түбегі мен Баффин жері аралығында кең көлемді алып жатыр. Гудзон және Әулие Лаврентия шыганақтары түгелдей дсрлік қүрлықты қайраңда орналасқан.
Құрлықтын оңтүстік-шығыс жағалауындағы суы терең екі бассейн . Мексика шығанағы мсн Кариб теңізі жатыр. Кариб теңізінде Атлант мұхитының ең терең жері Пуэрто-Рико шұңғымасы (9 218 м) орналасқан.
Құрлықтың Тынық мұхит жағалауы аз тілімделген. Батысының солтүстік бөлігі көп тілімденген. Тынық мұхиты жағалауындағы құрлықтық қайраң алабы енсіз шагын болып, ал кейбір жерлердс ондай қайраңдар жоқтың қасы.
Құрлықтык қайраң солтүстікке қарай кеңейеді. Солтүсгік Америка материгінің оңтүстік шыгыс жағалауында - дуние жүзіндегі ірі жылы ағыстар жүйесі пайда болады. Солтүстік тармағы Кариб көлі мсн ІОкатан бұгазы арқылы Мексика шығанағынан өтеді де, шығанақ су деңгейін едәуір көтереді. Мексика шығанағынан шықкан ағыс Гольфстрим деген атпен Флорида бүгазы арқылы мүхитқа шығады. Гольфстрим жердің оз білігінен айналу ықпалыпан шыгысқа қарай бүрылады да, солтүстік Атлант ағысы деген атпен Еуропа жағалауларына дейін барады. Гольфстрим жылы ағысының құрлық климатын қалыптастырудагы ролі зор. Құрлықтың құрлыққа терең еніп жатқан қойнауларының (әсіресе, Атлантика жағалауында) судың күшті толысуы байқалады. Мысалы: Фанди шығанағындағы су толысуының биіктігі жер бетіндегі ең жоғары деңгейге (18м) жетеді.
Табиғатының қалыптасу кезеңдері. Құрлық табиғатының қалыптасуы мен дамуы Еуразия материгімен тығыз байланысты. Мезозой дәуірі басында солтүстік жарты шардағы кембриге дейінгі пайда болған қатпарлықтар оңтүстіктегі құрлықтармен бірігіп біртұтас праконтиненттік Пангеяны қалыптастырды.
Триас және Юра дәуірлерінде Пангея Лавразиямен Гондванага бөлінді. Тетис геосинкинальды арқылы Солтүстік Атлантика орнында Лавразия кайнозойга дейін сақталады.
Құрлық негізін архей мен протерозой дәуірлерінде қалыптасқан Солтүстік Америка платформасы алып жатыр. Қүрлықтын, 4/3 бөлігі платформа, ал қалғаны геосинклинальды аймақтар болып табылады. Платформаның солтүстігінде Арктикалық, шығысында Атлантикалық және батысында Кордильер геосинклинальды бслдеулсрі апып жатты.
Платформаның солтүстік-шығыс бөлігі көтеріліп Канада қалқаны пайда болды. Платформаның өзге бөліктері геологиялық даму тарихы барысында төмен түсіп, оған шөгінді жыныстар жинала берді.
Канада қалқаны оңтүстік бөлігінің төмен түсуі және оған шөгінді жыныстардың жинақталуы бүкіл палеозой дәуіріі бойында жүрді. '
Төменгі палеозой дәуірінде платформаның солтүстік- шығысьнда жүрген тектоникалык қозгалыстар нәтижесінде Солтүстік Америка және Еуропа платфррмаларын өзара жалғастырған орасан зор құрльіқ пайда болды. Бұл құрылымдар Гренландияның солтүстігі мен шығысында және Аппалач тауының солтүстігінде сақталып қалды. Герциндік қатпарлану кезінде Аппалачтың шыгысы мсн оңтүстігінде, Мексика шығанағы маңында құрлық пайда болды. Мұның соңгысы синеклиза болып табылады.
Сөйтіп, палеозойдың аяғы мен мезозойдың басында Солтүстік Америка қазіргі құрлықтан мейілінше озгеше болган. Ол кембригс дейінгі және палеозой доуірлерінде пайда болған катпарлықтардың өзара бірігуінен түзілген қүрлық бөлігі, Еуразия мсн оңтүстік құрлықтың біраз бөлігін қосьш, ежелгі Пангей құрлығы қүрамында болган.
Мезозойдың басьнда Пангея Тетис геосинклиналы нәтижсінде екі бөлікке болінді: Лавразия және Гондвана қүрлықтары. Сондай-ақ Тетис геосииклинальды Пангей қүрлыгын екіге болумен қатар, Солтүстік және Оңтүстік Американың бөлінуіне де негіз болды.
Бірақ бұл кезде екі қүрлық арасында екеуін жалғастырып тұрған шағын құрлық болды.Бор дәуірінде Атлант мұхитының пайда болуы Оңтүстік Америка мен Африканы бөлсе, ал бордың ортасында Лавразияның бөлінуі нәтижесінде Солтүстік Америка мен Еуразияның қалыптасуына негіз болды.
Бірақ, Солтүстік Америка мен Еуразия бір-бірінен толық ажырамады, олардың солтүстік бөлігі әлі біртұтас болды.
Құрлық қазіргі табиғатының қалыптасуына мезозой дәуірінде болған өзгерістер үлкен әсер етті. Бүл кезде Солтүстік Америка батысында Кордильер орогенді белдеуі қалыптасып, ол мезозой жәнс кайнозойда одан әрі дамыды. Мезазойда Еуразияның солтүстік шығысы қосылды.
Солтүстік Америқаның платформалық бөлігі кайнозой дәуірінің басында құрлық түрінде солтүстіктен солтүстік полюске дейін созылып , солтүстік-батысы мен солтүстік-шығысында Еуразиямен жалғасып жатты.
Бордың орта кезінен бастап, құрлыққа оңтүстіктен су қаптап, платформаны Кордильерден бөліп тұрған ойысты толтырған. Кайнозойдың басында су басқан жағалауда климат ыстық әрі ылғалды болып, ол жерлерде қазір 40° параллельден солтүстікке қарай кездеспейтін Секвойя, Магнолия, мәңгі жасыл емен және тагы басқа жылу сүйгіш мәңгілік жасыл ормандар болды.
Солтүстік Американы оңтүстік қүрлықпен жалғастырған құрлық аркылы тропиктік өсімдіктер мен жануарлар солтүстікқе тарады. Бордың аяғы мен палеогенде платформа мен Кордильер арасындағы су алабы біртс-бірте солтүстіктен оңтүстікке қарай шегініп, ақырында жойылып кетті. Осы кезде құрлықтың солтүстік және ішкі аймақтарында климат суып, құрғай бастады да, онда дала мен шөлдің ксерофитті өсімдіктері пайда болды. Кордильердегі орогендік кезең олигеценде басталып, осы уақытқа дейін созылып келеді.
Ол тау жүйесінің әртүрлі бөлігінде түрліше жүрді. Күшті қозғалыстар әсіресе, Калифорнияда, Ванкувер аралы аймағында, Аляскада байқалды.
Тектоникалық әрекетпен қатар жанартау атқылауы да бірге жүрді. Ол Сеңгір тауларын, Үлкен бассейнді, Мексика таулы қыратын , Колумбия үстіртін және Каскад тауларын қамтыды. Қазір едәуір бәсеңдеді.
Бұган дейін тегістелген Аппалач тауында олигеценде жоғары көтерілу бастальп, оның тау бедерлері жаңарды. Атлант мұхиты жағалауынын төмен түсуі өзен "сағаларының су астында қалуына және қазіргі эстуарилік-лагуналық жағалаулардьң пайда болуына ықпал жасады.
Құрлықтың солтүстігінде жер бетінің төмендеуінен архипелагтар пайда болды.
Кдимат жағдайы палеогеннің аяғы мен неогенде қазіргі сипатына жақын болып, ылғалдылық шығыс пен батыстан құрлықтың ішкері аймақтарына қарай бірте-бірте азая берді. Таулы жерлерде эрозиялық әрекеттер әсерінен тегістелу жүрді.
Климаттың суытуына байланысты плиоцен дәуірінде құрлықта тундралық және тайгалық флора мен фауна қалыптасты.
Гренландиядан басталған мұз басу құрлықта плейстоценнің басьнан бастап кең тарады. Мұздықтар екі орталықтан (Лабродор мен Кордильер) тарала отырып, мұз басу кезінде құрлықтың 40° с.е. дейінгі 60% қамтыды. Құрлықтың Еуразиямен салыстырғанда көп бөлігін мүз басуы оның ішкі аймақтарының көп мелшерде ылғалды болуымен байланысты. Климаттың сол кезде-ақ континентті болуына байланысты Алясканың солтүстігін мұз басқан жоқ.
Құрлықта бірнеше рет мұз басу мен шегінуі болып, мұз басу орасан зор аумақтағы топырақ - өсімдіктер жамылғысын құртып кетті.
Соңғы мұз басудан (Висконсин) кейін мұздық аймақтар орнында орасап зор көлдері пайда болған.
Мұз басу жер бедеріне де үлкен әсер етті.
Жер бедерінің ерекшелігі мен пайдалы қазбалары. Құрлықтың жер бедері алуан түрлі болып келеді. Ол оның, геологиялык даму тарихымен байланысты. Құрлық жер бедері үшке: жазыктар, оңтүстік-шығыс бөлігіндегі таулар (Аппалач) және Кордильер тау жұйесіне бөлінеді. Құрлықтің жазық бөлігі Соліүстік Америка платформасына сай келеді.
Олардың биіктігі 100 м-ден 700 м-ге дейін жетеді. Құрлықтың солтүстігіндегі Канада қалқанында Лаврентий қыраты жатыр. Оның жер беті тегіс, содай-ақ онда мұздықтар әсерінен пайда болган көлдер де бар. I
Қалқаннан оңтүстікке жатқан аумақ Орталық жазық деп аталады. Онда синеклизалар жиі кездеседі. Ең биік жері Озарк үстірті (700 м). Орталық жазықтықтың оңтүстік шығысында атақты карст үңгірі - Мамонтов орналасқан.
Платформаның батыс бөлігінде Кордильер тауымен шектес аймақта Ұлы жазық жатыр. Жер бедері үстіртті болып, шығысқа қарай тік кемерленіп аяқталады. Платформаның қойнауында алуан түрлі пайдалы қазбалар кездеседі.
Канада қалқанының оңтүстігі түсті және сирек кездесетін металга бай. Ұлы көлдер аймағында уран қоры ашылган. Лабрадор түбегінің маңында темір рудасының мол қоры ашылып, өндірілуде. Сондай-ақ АҚШ пен Канада жерлерінде де темірсы рудасы бар, оның көбі ашық әдіспен өндіріледі. Орталық жазық алабында тас көмір мен мұнай, ал Ұлы жазықта қоңыр көмір кендері бар.
Құрлықтан мұнайдың мол қоры ашылған. Негізгі кен орындары Мексика шығанағымен оған жақын жатқан құрлықтык қайраңда, Ұлы жазықтықта, Аляска, Кордильердің тау алдында және Канада Арктикалық архипелагының аралдарында кездеседі. Флорида түбегінде фосфориттің мол қоры ашылған.
Аппалач тауының оңтүстік бөлігі каледон-герцин дәуірі құрылымында, ал солтүстік бөлігі палеозой дәуірі алгашқы жартысында көтерілген. Қазіргі кезде Аппалач ескі мүжілген тау жүйесі больп саналады.
Флорида, Юкатан түбегі мен Багам аралдарына жағалық ойпаттар сай келеді.
Ойпаттар бетімен өзендер ағады. Флорида мен Юкатан түбектеріне карст жер бедері ерекше орын алады.
Миссисипи ойпатын аллювилі тұнбалар қабаты жауып жатыр,
Атлант мұхиты жағалауы ойпаң болып келеді, Аппалачта көмірдің мол қоры бар. Сондай-ақ полиметалл рудалары да кездеседі.
Құрлықтың Аляскадан Панама мойнағына дейінгі батыс бөлігі Кордильер тау жүйесіне жатады. Ол әлемдегі ең үлкен тау жүйесі. Ең биік шыңы - Мак-Кинли (6193. м), солтүстік бөлігінде орналасқан. Бұл тау мезозой және кайнозой қатпарлықтарында көтерілген, тау жасалу процессі алі де тоқтаусыз жүруде. Сондыктан жиі жер сілкіну болып тұрады.
Кордильерде меридиан бағытындағы екі тау жотасы айқын көрінеді. Олар: батысында Кордильердің өзі, шығысында Сеңгір таулар. Бұл екі тау жотасы бір-бірінен таулы қырат, үстірті және тау аралық ойыстармен бөлінген. Ёң ірілер: Үлкен Бассейн таулы қыраты, Мексика таулы қыраты, Колорода және Колумбия үстірттері.
Құрлықтағы ең терең ойыс - Өлім аңғарьі да осында орналасқан.
Сеңгір тауда жер асты ыстық бұлақтары көп. Мысалы: Иеллоустон ұлттық паркі аумағында 200-дей ыстық жер асты бұлақтары бар.
Кордильер пайдалы қазбаға бай. Әсіресе, түсті және сирек кездесетін металға. Қазіргі кезде пайдалы қазбаларды игеруге байланысты кұрлық жер бедері қатты өзгерген.
Климаты. Құрлық климаты алуан түрлі болып, яғни солтүстігі мен оңтүстігі немесе батысы мен шығыс бөлігі климаттық ерекшсліктері бір-бірінен айырма жасайды. Бұл айырмашылықтар құрлық климатын құрушы факторларга байланысты. Негізгі факторлары төмендегілер:
Құрлықтын географиялық орны: Құрлық аралдарымен қос солтүстіктен оңтүстікке қарай 7000 км-ге созылып жатыр. Оның 4 аумағы солтүстік жарты шардағы экваторлық климат белдеуінен басқасының бәрін қамтиды. Сонымен бірге құрлықтың мейлінше енді және көлемді бөлігі субарктикалық және коңыржай белдеулерде, ал неғұрлым аз бөлігі субтропиктік белдеуде жатыр.
Құрлықтың мейлінше жіңішкерген оңтүстік болігі тропиктік және субэкваторлық белдеулерде шегінде орналасса аралдардан тұратын солтүстік бөлігі арктикалық белдеуде жатыр. Бір сөзбен айтқанда Солтүстік Америка материгі аумағы тұтастай Еуразия сияқты солтүстік ендікте ориаласқан.
Күн радиациясы. Құрлық аумағының ендік бағытта, яғни солтүстіктсн оңтүстікке қарай созыла орналасуы күн радиациясының түрлі бүрышпен таралуына әсер етеді. Күн радициясының жылдық мөлшері оңтүстігінде 190. ккал/см2-ден солтүстігінде Канада Арктикалық архипелагы маңында 80 ккал/см2 дейін кемиді. Оның үстінде қыс кезіндс 30° с.е оңгүстікке қарай құрлық беті күн жылуы мен жарыгын көп аладьі да, аталған ендіктен солтүстікке қарай күн 1 радиациясы молшері кемиді.
Ал, Гренландия аралы бүкіл жыл бойы күн жылуы мен жарығын аз алады. Сондай-ақ құрлық климатын қалыптастыруда , құрлық бойынша күн радиациясының қыста таралуына альбедоныңда әсері күшті. Сондай-ақ құрльіқ жер бедерінің орорафиялық ерекшелігі де әсер етеді. Құрлық аумағының солтүстік, оңтүстік және шығыс боліктсрінде көлденең табиғи кедергілердің болмауы аталған багыттарда жылдың барлық маусымында ауа ағының алмасуына мүмкіндік туғызады.
Ауа масссалары. Құрлық климатын калыптастыруда ауа массаларының әсері ерекше. Әсіресе, Солтүстік мүзды мүхиты мен Атлант мүхиттарының ықпалы күшті.
Себебі, құрлық аумағы аталган мүхиттарға қарай «ашық» орналасқан. Құрлық жағалауларына Солтүстік Тынық мүхиты мен Гольфстрим жылы ағыстары және Лабрадор, Калифорния суық ағыстары әсер етеді. Мұхит ағыстары су температурасына үлкен әсер етеді.
Мысалы: Солтүстік Тынық мұхиты ағысы 40°-параллельдсн оңтүстікке қарай жылы суды алып шығып, температураның қыс кезінде де жоғары болуына мүмкіндік туғызады.
Жылдың суық мезгіліндс құрлықтың енді солтүстік бөлігінде атмосфераның жер бетіне таяу қабаты қатты суытатындьіқтан ауа қысымы жоғары жағдайда болады. Мүндай жоғары қысым орталығы Исландия (Атлант мұхитында) минимумы. Оның әсері құрлықтың ішкі аймақтары арқылы Кордильер тауына дейін жетеді. Алеут минимумы (Тынық мұхиты) әлсіздеу, ол шағын жерге ғана әсер етеді.
Құрлықтың орографиялық ерекшелігі мсн арктикалық және тропиктік су бассейіндерінің бір-біріне таяу орналасуы, Күн сәулесінің жер бетін жылытудага орасан зор айырмашылықтары мен ауа ағыны бағыттарының күштілігі атмосфераның төменгі қабатында күшті дауыл мсн кұйындардың цайда болуына әсер етеді. Сондай күшті жаңбырлы дауыл түрі - Торнадо деп аталады. Ол қүрлықтің Атлант мұхиты жағалауларында жиі соғады.
Құрлық аумағы бойынша ауа тсмпературасының таралуының ерекшелігі анық байқалады.
Қаңтар айы изотерма сызықтары ендік бағытқа жуық таралған. Тек Баффин жері меи құрлықтың Тынық мұхит жағалауында изотерма сызығы солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа қарай ауытқиды.
Қаңтар айындағы ең төмен температура кұрлықтың солітүстік бөлігінде байқалады. Канада мен Аляска маңын да – 20- 24° С болса, Канадалық Арктика архинелагыида -36° С және Гренландияда -44° С дейін жетеді.
Оңтүстік бөлігі жылы, орташа ауа темпертурасы +20-24° С шамасында. Басты фактор күн сәулесінің таралуы. Жылдың жылы мезгілінде құрлықтың үлкен бөлігі қатты ысып кетеді. Ауа температурасы солтүстіктен оңтүстікке қарай жоғарлайды. Солтүстік мұзды мұхиты жағалауында шілде изотермасы +4-5° С болса, оңтүстікте +30° С шамасында. Ал, Гренландия аралында шілде айының озінде орташа ауа температурасы 0°- С-тан төмен болады.
Құрлыктың мұхиттық жағалауларьнда ауа температурасы төмен болады.
Құрлық бойынша атмосфера жауын-шашын біркелкі таралмаған. Климаты бүкіл жыл бойы салқын болып келетін солтүстік бөлігінде жылдық жауын-шашын мөлшері төмен. 100 мм шамасында. Құрлықтың ең ылғалды бөлігі солтүсгік - батыс бөлігі мен Атлант мұхиты жағалауы. Жауын - шашынның таралуы жыл мезгілдеріне байланысты. Жауын-шашынның көбі жылдың жылы мезгілінде түседі.
Климат белдеулері. Құрлықтын географиялық орны, орографиялық ерекшеліктері және тағы да басқа климат құрушы факторларына қарай төмендегідей климат белдеулері қалыптасқан.
Арктикалық климат белдеуі. Құрлықтың солтүстік бөлігін оған қоса аралдарын алып жатыр. Бұл аймақтың шьғысына Атлант мұхитының әсері бар. Қысы қатал. Қысқы поляр түні бес айға дейін созылады. Жазда ауа температурасы барлық бөлігінде 0° С шамасында.
Субарктикалық климат белдеуі. Құрлықтың Лабрадор түбегі меи Гудзон шығанағы және батысында Аляска түбегін алып жатыр. Құрлықгың Тынық және Атлант мүхиттары жағалаулары климаты мүхиттық, ал орталық бөлігі климаты - континенттік болып келеді.
Ішкі сулары. Солтүстік Америка материгі ішкі суларының қоры жөнінен Оңтүстік Америка мен Еуразиядан кейінгі үшінші орын алады.
Құрлық өзендерінің көпшілігі Атлант мұхитына, шамалы бөлігі Солтүстік мұзды мұхиты мен Тынық мұхитына құяды.
Құрлықтың солтүстік бөлігінің гидрографиялық торы жас және жер бедері көп тілімделген.
Солтүстік Америка материгі өзендері әр түрлі жолмен, атап айтқанда, оңітүстік, оңтүстік-шығыс және орталық бөлік өзеңдері жаңбыр суымен басым қоректенеді.
Себебі, аталған аймақтарға қар жаумайды. Сондықтан бүл аймақ өзен-көлдерінің су жинауында жаңбыр суының маңызы зор. Жауын-шашынның жылдық мөлшері мен жауу режимі әр түрлі.
Құрлықтың оңтүстік-шығыс бөлігінде жауын-шашынның жыл бойы мол болады. Аппалач тауларынан басталатын өзендер қысқа, суы мол болып, олардың Атлант мұхитына жете бере арнасы кеңейіп келеді. Ірілері-Гудзон, Делавэр, Саскуэханна жэне Мотомак.
Миссисипи -құрлықтағы ең үлкен өзен (Миссурий саласымен қоса) болып табылады. Оның жалпы үзындығы 6420 км. Алабыныц көлемі - 3268 мың км2 . Су режимі өте күрделі, ол басын Жоғары көлдің оңтүстігінде жатқан шағын көлден алады. Бастауына жауын- шашын мол түседі. Сондықтан көктемгі-жазғы су тасуы басым, қыста жоғарғы- бөлігі қатады. Өзен озінің төменгі ағысында орасан зор көлемде шогінді тұңбалар жинақгалган ойпат жасайды. Ол ойпат атырауға айналған.
Миссисипидің ең үлкен саласы - Миссури. Оның жалпы ұзындығы (Миссисипиге кұйғанға дейінгі) -4740 км, ал Миссисипидің бұл жерге дейінгі ұзындығы - 3050 км.
Миссури жартасты таудан басталады. Оның су деңгейі мен су мөлшері озгсріп отырады. Озеннің эрозиялық әрскеті күшті, сондықтан оның суы лайлы болып келеді.
Қыста Миссури жоғарғы ағысында қатады. Көктемгі су тасуы басымырақ болып, ол апатты болып келеді.
Миссисипидің сол жақтагы аса ірі бір саласы - Огайо өзені. Оның ұзындығы 1580 км. Бүл да- мол сулы озен, Миссисипмдің қорекктендіруде маңызды роль атқарады. Басын Аппалач тауынан алып, Аппалач үстірті мен Орталық жазық арқылы ағады.
Огайо суы әсіресе жазғы муссон жаңбыры кезінде мол болады да, Миссисипи суы деңгейін көтеріп жібереді, әсіресе озеннің жазық жермен ағатын тұстарында ерекше қауіпті. Күшті тасқын кездері бөгеттерді бұзып, ондаган мың гектар егістік жер су астында қалып кояды.
Миссисипи жүйесіндегі өзендердің шаруашылық маңызы зор. Кеме қатынасы, элсктр энергиясын ондіру үшін. Сондай-ақ балыққа бай болын келеді.
Маккензи - Солтүстік Америка материгіндегі үлкен өзендердің бірі ретінде атауға болады. Ұзындығы 1770 км, Солтүстік Мұзды мүхит алабына құяды. Ол басын үлкен Еріксіздер көлінен алады. Өзен қүрлықтың солтүстік бөлігін зсрттеген, Маккензи атымен аталады. Маккензи өзені алабына сондай-ақ үлксн Аюлы көлі де жатады. Өзсн Үлкен Аюлы көлімен Кол аттас озен арқылы жалғасады.
Өзен суы қазан-мамыр айлары аралыгында қатып жатады да, онда мұздың еруі жоғарғы жағынан басталатындықтан көктемде төменгі ағысында заторлар пайда болып, озеннің жағалауындағы құрылыстарға апатты жағдай тудырады.
Маккензи - құрлықтың оңтүстігі мсн солтүстігін байланыстыратын аса зор маңызды су жолы болып табылады.
Құрлықтағы келесі бір ірі озен - Әулие Лаврентия өзені. Ол бірнеше ірі колдер (Жоғарғы көл, Гурон, Мичиган, Эри, Онтарио) мен көптеген шағын көлдерді қамтиды. Өзеннің жалпы ұзындығы 1200 км, өзі аттас шығанаққа қүяды. Озен көлдерден ағып шығатындықтан оның су мөлшері жыл бойы тұрақты болады. Желтоқсан - сәуір аралығында қатады. Кеме қатынасына қолайлы.
Құрлықтың Тынық мүхитына құятын өзендер арнасы терең, тар шатқалды, мол сулы болып келеді, ол сол жердің тектоникалық құрылымымеи байланысты.
Мысалы, Колорадо өзені, ол Калифорния шығанағына құяды, басын Жартасты таулардан алады. Сондықтан ол жаңбыр және еріген қар суларымен қоректенеді. Негізінен шөлейт, шөлді аудандарды басып ағады. Колорадо үстіртінде Үлкен Каньон (үзындығы 446 км, тереңдігі 1600 м, ені 8-25 км) түзеді.
Құрлықтағы Тынық мүхитына күятын ірі өзеннің бірі - Юкон. Ол Жартасты таудан басталады, Юкон үстірті арқылы ағады. Ұзындыгы 3180 км. Өзен негізінен еріген қар суымен қоректенеді, суының сң мол болатын кезі - маусым айы. Өзсн алабына жауын- шашын аз жауатындықтан жазда су деңгейі төмендейді.
Құрлықтың солтүстік бөлігінде орналасқандықтан өзенді алты ай бойы мұз басып жатады. Солтүстік Америка материгі көлдерге бай.
Көлдер негізінен құрлықтың солтүстік бөлігінде көп шоғырланган. Олар: Үлкен Аю көлі, Үлкен Еріксіздер көлі, Атабаска, Виниипег, Мичигон колдері. Аталған көлдер қазан шұңқырының шьғу тегі жағынан - мұздық көлдер болып табылады.
Құрлықтың аумағында тектоноикалық көлде де кездеседі. Олар: Никарагуа мен Манагуа колдері.
АҚІІІ пен Канаданың шекарасында әлемдегі ең үлкен көл жүйесі - Ұлы көлдер орналасқан. Оған: Жоғарғы (ауданы 82 мың км?, ең терең жері - 393м), Гурон, Мичиган, Эри, Онтарио көлдері кіреді. Аталған көлдер бір-бірімеи сатылай орналасып, байланысқан. Олардың жалпы ауданы 245 мың км2. Суының көлемі жағынан Балтық теңізінен екі есе үлкен. Ұлы Көлдер - әлемдегі мол тұщы су қоры (22,7 мьщ км3) болып табылады. Көлдер Әулие Лаврентия озені арқылы Атлант мұхитына құяды. Эри жэне Онтарио көлдерін қосатын жерде Ниагара сарқырамасы бар, ол 50 м биіктіктен құлайды. Көлдср Канада жазығьнда да көп шоғырланған, бұл аймақтағы көл казаншүңқырлары мұздықтар әсерінен пайда болған.
Кордильер тауында мұздық және тектоникалық көлдср көп. Үлкен бассейн таулы қыратында тұйық Үлкен тұзды көл орналасқан. Оның колемі атмосфералық жауын-шашьн мөлшеріне қарай өзгереді. Құрлықтағы қазіргі мұз басудың жалпы көлемі 2 млн. км2. Оларды Гренландия мен Канада Арктикалық архипелагының жамылғы мұздығы мен Кордильерадағы тау мұздығын құрайды.
Топырагы мен өсімдігі. Солтүстік Америка материгі топырақ - өсімдік дүниесінің қалыптасуы мен дамуы, оның тектоникалық, геологилық құрылысымен байланысты.
Құрлықтың солтүстік бөлігінің топырақ-өсімдігінің жамылғысы Еуразияға, ал ш ағын оңтүстік бөлігі Онтүстік Америка
материгіне ұқсайды. Бұдан құрлықтың солтүстік бөлігінің даму тарихы Еуразиямен, ал оңтүстік бөлігі Оңтүстік Америкамен байланысты екенің көруге болады. Солтүстік Америка материгі солтүстік бөлігі Голарктикалық, онтүстік бөлігі Неотропиктік әлсм шеңберіне жатады.
Құрлықта бор-палеоген дјуірлерінде Азияның солтүстік- шығысындағы өсімдікке ұқсас бірыңғай субтропикалыќ өсімдігінің дүниесі басым болады. Ол кезде құрлықтың орталық бөлігін су басып жатты. Неогеннің аяғында ауа-райының бірте-бірте салқындауы субтропикалық өсімдік түрлерінің жойылуына және оңтүстікке қарай шегінуіне, сөйтіп олардың қоңыржай ендігі өсімдіктермен ауысуына апарып соқты.
Мұз басу құрлықтың едәуір бөлігіндегі өсімдіктер жамылғысын жойып жіібереді. Бірақ онтүстікте ауа-райы онша көп өзгермеді де, орман есімдіктері сакталып қалды, олар мұзданудан кейін солтүстікке қарай жылжып, бірте-бірте құрлыққа карай тарап кетті.
Сондай-ақ мұз басу кезінде арктикалық өсімдіктер солтүстіктен онтүстікке қарай өткен болатын, олар күні бүгінге дейін сақталған.
Құрлықтың қазіргі топырақ-өсімдік жамылғысының қалыптасуына климаттық ерекшеліктер мен қоса, аумағының пішіні, орографиясының јсері зор. Зоналық заңдылық құлықтық тек солтүстік бөлігіне (Арктикалық, Субтропикалық белдеулерге) тән. Оңтүстікке карай зоналық заңдылық бұзылады да, меридиан бағытта тарайды. Мысалы, Атлант мұхиты жағалауында, Аппалач жоне Кордильер таулары алдында. Солтүстік Американың топырақ – өсімдік жамылғысының таралуы әсіресе ірі Кордильер, Аппалач тау жоталарының мсридиан бағытпен жатуына байланысты. Оңүстікке қарай тропиктік субэкваторлық белдеулерде қайтадан зоналық зандылыққа ауысады.
Солүстік Американың табиғат зоналары негізінен климаттық белдеулерге сәйкес келеді.
Гренландияның көп бөлігін, Элемир аралының орталық бөлігін, сондай-ақ Бафин жерінің жекелеген аудандарын құрлықтық мәңгі мұз басып жатуына байланысты, аталған аймақтарда топырақ - өсімдік жамылғысы дамымаған.
Құрлықтың солтүстік жағалауын тундра зонасы алып жатыр. Оған Канада Арктикалық архипелагы аралдарының көпшілік бөлігі,Гренландияың шет аймақтары, Солтүстік Аляска, Гудзон шығанағы,Лабрадор түбегі мен Ньюдфаунленд аралының солтүстік жақтары кіреді. Табиғат зонасы шығысқа қарай құрлықтың көп бөлігін қамтиды. Солтүстік Америкадағы тундра өзінің сыртқы көрінісі жағынан Еуразия материгінің тундрасына ұқсас.
Тундра табиғат зонасы аз жылу мен мол ылғал жағдайындағы субарктикалық климат белдеуінде қалыптасады. -
Солтүстік бөлігінде мүк пен қына, оңтүстігінде көк шалғында кайың,тал, қандыағаш және жатаған арша өседі.
Тундрада батпақ мол. 0л климат жағдайына байланысты. Құрлықтың көпшілік бөлігін тайга зонасы алып жатыр. Тайга қоңыржай-континентті климаттын салқын жазды, мол ылғалды (булану төмен) жағдайында өседі. Топырағы - тоң топырақ пен күлгін топырақ. Тайга зонасының шекарасы солтүстікте 54-55° с. дейін созылса, оңтүстікте Ұлы көлдер маңына дсйін жетеді.
Шығыста өсетін ағаштар түрі Еуразияға ұқсас болса, батыстағы түрі Азияның шығысына ұқсас және эндемиктер болып келеді. Олар: Канада шыршасы, американ балқарағайы, тас қарағай, бальзам самырсыны.
Батысындаєы ылғалды әрі жұмсақ климат ормандардың өсіп- өнуіне ерекше қолайлы жағдай туғызады. Мұндағы өсетін ағаштардың да, бұталардың да, түрлі өсімдік түрлерінің де құрамы жағынан бай және алуан түрлі болып келеді. Ағаштардан: Ситхин шыршасы, Дуглас самырсыны, Батыс хемлогы, алын туя.
Тайга зонасы құрлықтың шыысында аралас орманға айнала бастайды. Аралас және жалпақ жапырақты орман Ұлы көлдер аймағы мен Атлант мұхиты жағалауындағы жазыктарда және Аппалач
етегінде тараған.
Топырағы тайга топырағына қарағанда құнарлы болып шымды-күлгін және орманның сұр топырағы.
Аралас орманда қылқан жапырақты ағаштармен қатар көптеген жалпақ жапырақты ағаштар өседі. Олар: ақ қарағай, қызыл қарағай,сары қайың, қант үйенкісі, американ ақ үйенкісі, шамшат, жөке ағаштары.
Құрлықтың жалпақ жапырақты орманы тірі жағдайынан алуан түрлі болып келеді. Аралас орманның онтүстігі жалпақ жапырақты орманға немесе Аппалач орманына ауысады.
Бұл ормандар Аппалач тауын түгел және оның шығысындағы Ұлы көлдердің оңтүстігін қамтиды. Топырағы - темір тотығына бай сары, қызыл топырақ. Ағаштары: емен, шамшат, ақ үйенкі жөке. сондай-ақ Эндемик турлері де кездеседі (Гикори, магнолия, қызғалдақ ааш).
Құрлықтың шығыс бөлігінде мәңгі көк-жасыл болып тұратын Субтропикалық орман өседі. Субтропикалық орман Миссисипи және Атлант жағалауы ойпаттарының оңтүстік бөліктерінде сондай-ақ Флорида түбегінің солтүстік бөлігінде тараған. Өсімдіктерінен емен, магнолия, шамшат, қарағай өседі. Флорида түбегі мен Миссисипи ойпаттарының батпақтарында кипарис ормандары сакталған.
Құрлықтың орталық бөлігін солтүстігіндс онтүстік Канадаға дейін, оңтүстігінде солтүстік ендіктің 30° дейін, батыста Кордильер етегіне дейін орманды дала (Прерия) зонасы алып жатыр. ІІрерияда жылу мен ылғалдың молдылығына байланысты - қара топырақ тараған.
Өткен дәуірлерде Прерияларда негізінен астық тұқымдастар өсіп, олардың биіктігі 150 см-ге дейін жеткен. Қазір бұл жерлердің бәрі жыртылып, игеріліен. Прериялар батысқа қарай каштан топырақты кәдімгі ќұрғақ далаға айналады. Өсімдік жамылғысы сиреп аласарады. Қазірге кезде ауыл шаруашылығы дамыған аймақ болып саналады.
Құрлықтың Колорода үстірті, Мексика таулы қырағы, Үлкен бассейн және Кордильердің тау етегі бөліктерін, Калифорния түбегінің көпшілік бөлігі мен Калифорния щығанағы солтүстік жағалауын шөлейт және шөл зоналары алып жатыр. Топырағы сұр-қоңыр және сортаң топырақ . Мұнда жусан мол өседі. Шөлге бейім кактус пен сора өседі.
Солтүстік Американың шөл даласы егіншілікке және мал жайылымы ретінде пайдаланылады.
Құрлықың онтүстік-батыстағы шамамеи Калифорния түбегінің солтүстігінен 42° с.е дейінгі аралығын Жерорта теңізіндегі субтропикалық климатқа тән қара-қоңыр, сұрғылт-қоңыр топыратарда кұрғакшылыққа тозімді ормандар мен бұталар өседі. Ормандарында негізінен қарағай мен арша басым болып келеді. Тропиктік белдеудегі Орталық Америка мен Кариб теңізі аралдары қызыл-қоңыр топырақты саваннага ұласады. Ормандарында пальманың 50-ден астам түрі, мәңгі көгеріп тұратын емен, папортниктер өседі. Ылғалды тропиктік ормандар жаппай кесілген, олардың орнында тропиктік дақылдар өсірілетін плантациялар орналасқан.
