Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Ақылбек срс-Ноотропты заттар мен аналептиктер.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
234 Кб
Скачать
☆

Жіктелуі:

1. Пирролидин туындылары: пирацетам, этирацетам, анирацетам, оксирацетам, прамирацетам, дупрацетам, ролзирацетам және т.б.

2. Диметиламиноэтанол туындылары (ацетилхолин ізашарлары ): деанола ацеглумат, меклофеноксат.

3. Пиридоксин туындылары: пиритинол, Биотредин.

4. ГАМҚ туындылары және аналогтары: гамма-аминомасляная кислота (Аминалон), никотиноил-ГАМК (Пикамилон), гамма-амино-бета-фенилмасляной кислоты гидрохлорид (Фенибут), гопантеновая кислота, пантогам, кальция гамма-гидроксибутират (Нейробутал).

5. Цереброваскулярлы заттар: гинкго билоба.

6. Нейропептидтер және оның аналогтары: Семакс.

7. Аминқышқылдар туындылары: глицин, Биотредин.

8. 2-меркантобензимидазол туындылары: этилтиобензимидазола гидробромид (Бемитил).

9. Витаминтектес заттар: идебенон, Пантогам,Пиридитол

10. Полипептидтер және органикалық компазиттер: Кортексин, Церебролизин, Церебрамин. 11. Ноотропты компонентері бар басқа фармакологиялық топ заттары: - ми қан айналымын қалпына келтірушілер: ницерголин, винпоцетин, ксантинола никотинат, винкамин, нафтидрофурил, циннаризин; - адаптогендер: ацетиламиноянтар қышқылы, женьшень экстракты, мелатонин, лецитин. -психостимуляторлар: сальбутиамин; - антигипоксанттар и антиоксиданттар: оксиметилэтилпиридина сукцинат (Мексидол).

Әсер ету механизмі

* Мидың биоэнергетикалық қызметің жақсарту

* Мидың қан айналымын жақсартады

* ОЖЖ-де нейромидиаторлардың синтезін жақсартады

Негізгі фармакологиялық әсері

  • Мембранатұрақтандырушы әсер (нерв жасушаларында фосфолипидтер мен ақуыздардың синтезін тұрақтандыру,жасуша мембранасының құрлысын қалыптандыру арқылы);

  • Антиоксидантнтық әсер (бос радикал және май қышқылдарының асқын тотығңуын ингибирлеу арқылы);

  • Антигипоксиялық әсер ( гипоксия жағдайында ми нейрондарының оттегіге қажеттілігін төмендету арқылы)

  • Нейропротективті әсер ( жағымсыз факторларға нерв жасушаларының төзімділігін арттыру).

  • Мида микроциркуляциялық арнада эритроциттер пассажын оптимизациялау және тромбоциттер агрегациясын төмендету арқылы микроциркуляцияны жақсартады ;

  • Ноотропты заттардың жүйелі әсеріне биоэлектрлік белсенділіктің және интегративті қызметтің жақсаруы жатады,ол сәйкес электрофизиологиялық паттерннің өзгеруәмен көрінеді ( мидың жарты шарлары арасында информацияның өтуінің жоғарлауы,ұйқысыздықтың жоғарлауы,қыртысты қабат пен гипокамптың ЭЭГ үшінің жоғарлауы,доминантты пиктің жоғарлауы). Кортикосубкортикалды бақылаудың,есте сақтау ізінің қалыптасуы мен қайта еске түсіруінің жоғарлауы есте сақтау қабілетін,ойлауды,зейінді,оқуға ынта ашып,интелектуалды қабілетті жақсартады.

  • Седативті,адаптогенді,антиастеникалық,антидепрессивті әсер көрсетеді;

  • Вегативті жүйеге де әсері бар.

Қолданылуы

Басында ноотропты заттар кәрі адамдардың ойлау қабілетін жақсарту үшін қолданған.Соңғы уақытта халық арасында қоршаған ортаның жағымсыз факторлардың әсерінен стрессорлар көбейгендіктен,адамдар арасында ОЖЖ-нің көптеген өзгерістері пайда болды (есте сақтаудың төмендеуі,астения,қозудың басым болуы,депрессия,ойлаудың төмендеуі және т.б.),сондықтан ноотропты заттар гериатрияда,акушерлік және педиатриялық практикада, невролгияда, психиатрияда, наркологияда қолданыла бастады.

Ноотропты заттар әр түрлі генезді деменцияда (қантамырлық,сениалды,Альцгеймер ауруларында),созылмалы цереброваскулярлы жеткіліксіздікте, мида қанайналым бұзылыстарында пайда болатын психорганикалық синдромда,бас сүйек травмаларында,интоксикацияларда,нейроинфекцияларда,интелектуально-мнестикалық бұзылыстарда (есте сақтау,зейін қою,ойлау қабілеттерінің бұзылыстары), астенияда, астено-депрессивті және депрессивті синдромда, неврозда и неврозтәрізді ауруларда,вегетотамырлық дистонияда,созылмалы алкоголизмде (энцефалопатия, абстиненция),ойлау қабілетін жақсарту үшін қолданады. Балаларда психикалық және сөйлеу қаалаларда психикалық және сөйлеу қалетінің,ойлау,зейін қою қабілетінің артта қалуында, ОЖЖ-ның перинатальды бұзылыстарда,балалық церебралды параличте қолданады. Кейде ноотропты заттарды нейролептикалық синдромды корреляциялағанда (деанола ацеглумат, пиритинол, пантогам, гопантен қышқылы), сақаулықта (Фенибут, пантогам), гиперкинезияда (Фенибут, гопантеновая кислота, мемантин), зәр шығару қиындағанда (никотиноил-ГАМК, пантогам), ұйқы бұзылысында (глицин, Фенибут, кальция гамма-гидроксибутират), «бас сақинасында» (никотиноил-ГАМК, пиритинол, Семакс), бас айналуда (пирацетам, Фенибут, гинкго билоба) қолданады. Офтальмологияда (комплексті терапия құрамында) никотиноил-ГАМК-ны қолданады (ашық бұрышты глаукома, торлы қабықтың және сары дақтың ауруларында), гинкго билоба ( сары дақтың қартаюға байланысты дегенерациясы,диабеттік ретинопатия) ауруында да қолданесықа ие.