- •Клиникалық диагнозды негіздеу
- •Дәрігерлер тағайындаулар парағы
- •II. Дәрілік заттардың клинико-фармакологиялық сипаттамасы
- •III. Жүргізілетін емнің фармакологиялық әсерінің динамикасын бағалау үшін негізгі клиникалық-лабораториялық көрсеткіштері
- •IV. Фармакотерапияның асқынулары, алдын алу шаралары
- •V. Тағайындалған препараттардың өзара әсерленуі
- •VI. Емнің әсерін сараптамалық бағалау
- •VII. Емнің альтернативті жоспары
- •VIII. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
V. Тағайындалған препараттардың өзара әсерленуі
№ |
Дәрілік заттың атауы |
Дәрілермен өзара әрекеттесуі |
1 |
Дикарб |
*Ацетазоламид фолий қышқылдарының антагонистерін, гипогликемиялайтын препараттар және пероральді антикоагулянттар әсерін күшейтуі мүмкін. *Ацетазоламид құрысуға қарсы препараттармен бірге (фенитоинмен, примидонмен) қабылдап жүрген бірнеше пациенттерде остеомаляцияның ауыр түрі байқалған. *Ацетазоламид қан плазмасындағы карбамазепиннің концентрациясын арттыруы мүмкін. |
2 |
Аспаркам |
Фармакодинамикалық: калий жинақтаушы диуретиктермен (триамтерен, спиронолактон), бета-андреноблокаторлармен, циклоспориндермен, гепаринмен, ангиотензин-өзгертуші ферменті (АӨФ) тежегіштерімен, қабынуға қарсы стероидты емес препараттармен бір мезгілде қолдану гиперкалиемияның даму қаупін аритмия және асистолия дамуына дейін жоғарылатады. Калий препараттарын глюкокортикостероидтармен бірге қолдану соңғысы туындататын гипокалиемияны қайтарады. Фармакокинетикалық: тұтқыр және бүркемелейтін дәрілер препараттың асқазан-ішек жолында сіңуін азайтады. |
3 |
Актовегин |
Анықталмаған. |
4 |
Кавинтон |
Өзара әрекеттесу мүмкіндігін растайтын клиникалық зерттеу деректерінің жоқтығына қарамастан, Кавинтон препаратын орталық жүйке жүйесіне әсер ететін препараттармен, аритмияға қарсы және антикоагулянтты дәрілермен бір мезгілде тағайындаған кезде сақтық таныту керек. |
5 |
Новопассит |
Ново-Пассит құрамына кіретін гвайфенезин ОЖЖ бәсеңдететін ықпалы бар заттардың, сондай-ақ этанолдың әсерін күшейтеді. |
6 |
Вит В1 |
Деполяризациялаушы миорелаксанттармен (суксаметоний хлориді) холин туындыларымен – олардың емдік әсерін әлсіретеді; тиосемикарбазонмен, 5-фторурацилмен – тиамин белсенділігін тежейді; құрысуға қарсы препараттармен (фенобарбитал, фенитоин, карбамазепин), дигоксинмен, индометацинмен, антацидті препараттармен – тиамин тапшылығы дамиды; |
VI. Емнің әсерін сараптамалық бағалау
Науқастың шағымдарына, ауру және өмір анамнезіне, объективті тексеру мәліметтері мен лабораториялық-инструменталдық зерттеу нәтижелерінің қорытындыларын ескере отырып невропатолог маманның бағалауы нәтижесінде қойылған клиникалық диагнозбен (орталық жүйке жүйкесінің резидуальды-органикалық зақымдануы, гипертензиялық-гидроцефальды синдромы) келісемін.
Науқастың анамнезінде анасының жүктілігінің және босану ағымының ауыр түрде өткенін, баланың асфиксия жағдайында туылғанын реанимациялық шаралар жүргізілгенін, сонымен қатар перзентханада және 2,5 жасына дейін невропатолог маманның қарауында болмағанын, бұл себепті де балаға қажетті емдік шаралардың өз уакытында жүргізілмегенін алдымен ескеру қажет деп есептеймін.
Науқасқа стационар жағдайында көрсетілген диагностикалық зерттеулер мен емдік шаралар ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің «орталық жүйке жүйкесінің резидуальды-органикалық зақымдануы, гипертензиялық-гидроцефальды синдром» ауруы бойынша хаттамасына (№239 бұйрық 07.04.2010ж.) сәйкес дұрыс жүргізілген:
Зерттеу әдістері:
Лабораториялық: ЖҚА, ЖЗА, БхА, нәжісті құрт жұмыртқасына зерттеу Аспаптық: ЭЭГ
Емдеу шаралары:
Антиоксиданттық ем: актовегин, кавинтон
Антигипертензивтік ем: кавинтон
Дегидратациялық ем: дикарб, аспаркам
Седативті ем: ново-пассит
Витаминотерапия: вит В1 тағайындалған.
Дәрілік заттардың жеке мөлшері баланың салмағы мен жасына сай есептеліп тағайындалған. Сонымен қатар, емнің нәтижесінде науқастың жағдайының динамикада жақсарғанын (тырысулық белгілердің, тітіркенгіштіктің, мазасыздықтың басылғаны, ұйқысының қалпына келуі) көреміз.
