Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
5_kurs_leksia.doc
Скачиваний:
4
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
550 Кб
Скачать
☆

4. Иллюстрациялы материалдар: презентация, слайдтар

5. Әдебиет

Негізгі:

  1. Персин Л.С. и др. Стоматология детского возраста.- М. Медицина, 2006- 640 б.

  2. Курякина Н.В. Детская терапевтическая стоматология.- М.-Н. Новгород, 2007-744 с.

  3. Супиев Т.К., Зыкеева С.К. Лекции по стоматологии детского возраста (учебное пособие).- Алматы, 2006.- 615 б.

Қосымша:

1. Ральф Е. Мак-Дональд. Дэвид Р. Эйвери: перевод с английского проф. Т.Ф. Виноградовой. Стоматология детей и подростков. МИА: М., 2003

2.Кабулбеков А.А., Негаметзянов Н.Г., Кабулбекова Ж.А. Профилактика стоматологических заболеваний у детей.- Алматы, 2007.- 99 б.

3.Виноградова Т.Ф. Атлас по стоматологическим заболеваниям.- М., 2007.- 214 б.

4.Хоменко Л.А. Терапевтическая стоматология детского возраста. Киев-2007-815 б.

5. Абылкаирова Г.С. Абралина Ш.Ш. «ОСКЕ бойынша бала жасындағы стоматологиядан бағалау әдісі». Оқу -әдістемелік нусқау 14. 04.2008 ж. (хаттама № 6),

6. Қорытынды сұрақтары(кері байланыс)

1. Балалардың қызыл иек құрылысының ерекшеліктері.

2. Баллардың тіс түбірінің цементінің құрылысының ерекшеліктері.

3. Балалардың альвеолярлы сүйектің құрылысының ерекшеліктері.

4. Балалардағы пародонт ауруларының дамуының жергілікті себептері.

5. Пародонт ауруларының клиникалық диагностика әдістері.

ДӘРІСТІК КЕШЕН:

1. Тақырыбы № 2 Балалардағы пародонт ауруларының клиникалық ағымы және емінің ерекшеліктері, алдын алуы.

2. Мақсаты: Студенттерге балалардағы пародонт ауруларының клиникалық ағымы және емінің ерекшеліктері, алдын алуы бойынша теориялық білімін қалыптастыру және бекіту.

3. Дәріс тезистері–

Пародонт ауруының емі барлық кезде этиологиясына және патогенезіне, клиникалық ағымына, пародонт тіндеріндегі патологиялық өзгерістеріне және клиникалық, параклиникалық, лабораториялық зерттеу әдістеріне байланысты жүргізілуі тиіс.

Егер балада қандай да жалпы денесінің соматикалық немесе созылмалы жүйелі ауруы болатын болса онда бұл балаларда жалпы ем жоспары педиатр немесе басқа сол профилдегі мамандармен мақұлданған болу қажет.

Организмінің реактивтілігінің иммунологиялық көрсеткіштері төмен балаларда стимулирлеуші терапияны педиатр тағайындағаны орынды.

Ал, комплексті жергілікті емді стоматолог жүргізеді, оған кіреді:

-нашар әрекетті жағдайларды жою /тіс түзілістерін алу, ауыз қуысынын сауықтыру/;

  • баланы қадағалай отырып ауыз қуыс тазалығына үйрету;

  • ең рациональды тазалық құралдарын қолдану туралы кеңес берілу;

  • антисептиктер және қабынуға қарсы терапия;

  • физиотерапия;

  • ауыз қуысының кіре берісі ауытқуларын коррекциялауға бағытталған хирургиялық ем әдістері;

  • жақ сүйектің өсуін қадағалау, тістердің шығуын, нашар әдеттерді және парафункцияны жою, функциялардың бұзылыстарын ортодонтиялық емдеу әдістерімен және қажет болғанда аппараттық ем қолдану.

Емнің нәтижелілігіне баға беру үшін тазалық көрсеткіштерін және РМА, Шиллер-Писарев сынамасын қолдану.

Балалардың пародонт ауруларының жіктелуі (1983, ДДҰ, стоматологтар қоғамы бірлестігінің пленумы)

І. Гингивит- тіс-қызылиек бекуінің бүтіндігінің бұзылуынсыз жүретін, жергілікті және жалпы факторлардың әсерінен пайда болған қызыл иек қабынуы.,

Түрлері: катаралды, гипертрофиялық, жарақаттық

Ағымы: жедел, созылмалы

Таралауы: ошақты, жайылмалы

Ауырлық дәрежесі бойынша: жеңіл, орташа, ауыр

ІІ. Пародонтит- пародонт тіндерінің қабынуы, периодонталды байлам мен сүйектің үдемелі деструкциясымен сипатталады.

Ағымы: жедел, созылмалы, асқынған (абсцесстелген), ремиссия

Ауырлық дәрежесі: жеңіл, орташа, ауыр

Таралауы: ошақты, жайылмалы

ІІІ. Пародонтоз – пародонттың дистрофиялық зақымдалуы

Ауырлық дәрежесі: жеңіл, орташа, ауыр

Ағымы: созылмалы, ремиссия

Таралуы:жайылмалы

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]