Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
мүмкіндік кернеу есебі.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
149 Кб
Скачать
☆

2.2 Бұрамдық және бұрамдық доңғалағы материалдары

Бұрамдық (червяк, worm) және бұрамдық доңғалағын (червячное колесо, worms wheel) жасау үшін материалдарды таңдау, негізінен, бұрамдық орамы мен доңғалақ тістерінің сырғанау жылдамдығына байланысты анықталады.

Қазіргі уақытта бұрамдықтар көміртекті немесе легирленген болаттардан жасалады. Тез жүретін беріліс бұрамдық орамдарының қаттылығы жоғары ( ) етіп, термикалық өңдейді және тегістейді. Мысалы, көлемдік немесе беттік шынықтырудан өткен, қаттылығы ( ) дейін жететін 45, 40Х, 40ХН маркалы көміртекті болаттар. Сонымен қатар қаттылығы жоғары ( ) шынықтырудан өткізілген, цементацияланған 40ХН, 12ХН3А, 20ХН3А, 30ХГСА маркалы легирленген болаттар.

Бұрамдық доңғалақтың тісті тәжісін даярлау үшін пайдаланылатын материалдар, болатты бұрамдықпен кинематикалық жұпта олардың антифрикциондық қасиеттері тәуелділігінен шарты түрде үш топқа бөлуге болады.

I топ - қалайылы қолалар типтегі БрО10Ф1, БрО10Н1Ф1 және басқалар ең жақсы материал саналады, бірақ олар біршама қымбат және тапшы. Олардың қолданылуын жоғары сырғанау жылдамдығында жұмыс істейтін берілістермен шектейді ( м/с).

II топ - жоғары механикалық сипаттамаларға ие болған қалайыcы жоқ қолалар, мысалы, аюмининді-темір типтегі БрА9Ж4, БрА9Ж3Л, сонымен қатар жездер (латуни), мысалы, ЛЦ23А6Ж3Мц2 және басқалар, бірақ қажалуға қарсылығы төмен қасиеті бар. Оларды тегістелген және жыл-тырланған қаттылығы бұрамдықпен жұпта қолданылады, олардың сырғанау жылдамдығы м/с.

III топ – сұр шойын СШ15 (СЧ15), СШ20 (СЧ20), м/с болғанда қолданылады, сонымен қатар қолмен іске қосылатын жетекте қолданылады. Бұрамдықты – 35, 40, 45 маркалы болаттан (қаттылығы ) жасайды.

Жобалау есебінде бұрамдық доңғалағы тәжісінің материалын таңдаудан алдын сырғанау жылдамдығының мәнін шамамен мынадай эмпирикалық байланыспен бағалайды

,

мұндағы n1 – бұрамдық білігінің айналу жиілігі, мин–1;

Т2 – бұрамдық доңғалағы білігіндегі айландырушы момент, Нм.

Бұрамдық доңғалақтардың тәжі үшін материалдардың механикалық сипаттамалары 2.4– кестеде келтірілген.

2.4-кесте - Бұрамдық дөңгелектерінің тәжі үшін материалдар

Дөңгелек тәжінің материалы

Құю

әдісі

Механикалық қасиеттері, МПа

ҚаттылығыНВ

Максималь

сырғанау жылдамдығы

, м/с

σб

σақ

E·105

Бр О10Ф1

Ж

К

200

260

120

150

0,74

1,01

80-100

100-120

25

Бр ОНФ

Ц

290

170

0,98

100-120

35

БрО6Ц6С3

Ж

К

160

180

108

78

0,93

60

60-76

12

БрО5Ц5С5

Ж

К

147

200

80

100

0,88

60-68

60-66

12

БрА9Ж3Л

Ж

К, Ц

Ц

390

500

500

-

200

200

1,1

110

110-140

10

10

БрА10Ж4Н4Л

СЧ 15

СЧ 18

К, Ц

Ж

Ж

600

314

353

400

-

-

0,98

0,9

1,0

170-225

163-229

170-241

10

3

2

Ескерту. Құю әдістері: Ж – жерге, К – кокильге, Ц – центрден тепкіш.